![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
АН АЙНАЛУ ШЕҢБЕРІНІҢ ҚАН ТАМЫРЛАРЫ 4 часть
Ми бөліктерінің дамуына байланысты көпіршіктердің қуысы да өзгере бастайды. Алдыңғы ми көпіршігінің қуысынан екі ми сыңарларының ішінде жатқан екі бүйір қарыншалары пайда болса, аралық мида — үшінші қарынша пайда болады. Ал ортаңғы мидың қуысы жіңішке түтік тәрізді болғандықтан оны су өткізгіш деп атайды. Ол жоғарғы жағынан үшінші қарыншамен байланысып жатса, төменгі жағынан төртінші қарыншаға жалғасады. Артқы ми қуысында төртінші қарынша пайда болады, ол төменгі жағынан жұлын каналына жалғасады. Бұл аталған ми қарыншалары мен түтіктері өзара тығыз байланыста жатып, ішіндегі жұлын-ми сұйықтығын бір-біріне өткізіп тұрады. Ми бөлімдерінің әр түрлі дәрежеде дамуына байланысты ортаңғы ми тұсындағы төбе, артқы мидағы көпір, сопақша ми мен жұлын аралығындағы шүйде иіндері пайда болады. Ұрықтың бес айлық мерзімінде ми сыңарларының беттерінде сайлар пайда болады. Оларға орталық (Роланд), бүйір (Силвьев) және төбе — шүйде сайлары жатады. Осы тұрақты сайлардан кейін екінші, үшінші қатардағы тұрақсыз сайлар пайда бола бастайды. Бір жасар мерзімде тұрақты және тұрақсыз сайлардың саны көбейіп, бес жасқа дейін мидың құрылысы мен кесіндісі қатты өзгереді. Ал бес жастаи кейін мидың даму жолы алғашқы кезден баяулай бастайды. Екі ми сыңарларын қосып жатқан сүйелді дене жас нәрестеде әрі жіңішке, әрі қысқа келеді. Бұл да алғашқы бес жыл мерзімінде ұзарып қалыңдайды. Жалпы ми 20 жасқа дейін біршама кемеліне келеді. Ми адам организміндегі басқа мүшелерге қарағанда жылдам дамиды. Ми қыртыстары да бес жаста ересек адамның ми қыртысындай болады. Нейрондар мөлшері де (саны да) жасқа қарай өзгермейді. Бірақ нейрондар жалпы дамып, өздерінің өсінділерін (талшықтарын) күрделілендіреді. Олардың сыртқы жағы миеленденіп қозғалтқыш қызметі дамиды. Осыған байланысты рефлекстері де қалыптасады. Ал көру, есту, тепе-теңдік сақтау анализаторларының миеленденуі ұрық кезеңінен басталып, туғаннан кейін аяқталады. Осыған байланысты үш айлық болған балалар дыбыс пен жарыққа көңіл аудара бастайды. Ал, алты айдағы баланың көру қабілеті тұрақтап, заттарды ұстауға ұмтылады. Одан кейін басын, денесін тік ұстап, отыруға, тұруға икемделеді. Ал, бір жасқа тола келгенде үлкен ми сыңарларының миеленденумен байланысты денесін тік ұстап жүруге әрекет жасайды. Жалпы миелендену процестері екі жастан кейін аяқталады, бұл жағдайға байланысты тілі шығып, сөйлеу қабілеті біліне бастайды. Ми пішіні ми сауытына сәйкес үстіңгі жағы дөңес, астыңғы жағы ойлы-қырлы келеді. Жаңа туған балада салмағы 400 г болса, бір жаста екі есе үлкейіп, алты жаста 1 кг-нан асады. Ал, 20—30 жаста қалыптасып, 60 жастан кейін кішірею процесі байқалады. Кейбір жануарларда ми салмағы, адам миынан ауыр келеді. Мысалы, китте —7 000 г, дельфинде —5 200 г, пілде—4000 г. Бірақ, жалпы дене салмағымен салыстыра қарағанда адам озады. Адамның ақыл-ой қабілетін ми салмағымен байланыстыруға болмайды. Себебі, мидың қызметі мидың сұр затының жалпы көлеміне, онда жаткан ми нейрондарының қабілетіне, функциясына байланысты келеді. Мысалға, атақты және дарынды адамдардың ішінде Тургеневтің ми салмағы 2012 г, болса, жазушы Франстың ми салмағы 1012 г, дәрігер, психиатор Бехтеровтың—1720 г, физиолог И. П. Павловтың—1658 г, химик Менделеевтің—1571 г болған. Бақылау сұрақтары: 1. Жұлын сигменттерін атаңыз? 2. Жұлынның қызметі мен құрлысын айтыңыз?
