Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



АН АЙНАЛУ ШЕҢБЕРІНІҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ 5 часть



Ми сыңарларының маңдай бөлігінің астында иіс (бөлімі) орналасқан, ол иіс жолына жалғасады. Иіс жолы ішкі және сыртқы иіс шоғырына бөлініп ми ішіне өтеді.

Ми сыңарларының маңдай бөлігі орталық сайдың алдыңғы жағында жатады. Осы орталық сайдың алдынан параллель өтетін сайды алдыңғы орталық сай деп атайды. Осы екі сай аралығында жатқан иректі алдыңғы орталық қатпар деп атайды. Бұл қатпар жоғары қозғалтқыш орталығы болып саналады.

Ми сыңарларының маңдай бөлігінде алдыңғы орталық сайға перпендикуляр үш сай жатады. Жоғарғы, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары. Бұл сайлар аралығында жоғарғы, ортаңғы, төменгі маңдай қатпарлары жатады. Бұл қатпарларда адамға ғана тән ой, ес, жазу, сөйлеу процестеріне байланысты орталықтар орналасады. Мидың маңдай бөлігі ми сауытының алдыңғы ойысында жатады.

Ми сыңарларының төбе бөлігі орталық (Роланд) сайдың артқы жағында жатады. Ол сайға параллель артқы орталық сай өтеді. Ол екеуінің арасында артқы орталық қатпар орналасқан, онда жоғарғы сезім орталығы жатады. Бұл жер жалпы денеден теріден, ет-буын сіңірлерінен келген сезімдер орталығы болып саналады. Артқы орталық сайға перпендикуляр ететін аралық сай оң мидың тебе бөлігін жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.

Ми сыңарларының самай бөлігі бүйір (Сильвиев) сайының астыңғы жағында жатады. Төменгі жағы ми бағанынан теңіз жылқысы сайымен бөлініп тұрады. Самай бөлігінің бетімен бүйір сайына параллель төрт сай өтеді. Жоғарғы, ортаңғы, төменгі және шекаралык сайлар. Бұл сайлардың аралығында жоғарғы, ортаңғы, төменгі самай қатпары мен гипокамп қатпары жатады. Соңғы қатпардың алдыңғы жағындағы толықша бөлігі ілмек жасап, теңіз жылқысына ұқсас келеді, сондықтан оны теңіз жылқысы қатпары (извилина морского конька) дейді. Ми сыңарларының самай бөліктері ми сауытының ортаңғы ойысын толтыра жатады.

Ми сыңарларының шүйде бөлігі төбе-шүйде сайы арқылы бөлініп жатады. Мидың шүйде бөлігіндегі сайлар мен қатпарлар өте тұрақсыз, әр адамда әр түрлі болады. Оның ішіндегі ең ірісі тепкі сайы (шпорная борозда). Бұл сай шүйденің үш бұрышты келген сына бөлігін бөліп тұрады. Мидың шүйде бөлігі ми сауытының артқы ойысын толтырып жатады.

Ми сыңарларының жиекті бөлігі ішкі және төменгі бетінде жатқан қатпарлардан түзілген. Мидың ішкі бетінде, сүйелді дененің үстімен белдеу қатпары (поясная извилина) өтеді. Ол төмен қарай, мидың төменгі бетіне бағыт алып, гипокамп атты қатпарға жалғасады. Белдеу қыртысы төменгі жағынан — тізелі дене сайымен, ал жоғарғы жағынан — белдеу сайымен шекараланған.

Гиппокамп жоғарғы жағынан аттас саймен, төменгі жағынан сүйелді дене сайымен шектеледі.

Ми сыңарларының аралшық (островок) бөлігі бүйір сайының ішінде орналасқан. Ол маңдай, төбе, самай бөліктерімен жабылып жатады. Сондықтан оны көру үшін бүйір сайын ашу керек.

Қыртысасты түйіндер(подкорковые узлы) — ми қыртысына қарағанда тарихи даму жағынан ерте пайда болған қүрылыстарға жатады. Оларға: қүйрықты ядро, бұршақ тәрізді, миндал тәрізді ядролар мен шарбақ жатады.

Құйрықты ядро (хвостатое ядро)—төмен қарай иіле келген дене, оның алдыңғы толықтау келген басы бүйір қарыншаның алдыңғы бөлігіне жанаса жатады. Артқы жағы жіңішкеріп құйрық бөлігіне көшіп көру төмпегін (таламусты) коршай жатады.

