Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



АН АЙНАЛУ ШЕҢБЕРІНІҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ 2 часть



1. Қан айналу жүйесінің қызметі қандай?

2. Қана айналу жүәесі неше түрге бөлінеді?

Жұмыс

Тақырыбы:Үлкен қан айналу шеңберінің веналары.

Жұмыстың міндеті: Вена қан тамырларының жалпы құрылысы мен ерекшеліктерін білгеннен кейін, жоғарғы және төменгі қуыс веналарының құрылыстарын атластар мен таблицалар арқылы зерттеп, сызба ретінде суретін салу.

Жұмыстың мақсаты:Үлкен қана айналу шеңберінің құрлысы мен атқаратын қызметтерімен танысу.

Жұмысқа керек жабдықтар: «Қаңқа» суреті. Суреттер: «Веноздық жүйе», «Қақпа венасының жүйесі», «Ұрықтық қан айналысы». Кинофильм: «Тамырлар жүйесі».

Үлкен қан айналу шеңберінің веналары.Үлкен шеңбер веналары артерияларымен параллель жатады. Қөбіне сол параллель жатқан артериялармен аттас келеді. Ал, қол-аяқ веналары беткей (теріасты) және терең веналар болып екіге бөлінеді. Терең веналары қосарланып, аттас артериялармен параллель жатса, беткей веналары тері астында жай көзге көрініп өтеді.

Адам денесіндегі вена тамырларын орналасуына қарай және дененің қай бөлігінен жиналуына байланысты жоғарғы, төменгі қуысты және қақпа веналарының жүйесі деп үшке бөледі.

Жоғарғы қуыс вена жүйесі дененің жоғарғы бөлігінен (бастан, мойыннан, қол мен көкірек клеткасынан) вена қанын жинаса, төменгі қуыс вена жүйесі дененің төменгі (аяқтан, жамбас және құрсақ) бөлігінен жинайды. Қақпа венасының жүйесі қанды ішек қарыннан, көкбауырдан жинап бауырға әкеледі. Бауырда улы заттарынан усыздандырылған қан бауыр веналары арқылы төменгі қуысты венаға ашылады.

Оң жүрекшеге екі қуысты венамен бірге жүректің өз веналары да ашылады. Сонымен, қорытып айтқанда, оң жүрекше үлкен қан айналу шеңберінің барлық вена тамырларымен бірге жүрек вена тамырларының ашылатын жері болып саналады.

Жоғарғы қуыс венасының жүйесі(система верхней полой вены). Бұл жүйе қанды бас, мойын, қол, көкірек қуысынан жинайды. Ол өте қысқа және жуан тамыр. Мұның өзі оң және сол иық-бас бағанының қосылуынан пайда болып оң жүрекшеге келіп ашылады, клапаны болмайды.

Қөкірек клеткасының веналарына сыңарлы және жартылай сыңарлы веналар жатады. Олар вена қанын көкірек клеткасының қабырғасынан жинайды. Сыңарлы венаға барлық оң қабырғааралық веналар ашылса, жартылай сыңарлы венаға сол жақ қабырғааралық веналармен өңеш және кеңірдек веналары құяды. Жартылай сыңарлы вена омыртқа жотасының сол жағымен жоғары қарай көтеріліп, орта жерінен сыңарлы венаға қосылып кетеді.

Бас және мойын веналарына ішкі және сыртқы мойындырық (яремная) веналары жатады. Олардың ішкі мойындырық венасы (внутренняя яремная вена) ми сауытының негізінен басталып, бұғанаға дейін жетеді. Бұл тамыр көздің, есту мүшелерінің, беттің жалпы венасын, жұтқыншақ венасын тіл және қалқан безінің веналарын жинақтап, бұғанаасты венасына қосылып иық-бас венасын түзеді. Қорытып айтқанда, бұл веналар мидың барлық бөлігінен және мойын органдарынан вена қанын жинайды. Сыртқы мойындырық венасы (наружная яремная вена) тері астында жатады. Ол құлақ қалқанымен шүйде және артқы бет веналарының бірігуінен басталып, тікелей төс-бұғана-емізікше етінің сыртқы бетімен төмен түседі. Оны мойынның ет жапқышы жауып жатады. Жалпы алғанда сыртқы мойындырық венасы бастың шүйде бөлігінен және мойынның тері мен еттерінен, бет бөліктерінен вена қанын жинақтап бұғанаасты венаға немесе венозды бұрышқа құяды.

