Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау



 

 

«Көліктік қызмет көрсету орталығы» акционерлік кәсіпорынының қаржы жағдайын бағалау үшін кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы нақты мәлімет алу, өрлеу динамикасын көру үшін, 2010-2011 жылдардың ағымдағы және есеп беру жылының көрсеткіштерін қаржылық есеп беруде қолдананамыз.

Кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ететін және де кәсіпорынның есептік саясатында қандай өндірістер бар екенін қарастырып, берілген мәліметтерді қарастырамыз.

«Көліктік қызмет көрсету орталығы» Акционерлік Кәсіпорынының қаржы жағдайын дәлірек бағалау үшін, қаржылық есеп беруді, талдауды келесі кезектен жүргіземіз:

-кәсіпорын капиталының орналасуы мен мүлік жағдайын бағалау;

-кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау;

-кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін талдау;

Кәсіпорын капиталының орналасуы мен мүліктік жағдайын бағалау.

Бизнестi қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету кез-келген кәсiпорын қызметiнiң анықтаушы факторы болып табылады. Кәсiпорын басшылығы кәсiпорын қызметi ресустардың қандай көздерiнен қаржыланды-рылатынын және капитал қандай iске салынатынын нақты бiлуi қажет. Сол себептi капиталдың құрамын, құралу көздерiн және орналасуын талдау үлкен мәнге ие және келесiлердi қамтуы тиiс:

-кәсiпорын капиталының құралу көздерiнiң құрамын, құрылымы мен динамикасын оқу;

-олардың көлемiнiң өзгеру факторларын анықтау;

-капиталдың жеке көздерiн тартудың бағасын анықтау;

-қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау;

-меншiктi және заемдық капиталдың қатынасының оңтайлы нұсқасын негiздеу.

Капитал – бұл шаруашылық субъектiсiң пайда алу мақсатында өз қызметiнде пайдаланатын (иеленетiн) қаражаттары.

Кәсiпорын капиталы меншiктi (iшкi) және заемдық (сыртқы) көздерден қалыптасады.

Қаржыландырудың негiзгi көзi - меншiктi капитал. Оның құрамына жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтiк капитал, бөлiнбеген табыс кiредi. Бiрақ меншiктi капитал көлемі шектеулi екенiн ескерсек, қаржыланды-рудың келесi көзi - заемдық капитал болып саналады. Кәсiпорын қызметiн заемдық капитал есебiнен қаржыландыру келесi жағдайларда тиiмдi:

Өндiрiс маусымдық сипатқа ие болса. Бұл жағдайда кей кезеңдерде ақша қаражаттары жинақталып қалып, басқа кезеңдерде ол жетiспейдi.

Егер кәсiпорын заемдық капитал бағасынан жоғары табыстылықты қамтамасыз ете алса, онда заемдық капитал есебiнен өз жағдайын тұрақтандыра алады. Дегенмен, меншiктi және заемдық капиталдың қатынасынан кәсiпорын-ның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелдi.

Кәсіпорынның мүлік жағдайын бағалау.

Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің арасында тығыз байланыс бар мүлік жағдайын талдау кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрамымен сипаттамасын беруге арналған. Мүлік дегеніміз - меншіктік құқығы бар материалдық объект. Кәсіпорынның мүлігі - оның активтерінің жиынтығы. Мүлікті сатып алу көздері кәсіпорынның құрылым көздерінде (меншікті капитал міндеттемелер) орналасқан. Мүлікті жағдайды талдау мақсаты шаруашылық субъектінің эканомикалық потенциалының, яғни, кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымының сипаттамасын беру болып табылады.

Кәсіпорынның активтерінің негізгі (критерий) сипаттамасы-олардың құрылымының тиімділігі (кәсіпорынның қызметінің ерекшелігіне сәйкес) мен активтердің құрамының сапасы.

Мүлікті сатып алу көздерін талдауда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және өнімділігі жөнінде көзқарасына, меншікті және қарызға алынған қаржылардың ара-қатынасына көңіл аударылады.

Баланстың валютасының жалпы өзгеру сомасы құрама бөліктеріне бөлінеді, ол активтер құрамындағы, олардың қалыптасу көздерінің қозғалыс-тарының сипаты және олардың өзара байланыстылығы туралы алдын-ала тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Мүлікті талдау үшін төмендегі көрсетілген аналитикалық 15 кесте макеті құрастырылады.