Жұмыс Тақырыбы:Ми бөлімдері. Жұмыстың міндеті: 1. Мидың бөлімдерін түсті атластан қарап, ми муляжінен анықтау. 2. Сопақша ми құрылысын зерттеу. Жұмыстың мақсаты:Артқы мидың (көпір мен мишықтың) кұрылысын зерттеп, ортаңғы мидың құрылысын анықтап түсіну. Жұмысқа керек жабдықтар: «Ми муляжі», «Орталық жүйке жүйесі». Түсті таблицалар мен атластар: «Сопақша ми», «Мишық», «Ми көпірі», «Ортаңғы ми», «Мидың дайын препараты». Мидың бөлімдері.Ми өзінің дамуына, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ми сыңарларының қыртысыиа, қыртысасты бөлігіне және ми бағанына бөлінеді. Ми сыңарларныың қыртыстары мидың тарихи даму жолында жаңа және өте күрделі көлемді бөлігі болып саналады. Ми сыңарлары ұрықтың 1-ші ми көпіршігінен дамыған. Көлемінің үлкендігінен астыңғы жағында жатқан басқа ми бөліктерін қоршап жауып, жабындыға ұқсап жатады. Сондықтан да, оны ми жабындысы деп те атайды. Оның сыртқы жағы өте қыртысты келеді, ал ішкі жағы ақ заттан түзілген. Осы ақ затта нейрондар жиынтығынан түзілген ядролар орналасады, оларды қыртысасты ядролар деп атайды. Қыртысасты бөлімі де ұрықтың 1-ші ми көпіршігінен пайда болады. Бұл ми сыңарларының ақ затының ішінде терең жатқан сұр түсті ядролар бар. Олар нейрондардың шоғырынан түзілген. Бұл бөлімді И. П. Павлов мидың «жаңа қыртысасты бөлімі»—деп атаған. Мидың баған бөлімі(стволовая часть мозга). Оған сопақша ми, көпір, мишық, ми сабақтары мен төрт төмпешік жатады. Бұлар мидың тарихи (филогенетикалық) ерте дамыған бөлімдері болып саналады. Олар ми сыңарларына қарағанда жай құрылысты, көлемдері де кіші келеді. Сопақша ми(продолговатый мозг)— жұлынның тікелей жалғасы, сондықтан да жұлын құрылысына өте ұқсас келеді. Кейде қосымша ми деп те атайды. Жұлын бетімен өтетін сайлар сопақша ми бетіне жалғасып оның ақ затын алдыңғы, ортаңғы және артқы үш жұп бағандарға бөледі. Алдыңғы баған алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасады, оны соқпақша ми пирамидасы деп атайды. Ол ұзынша келген ақ дөңес ұзына бой жүріп жатқан жүйке талшықтарынаи түзілген. Олар мидың орталықтан тепкіш қозғалтқыш жолдарын түзеді. Бұл талшықтардың кейбіреулері оңнан солға, солдан оңға ауысып пирамида айқасын жасайды. Бұл айқасқан талшықтар жұлынның бүйір бағанымен төмен түседі. Бұны бүйір пирамида жолы деп атайды. Ал айқаспаған талшықтары алдыңғы бағанымен төмен түсіп, жұлынның әрбір сегментінде айқасады, бұны алдыңғы пирамида жолы деп атайды. Сопақша мидың ішкі жағындағы сұр заты сегменттер түзбей, бөлшектене жатқан жүйке ядроларын түзеді. Олардан сопақша мидың сыртына тебетін жүйке түбіршіктері шығады. Сопақша ми ортасымен, жұлын каналының жалғасы болып саналатын, орталық түтік өтеді. Ол мидың жоғарғы жағында екі бүйірінен кеңейіп IV қарыншаға көшеді. Бұл қарыншаның төменгі жақ бөлігінде IX—X—XI— XII пар жүйкелердің ядролары жатады. Сопақша ми пирамидасының екі жағында жатқан ұзынша ақ дөңесті олива деп атайды. Оның ішінде нейрондар