Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Рылысты ұйымдастырудың формалары және қызметті



Лицензиялау тәртібі

 

 

Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:

- біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;

- екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.

Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:

1. Біркелкі баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;

2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.

Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.

Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып табылады.

Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.

Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары жалпықұрылыстық және мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс-монтажды кәсіпорындар бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар тұрақты және жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кәсіпорындар ұзақмерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кәсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кәсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады [2, б.157].

Құрылыс-монтаж кәсіпорындары «өмірлік циклына» байланысты құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:

- құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;

- жобалау- құрылыс фирмалары;

- ғылыми жобалау- құрылыс фирмалары;

- барлық жұмыстарды құрайтын және конструкциялар мен құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер.

Құрылыс бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тән. Құрылыс кәсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады:

- негізгі өндіріс-құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттар мен

қондырғыларды капиталды жөндеу;

- қосымша өндірістер;

- өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (әлеуметтік) сала.

Өндірісті бағыты бойынша классификациялау-негізгі және қосымша өндірістің, әлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады.

Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары- «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8110 «Негізгі өндіріс», 8120 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8130 «Қосалқы өндірістер», 8140 «Үстеме шығыстар» белгіленген. Шығындардың деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырылады.

Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республикасының

Азаматтық Кодексіне сәйкес жазбаша түрде келісім-шарт жасай отырып, төмендегідей тәртіпте құжат толтырады.

Құрылыстық қызмет белгілі бір орындаушының дайындығын талап ететіндіктен лицензиялануы қажет, онсыз белгіленген тұтынушылық сапалы құрылыс өнімін құру мүмкін емес. Сондықтан да құрылыс өндірісімен айналысқысы келетін барлық шаруашылыққа құрылыс жұмыстарын жүргізу олардың қызметінің негізгі түрі болады немесе құрылыс басқа да қызмет түрлерімен паралельді түрде шаруашылық әдіспен жүргізілетін жұмыстарын жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алуы қажет. Жұмыс жүргізетін құрылыс кәсіпорындары жыл сайын лицензияларын жаңалап, қайта тіркелуден өткізуі қажет.

Қазақстанда архитектуралық- құрылыс жұмыстарын жүргізуді лицензиялау төмендегі заң актілерінің негізінде жүзеге асырылады:

1. 17.04.95 жылғы № 2200 «Қазақстан Республикасының Лицензиялау туралы заңы»;

2. 16.07.01 жылғы № 242-2 «Қазақстан Республикасының Архитектура, сәулет- құрылыс қызметі жөніндегі заңы».

Лицензия алу үшін (қайта тіркелу үшін) кәсіпорындар лицензиялаудың қалалық орталығына келесі құжаттарды беруі қажет:

- техникалық аудитті жүзеге асыруға өкілетті кәсіпорынға лицензияны рәсімдеу (қайта рәсімдеу) мақсатымен аудит жүргізуді сұрау хаты;

- лицензиялаудың қалалық орталығына өтініш;

- кәсіпорында ұйымдастыру туралы бекітілген құжат немесе тіркелген жарғы;

- тіркеу карточкасының көшірмесі;

- Әділет министрлігінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

- лицензия сұралып отырған жүзеге асырылатын құрылыс-монтаждық жұмыс түрлерінің тізімі (Қазақстан Республикасындағы архитектуралық-құрылыстық қызметті лицензиялау бойынша құрылыстағы қызмет пен жұмыс классификаторына сәйкес);

- салынып жатқан, реконструкцияланатын және (немесе)жоспарланатын тізімі, олардың мекен-жайы және қуаты. Өткізілетін (жоспарланған) жөндеу жұмыстарының тізімі;

- алдыңғы жылы орындалған әртүрлі құрылыс-монтаждық жұмыстардың көлемі;

- мамандардың біліктілік құрамы немесе оларды тарту мүмкіндігі туралы ақпараттар;

- өндірістік база туралы мәлімет;

- техникалық қамсыздандыру туралы мәлімет;

- сейсмикалық жағдайы бойынша куәлік;

- сапаны бақылау;

- жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

- эксперттердің қорытындысы.

Жоғарыда аталған құжаттардың формаларына келетін болсақ, оны төмендегідей үлгіден көруге болады, мысалы: архитекторлық-құрылыс қызметі саласындағы лицензия сұралатын қызмет түрлерінің тізімі ( Кесте 1):

 

Кесте 1

Архитекторлық-құрылыс қызметі саласындағы лицензия сұралатын қызмет түрлерінің тізімі

Жұмыс түрлерінің тізімі бойынша Жұмыс түрлерінің аттары ҚР министрлігінің бекітуі бойынша № 1 қосымша Құрылыстағы жұмыс және қызмет түрлерінің классификациясы бойынша аттары ҚР министрлігінің бекітуі бойынша
1 Гидротехникалық құрал-жабдықты, ғимараттарды, шектеуші және негізгі құрылымдарды тұрғызу   2 Бөлімше бойынша қызмет   3 Ішкі инженерлік желілерді құрастыру жұмыстары   1.1. Темірбетондық құрама құрылымдарды монтаждау; 1.2. Темірбетондық және біркелкі бетондық құрылымдар; 1.3. Кесектен, тастан және блоктан қалау; 1.4. Металдық құрылымдарды орнату; 1.5. Ағаш құрылымдарды және өнімдерді орнату; 1.6. Терезелеу.   2.1 Сылақ жұмыстары; 2.2 Едендерді орнату; 2.3 Көркемдеу жұмыстары; 2.4 Бояу және ақтау жұмыстары; 2.5 Жабыстыру жұмыстары;   3.1 Ішкі электр мен қамту желілерінің тығыны; 3.2 Ішкі сумен қамту желілерінің тығыны; 3.3 Ішкі канализациялық желілер тығыны; 3.4 Ішкі жылу желілерінің тығыны; 3.5 Санитарлық-механикалық құрылғыларды орнату; 3.6 Ішкі жарықтандыруды орнату және т.б.
Ескерту – кесте автормен құрастырылған

 

Тағы да бір айта кететін жай, лицензия материалды емес актив ретінде қарастырылмайды, өйткені құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға берілетін лицензияның әрекет ету мерзімі 1 жылдан аспайды. Сондықтан да лицензия алатын (қайта тіркелетін) шаруашылық субъектілердің техникалық аудиті бойынша қызметтерді төлеумен байланысты шығындар, лицензиялық жинақтар және лицензия алумен (қайта тіркелумен) байланысты басқа да шығындарды бухгалтерлік есепте болашақ кезең шығындары ретінде қайта алынған лицензияның әрекет ету алдыңғы кезең ішінде көрсету керек.



Просмотров 1665

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!