Қолдыңвеналары. Қолдың веналары орналасуына қарай теріасты және терең веналар болып белінеді. Теріасты немесе беткей жатқан веналар артерияларымен кабаттаспай, тері астында орналасады. Олар тері астынан вена қанын жинаса, терең веналар қолдың терең жатқан еттерінен, сүйектерінен және буындарынан вена қанын жннайды. Олардың теріасты веналарынан айырмасы қолдын артерияларымен аттас келеді де және олармен параллель орналасады. Қол веналарында клапандар көп болады, тек анастомозданған жерлерінде ғана клапандар болмайды.

Қолдың теріасты веналарына басты вена мен негізгі вена жатады. Бұл екі вена қол басының веноздық торынан басталып кол басының сыртқы венасын түзіп, алақан бетіндегі екі артериялық доғаға ұқсас веналық доға түзеді. Осы қол басының торынан басталған басты вена білектің сыртқы бетімен жоғары көтеріліп шынтақ буынына дейін жетеді. Ол негізгі венамен байланысатын қосымша тамыр бөліп шығады. Оны ортаңғы көлденең қосылыс деп атайды. Адамға қан құю осы тамыр арқылы жүреді. Негізгі вена да қол басының сыртынан басталып, білектің алдыңғы жағына ауысып, жоғары көтеріліп шынтақ буынының тұсында ортаңғы шынтақ венасы арқылы басты венамен байланысады. Одан әрі жоғары көтеріліп, тоқпан жіліктің ортаңғы бөлігінің тұсында қар венасына бірігеді. Қар венасы терең жатқан қолтықасты венасына жалғасады.

Қолдың терең веналары саусақтардың сырт жағынан басталып алақан доғасын түзіп, одан білекке өтіп екі шынтақ және екі қар веналарын түзеді. Олар бір-бірімен көптеген көлденең қосылыстар арқылы байланысып жатады. Бұл екі пар вена шынтақ буын тұсында қолдың беткей веналарын өздеріне қосып алып екі қар венасын түзеді. Олар аттас артериялармен параллель жүріп отырып қолтықасты венасына (подкрыльцовая вена) жалғасады. Қолдың веналарында әсіресе, терең тамырларында клапандар көбірек келеді.

Қолтықасты венасы жоғарыда айтылғандай қолдың беткей және терең веналарының косындысынан түзіледі. Оның негізгі тарамдарына қолдың сыртқы венасы, көкірек клеткасының сыртқы веналары және жауырынасты веналары жатады. Қолтықасты венасы бірінші қабырғаның тұсынан бұғанаасты венасына ауысады. Ол бірінші қабырғаның үстінен иіліп өтіп, бұғана астына қарай бағыт алады. Сондықтан бұғанаасты вена деп аталады. Бұғанаасты венасы ішкі мойындырық венасымен қосылып веноздық бұрыш түзеді, осы жерден иық-бас венасы (бағаны) басталады.

Иық-бас веналары (плече-головные вены)— ең ірі тамырлар. Иық-бас веналарының оң жағы сол жағына қарағанда қысқалау келеді. Бұл екеуі оң жүрекше тұсында бір-бірімен қосылып, жоғарғы қуысты венаны түзеді. Қорытып айтқанда, жоғарғы қуысты венаға вена қаны бастан, мойыннан, қолдан, дененің жоғарғы бөлігінен жиналып келіп құяды.

Төменгі қуыс венасының жүйесі (система нижней полой вены). Ол төменгі бел омыртқа тұсында оң және сол жалпы мықын веналарының қосылуынан пайда болады. Бұл вена да көкірек қуысына қарай көтеріліп оң жүрекшеге ашылады. Жалпы төменгі куыс вена жүйесі вена қанын дененің төменгі бөлігінен жинайды. Олар құрсақ және аяқ веналары деп бөлінеді.

Қүрсақ веналары — орналасуына қарай қабырғалық (париетальды) және ішкіоргандық (висцеральдық) болып екіге бөлінеді. Оның қабырғалық веналарына бел веналары, диафрагма, сегізкөз веналары жағады.