жиынтығынан түзілген тісті ядро жатады. Бұл нейрондар адам денесінің тік ұстап тұруына себеп болады. Сол себептен олива дөңесі денесін тік ұстап жүретін маймыл тектестер мен адамда ғана кездеседі. Олива мишықпен (тепе-теңдік орталығымен) тығыз байланыста болады. Сопақша мидың екі жағында бүйір бағандары жатады. Бұл бағандардан IX—X—XI ми нервтерінің түбірлері басталады. Сопақша мидың артқы жақ бетімен артқы бағандар көтеріледі. Бұл бағандардың әрқайсысы нәзік және сына тәрізді екі будадан түзілген. Нәзік және сына тәрізді будалар жұлын будаларының жалғасы болып саналады. Олар жоғары көтеріліп екі - сына және нәзік - төмпектерін түзеді. Бұл төмпектер мишықтың төменгі сабақшасының құрамына кіріп, ромба ойысының төменгі жақ жиегін түзеді. Мишықтың төменгі аяқшасының кұрамындағы жүйке талшықтары орталық канал алдында ішкі ілмек түзіп жоғары қарай бағыт алады. Ромба ойысында жатқан ретикулярлы зат жұлын затының жалғасы болып саналады. Соңғы ғылыми зерттеулерге байланысты бұл заттың маңызы және атқаратын жұмысының күрделілігі анықталды. Ондағы нейрондар арқылы мидың қыртысасты бөліктерімен ми сыңарларының қыртысы тікелей байланыс жасап, бір-біріне нерв импульстерін жеткізіп әсер етіп отырады. Сопақша мидан басталатын ми жүйкелерінің ішінде кезеген жүйкенің маңызы өте зор. Себебі ол жүйке бүкіл ішкі органдарды жүйкелендіріп, тыныс алу, ас қорыту, жүрек соғу жұмыстарын реттеп отырады. Сондықтан сопақша миға тиген зақым адам өміріне үлкен қауіп туғызады. Сонымен қатар, сопақша ми арқылы орталықтан тепкіш (төмендеген), орталыққа тепкіш (көтерілген) өткізгіш жолдары өтеді. Бұл жолдар жұлынды мидың жоғарғы бөліктерімен, ал жоғарғы ми бөліктерін, керісінше, жұлынмен жалғастырып тұрады. Ол жолдарға қызыл ядро — жұлын жолы, алдыңғы және артқы жұлын — мишық жолы, кіреберіс — жұлын жолы, жұлын — төмпек (таламикалық) тағы басқа жолдар жатады. Қорытып айтқанда, сопақша ми жұлын сияқты өткізгіш және рефлекторлы маңыз атқарады. Артқы ми(задний мозг)— көпір мен мишық жатады. Көпір сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ дөңес. Жоғарғы жағынан ми сабақшаларымен шектелген. Көпірдің артқы беті сопақша мимен бірге ромба ойысын түзуге қатысады. Қөпір мен сопақша ми аралығынан VI(сыртқа тартқыш), VII(бет), VIIIұлу — кіреберіс) нервтерінің түбірлері шығады. Қөпірдің жіңішкеріп барып мишыққа жалғасқан жерін мишықтың ортаңғы аяқшасы деп атайды. Осы жерде V (үшкіл) нервтің түбірі жатады. Көпір ортасымен ұзынша сай өтеді, онда мидың негізгі артериясы орналасқан. Көпірдің көлденең кесіндісінен табан бөлігі мен қақпақшасынан тұратынын ажыратамыз. Табан бөлігі деп сыртқы жағында жатқан бөлігін айтса, қақпақша деп ішкі жағын айтады. Көпірдің табан бөлігі көлденең және ұзына бой жатқан жүйке талшықтарынан түзілген. Сыртқы — көлденең талшықтары көпірдің сыртқы бетімен жүріп отырып, мишықтың ортаңғы аяқшаларының құрамына кіреді. Бұл жол арқылы ми сыңарларының қыртыстарынан импульстер жеткізіледі. Ішкі — ұзына бой талшықтары жоғарыдан төмен қарай келе жатқан сопақша мидың пирамида жолына жалғасады. Көпірдің табан бөлігі даму жағынан жаңа бөлігі болып саналса, сопақша мимен тікелей байланыста жатқан қақпақша бөлігі ескі бөлігі