Бұршақ тәрізді ядроның (чечевицеобразное ядро) қабық заты (скорлупа)—құрылысы мен жұмысы жағынан құйрықты ядроға ұқсас, оған ми қыртысы мен көру төмпегінен келген жүйке жолдары байланысады. Осы ядроның солғын шары (бледный шар) негізінен, төменгі жағында жатқан (қызыл ядроға, қара затқа т. б.) орталықтарға төмендеу жолдары арқылы келген импульстерді жеткізуге қатысады.

Миндал тәрізді ядро осы ядролардың ішіндегі ең ірісі. Ол мидың самай бөлігінің алдыңғы жағында жатады.

Жалпы осы айтылған ядроларды жолақты дене (полосатое тело) деп те атайды. Бұл дене эфференттік экстропирамидалық жүйеге жатады. Жолақты дене та-ламустан келген импульстер нәтижесінде адамның автоматикалық өтетін (жүру, жүгіру), қимыл-әрекеттерін реттеуге қатысады. Жолақты дене арқылы шартсыз (көңіл-күй т. б.) рефлекторлы доғалар өтеді. Жалпы экстропирамидалық жүйелер пирамидалық жүйелерге қарағанда тарихи ерте дамыған жолдар болып табылады. Жолақты денелер орталықтары ми қыртысының нейрон талшықтарымен даму кезеңінде біртіндеп байланыса бастайды. Осының нәтижесінде жас бала қол-аяғын қозғалта алғанмен көпке дейін жүре алмайды.

Құйрықты ядро мен бұршақ тәрізді ядро араларында ақ зат жатады оны ішкі капсула деп атайды. Ол жүйке талшықтарынан түзіліп, мидың төменгі белігін жоғарғы бөліктерімен байланыстырады.

Жолақты дененін сырт жағындағы сұр затты шарбақ (ограда) деп атайды, ал оны мидын қыртысынан бөліп тұрған ақ затты сыртқы капсула деп атайды.

Бүйір қарыншалары (боковые желудочки)— әрбір ми сыңарының ішіндегі қуыстық, бұлардың төбе бөлігіне тұтас келген жерін — ортасы, маңдай бөлігінде — алдыңғы мүйізі, шүйде бөлігінде — артқы мүйізі, ал төмен қарай самай бөлігіне бағытталған жерін — төменгі мүйізі деп атайды. Бүйір қарыншалардың жоғарғы жағында сүйелді дене жатады. Олар қарыншааралық тесіктер арқылы үшінші қарыншамен жалғасады. Бүйір қарыншалары мидың басқа қарыншалары сияқты жұлын-ми сұйықтығына толы келеді.

Ми қыртысының архитектоникасы. Ми қыртысының архитектоникасы дегеніміз оның микроскопиялық құрылысы.

Орыс ғалымы В. А. Бец 1874 жылы алғашқы рет ми қыртысы торшаларының әр түрлі екендігін және оның орналасу заңын ашты. Сонымен байланысты жүйке жүйесінің цитоархитектоникалық негізін салды.

XX ғасырда Қеңес Одағының нейроморфологтары ми қыртысының құрылысын жан-жақты тексере бастады. Осының нәтижесінде ми қыртысының әрбір алаңдарында жүйке торшаларының орналасу тәртібі әртүрлі екендігі және өздеріне тән архитектоникасы бар екендігі дәлелденді.

Ми қыртысында орта есеппен 14 млрд жақын торшалар бар. Сұр заттың қалыңдығы 2—4 мм болады, осы қалыңдықтағы торшалар бірнеше қабаттар түзеді. Әрбір қабаттағы жүйке торшаларының пішіні, көлемі, орналасу тәртібі әр түрлі келеді.

Негізінде ми қыртысының алты қабаттан түзілгені анықталған.

I қабаттағы клеткалар өте ұқсас сондықтан оны молекулярлы кабат деп атайды.

II қабатты— сыртқы дәнді қабат дейді, бұған негізінде миелинді талшықтары аз, майда, дән тәрізді торшалар жатады.

III пирамидалық қабат — орташа және кіші пирамидалық клеткалардан түзілген. Олар — бір-бірімен қатарлар жасап жатады. Клеткалар тереңдеген сайын іріленіп талшықтары жан-жағына тарамдалған.

IV ішкі дәнді қабат — тығыз орналасқан жұлдыз тәрізді торшалардан түзілген. Олардың көлденең бағытта жатқан көптеген талшықтары болады.

V ганглиозды қабат—көптеген пирамидалық торшалардан түзілген. Олардың арасында В. А. Бец зерттеген ірі пирамидалық (Бец) торшалар да кездеседі. Жалпы бұл қабатты қозғалтқыш аймақ деп атайды.

