Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



АН АЙНАЛУ ШЕҢБЕРІНІҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ 3 часть



Бронх-көкірек өзегі лимфаны жүректің, өңештің, кеңірдектің, көкірек клеткасының оң жақ бөліктерінен, оң сүт безінің өзегі лимфаны диафрагманың алдыңғы бөлігінен көкірек клеткасынан және бауырдың жоғарғы бетінен жинайды. Оң жақ лимфа өзегінің клапаны құяр жерінде ғана болады да, вена қанының өзекке кері кетпеуіне кедергі жасайды. Лимфа ткань сүйықтығынан, лимфа саңылауларынан (плевральды, жүрек қабы, іштік т. б.) және синовиальды қуыстардан пайда болады. Лимфа сұйықтығында лейкоциттер ғана болады, сондықтан да лимфа түссіз болып келеді. Лейкоциттердің саны 1 мм3-де 6000—8000-ға дейін барады. Олар негізінде көкбауыр және лимфалық бездерде пайда болады. Лимфа қанға қарағанда тамыр бойымен жай жүреді.

Қан жасайтын мүшелер.Қан жасайтын мүшелер қан айналу және лимфа жүйесінің бойында орналасқан. Қан жасайтын мүшелерге сүйек майлары, лимфа бездері және көкбауыр жатады.

Сүйек майы (костный мозг)— сүйектің кемік бөлігінде орналасады. Эмбриональдық даму дәуірінде жіліктің түтік бөлігіндегі майдан да қан заты пайда болады. Ересек адамда жілік түтігіндегі қызыл май сары майға айналып, қан торшаларын шығаруын тоқтатады. Қызыл май сүйектің кемік бөліктерінде ғана қалады. Олар майда қан тамырларына өте бай келеді. Сүйектің кемік затында орналасқан қызыл майда үздіксіз қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер), ақ қан түйіршіктері (лейкоциттер), гранулоциттер мен тромбоциттер пайда болып отырады. Эритроциттер дамып жетілгенше бірнеше кезеңдерден өтеді. Жетілген эритроциттер мен гранулоциттер ретикулярлы тканьдардың кеңістігінен капиллярға еніп, қан айналу жүйесіне қосылады,

Лимфа бездеріне — бадамшалар, дара фолликулалар, ішектің бездер тобы және көкбауыр жатады, олар лимфа тамырларының жолында орналасады. Лимфа бездері лимфа тамырларын жауып жатқан сыртқы қабығымен қоршалып капсула түзіп жатады. Лимфа бездерінің бір жағы дөңес, екінші жағы ойыс болып, бүйрек формасына ұқсайды. Оның дөңес бетінен — лимфаны «әкелуші», ойыс (қақпа) жағынан — лимфаны «әкетуші» тамырлар басталады.

Лимфа бездерінің сырт жағы қыртыс (қатты), ішкі жағы — милы (жұмсақ) заттардан түзілген. Қыртысты затында шар тәрізді денелер — фолликулалар орналасады. Осы фолликулалар, орталығында лимфоциттер пайда болады. Милы қабатында лимфоциттер шоғырланып, жұмсақ тарамды шумақтар жасайды. Әкелуші лимфа тамырлары арқылы келіп, безге енген лимфа, капсула астындағы саңылауға жиналады. Одан милы затына өтіп, онда лимфоциттерге байып, зиянды заттарды зиянсыздандырып «әкетуші» тамыр түзіп, безден шығады.

Дененің әрбір бөлігінде шоғрыланып жатқан бездер тобы биологиялық фильтр (сүзгі) болып табылады. Олар қанға енген әр түрлі ауру туғызатын вирус, микробтармен күрес жұмысын күшейтіп, ісінеді, оны халық арасында «без шошуы» дейді. Өкпе ауруларына байланысты осындай ісік өкпе-бронх, тамақ бездерінде пайда болады. Оларды қан, не рентгенологиялық тексеру арқылы оңай анықтауға болады.,