болып есептелінеді. Көпір қакпақшасына сопақша мидағы ретикулярлы заттар жалғасып жатады. Онда V, VI, VII, VIII— ми жүйкелерінің ядролары орналасқан. Қорытып айтқанда, көпір жұлын мен сопақша ми сияқты өткізгіш және рефлекторлы қызмет атқарады. Мишық(мозжечок)— көпір мен сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Ми сауытының артқы ойысын толтырып жатады, салмағы ересек адамда 120—150 г. Жоғарғы жағынан ми сыңарларының шүйде бөлігі жауып тұрады. Мишық екі жарты шардан және оларды байланыстырып жатқан құртша бөлігінен түзілген. Мишықтың сыртқы жағында сұр заты жатса, ішкі жағында ақ заты орналасқан. Сыртқы сұр затының бетімен көптеген көлденен сайлар мен қатпарлар өтеді. Бұл сайлардың тұрақтылары (тереңдері) мишықты бірнеше бөліктерге бөледі. Ол бөліктердің әр қайсысы дененің әрбір бөлігіне сай келіп, сол бөліктерінің жұмысын өзара байланыстырып отырады. Мишықтың төменгі жақ кішкене бөлімшесі, адамның тепе-теңдік сақтау (вестибуляр) аппаратымен тікелей байланыста болады. Сондықтан оны тепе-теңдік орталық деп те атайды. Мишықтың сұр заты екі қабат болып жатқан жүйке торшаларынан (нейрондардан) түзілген. Сыртқы — молекулярлы қабаты жұлдыз торшаларынан, ішкі қабаты — дәнді торшаларынан тұрады. Мишықтың ақ заты ішкі жағында орналасқан, оның ортасында сұр заттан түзілген мишықтың төрт жұп ядросы жатады. Оларға тісті тығын тәрізді жұмыр және желкен ядролары кіреді. Мишықтан үш пар сабақша шығып, оны айнала жатқан ми бөліктерімен байланыстырып тұрады. Жоғарғы сабақшасы жоғарғы жағында жатқан ортаңғы мидың төрт төмпешігімен, ортаңғы сабақшасы ми көпірімен, ал төменгі сабақшасы сопақша мимен байланысады. Төменгі сабақшасы жұлын-мишық жолын түзіп, мишықтың құртша бөлімімен жалғасады. Бұл жол дененің проприорецепторлық импульстерін қабылдап тұрады. Ортаңғы сабақшасы мишықтың көпірмен байланыстырып тұратын көпір — мишық жолын түзеді. Ал, көпірдің табан бөлігіне үлкен ми сыңарларының қыртысынан шыққан талшықтары жалғасады. Осыған байланысты бұл жолды, қыртыс — көпір — мишық жолы деп атайды. Бұл жол арқылы мишықтың қызметі үлкен ми сыңарларының қыртысымен басқарылып отырады. Жоғарғы (алдыңғы) сабақшасы мидың ромба ойысының мойнын түзіп, ортаңғы миға дейін созылады. Бұл — негізінде тісті ядро талшықтарынан түзіледі. Мишықтың негізгі қызметі дененің қимыл әрекетін рефлекторлы жолмен реттеп, бұлшық еттердің тонусын, жиырылу күшін басқарып, тепе-теңдік жағдайды, сақтап, өткізгіштік қызметін атқарады. Академик Л. А. Арбелийдің зертханасында, мишықтың ішкі мүшелерге тиетін симпатикалық (вегетативті) әсері де анықталған. Осындай жан-жақты тексерудің нәтижесінде мишықтың қан қысымына, жүрек жұмысына, көз қарашығына тағы басқа мүшелердің жұмысының өзгеріп тұруына қатысы бар екендігі дәлелденген. Сонымен катар, мишықтың қызметіне сыңарлы мидың қыртыс затының әсерінің күшті екендігін байқаймыз. Артқы мидың қуысын тертінші қарынша (четвертый желудочек) деп атайды. Бұл қуыс сопақша ми мен көпірдің және мишықтың аралығында орналасқан. Төртінші қарынша түбін ромба ойысы түзсе, артқы (жоғарғы) қабырғасын мишықтың қос (алдыңғы, артқы) желкендері түзеді. Қарынша төменгі жағынан жұлын каналымен, ал жоғарғы жағынан