 

Кесте 15

Кәсіпорынның баланс активтерінің құрамы мен құрылымы, мың.тг

АКТИВТЕР 2010 жыл 2011 жыл Айырмашылығы
(+;-)
Теңге % Теңге % теңге (+;-) %
Қысқа мерзімді активтер 98,4 86,7
Ұзақ мерзімді активтер, барлығы, оның ішінде 1,6 11,7
Активтердің жиыны 85,5
Екертпе – кесте автормен құрастырылған

 

15-кестеден көріп отырғанымыздай 2010-2011 жылдардағы активтерінің құны жыл ішінде +45631517 теңгеге жоғарылаған. Ол өсім негізінен ағымдық активтер +45529493 теңге немесе 86,7% өсуінен болып отыр. Соған сәйкес кәсіпорын мүлкінің құрылымы өзгеріске ұшырады: егер жыл басында ұзақ мерзімді активтер үлесі 10% болса, жыл соңында оның үлес салмағы кеміп, 1,6 %-ды құрады, тиісінше ағымдық актив үлесі осыншаға өсіп отыр.

Қаржылық тұрақтылығын талдау

Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығына немесе оның жеке көрсеткішіне әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін. Сондықтан көрсеткіштердің өзгерсіне қандай себептер әсер еткенін анықтау қажет. Бұл көрсеткіштер бір-бірімен логикалық байланысқан, оларды жеке-жеке қарастыру мүмкін емес. Бірақ бұл жағдай экономикалық есеп үрдісінде оларды логикалық жекелеу қажеттілігі мен мүмкіндігін шеттетпейді.

Талдауға қойылатын талаптардың өсуі барысымен байланысыты нарықтық қатынастар жағдайында өзгеретін қаржылық көрсеткіштерді бағалау әдістері мен тәсілдері әртүрлі, әрі көп. Ұйым қаржылық тұрақтылығын нақты бағалау мүмкіндігі ақпараттық қамсыздандыру мен мамандандырылған персоналға сәйкес келетін белгілі бір талдау әдісімен қамтамасыз етіледі.

Қаржылық талдаудың даму тарихы барысында ғалымдармен қаржылық есепті оқу ережелері қалыптастырылды. Қаржылық есепті талдау әдістерінің негізгілері: көлденең, тігінен, трендтік, коэффиценттік және факторлық талдау әдістері болып табылады. Қаржылық талдаудың отандық әдістемесі келесі негізгі (стандартты) қаржылық есепті талдау әдістерін қарастырады [26, б.12].

- көлденең (динамикалық) талдау ─ абсолютті және салыстырмалы ауытқулырды анықтау үшін қолданылады, көрсеткіштер өзгерістері анықта-лады, берілген жылдар аралығындағы өзгеріс қарқыны олардың мөлшерін болжауға мүмкіндік береді;

- тігінен (құрлымдық) талдау ─ бұл қорытынды қаржылық көрсеткіштер құрылымын зерттеу мен олардың өзгерісін бағалау. Салалық ерекшеліктерді ескеріп, салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді және инфляциялық үрдістердің теріс әсерлерін жұмсартады. Тәжірибеде аналитиктерге көлденең және тігінен талдауды біріктіру қажет.

- трендтік талдау (көлденең таладаудың түрі)─ динамикалық қатарларды зерттеу үшін қолданылады және алдағы кезеңде мүмкін болатын көрсеткіштер мәнін қалыптастыратын трендті анықтауға мүмкіндік береді; сондықтан даму тенденциясын талдау, яғни перспективті таладау жүргізіледі. Трендтік үлгілер негізіндегі болжам екі элементті қамтиды: нүктелі болжам─ болжанатын көрсеткіштің жалғыз мәні, интервалдық талдау─ болжанатын көрсеткіштің нақты мәні анықталатын сенімді интервал есебі базасында.