Көкбауыр(селезенка)— асқазан мен диафрагма аралығында сол жақ қабырға етегіне орналасқан мүше. Ол қызметі жағынан қан және лимфа айналу жүйесімен тығыз байланыста келеді. Қөкбауырдың бір жағы дөңес, екінші жағы ойыс. Оның салмағы 150—200 грамдай, ол физиологиялық жағдайға байланысты жиі өзгереді, оның түсі қызыл-күрең, өзі жұмсақ. Егер оны екіге бөлсе ақ және қызыл пульпадан тұратыны байқалады. Көкбауырдың дөңес жағын — диафрагмалық беті, ойыс жағын ішкі беті деп атайды. Ішкі ойыс жағы тамырлар мен нервтер енетін көкбауыр қақпасын түзеді. Көкбауыр қақпасының айналасында асқазан, бүйрек, қарынасты безі және тоқ ішектер шектеліп жатады. Көкбауыр қақпасынан қарын — көкбауыр және диафрагма — көкбауыр байламдары шығады. Көкбауыр сырт жағынан фиброзды дәнекер қабатпен оралады. Осы фиброзды қабаттан ішкі жағына тереңдеп перделер кетеді, олар көкбауырды бірнеше бөліктерге бөледі. Ол бөліктер іші майда қан тамырларына және қан торшаларына, ретикулярлы тканьнен түзілген қоймалжың затқа толы болады. Көкбауырдың артерия тамырының бойында, оның лимфа фоликуласы немесе мальпиги түйіршіктері орналасады. Ақ пульпасы лимфоидты тканнен түзілген, ал онда лимфоциттер пайда болады. Ал ретикулярлы тканьнен түзілген пульпада қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер) пайда болады.

Көкбауыр қан жасайтын қызметінен басқа, мерзімі біткен эритроциттердің ыдырайтын жері болып есептелінеді. Сондықтан да кейде қан ауруына (мысалы безгек ауруына) ұшырағанда эритроциттердің көбірек бұзылуына байланысты көкбауыр өте үлкейіп кетеді. Көкбауыр қан сақтайтын қойма қызметін де атқарып, қан қысымын реттеуіне де қатынасады. Бірақ адам көкбауырсыз да тіршілік ете алады.

Бақылау сұрақтары:

1. Лимфа жүйесінің атқаратын қызметі қандай?

2. Қан жасайтын мүшелрге не жатады?

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

(Неврология)

 

Жүйке жүйесінің дамуы және оныңмаңызы. Жүйке жүйесі жан-жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп күрделеніп отырады. Осыған байланысты, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерін қабылдап, оғаи жауап беріп ағзаны өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Сонымен қатар әр түрлі мүшелердің, тканьдердің және торшалардың қызметін реттеп оларды өзара және сыртқы ортамен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын жүзеге асырады. Жүйке жүйесінің осы айтылған жұмысына байланысты ағзаның мүшелері мен тканьдерінің арасында күрделі физиологиялық процестер де жүреді.

Жүйке жүйесі тек қарапайым жануарлар өкілдерінде ғана болмайды. Бірақ тітіркену процесі барлық тірі материяға тән қасиет болғандықтан, оларда да тітіркену, тітіркендіргіштерді қабылдау, оған жауап қайтару процестері өтеді. Тітіркендіруден туған жүйке процесін және оның нерв бойымен өтуін жүйке импульсі деп атайды.

Адамда жүйке жүйесі еңбекпен айналысуына байланысты өте күрделі және жоғарғы дәрежеде дамыған, ол ой органына айналған,

Қорытып айтқанда, жүйке жүйесі барлық мүшелердің, тұтас ағзаның жұмыс-әрекетін басқарып, күрделі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді. Мысалы: бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің соғуы, бездердің сөл бөлуі, зат алмасу процестерінің дұрыс жүріп отыруы. Сонымен қатар, әр түрлі мүшелердің атқаратын қызметі бір-бірімен тығыз байланыста келеді және ішкі-сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты не күшейеді, не нашарлайды. Бір мүшелер өзгеруіне байланысты басқа мүшелер қызметі де өзгереді. Мысалы, бұлшық еттердің жиырылуына байланысты қоректік заттар мен оттегіне мұқтаждығы артады. Осыған байланысты жүрек пен өкпе жұмысын күшейтіп, бұлшық еттерді қанмен қамтамасыз етеді және зат алмасу процестерін арттырып, адам ағзасында жылу пайда болады. Оның сыртқа бөлінуінен тері бездері мен несеп шығару мүшелерінің жұмысы да күшейді. Осы сияқты ағзалардың сыртқы және ішкі орталықтарда тұрған әсерлері мен өзгерістеріне бейімделуі оның тіршілік етуінің негізі болып саналады. Осы жағдайдың бәрі нерв реттелуімен іске асады.