VI полиморфтг қабат — мидың ақ затына жақын шектесіп жатады. Бойында әр түрлі пішінді (ұршық тәрізді, пирамида тәрізді т. б.) клеткалар кездеседі.

VII жіпше тәрізді торшалар қабаты ұзын талшықтары бар, ұзын келген торшалар. Ми қыртысының қабаттарындағы жүйке торшалары тек өзара байланысып кана қоймай, мидың әрбір бөлігін бір-бірімен және оларды органдармен байланыстырып жатады. Мысалы, V—VI қабаттарындағы пирамида және ұршық тәрізді торшаларын алсақ, олар өздерінің нейриттері арқылы мидың кыртыс қабаттарынан ақ затына етіп, одан негізгі ми ганглиларын жұлынның қозғалтқыш нейрондарымен жалғастырады. Соңғыларының нейриттері бұлшық еттерге дейін жетеді. Ал осы жүйке торшаларының қысқа талшықтарын (дендрит өсінділерін) алсақ, олар ми қыртысының I қабатына дейін көтеріліп тарамдалады. Осы тарамдары арқылы жүйке торшалары өзара тығыз байланыстар түзіп, ми қыртысының қабаттарына жүйке импульстерін өткізіп тұрады.

Ми қыртысының нейрондарын орналасу тәртібіне байланысты жоғарғы және төменгі қабаттарға бөлеміз. Жоғарғысына —I—IV дейінгі қабаттар жатса, төменгісіне V—VI қабаттар жатады.

Төменгі қабаттардағы нейрондар, келген тітіркендіргіш түріне қарай жауап беру жұмысын атқарып, төмендеу жолдары арқылы ми мен жұлын бөлімдерімен жүріп отырып, мүшелерге жетеді.

Жоғарғы (I—IV қабаттар) торшалар өте күрделі дамыған. Бұл кабаттардағы нейрондарға қыртысасты орталықтарда жатқан нейрондардың талшықтары арқылы импульстер жеткізіліп тұрады. Филогенетикалық даму жағынан жоғарғы қабаттар кеш дамыған, сондықтан да адамда, басқа жануарларға қарағанда олар күшті жетілген.

Ми қыртысын жатқан жағдайына қарай бірнеше аймақтарға бөледі. Ол аймақтарға ми бөліктеріне сай келетін, маңдай, төбе, шүйде, самай аймақтары жатады. Аймақтардың өзі орналасқан торшалардың түрлерімен атқаратын қызметіне қарай алаңдарға бөлінеді. Соңғы кезде ми қыртысында 200-ден аса алаңдар бар екендігі анықталған.

Ми қыртысындағы орталықтардың шоғырлану негізі. Ми қызметінің белгі бір аймақтар мен алаңдарда шоғырланғанын атақты орыс ғалымы И. П. Павлов және оның жолын қуушылар ашты.

Ми қыртысы жоғары дәрежелі жүйке қызметінің материалды субстрактасы бола отырып, адамның күрделі іс-әрекетін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге мидың басқа бөліктері арқылы ағзадағы барлық процестерді реттеп ағза мүшелерінің өзара қатынасын сыртқы ортамен байланыстырып отырады.

Ми жұмысының орын тебу жағдайын И. П. Павловтың мектебі ғылыми зерттеу жолдарымен дәлелдеді. Олар әрбір шеткі мүшелер рецепторларының орталығы белгілі бір ми қыртысының алаңында жинақталуын ашты. Ол алаңдарды И. П. Павлов анализаторлардың ми кыртысындағы орталығы деп атады.

Сыртқы және ішкі ортадан туған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі жүйке механизмін анализаторлар деп атайды. Әрбір анализаторлар рецепторлардан, өткізгіш жолдардан, ми қыртысының аймақтарынан түзілген.

Қозғалтқыш анализаторларының рецепторлары буын мен ет сіңірлерінен басталып, жүйке импульсін ми сыңарының алдыңғы орталық қатпарына жеткізеді. Олар жоғарғы қозғалтқыш орталық болып саналады. Бұл орталықта жатқан ірі пирамида клеткаларынан төмендеу жолдары басталып, ми бөліктерімен төмен түсіп, жұлынның алдыңғы мүйізіндегі қозғалтқыш торшаларына жетеді. Бұл торшалардың нейриттері арқылы жүйке импульсі бұлшық еттерге беріледі.

