Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



РЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕСЕП ПЕН АУДИТТІ



КІРІСПЕ

 

 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық мекеме бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-тасымалдауға, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үрдістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп-ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол мекеменің жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына да өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп пен аудит жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы мекеменің қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар мекеменің алғаш уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тақырыбы, оның маңыздылығы, кәсіпорынның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Мемлекеттің экономикалық саласын, оның ішінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономика саласындағы оқымысты-ғалымдардың классикалық және қазіргі уақыттағы еңбектерінде көрсетілген тұжырымдамаларын айтуға болады. Олар қазақстандық В.К.Радостовец, С.С.Сатыбалдин, К.Ш. Дюсембаев, К.К.Кеулім-жаев, М.С. Ержанов, Ф.С. Сейдахметова, Э.Нұрсеитов, К.Т.Тайғашинова, А.Қ.Байдақов, Ж.Н.Айтжанова, М.У. Жандаулетова және тағы басқалар.

Аталмыш тақырып шетелдік әдебиеттерде терең зерттелген. Ф. Вуд, Э.С.Хендриксен, М. Ф. Ван Бреда, М.Р. Мэтьюс, М.X.Б. Перера, Б.Нидлз, Д.Миддлтон, Г.Мюллер, Ж.Ришар, А.Д. Шеремет, В.В. Ковалев, П.С. Безрукий, Н.Г. Волков, Е.Н. Домбровская, Р.Г. Каспина, А.С. Логинов, Л.И. Куликов, М.И. Кутер, В.Д. Новодворский, В.Ф. Палий, Е.В. Самойлов, Я.В. Соколов, А.К. Гоголев, Е.А. Мизиковский, Н.А. Прокофьева, Е. Стоянова, Д.А. Ендовицкий, Р.С. Ушаков, М.В. Новикова, О.В. Ефимова, А.В.Суворов, В.М. Родионова, С.А. Николаева, Г.А. Шакирова, Е.Ф. Никитская және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Құрылыс ұйымдарында жүргізілетін бухгалтерлік есепті заңдық негіздерге сүйене отырып ұйымдастыру тәртібін жетілдіру.

Осыған орай, «Шим-шак НС» ЖШС -нің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен оны жүзеге асырудың ақпараттық базасы зерттеудің объектісіне алынған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: құрылыс ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндет-терін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, құрылыс ұйымдарында бухгалтерлік есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

-құрылыс ұйымдарындағы есепті ұйымдастырудың негіздері зерттеу;

-құрылыс ұйымдарында есептің құқықтық-нормативтік құқықтың реттелуі қарастыру;

-«Шим-шак НС» ЖШС -нің экономикалық сипаты беріледі:

-қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер есебі ұйымдастырылады;

-міндеттемелер мен капитал есебі, ішкі және сыртқы аудиттің ұйымдастырылуы қарастырылды;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау;

-«Шим-шак НС» ЖШС -дағы есепті жетілдіру жолдары қарастырылады.

Зерттеудің ақпараттық базасын отандық және шетелдік авторлардың монографиялық және кезеңдік әдебиетімен қатар білікті бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселесіне қатысты қабылданған Қазақстандық заңдар мен заңнамалық актілер құрайды.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Дипломдық жұмыстың теориялық мәні оның нәтижелері құрылыс ұйымдарында бухгалтерлік есебін ұйымдастыру бойынша, бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастыру бойынша теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Зерттеу пәні – құрылыс ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Кез келген ғылыми зерттеу оның теориялық негіздерінен бастау алатындықтан, бізде өз зерттеуіміздің бірінші тарауын құрылыс ұйымдарындағы есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілерінен бастай отырып, онда құрылыс ұйымдарында бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі мен құқықтық-нормативтік реттелуін қарастырдық.

Екінші тарауда зерттеу жұмысының объектісіне алынған «Құрылыс қызметін көрсету орталығы» Акционерлік Кәсіпорыны қызметіне экономикалық сипаттама беруден бастап, осы ұйымда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер есебі сонымен қатар міндеттемелер мен капитал есебін ұйымдастыру мәселелері қамтылады.

Ал үшінші тарауда «Шим-шак НС» ЖШС -нің ішкі және сыртқы аудитті ұйымдастыру мен жетілдіру, кәсіпорын-ның қаржылық жағдайын бағалау және бухгалтерлік есепті жетілдіру жолдары қарастырылды.

Қортындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

 

РЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЕСЕП ПЕН АУДИТТІ

ЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Просмотров 2149

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!