Бел веналарының (поясничные вены)—жалпы саны төртеу, бір-біріне параллель орналасқан. Олар ұзына бой қосылыстар жасап, оң жағында сыңарлы, сол жағында жартылай сыңарлы веналармен жалғасады. Көлденең қосылыстар нәтижесінде жоғарғы және төменгі қуысты веналарының арасындағы байланыстар түзіледі.

Төменгі диафрагма венасы (нижняя диафрагмальная вена)— жұп тамырға жатады. Өзіне аттас артериямен жанаса жүріп, диафрагманың төменгі жағынан төменгі қуысты венаға қосылады.

Сегізкөз венасы (крестцовая вена)— сегізкөздің алдыңғы бетінен вена қанын жинайды.

Ішкі органдық тамырларына жыныс (аналық және аталық бездерінің) веналары, бүйрек, бүйрекүсті безінің және бауыр веналары жатады.

Аталық без венасы (семенниковая вена)— аталық безінен басталып шәует бауының ішімен жоғары көтеріліп оң жағынан теменгі қуысты венаға, ал сол жағынан бүйрек венасына ашылады.

Аналық без венасы (яичниковая вена)— аналық безінен басталып, жатырдың жалпақ байламынан өтіп, өзіне аттас артериямен қабат жатады.

Бүйрек венасы (почечная вена)— бүйрек қақпасының тұсынан басталып, бүйрек артериясының алдынан өтіп төменгі қуысты венаға ашылады.

Бүйрекүсті безінің венасы (надпочечная вена)— бүйрекүсті безінен басталып, оң жағынан төменгі қуысты венаға, сол жағынан бүйрек венасына қосылады.

Бауыр веналары көптеген майда веналардан түзілген. Ол бауыр капиллярларынан вена қанын жинап, бауырдың артқы жағынан төменгі қуысты венаға тікелей ашылады. Бұл аталған веналар құрсақ органдарының жұп веналары болып саналса, тақ веналарына тақ органдарынан қанды жинайтын қақпа венасының жүйесі жатады,

Қақпа венасының жүйесі(система воротной вены). Ол құрсақ қуысындағы тақ органдардың вена қанын өзіне жинайды. Құрсақ қуысында, ас қорыту органдарының веналарынан жинақталған үш ірі вена түзіледі. Оларға көкбауыр, жоғарғы және төменгі шажырқай веналары жатады. Бұл үш вена қарынасты безінің тұсында бірігіп бауырдың қақпа венасына айналады. Қақпа венасы өте ірі, қысқа келген тамыр. Ол бауырға қақпасы арқылы еніп, бауыр веналарына бөлініп капиллярларға тарайды.

Көкбауыр венасы (селезеночная вена)—қақпа венасының жоғарғы құйылысы болып саналады. Ол көкбауырдан басталып өзі аттас артериямен қабат жатып, қарынасты безінің тұсында, өзіне қарынның кіші шарбы майынан, майда веналарды қосып алады. Қейде оған төменгі шажырқай венасы да қосылып кетеді.

Төменгі шажырқай венасы (нижняя брыжеечная вена)—өзі аттас артерияға параллель жатады. Ол тік ішектің веноздық өрімінен, қима ішектен және тоқ ішектің төмендеу бөлігінен вена қанын жинап, көкбауыр венасына, кейде тікелей қақпа венасына қосылады.

Жоғарғы шажырқай венасы (верхняя брыжеечная вена)— ол да өзіне аттас артериясымен қабат жатады. Ол соқыр ішектен, тоқ ішектің өрлеу және көлденең бөліктерінен қарынасты безінен, онекі елі ішектен, шарбы майдан вена қанын жинайды. Қақпа венасына қарынның кіші иін венасы тікелей қосылады.

Организмде бауырдың қақпа венасының маңызы зор. Себебі ас қорыту органдарынан келген қанның құрамында қоректік заттармен бірге зиянды (улы) заттар болады. Оларды бауыр өзінің күрделі қызметі арқасында зиянсыздандырады. Осының нәтижесінде тазартылған қан бауыр венасы арқылы төменгі қуыс венасына, одан жүрекке, жүректен үлкен шеңбер арқылы ағзаға таралады.