Тері анализаторы денеге тиген тән сезімін (жылы-суықты, қатты-жұмсақты) артқы орталық қатпарда жатқан орталыққа береді. Қатпардың жоғарғы жағы дененің теменгі бөліктерінен қабылдаса, төменгі бөлігі дененің жоғарғы бөлікітерінен келген импульстерді қабылдайды.

Көру анализаторларының жоғарғы орталығы ми сыңарларының шүйде қатпарларында, ал есту анализаторының орталығы самай қатпарларында жатады.

Адамға тән II сигнал жүйесіне жататын сөйлеу, ойлау, еске сақтау, жазу т. б. орталықтар ми сыңарларының маңдай қатпарларында орналасады.

Филогенетикалық жағынан адамдарға ғана тән, жаңа пайда болып келе жаткан алаңдар да ашылған. Мысалы, төбенің төменгі бөлігінде жатқан алаңда адамның өмір жағдайында біртіндеп пайда болған түрлі қозғалыс орталығы мен сөйлеу орталықтарының бар екендігі ғылыми дәлелденді.

Адамның қоғамдық және еңбек әрекеттері мен сөйлеу процесіне байланысты ми сыңарларының құрылысы мен атқаратын қызметтерінде ерекшеліктер пайда бола бастайды. II сигнал жүйесіне байланысты өтетін сөйлеу қызметінің орталығы маңдай бөлігінің қыртыстарында жатқан алаңдармен байланысты. Бұл алаңдар тіл, ерін, көмей бұлшық еттерінен келетін импульстерді қабылдайтын алдыңғы — орталық қатпарда жатқан торшалармен тығыз байланыста болады. Маңдай бөлігінің артқы қатпарында жазу орталығы орналасады. Бұл алаң бұзылса, қолдың күрделі қимылы бұзылып, әріптерді жаза алмай қалады.

Сөйлеу орталықтары алдыңғы — орталық қатпардың, яғни қозғалтқыш анализаторлар орталығының алдыңғы жағында орналасқан. Жазған нәрсені көріп оқу орталығы мидың төменгі төбе бөлігінде орналасады. Бұл орталық есту және көру орталықтарына көрші жатады. Осы айтқан орталықтар бұзылса, адам әріптерді қосып одан сөз, сөйлем шығара алмайды.

Самайдын жоғарғы қатпарының артқы жағында есту учаскелері орналасқан. Бұл алаңдағы торшалардың жұмысы сөйлеген сөз бен дыбыстың маңызын естіп түсіну. Егер бұл орталық бұзылса, адам сөздің мағынасын түсінбейді.

Осы орталықтарды ми қыртысының аталған алаңдарында ғана орналасқан деп ойлауға болмайды. Себебі оқу, жазу, көру, т. б. әрекеттерді қабылдайтың торшаларды ми қыртысының көрші аймақтарында да кездестіруге болады. Сонымен қатар, соқыр адамның саусақ ұштары белгілермен жазылған затты оқуы, қолы жоқ адамның жазу әрекетімен шұғылдануы осы орталықтардың жаңа пайда болуын және дамуын дәлелдейді.

Москвадағы ғылыми зерттеу ми институты II сигнал жүйесінің жұмысына байланысты пайда болған ми қыртысынын жаңа алаңдарын тексеріп, ми қыртысының картасын салған. Бұл ми қыртысы қызметінің орын тебу жағдайына байланысты жасалған картаның әр түрлі ми ауруларын емдеу үшін манызы зор.

Мидың тамырлары. Бас миын — ішкі ұйқы артериясы мен омыртқа артериясы қанмен қамтамасыз етеді.

Ішкі ұйқы артериясы ми сауытының ішіне енгеннен кейін, көру нервісінің айқасқан жерінде алдыңғы және ортаңғы ми артерияларына бөлінеді. Алдыңғы ми артериясы мидың алдыңғы бетіне қарай бағытталып, сүйелді дене үстімен, ми сыңарларының арасымен жүріп отырып, мидың ішкі бетін қоректендіреді. Ортаңғы ми артериясы мидың бүйір сайын қуалай жүріп отырып, сыртқы бетіне тарамдалады.

Омыртқа артериялары шүйде сүйектің үлкен тесігі арқылы ми сауытына енгеннен кейін, көпірдің алдыңғы бетінде өзара қосылып, негізгі артерияны түзеді. Одан көпір мен мишықты қоректендіретін артериялар таралады. Ал, негізгі артерияның өзі сәл жоғары көтеріліп, көпірдің жоғарғы жиегінің тұсында екі артқы ми артерияларына тарамдалады. Олар үлкен ми сыңарларының шүйде бөліктерін қанмен қамтамасыз етеді.