Жүйке жүйесі—ми мен жұлыннан және олардан тарайтын нервтерден тұрады. Ми мен жүлынды орталық нерв жүйесі, олардан тарамдалған нервтерді шеткі нерв жүйесі деп атайды. Жалпы нерв жүйесі нерв тканінен - нейрондар мен нейроглиядан т. б. тканьдерден түзілген. Нейроглия жүйке торшасының тірегі болумен бірге, оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатынасады. Нейрон — толық келген негізгі бөлімінен — денесінен және одан тарамдалған ұзынды-қысқалы өсінділерінен түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды.

Аксон өсінділері нерв импульсін торша денесінен, шығарып отырса, дендриттер, керісінше, торша денесіне жеткізіп отырады. Осы аталған нерв клеткасының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.

Ми мен жұлынды кесіп қарағанда олардың сұр және ақ заттан тұратынын байқаймыз. Олардың сұр заттары әрдайым жүйке торшалары денелерінің шоғырлануынан пайда болса, ақ заттары жүйке талшықтарының топтануынан пайда болады. Ми мен жұлынның сұр заты мен ақ заты біркелкі орналаспаған. Мидың сұр заты сыртқы, ақ заты ішкі жағында жатса, жұлында, керісінше, сұр заты ішінде, ақ заты сыртында жатады. Алдыңғы үлкен ми сыңарларының сыртын жалпы жауып жатқан сұр затты ми қыртысы немесе сұрғылт қабық деп атайды. Ми қыртысының іш жағын ала жүйке талшықтарынан түзілген ақ зат жатады. Осы ақ заттың қалыңында, торша денелерінің шоғырланған жерлерін ядролар деп атайды. Мұндай ядролар ми мен жұлыннан тыс жерлерде де кездеседі. Оларды омыртқааралық түйіндер, жұлын түйіндері, жүйке түйіндері деп атайды. Жұлын мен ми құрамындағы жүйке талшықтары ақ заттар түзіп, орталық жүйке жүйесінің бөліктерін бір-бірімен байланыстырып тұратын өткізгіш жолдар түзеді. Жұлын мен ми бөліктері қан тамырларына өте бай келеді, олар арқылы нерв тканіне қоректік заттар мен оттегі үнемі жеткізіліп тұрады.

Жүйке дегеніміз сырт жағы ақ қабықшамен жабылған жүйке талшықтарының будасы. Жүйкелерді атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөледі: 1) егер жүйке тек қана қозғалтқыш торшаларының жүйке талшықтарынан түзілсе, оны «қозғалтқыш» немесе «орталықтан тепкіш» жүйке деп атайды. Жұлын мен ми бөліктерінде жатқан қозғалтқыш торшалар жинағы ядролар түзеді; 2) егер жүйке құрамы сезімтал жүйке талшықтарынан түзілсе, оны «сезімтал» немесе «орталыққа тепкіш» жүйке деп атайды. Сезімтал жүйкелер сезімтал торшалардың өсінділері болып саналады. Бұл торшалар шоғырланып жүйке түйіндерін түзеді; 3) егер нервтер құрамына әрі қозғалтқыш әрі сезімтал жүйке талшықтары кіретін болса, оларды аралас жүйкелер деп атайды.

Қозғалтқыш жүйкелердің нерв ұштары — эффекторлары жұмыс органдарында аяқталса, сезімтал нервтерінің ұштары — рецепторлары сезім органдарында (теріде, көзде, ішкі құлақта, тіл мен мұрын қуысында т. б.) аяқталады.