Аяқ веналары.Аяқ веналары қол веналары сияқты беткей және терең вена тамырларына бөлінеді. Олар аяқ басындағы беткей және терең табан доғаларынан басталады. Доғалардың өзі аяқ басының веноздық торлары мен аяқ бармақтары веналарының жалғасы болып саналады. Аяқтың беткей веналарына үлкен және кіші теріасты веналары жатады.

Аяқтың үлкен теріасты венасы (большая подкожная вена)— адам денесіндегі ең үлкен және ұзын вена болып есептеледі. Ол аяқ басының сыртқы веноздық торынан басталып, ішкі тобық жағымен көтеріліп, санның терең венасына қосылады. Бұл венаға көптеген санның, сирақтың майда веналары құяды.

Аяқтың кіші теріасты венасы (малая подкожная вена)— аяқ басының сыртқы венозды торынан басталады. Бұл вена аяқтың сырт жағында орналасқан. Тақым астында тақымасты венасына қосылады.

Аяқтың терең веналары (глубокие вены ноги)— қол веналарына ұқсас сыңарлы болып келеді. Оларға артқы, алдыңғы кәрі жілік, сан веналары жатады. Сан венасы сыртқы мықын венасына жалғасып, ішкі мықын венасымен қосылып жалпы мықын венасын түзеді. Жалпы мықын веналары бірігіп төменгі қуыс венасына көшеді. Аяқтың терең веналарында айшық қақпақшалары көп болады. Олар беткей веналармен көлденең қосылыстар жасап тығыз байланыста келеді. Сондықтан терең веналардан қан беткей тамырларға ауысып отырады.

Қорытып айтқанда, жалпы аяқ веналары аяқтың бас бөлімінен, сирақ және сан еттері мен терісінен вена қанын жинап, одан сыртқы мықын венасына, одан жалпы мықын веналары арқылы төменгі қуысты венаға құяды.

Жалпы мықын веналарының (общие подвздошные вены )—әрқайсысы ішкі және сыртқы мықын веналарының қосылысынан пайда болып, жоғары қарай бағыт алып, IV бел омыртқа тұсында бір-бірімен қосылып төменгі қуысты венаны түзеді. Жалпы мықын веналары-ның қосылар жерінде сегізкөз венасы жатады.

Ішкі мықын венасы вена қанын жамбас қуысындағы органдардан, ал сыртқы мықын венасы сан венасының тікелей жалғасы болғандықтан аяқтың беткей және терең веналарынан жинайды. Бұл венаға сан венасынан басқа төменгі құрсақ және мықын сүйегін қоршап жататын веналар қосылады.

Жоғарғы және төменгі қуысты веналар көлденең қосылыстар арқылы жалғасып жатады. Бұл қосылыстарға тұлғаның бүйір венасы, сыңарлы және жартылай сыңарлы веналары, ішкі және сыртқы омыртқа өрімдері кіреді. Омыртқа өрімдеріне ми сауытының, мықын белдеулерінің веналары байланысады.

Қорыта келгенде, бүкіл адам денесіндегі вена қаны жоғарғы және төменгі қуысты веналары арқылы жиналып, оң жүрекшеге құйылуымен үлкен қан айналу шеңбері аяқталады.

ҰРЫҚТЫҢ ҚАН АЙНАЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Ұрықтың қан айналысының ересек адам қан айналысынан көп айырмашылығы бар. Себебі оның кіші қан айналу шеңбері аздап қанды өкпеге өткізіп тұрса да, газ алмасу процесіне қатыспайды. Сондықтан ұрық оттегіне байытылған қанды, кіндік венасы арқылы ана денесінен (плацентадан) алады. Кіндік венасы ұрық денесіне енгеннен кейін екіге айырылады. Бір жолы төменгі қуыс венасына тікелей ашылып вена қанымен араласса, екінші жолы бауырдан өтіп, қызыл қан түйіршіктеріне байытылып, төменгі қуыс венасына ашылады. Ал төменгі қуыс венасы жоғарғы қуыс венасымен бірге аралас қанды оң жүрекшеге құяды. Одан әрі оң жүрекшедегі қанның бір бөлігі жүрекшелер аралық тесік арқылы сол жүрекшеге өтеді. Осы екі жүрекшенің жиырылу нәтнжесінде қан қарыншаларға, содан кейін шеңберлерге бағыт алады.