Алдыңғы, ортаңғы және артқы ми артериялары мидың астыңғы бетінде өзара қосылып артерия шеңберін түзеді, оны Виллизиев шеңбері деп атайды. Осы артериялы шеңбер, мидың негізгі үш артерияларын бір-біріне байланыстырып жатады. Осының нәтижесінде қан бір артериядан екіншісіне көшіп отырады.

Мидағы вена қаны, майда вена тамырлары арқылы жиналып, мидың қатты қабығындағы қойнауларға құяды. Осы қойнаулардан қан жүріп отырып, сигма қойнауы арқылы ішкі мойындырық венасына жалғасады.

Ішкі мойындырық (внутренняя яремная вена) мидан вена қанын жинап жүрекке қарай әкететін, негізгі тамыр болып саналады. Сонымен қатар вена қаны ми сауытының тесіктері арқылы вена қойнауларынан, бастың теріасты веналарына да өтеді.

Жұлын-ми сұйықтығы ми сұйықтығының қысымын сақтап тұруға жәрдем етеді. Бұл сұйықтық тамырлар торларынан (өрімдерінен) пайда болып, ми қарыншаларын толтырып, одан жұлын мен ми қабықтарының астына еніп, оларды өзара байланыстырып жатады.

Ми қабықтары (оболочки мозга). Ми сырт жағынан қатты, торлы және тамырлы үш қабықшалармен жабылған.

Қатты қабық (твердая мозговая оболочка) — мидың ең сыртқы қабығы, ол ми сауытының ішкі жағында жатқан сүйек жабындысы болып саналады. Бұл қабықтан ми бөліктерінің аралығына еніп жатқан өсінділер шығады. Оларға үлкен орақ тәрізді, кіші орақ тәрізді өсінділер мен мишық шатыры, түрік ершігінің пердесі жатады.

Үлкен орақ тәрізді өсінді (болыиой серповидный отросток)— ми сыңарларының аралығындағы саңылауға кіріп екеуін бөліп тұрады.

Кіші орақ тәрізді өсінді (малый серповидный отросток)— үлкен орақ тәрізді өсіндінің төмен мишыққа қарай созылған жалғасы болып саналады. Ол мишықтың екі жарты шарының аралығына кіріп жатады.

Мишық шатыры (палатка мозжечка)— мишықты ми сыңарларының шүйде бөлігінен бөліп тұрады. Мишық осы шатырдың астында жатады, сондықтан оны мишық шатыры деп атайды.

Түрік ершігінің пердесі (диафрагма турецкого седла)— түрік ершігінің алдыңғы қасы мен артқы қасының аралығында керіліп жатады. Перденің астында (түрік ершігінің ойысында) гипофиз безі жатады. Оның сабақшасы пердеден шығып безді мидың астыңғы бетіне жалғастырады.

Қатты қабықшаның тағы бір ерекшелігі, ол мидың веналық қаны жиналатын түтік тәрізді веналық қойнауларын (венозные пазухи) түзеді. Олар аттарын атап кеткен өсінділердің басталар жерлерінде жатады. Бұл вена қойнауларына жоғарғы және төменгі орақ тәрізді қойнаулар, ал ол екеуінің аралығын қосып жатқан тік қойнау, тік қойнаудан сигма тәрізді қойнаулар шығып, шүйде сүйегінің сигма тәрізді сайымен жүріп отырып, мойындырық тесігіне келіп ашылады. Осы қойнау ашылған жерден ішкі мойындырық венасы басталып қанды жүрекке қарай әкетеді.

Торлы қабық (паутинная оболочка)— мидың ортаңғы қабықшасы болып табылады. Бұл қабықша мен тамырлы қабықша аралығында жұлын-ми сұйықтығы жататын кеңістіктер болады. Бұл кеңістіктер ми қарыншалары мен тесіктер арқылы қатынасады.

Тамырлы қабық (сосудистая оболочка)— мидың ең ішкі миға тығыз жанаса жатқан тамырлы қабықшасы. Тамырлы қабықша ми сайларына терең еніп, ми бөліктеріне қан тамырларын жеткізіп жатады. Бұл қабықша ми қарыншаларының ішінде тамырлы өрімдер, торлар түзіп, жұлын-ми сұйықтығын шығарып түрады.

Бақылау сұрақтары:

1. Алдыңғы және артқы мидың айырмашылықтарын айтыңыз?

2. Мидың тамырлары мен түйіндері туралы не білесіз?



Просмотров 3609

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!