Қорытып айтқанда, организмде барлық мүшелер жүйкемен қамтамасыз етіледі, яғни жүйкелендіріледі. Орталық жүйке жүйесі сол нервтердің мүшелерде, тканьдерде аяқталу нәтижесінде, жалпы ағзаның шет бөлімдерімен тікелей байланыста болады.

Ағзада қозу сезімтал жүйке ұштарына тиген тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады. Жалпы ағзаға үздіксіз түрлі тітіркендіргіштер (дыбыс, жарық, иіс, дәм т. б.) әсер етіп тұрады. Олар жүйке рецепторлары арқылы орталық жүйке жүйесінің бөліктеріне жеткізіледі. Бұны жүйке тканінің қозу өткізгіштік қасиеті деп атайды. Қозу әрбір жүйке талшықтары арқылы жекедара өткізіледі, яғни бір жүйке талшығынан екінші жүйке талшығына берілмейді. Сол себептен қай жүйке бұзылса, сол жүйкенің қозу аппараты (еттің, бездің т. б.) мүшелерінің қызметі де бұзылады.

Жүйке торшалары бір-бірімен жалғасып нейрондар тізбегін түзеді. Мұндай жағдайда бір торшаның екінші торшамен байланысқан жерін синапс деп атайды. Нейрон бойындағы жүйке қозуы торшаның дендрит — дене — аксон бағыты бойынша өтеді. Жалпы қозу (жүйке импульсі) сезімтал жүйке арқылы шеттен (рецептордан) жүйке жүйесінің орталығына, ал одан қозғалтқыш жүйке арқылы шеткі (бұлшық еттерге, бездерге т. б.) мүшелерге өткізіледі.

Ағзаның орталық жүйке жүйесінің қатысуымен өтетін және ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакциясын рефлекс деп атаймыз. Мысалы, төрт басты еттің сіңірін, тізеден төмендеу жерден балғамен жайлап ұрсақ, еттің жиырылу нәтижесінен аяқ тізе буынынан дереу жазылады, жарық көзге түссе, көздің карашығы дереу кішірейеді, ауызға бір нәрсе түссе сілекей белінеді. Рефлекстің (нерв импульсінің) жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.

Рефлекторлық доға бес бөлімнен түзілген: бірінші — мүшелерден сезім мүшелерінен басталатын рецепторлар (сезімтал нейрондар ұштары); екінші — сезімтал жүйке нейрондарының афференттік жүйке талшықтары; үшінші — рефлекстің орталығы болып саналатын жұлын мен мидағы жүйке торшаларының шоғары: төртінші — қозғалтқыш нейрондарының жүйке талшықтары; бесінші — кызметке енетін мүшелерде аяқталатын эффекторлық жүйке ұштары.

Рефлекторлық доғаны жай және күрделі деп екіге бөлеміз. Жай доғаның құрамында (көп жағдайда) үшінші қосымша нейрон қатысады. Ол жүйке импульсін сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға беріп отырады. Осы айтылған жәй доғадан да басқа ми бөлімдерінен ететін, кейде ми қыртысына дейін баратын, көп нейронды рефлекторлық доғалар да болады.

Сонымен, қорытып айтқанда, бүкіл жүйке жүйесін (функциональды жағдаймен қарағанда) үш туынды элементтермен қарастырамыз.

1. Рецепторлар (қабылдағыштар)—афференттік (орталыққа тепкіш) сезімтал нейрондрамен байланысты. Олар пайда болған қозуды орталыққа өткізгіш (апарушы) нейрондар.

2. Кондукторларға (өткізгіштер)—косымша немесе ассоциативті нейрондар жатады. Олар нерв қозуын «орталыққа тепкіш» нейроннан «орталықтан тепкіш» нейронға өткізеді.

3. Эфференттік (орталықтан тепкіш) нейрон — орталықтан шетке (перифериялық жұмыс органдарына) беретін эффекторға жеткізу, жауап беру реакциясын қамтамасыз етеді.

Ал, эффекторлар дегеніміз, нерв импульсін жұмыс органына (бұлшық етке, безге т. б.) беретін эфференттік нейрондар жүйке ұштары. Сол себептен, ол нейрондарды эффекторлық нейрондар деп атайды.