- Коэффиценттерді талдау (салыстырмалы көрсеткіштер)─есеп мәліметтері негізінде әртүрлі қаржылық коэффиценттер есептеледі, көрсеткіштердің логикалық салыстырылатын, бірақ әртүрлі бір-бірінен тәуелділігі мен байланысын анықтаумен оларды факторлы талдау. Берілген әдіс едәуір тиімді және сонымен бірге мәселелі болып, талдауда ерекше орынды иеленеді. Коэффиценттердің экономикалық тиімділігі кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын нақтырақ анықтауға, болашақта зерттеуді талап ететін мәселелерді табуға, көрсеткіштер динамикасының негізгі бағыттарын және көлденең, тігінен, трендтік әдістерді қолдану арқылы есептің жеке көрсеткіштерін қарастыра отырып, байқай алмайтын, қорытынды көрсеткіш-тердің өзгерісіне факторлар әсерінің деңгейін анықтауға болады.

Сонымен қатар, аналитиктердың айтуы бойынша, қаржылық есеп негізінде есептелген коэффиценттердің интерпритациясы және қолданылуымен байланысты көптеген мәселелер орын алған. Олардың сапалы мәні есепте қолданылатын көрсеткіштердің сенімділігі мен салыстырмалылығына байланысты. Коэффиценттердің сандық мәніне есептің алтернативті әдістерін қолдануда әсерін тигізеді. Алымына әсерін тигізетін факторлар бөліміне әсер ететін факторлармен өзара байланысады. Келесі мәселе─ қаржылық жағдайды біртұтас бағалауды қиындататын, талдауда қолданылатын коэффиценттердің көптігі. Кейде есептелетін көрсеткіштерді құрайтын бөлімі мен алымы сәйкес келетіндіктен, мүмкін болатын барлық факторларды пайдалану қажеттілігі жойылады. Осындай агрегатталған көрсеткішке классикалық мысал болып Дюпон (Du Pont) «Активтердің рентабелділігі» формуласы табылады.

Ұйым көптеген ішкі жүйелерден құралатын күрделі біртұтас жүйе болып табылады, сондықтан оның қаржы жағдайын бағалау да кешенді бағытта жүзеге асырылуы қажет, яғни қаржылық тұрақтылық көрсеткіштер жүйесін қолдану көмегімен. Қазіргі кездегі олардың көптілігі талдауды күрделі етіп, қиындатады. Көрсеткіштердің құрамы әртүрлі ─ абсолютті де, салыстыр-малы да көрсеткіштер. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалауда абсолютті көрсеткіштерді пайдалану едәуір маңызды болып келеді: меншікті және қарыз капиталаның, активтердің, ақша-қаражаттардың, дебиторлық және кредитор-лық қарыздың, пайданың, сонымен қатар есеп негізінде есептелетін мынадай абсолютті көрсеткіштер, таза активтер, меншікті айналым капиталы, тұрақты пассивтер мөлшері. Берілген көрсеткіштер критериалдық болып табылады, себебі олардың көмегімен қаржылық жағдайдың сапасын анықтайтын критерийлер қалыптасады. Есеп материалына инфляцияның ауытқушылық әсерін қалыпқа келтіретін, салыстырмалы көрсеткіштер қаржылық тұрақты-лықты талдауда маңызыды рөлді атқарады. Олардың кеңінен таралуы (талдауда қолданатыннан 87%) абсолютті көрсеткіштерге қарағанда бірқатар артықшылықтармен анықталады, себебі олар абсолютті көрсеткіштер бойынша салыстырылмайтын, кеңістік пен уақытта едәуір тұрақты объектілерді салыстыруға мүмкіндік туғызады, сондықтан біркелкі вариациалық қатарларды анықтайды, соныменен көрсеткіштердің статистикалық қасиеттерін жақсар-тады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау үшін көрсеткіштерді іріктеу қойылған мақсаттың орындалуына бағытталуы қажет: берілген бухгалтерлік есеп негізінде қаржылық тұрақтылықты бағалау. Жалпы қабылданған болып табылатын, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың критерийлері әлі толық анықталған жоқ.

Коммерциялық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдау мен бағалаудың әртүрлі бағыттарын зерттеу кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығын бағалау көрсеткіштерінің негізгі келесі іріктемесі ұсынылған, олардың рационалдығы мен жеткіліктілігі қөзқарасы тұрғысынан оптималды көрсет-кіштер болып табылады.

Кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалайтын абсолютті көрсеткіштеріне келесілелер жатқызылады: біріншіден, меншікті айналым капиталы, екіншіден, перманентті капитал, үшіншіден, ТМҚ-нің негізгі қалыптасу көздері. Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін салыстырмалы көрсеткіштері және олардың критерийлері төмендегі 16 кестеде көрсетілген.