ортаңғы мидың (Сильвиев) су өткізгішімен жалғасады. Оларға тамырлар торынан пайда болған жұлын-ми сұйықтығы өтеді. Төртінші қарыншаның ромба ойысынан түзілген түбі өте күрделі келеді. Бұл жерде ретикулярлы заттармен бірге V жұп жүйкеден бастап, XII жұп жүйкеге дейінгі ми жүйкелерінің ядролары жатады. Осыған байланысты бұл ми бөлігінде тыныс, жүрек соғу және тамырлар қызметін реттейтін орталықтар да болады. Ортаңғы ми (средний мозг)—мидың басқа бөліктеріне қарағанда үлкен өзгеріске ұшырамаған және көлемі де кішірек болып келеді. Ортаңғы ми екі сабақшасы мсн төрт төмпешіктен түзілген. Оның жіңішке қуысын су өткізгіш деп атайды. Ми сабақшалары (ножки мозга)— ортаңғы мидың алдыңғы жағында ұзына бой жатқан қос бағанға ұқсайды. Олар төменгі жағынан көпірге, жоғарғы жағынан ми сыңарларына еніп жатады. Ми сабақшаларының көлденең кесіндісінің ортасында жатқан қара затты байқауға болады. Осы меланин пигментіне бай қара заты ми сабақшасын сыртқы жағындағы табан бөлі-гіне және ішкі жағындағы қақпақшасына бөліп тұрады. Қақпақша бөлігінде ұзына бой жатқан қызыл ядродан қозғалтқыш (Монахов) жолы басталады. Ал қызыл ядроның екі жағында көру төмпегіне баратын сезім жолдары жатады. Ми сабақшасы табан бөлігінде өтетін нерв талшықтары пирамида жолынын жалғасы болып табылады. Бұл жол төмен қарай түсіп, көпірмен сопақша ми арқылы жұлынға дейін жетеді. Қыртыс-көпір жолы көпірдің өзінде аяқталса, қыртыс-ядро жолдарының талшықтары төртінші қарынша мен су өткізгіш түбіндегі ми жүйкелерінің ядроларына жалғасады. Су өткізгіш қабырғасында III—IV жұп нервтерінің ядролары орналасқан. Оның IIIжұп нервісінің түбірі ми сабақшаларының аралығыиан шықса, IV жұп нервісінің түбірі ортаңғы мидың артқы жағынан шығып, ми сабақшаларын айналып мидың алдыңғы бетіне қарай өтеді. Ортаңғы мидың да су өткізгіш түбінде ретикулярлы заты болады. Ол сопақша ми мен көпірдің ретикулярлық затының жалғасы болып есептелінеді. Төрт төмпешік (четверохолмия) ортаңғы мидың артқы жағын түзеді. Ол ақ пластинкамен жабылып жатқан төрт төмпектен тұрады. Олар көлденең саймен жоғарғы және төменгі қос төмпешіктерге бөлінеді. Жоғарғы қос төмпешік — қыртысасты көру рефлексін бағыттау орталығы болып саналса, төменгі қос төмпешік — қыртысасты есту рефлексін бағыттау орталығы болып есептелінеді. Себебі, жоғарғы қос төмпешік арқылы көру рефлексін бағдарлайтын орталық орналасса, төменгі қос төмпешік арқылы есту рефлексі өтеді. Бұл төмпешіктерден төмпешік — жұлын (текто — жұлын) жолы басталады. Осы жолдың талшықтары ортаңғы мидың қақпақшасынан айқасып өткеннен кейін қозғалтқыш торшаларға жалғасады. Олардан шыққан талшықтар бұлшық еттерге жетеді. Бақылау сұрақтары: 1. Мидың қызметі қандай? 2. Ми бөлімдерін атап, әр қайсысына жеке сипаттама беріңіз? Жұмыс Тақырыбы:Аралық ми мен алдыңғы ми. Жұмыстың міндеті: Аралық ми мен ми сыңарларының құрылыстарын атластан қарап, муляждең көріп біліп, ми препараттарымен салыстыру. Жұмыстың мақсаты:Ми сыңарларының қатпарлары мен сайларын анықтау. Жұмысқа керек жабдықтар: «Мидың бөлектенетін моделі», «Мидың сагитальды кесіндісі», «Мидың көлденең кесіндісі». Атластар мен түсті таблицалар: «Аралық ми», «Қөру төмпегі», «Ми сыңарларының қатпарлары