Соңғы кезде, ашық рефлекторлық доғамен қатар органдарды орталықпен кері байланыстыратын тұйық шеңберлі рефлекс тізбектері туралы түсініктер (пікірлер) пайда болып жатыр. Олардың жүйке жүйесінің функциональды қасиетін (қызметін) физиология пәнінентереңдете оқисыздар.

Жүйке жүйесінің эмбриогенезі.Жүйке жүйесі ұрықтың даму кезеңінде өте ерте пайда бола бастайды. Екі апталық ұрықтың денесінің, дорзальді (арқа жақ) бөлігінде эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасынан) ми — жүйке пластинкасы қалыптасады. Даму нәтижесіне байланысты пластинканың екі жақ ұзына бой жиегі қалыңдап, бір-бірімен бірігіп, ұзынша келген жүйке түтігін түзеді. Жүйке түтігі хорданың үстіңгі жағында параллель жатады. Оның алдыңғы бөлігі біртіндеп ми бөліктеріне айнала бастаса, артқы ұзынша бөлігінен жұлын пайда болады. Ал түтіктің қалыңдап қеліп қосылған жиегі ганглиозды пластинкаға айналады. Осы ганглиозды пластинкадан бара-бара омыртқааралық жұлын түйіндері мен ми нервтерінің түйіндері дамиды.

Нерв түтігінің алдыңғы жақ қуысы кеңейіп, өзгеріп ми қарыншаларын түзсе, артқы бөлігінің қуысы жұлын каналына айналады.

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

Жүйке жүйесінің орталық бөліміне филогенетикалық ең ерте бөлігі — жұлын және кеш дамып келе жатқан ми бөлігі жатады. Бұл екеуі де құрылысы және жұмысы жағынан бір-бірімен өте тығыз байланыста келеді.

Жүйке жүйесін топографиялық жатқан жағдайына қарай орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдер деп екіге бөліп оқимыз: оның орталық жүйке жүйесі деген түсінікке сұр және ақ заттан тұратын жұлын мен ми жатса, жүйке түбіршіктері, жүйке түйіндері, жүйке тораптары өрімдері мен жүйке ұштары шеткі (перифериялық) жүйке жүйесіне жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жүйке жүйесінің маңызы мен ерекшелігі қандай?

2. Жүйке жүйесінің эмбриогенезі дегеніміз не?

Жұмыс

Тақырыбы: Жұлын

Жұмыстың міндеті: 1. Атласқа қарап жұлынның сыртқы құрылысын тексеріп білу. 2. Одан кейін көлденең кесіндісінен ақ заты мен сұр затының суретін салып, ішкі құрылысымен танысу.

Жұмыстың мақсаты:Жұлынның әрбір сегментінен шығатын алдыңғы және артқы түбіршектерінің құрылысын сипаттау

Жұмысқа керек жабдықтар: «Жұлын моделі». «Жүйке жүйесінің барельефі». «Жұлынның көлденең кесіндісі». Атластар мен түсті таблицалар: «Жұлын сегменті», «Жұлынның жүйкелері».

Жұлын(спинной мозг). Жұлын омыртқа каналының ішінде жатады. Оның ұзындығы ересек адамда 45 см, ені 1,5 см, салмағы 80 г.

Жұлын ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Төменгі жағынан соңғы жіпшесі арқылы құйымшақ омыртқасына бекиді. Соңғы жіпшеден айнала жұлынның төменгі сегменттерінен таралған түбіршіктер «ат құйрығын» түзеді. Олардың көбі сегізкөз тесіктері арқылы омыртқа каналынан сыртқа тебеді.

Жұлын жаңа туған балада омыртқа каналын толығымен толтыра жатса, ал бара-бара өсуі баяулап бірінші бел омыртқа тұсында қалады.

Жұлынның көлденең қимасы ұзына бойында бірдей емес, ол жоғарыдан төмен қарай жіңішкере бастайды. Жұлын төменгі мойын омыртқалары мен төменгі көкірек омыртқаларының тұсында екі буылтық түзеді. Оның біреуін мойын буылтығы десе, екіншісін бел буылтығы деп атайды. Осы буылтықтар тұсынан қол мен аяқты жүйкелендіретін ірі әрі ұзын нервтер басталады. Сол жүйкелердің торшалық денелері буылтықтар тұсында шоғырланған жұлын буылтығын түзеді.