 

16 кесте

Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін салыстырмалы көрсеткіштері және олардың критерийлері

Көрсеткіш Қалыпты деңгейі Түсініктеме
Тәуелсіздік коэффиценті Кн ≥0,5 Қаржыландыру көздерінің жалпы соммасында-ғы меншікті капиталдың үлесін көрсетеді
Тәуелділік коэффиценті Кз ≤0,5 Қаржыландыру көздерінің жалпы соммасын-дағы қарыз қаражаттар соммасының үлесі
Қаржыландыру коэффиценті Кф ≥1 Қызметтің қандай бөлігі меншікті және қарыз капиталымен қаржыландырылатынын көрс-ді
Қарыз және меншікті капитал арақатынас коэффиценті Кз/с ≤1 Салынған меншікті капиталдың 1 теңгесіне қанша қарыз қаражаттарын тартқанын көрсетеді.
Маневірлілік коэффиценті Км ≤0,5 Меншікті капиталдың 1 теңгесіне меншікті айналым кап-ның қандай бөлігі келетінін көрді
Инвестицияларды өтеу коэффиценті Кфу ≥0,75 Активтердің қай бөлігі тұрақты көздерден қаржыландырылатынын көрсетеді
Қорлар мен шығын-дардың меншікті көздермен қамта-масыз етілу коэф-ті Ко/з ≥0,6 ТМЗ-нің қай бөлігі меншікті айналым капиталымен өтелетін көрсетеді
Айналым актив-нің меншікті капиталмен қамтамасыз етілу Ксф ≥ 0,5 Айналым активтеінің қандай бөлігі меншікті көздерден қаржыландарылатынн көрсетеді
Берешек-алашақ қарыз коэффиценті Кд/к ≤1 Берешек және алашақ қарыздарды қаншалық-ты бағытты және тиімді қолдануын көрсетеді
Инвестициялық коэффицент Ки ≥0,5 Меншікті капиталдың қандай бөлігі негізгі капиталға келетінін көрсетеді
Тұрақты актив коэффиценті Кпа ≤1 Меншікті капиталдың 1 теңгесіне қанша ұзақ мерзімді активтер соммасы келетінін сипатта
Ескертпе- кесте автормен құрастырылған

 

Берілген кәсіпорынды несиелендіретін банктер үшін жедел өтімділік деңгейі қанағаттандырғысыз дәрежеде; бірақ кәсіпорын қаржылық тұрақты-лығын ағымдық өтімділік коэффиценті бойынша бағалайтын ұйым акциялары мен облигацияларын сатып алушылар мен ұстаушылары үшін оның мәні қалыпты деңгейде, соныменен басқа да өтімділіктің қалған көрсеткіштері кәсіпорын үшін жеткілікті деңгейде орналасқан. Сондықтан өтімділік коэффиценттерінің негізгілері болып табылатын жалпы және ағымдық өтімділік көрсеткіштерінің нәтижелері негізінде «Шим-шак НС» ЖШС -нің өз қысқа мерзімді қарыздарын өтеу алу қабілетін, және қажетті жағдайда өз материалдық-өндірістік қорларын сатпайтынын білдіреді.

Ал енді «Шим-шак НС» ЖШС -ның баланстағы активтердің қозғалысы мен өзгерулеріне назар аудару үшін төмендегі 17 кестені құрадық.

 

Кесте 17

Баланстағы активтердің қозғалысы мен өзгертулері, мың.тг

Активтер құрамы 2010 жылдын 5 айы 2011 жылдын 5 айы   ауытқулар
  сомасы % сомасы % сомасы %  
Ұзақ мерзімді активтер 11 801 8,51 9 407 2,38 -2 394 -6,13  
Ағымдық активтер. 126 875 91,49 386 261 97,62 259 386 6,13  
ТМҚ 0,04 0,07 0,04  
Ағымдағы салықтық активтер     0,15 0,15  
Дебиторлық берешек 25 575 18,44 43 157 10,91 17 582 -7,53  
Ақша қаражаттары 42 423 30,59 125 991 31,84 83 568 1,25  
Басқа да қысқы мерзімді активтер   58 856 42,44 216 250 54,65 157 394 12,21
Валюталақ баланс 138 676 100,00 395 668 100,0 256 992 0,00  
Екертпе – кесте автормен құрастырылған