Кіші шеңберге қарай өкпе артериясы арқылы көтерілген қанның біраз бөлігі өкпеге барады да, ал көбі ерекше артериялық өзек арқылы үлкен шеңберге қосылады. Осының нәтижесінде қанның көбі қолқа арқылы үлкен шеңберге немесе ұрық денесіне таралады.

Алдымен қан жүрек артериялары арқылы жүректің өзіне, содан кейін қолқа доғасынан шығатын артериялар арқылы ұрықтың жоғарғы жақ бас, дене бөлігіне тарамдалады. Ал, қолқаның төмендеу бөлігінен тарайтын артериялары арқылы аралас қан ұрықтың төменгі жақ дене бөлігіне тарамдалып, қанмен қамтамасыз етеді. Содан кейін, кіндік артериялары арқылы вена қаны сыртқа теуіп, кіндік бауының құрамында плацентаға кері барады.

Плацентада қан қоректік заттармен оттегіне байытылып, артериялық қанға айналып, қайтадан кіндік венасы арқылы ұрыққа енеді.

Бала дүниеге келгеннен кейін кіндік бауының кесілуіне байланысты, кіші (өкпе) шеңбері жеке жұмыс істей бастап, газ алмасу жүреді. Осының нәтижесінде кіндік веналары мен артерияларында және артериялық өзекте қан жүрмей, біртіндеп сіңір байламдарына айнала бастайды. Мысалы, кіндік венасы — бауырдың жұмыр байламына, артериялық өзек — артериялық байламға, кіндік артериясы — кіндік байламына айналады. Екі жүрекше аралығындағы жүрекшеаралық саңылау (тесік) бітеледі. Осымен байланысты ұрық қан айналысы біртіндеп ересек адам қан айналысына қалыптасады. Егер саңылау тесіктер бітпесе, өзектер солып байламдарға айналмаса бала аурулы болады (порок сердца).

Бақылау сұрақтары:

1. Веналар жүйесінің атқаратын қызметі қандай?

2. Қан тамырларының қабырға құрылысы қандай?

Жұмыс

Тақырыбы:Лимфа жүйесі.

Жұмыстың міндеті: 1. Лимфа жүйесінің құрылысын атластар мен түсті таблицалар арқылы сипаттап қысқаша жазу.

Жұмыстың мақсаты:Лимфа бездерінің және көкбауырдың қызметтерімен танысу.

Жұмысқа керек жабдықтар: Лимфа жүйесінің таблицалары, атластар мен муляждер.

Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін айтады. Лимфа жүйесінің организм үшін маңызы өте зор. Себебі оның зат алмасу және фагоцитарлық процестерге қатысы бар. Тканьаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасы болып есептелінеді. Осы ортада қан мен ткань арасындағы зат алмасу процесі лимфа арқылы іске асырылады. Себебі тканьаралық сұйықтық қайтадан қанға толық сорылмай, майда лимфа капиллярларға өтеді, олар біртіндеп жинақталып лимфа тамырларына айналады. Денедегі барлық лимфа тамырлары жинақталып көкірек және оң жақ лимфа өзектерін түзеді. Осы лимфа өзектері арқылы ткань сұйықтығы мойындырық және бұғанаасты веналарының қосылысынан пайда болған веноздық бұрышқа келіп ашылады. Қорытып айтқанда, лимфа сұйықтығы ткань аралығында қаннан пайда болып, ақыр аяғында вена қанына араласады.

Лимфа жүйесіне мыналар жатады: лимфа саңылаулары, лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа бездері.

Лимфа саңылауларына іштіктің сероздық қуысы, плевра мен жүрек қабының қуысы, ми және жұлын қабықтарының аралықтары, ми қарыншаларының қуысы, жұлын каналы, ішкі құлақтың лимфа қуысы, буын қуыстары жатады.