Жұлынның алдыңғы және артқы бетімен ұзына бойына алдыңғы орталық сай және артқы орталық сай өтеді. Алдыңғы орталық сай өте терең жатқандықтаи, оны кейде алдыңғы орталық саңылау деп те атайды. Осы сайлар арқылы жұлын оң және сол екі бөлікке бөлініп тұрады. Алдыңғы орталық сайдың екі жағында алдыңғы бүйір сай жатса, артқы орталық сайдың екі жағында артқы бүйір сай орналасқан.

Жұлын тізбектеліп жатқан 31 сегменттен түзілген. Оның әрбір сегментінің екі жанынан алдыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып омыртқаар-лық тесік тұсында бір-бірімен қосылып, 31 пар жұлын нервісін түзеді. Жұлынның ішімен ұзына бой жұлын каналы өтеді. Ол жоғарғы жағында мидың төртінші қарыншасына жалғасады.

Жұлынның көлденең кесіндісін қарағанда оның ақ және сұр заттан түзілгенін байқаймыз.

Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық каналын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіздері деп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйізі, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынңың тек көкірек сегменттерінде ғана кездеседі. Сұр зат жүйке торшаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейронын эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрондар орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып симпатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі мүшелерді жүйкелендіруге бағыт алады.

Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, оның өзі жұлын бетінде жатқан сайлар арқылы үш жұп бағанға бөлінеді. Алдыңғы баған — алдыңғы орталық саймен алдынғы бүйір сайының аралығында, бүйір бағаны — алдыңғы бүйір сайы мен артқы бүйір сайының аралығында, ал артқы баған — артқы бүйір сайы мен артқы орталық сайдың арасында орналасқан. Бұл бағандар жүйке талшықтарынан түзіліп, жұлынның өткізгіш жолдарын түзеді. Жүлынның сұр заты мен бағандарының аралығында сегментаралық V келте талшықтар болады. Осы талшықтар арқылы жұлынның сегментаралық байланыстары өтетін болғандықтан оларды жұлынның өз аппараты деп атайды.

Жұлынды қоректендіретін артерия тамырларына қабырғааралық және бел артериялары жатады. Қабырғааралық артериялар жұлынның көкірек сегменттеріне тарамдалса, төменгі — бел, сегізкөз, құйымшақ сегменттеріне бел, сегізкөз артериялары тарамдалады. Ал жұлынның жоғарғы мойыи сегменттеріне бұғанаасты артериясының омыртқа тарамы барады. Бұл аталған артериялар омыртқа каналына енгеннен кейін жұлынның алдыңғы, артқы артерияларына бөлінеді. Алдыңғы артериялары жұлынның алдыңғы жағында, артқы артериялары артқы жағында тарамдалып жұлынның ақ заты мен сұр затын қоректендіреді. Сұр затына қан тамырлары көбірек барады және бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап байланысады.

Жұлынның вена тамырлары артерияларына аттас келеді. Олар вена қанын жұлыннан жинап, қабықасты веноздық өрімге құяды. Жұлында лимфалық тамырлар болмайды, оның жұмысын қабықшаларының арасында жатқан жұлын-ми сұйықтығы атқарады.

Ми (мозг). Жүйке жүйесі ұрықтың арқа бөлімінде жүйке пластинкасы— эктотермадан пайда болады. Ол пластинканың екі шеті жиырылып нерв түтігіне айналады. Оның алдыңғы толық бөлігінен алғашқы үш ми көпіршіктері пайда болады. Одан мидың бес бөлігі дамиды.

Осы ми бөлімдерінің әр түрлі қарқында дамуына байланысты алдыңғы және артқы ми көпіршіктері екіге бөлінеді. Алдыңғы ми көпіршігінен алдыңғы ми мен аралық ми пайда болса, артқы ми көпіршігінен артқы ми мен сопақша ми пайда болады. Ал ортаңғы ми көпіршігі кеп өзгермей ортаңғы мидың өзін түзеді.



Просмотров 4384

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!