 

Бұл 17 кестеде есептелген көрсеткіштер нәтижелеріне сай келесідей қорытынды жасауға болады: ағымдағы активтердің өсуіне себеп болуы, ақша қаражаттарының 83 568 мың теңгеге өсу және басқа да қысқа мерзімді активтерінің 157 394 мың теңгеге өскенінен болды. Талдау кезінде ұзақ мерзімді активтердің азайуы 2 394 мың теңгеге байқалған, оның себебі негізгі құралдардың сомасының төмендеуінен болған. Сондықтан 01.06.2011 жылға ұзақ мерзімді активтердің құны 9 407 мың теңге болды.

Баланстың өтімділігін анықтау үшін пассив пен актив бойынша берілген топтардың қорытындыларын салыстыру керек. Егер төменде берілгендей қатынастар болса: А1 ³ П1 ; А2 ³ П2 ; А3 ³ П3 ; А4 £ П4 онда баланс абсолютті өтімді деп саналады.

Енді «Шим-шак НС» ЖШС -ы балансының өтімділік дәрежесін анықтау үшін актив пен өтелу мерзімі бойынша топтастырылған пассив баптарын көрсететін 18 кестенің көрсеткіштеріне назар аударайық.

 

 

Кесте 18

Өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған актив пен өтелу мерзімі бойынша топтастырылған пассив баптары

Мың.тг

Актив Сомасы, мың тг Пассив Сомасы, мың тг Төлемартықшылығы (+), жетіспеушілігі(-), мың тг
   
А1 П1 -582
А2 П2
А3 П3 - -
А4 П4
    - -
Екертпе – кесте автормен құрастырылған

 

19 - кестенің көрсеткіштері мынадай қатынасты берді:

А1 ³ П1 ; А2 £ П2 ; А3 ³ П3 ; А4 ³ П4

Осы теңсіздіктерге қарасақ есептік жылдардың бәрінде бірінші теңсіздік және үшінші орындалмады. Ал басқалары орындалды. Төртінші теңсіздік экономикалық мағынаны көрсетеді. Кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарына ие болды, сондықтан анықталған тұрақтылығына ие. Бірақ кәсіпорынның балансын абсолютті өтімді деп санауға болмайды, себебі кірістер мен төлемдердің қатынастарын көрсететін бірінші жағдай орындалған жоқ.

Жалпы кәсіпорынның жақын уақытта төлеу қабілеттілігін куәландыратын өтімділікті, бірінші және екінші топтарды салыстырғанда табамыз [27, б.84].

Сонымен бірге «Көліктік қызмет көрсету орталығы» акционерлік кәсіпорынының өтімділікпен төлемқабілеттілігін анықтау үшін төмендегі 19 кестеде көрсетілген қаржы коэффициенттерін қолданамыз.

 

Кесте 19

Баланс өтімділігінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өзгеріс (+,-) Шекті мәні
Абсолюттік өтімділік коэффициенті 0,18 0,21 0,03 > 3
Жылдам өтімділік коэффициенті 0,82 0,81 -0,01 > 1
Ағымдық өтімділік коэффициенті 0,89 0,94 0,05 > 2
Жалпы өтімділік коэффициенті 0,44 0,46 0,02 0,9
Екертпе – кесте автормен құрастырылған

 

19-кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорында баланс өтімділігінің көрсеткіштері шекті мәндерге жауап бермейді. Бұл кәсіпорынның өтімділік дәрежесінің төмен дәрежесін көрсетеді және барлық көрсеткіштер минималды деңгейде. Ол, жоғарыда айтып кеткендей, ұзақ мерзімді инвестициялық қызметпен байланысты. Инвестициялық жобаларға құйылған қаржы бірден қайтпайды, сондықтан кәсіпорын жоғары өтімділіккке ие емес. Сондықтан «Көліктік қызмет көрсету орталығы» Акционерлік Кәсіпорынының өтімділігі көп активтердің мөлшерін өсіру керек. Ол үшін кәсіпорын басқарушылары дебиторлық қарызды ақша қаражаттарына айналдыру жолымен істеуіне болады.

 



Просмотров 4348

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!