Лимфа капиллярлары өте майда тамырлар, қабырғасы бір қабатты эн-дотелиальды торшалардан тузілген. Лимфа капиллярларының саны қан капиллярларының санына қарағанда өте көп болады. Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап, мүшелер мен тканьдерде капилляр торларын түзеді.

Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Бұл тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырлар қабрығасынан жұқа келеді. Оның ішкі қабаты — эндотелиальды, ортаңғысы — серпімді талшықтар мен бірыңғай салалы ет тканінен, ал сыртқы қабаты дәнекер тканінен түзілген. Лимфа тамырлары орналасуына қарай беткей және терең тамырлар болып бөлінеді. Беткейі тері астында, тереңі артерия тамырларына жанама орналасқан. Олар бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады.

Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топтанып жатады. Осыған орай, лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әр түрлі пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып, ішіндегі сұйықтықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықтығына араласып оның құрамын өзгертіп отырады.

Лимфа бездері үш жаста толық қалыптасып бітеді. Олар ағзаның барлық жерінде бірдей орналаспай, кейде біреуден, кейде шоғырланып орналасады. Лимфа бездері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында, мойында, өкпеде, бронхыда, ішек шажырқайында кездеседі. Көптеген лимфа бездері жұтқыншақта көмей тесігінен айнала қоршап орналасқан. Олар бір жасқа дейін тез өскенімен, ересек адамдарда бір қалыпта болады. Лимфа бездерінің жиынтық жасап жатқан жерін бадамшалар дейді. Олар көмей қойнауында, тіл түбірінде, жұтқыншақта топтана жатып, микробтармен күресіп, қорғаныс (фаго-цитарлық) қызметін атқарады. Жас балаларда баспа, дифтерит, қызамық т. б. аурулардың болуы осы бадамшалардың суыққа шалдығуына байланысты.

Лимфа құрамы жалпы жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Ас қорыту процесі өтіп жатқан кезде, аш ішектің шажырқайындағы лимфа тамырларына ішектен сорылған майлар өтеді. Мұндай жағдайда оны «сүт тамыр» деп атайды.

Адам ағзасындағы барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.

Көкірек өзегі (грудной проток)— екі аяқтан, жамбастан, жамбас қуысындағы органдардан, қүрсақ қуысынан, сол жақ көкірек клеткасынан, сол қолдан және бас пен мойынның сол жақтарынан яғни дененің төрттен үш бөлігінен жинайды. Көкірек өзегі құрсақ қуысында, бел омыртқа тұсында оң және сол бел өзектерімен ішек өзегінің қосылыстарынан пайда болады. Оның оң және сол бел өзектері екі аяқтан, жамбас белдеуінен және оның қуысындағы органдардан лимфа жинаса, ішек өзегі құрсақ қуысындағы органдардан жинайды. Жоғарыда аталған лимфа өзектерінің қосылған жерінде (көкірек өзегінің басталар жерінде) кеңейген бөлігі болады, оны қойма (цистерна) деп атайды. Көкірек өзегі құрсақ қолқасын бойлай көкірек қуысына өтіп, дененің сол жағына ауып VII мойын омыртқа тұсына дейін көтеріледі. Осы жерде бұл өзек сол бұғанаасты артерияларының астынан өтіп, сол жақ веноздық бүрышқа келіп ашылады. Сонымен бірге, сол веноздық бұрышқа бас пен мойынның сол жағынан келетін — сол мойындырық лимфа тамыры және көкірек клеткасының сол жағынан, сол сүт безінен, диафрагмадан, бауырдан лимфаны әкелетін сол ішкі лимфа тамыры келіп қосылады. Көкірек өзегінің ұзындығы 35—45 см, ондағы лимфаның жүруі көкірек қуысының сору қасиетімен, өзектегі бір жақты ашылатын айшық қакпақшаларының жәрдемімен іске асырылады. Оң жақ лимфа өзегінің ұзындығы 1—2 см. Бұл өзек оң бұғана үстінде орналасып, оң жақ ішкі мойындырық венасымеи, оң жақ бүғанаасты венасының қосылысынан пайда болған веноздық бұрышқа келіп құяды. Оң жақ лимфа өзегі оң қолдан, оң жақ бас және мойын бөліктерінен көкірек клеткасыньің оң жағынан жинайды.



Просмотров 6332

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!