мен сайлары», «Гипоталамус» (төмпекасты), «Ми қарыншалары», «Жолақты дене». Аралық ми(межуточный мозг). Бұл үлкен ми сыңарларының аралығында орналасқан. Оған көру төмпегі мен (таламуспен) төмпек аймақтары жатады. Көру төмпегі (зрительный бугор)— эллипс тәрізді дене, ол сұр түсті ішкі, сыртқы және алдыңғы ядролардан түзілген. Бұл ядролардан ми сыңарларына импульстар жеткізіліп тұрылады. Сондықтан көру төмпегін қыртысасты орталық деп атайды. Көру төмпегінің аймақтарына астыңғы, үстіңгі және сыртқы жақтары жатады. Төмпекасты аймағына (гипоталамусқа) мидың астыңғы жағындағы гипофиз, сұр төмпек (воронка), сұр пластинка, көру жүйке шоғырының айқасы және қос емізікше денелер (сосочковые тела) жатады. Гипофиз мидың астыңғы жағындағы ми қосымшасы болып саналады, ол түрік ершігінің үстіңгі ойысында орналасқан. Ішкі секрециялық бездер қатарына жатады. Бұл без — сабақшасы арқылы аралық мидың астыңғы жанындағы сұр төмпекке (воронкаға) ілініп тұрады. Көру айнасы (хиазма)— көздің артқы полюсінен шығып келе жатқан көру жүйкесінің кейбір талшықтарының айқасқан жерінен пайда болады. Бұл айқас түрік ершігінің алдыңғы жағында орналасқан. Көру төмпегінің астыңғы аймағындағы сұр төмпешік ішкі мүшелердің, кан тамырларының жұмысын реттейтін вегетативті орталық болып саналады. Ал, қос емізікше денелерді алсақ, олар қыртысасты иіс орталықтары болып саналады. Төмпектің (таламустың) үстіңгі аймағында мидың үстіңгі қосындысы — эпифиз жатады. Бұл без үшінші қарыншаның артқы жағында, төрт төмпешік алдында орналасқан. Төмпектің сыртқы аймағына сыртқы және ішкі тізелі денелер жатады. Сыртқы тізелі дене — қыртысасты көру орталығы, ішкі тізелі дене — қыртысасты есту орталығы болып саналады. Аралық мидың қуысын үшінші қарынша деп атайды. Оның екі бүйір және жоғарғы, төменгі қабырғалары бар. Екі бүйір қабырғасы екі көру төмпегінің ішкі бетінен түзілсе, астыңғы қабырғасында сүйелді дене жатады. Үстіңгі жағынан ми сыңарларының бүйір қарыншаларымен байланысса, астыңғы жагынан ортаңғы мидың су өткізгіші түтігіне жалғасады. Алдыңғы ми (передний мозг). Алдыңғы ми екі ми сыңарларынан (жарты шардан) тұрады. Олардың әрқайсысына ми жабындысы, қыртысасты түйіндер (орталықтар) және бүйір қарыншалары жатады. Ми жабындысы немесе мидың қыртыс заты негізінде сұр заттан түзілген. Сұр заттың ішкі жағында ақ заты жатады. Ми жабындысы тарихи даму жағынан ең кеш және күрделі дамыған бөлігі. Ми жабындысы терең (тұрақты) сайлар арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген. Ми сыңарларының сырт жақ ортасымен төмен түскен сайды орталық (Роланд) сайы (центральная борозда) деп атайды. Бұл сай жарты шарлы ми сыңарларының маңдай бөлігімен төбе бөлігінің аралығында жатады. Ми сыңарларының бүйір бөлігінде бүйір (Сильвиев) сайы (боковая борозда) жатады. Бұл сай мидың самай бөлігін басқа бөліктерінен айырып тұрады. Осы мидың шүйде бөлігінің ішкі жағымен төбе-шүйде сайы (теменно-затылочная борозда) өтеді. Ол шүйде бөлігін мидың төбе, самай бөліктерінен бөліп жатады. Белдеу сайы (поясная борозда)— ми сыңарларының ішкі жағында сүйелді денеге параллель жатады. Бұл сай белдеу қатпарын (поясная извилина) мидың басқа бөліктерінен айырып тұрады.
![]() |