Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Рылыстағы бухгалтерлік есептің мәні



 

 

Республика экономикасының даму кезеніндегі Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеніп, көлемі күнен-күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.

Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.

Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысты.

Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.

Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс-монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс [1, б.58].

Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.

Шаруашылық есеп саясатында барлық өзгерістерді, жаңалықтарды және құрылыс қызметінің есебінің құрылысқа қатысушылардың өзара арақатынастарының таңдалған схемасы ерекшеліктерін көрсету керек. Мұны жасаудың негізі мен базасы ретін пайдаланылатын құжаттар:

— ХҚЕС 11 "Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім";

— 29.10.08 жылы № 542 ҚР ҚМ "Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың концептуалды негіздерін бекіту туралы" бұйрығы.

Қаржылық есептілікті тапсыру көзделген есепті кезең аяқталғанда субъект алдында қаржылық ақпаратты ұсынудың дұрыстығы мен толықтығы туралы сұрақ тұрады.

Мердігер құрылысты аяқтаса да, аяқтамаса да мыналарды көрсету керек: есепті кезеңдегі әрбір құрылыстық-мердігерлік шарттың табыс сомасын. сонымен қатар құрылыстық-мердігерлік шарт ағымдағы есепті кезеңде ашылып, жабылған жағдайда, табыс сомасы дұрыс анықталады және объектіні қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін тапсырыс беруші қабылдаған көлемде ашылады.

Объектінің құрылысы есепті кезеңде аяқталмаған жағдайда, есептілікте танылатын және ашылатын табыс есепті кезеңдегі танылған көлемі қол қойылған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актілері бойынша орындалған жұмыстардан есепті кезеңде танылған шығындарды шегергендегі айлық табыстар сомасына тең.

Есепті кезеңде танылған табыс көлемін анықтауға пайдаланылатын тәсіл. Жұмысты орындау пайызын анықтауға пайдаланылатын нұсқа.

Есеп саясаты, бұл — бухгалтерлік есеп, талдау, аудит аумағындағы ұзақмерзімді саясат, оны әрбір кәсіпорын өз бетінше жасайды, бухгалтерлік есепті және қаржылық есепті оның негіздері мен қағидаларына сәйкес жүргізу үшін субъектілердің басшыларының қабылдаған тәсілдерінің жиынтығы.

Есеп саясатын қалыптастыру төмендегі кезеңдерден тұрады:

- бухгалтерлік есеп жүргізілетін кәсіпорындағы есеп саясатының қатынасын анықтау;

- бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін жағдайларды анықтау, сараптау, бағалау және реттеу;

- есеп саясатын құрастырудың бастапқы жағдайларын таңдау және негіздеу;

- есептің әрбір тәсілінің жолын және әрбір есеп объектісі бойынша кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есепті жүргізудің жарамды тәсілін бірегейлендіру;

- кәсіпорында қолдануға жарамды бухгалтерлік есептің жүргізілу тәсілін таңдау;

- таңдалған есеп саясатын рәсімдеу.

Құрылыс кәсіпорындарының есеп саясатының бөлімшелерінің тізімі төмендегідей болуы шарт:

1. Жалпы бөлім;

2. Басқару және ұйымдастыру құрамы;

3. Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың жүйесі;

4. Бухгалтерлік құжаттар және оларды сақтау мерзімі;

5. Түгендеу;

6. Негізгі құралдардың есебі;

7. Материалды емес активтердің есебі.

Кейде құрылыс-монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.

Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынның басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім-шартқа отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.

Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады. Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютрленген жүйе ке-келген құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады.

 

 



Просмотров 1905

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!