![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Зін-өзі тексеру сұрақтары
Зін-өзі тексеру үшін арналған сұрақтар
Бақылау сұрақтар
1) Халықаралық жүйе түсінігін беріңіз және элементтерін атаңыз 2) Ерекше құқық жүйесі ретіндегі халықаралық құқықтың анықтамасын беріңіз 3) Халықаралық құқықтың пәнін қандай қатынастар құрайды? 4) Халықаралық құқықтың қайнар көзінің түсінігін беріңіз және түрлерін атаңыз 5) Халықаралық шарт түсінігін беріңіз және мысал келтіріңіз 6) Халықаралық әдет-ғұрып дегеніміз не? 7) Халықаралық конференциялардың Қорытынды актісіне түсінік беріңіз және мысал келтіріңіз 8) Халықаралық ұйымдардың резолюциясына халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде сипаттама беріңіз 9) Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің ішкі мемлекеттік құқықтың қайнар көзінен айырмашылықтарын атап беріңіз 10) Халықаралық құқықтың нормаларының түсінігін беріңіз 11) Халықаралық құқықтың нормаларын тудыру кезеңдерін атаңыз 12) Халықаралық құқық нормаларының ерекшеліктерін айқындап беріңіз 13) Халықаралық құқық нормалардың құрамы қандай элементтерден тұрады? 14) Ius cogens нормалары қандай нормалар? 15) Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын атаңыз және сипаттап беріңіз 16) 1970 ж. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда халықаралық құқықтың негізгі қағидалары бекітілген?
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б. 2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с. 3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б. 5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008. Қосымша әдебиеттер: 8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987. 9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987. 10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987. 11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986. 12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978. 13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985. 14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974. 15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992. 16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы, 17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с. 18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с. 19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ,1998.-416с. Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы Мақсаты: студенттерге халықаралық-құқықтық ғылымның дамуы мен қалыптасу тарихы туралы білімдерді, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы халықаралық-құқықтық институттарының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Негізгі сұрақтар:
1) Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдері. Регионализм. Ежелгі дүниедегі халықаралық құқықтың негізгі институттары. Ежелгі ойшылдардың халықаралық құқық мәселелері туралы айтқан ой-пікірлері. 2) Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Халықаралық құқықтың негізгі институттары. 3) Осы дәуірдің халықаралық-құқықтық көзқарастары. 1648 ж. Вестфаль конгресі және оның халықаралық құқықтың дамуындағы рөлі. Г.Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар. Халықаралық құқыққа француз революциясының ықпалы. 1815 ж. Вена конгресі, 1856ж. Париж конгресі, 1884-1885жж. Берлин конференциясы, 1899 және 1907 жж. Гаага әлем Конференциясы. ХІХғ. және ХХғ. айрығындағы халықаралық құқықтың негізгі доктриналары. 4) Қазақстандағы халықаралық құқықтың дамуы. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, халықаралық – құқықтық ілімнің Қазақстанда пайда болуы және дамуы. Қазақстан тарихындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысанының пайда болуы. Қазақстандағы жүздердің Ресейге қосылуының халықаралық құқық тұрғысынан алғандағы көрінісі. 5) Әдет-ғұрып, Құран, шарттар Қазақстан тарихында халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстан тарихында елшілік, әдет-ғұрып дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстандағы әдет-ғұрып пен шарттардың арақатынасы. 6) Қазақстандағы жүздердің, қазақ хандарының сыртқы қарым-қатынасындағы мемлекеттің ішкі органдары. Шет елдердегі Қазақстан елшіліктерінің мақсаты. Қазақ хандарының шарттық тәжірибедегі шарттарының атауы. Қазақстандағы шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші халықаралық-құқықтық құралдар. Қазақстан тарихындағы сыртқы сауданың құқықтық мәселелері. 1924 ж. ұлттық-мемлекеттік реттеу Қазақстан және Орта Азия аумағындағы халықаралық-құқықтық құбылыс ретінде. 7) КСРО-ның құрамындағы Қазақ КСР-нің халықаралық құқық субъектілігі. ҚР егемен, дербес мемлекет, қазіргі халықаралық құқықтың толыққанды, тең құқылы субъектісі
Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістігі болып табылады. Ол мемлекеттердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты. Алғаш рет адамзат қоғамының дамуында халықаралық құқық б.з.д. IV аяғында -III басында мың жылдықтарда алғашқы құл иеленушілік мемлекеттер пайда бола бастаған кезде Ежелгі Шығыста, Египетте, Ежелгі Қос өзен аңғарындағы мемлекеттердің қарым-қатынастарда қалыптаса бастады. Олардың арасындағы қатынастар әдет-ғұрыптар арқылы реттелді. Сонымен қатар жазбаша халықаралық шарттар пайда бола бастады. Осындай ежелгі шарттардың бірі б.з.д. ХХІІІғ. Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның арасындағы жасалған шарт болып табылады. Жазбаша шарттардың классикалық мысалы ретінде бейбіт және одақтық шарттар түріне жатқызуға болатын хеттік-египеттік шартты (б.з.д. ХІІІ ғ. ) атауға болады. Екі мемлекетте әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға, бір-біріне ішкі және сыртқы жаулармен күресте көмектесуге, екі мемлекеттің де қшқын құлдарын ұстап беруге көмектесуге міндеттенді. Б.з.д. ІІ-І ғғ. халықаралық құқықтың элементтері Қытай мен Үндістанның, кейіннен Ежелгі Элладаның (Грецияның) және Ежелгі Римнің территорияларында пайда бола бастады. Үндістандағы Ману заңдары елдер арасында елшілік қатынастарды орнату, елшілердің функциялары туралы, шет мемлекеттердің елшілеріне қол сұғылмаушылық туралы ережелерден тұрды. Бұл заңдар рақымшылық сұраған әскери тұтқындарға, жаралыларға адамгершілікпен қарауды талап етті. Осы заңдар жинағының негізгі ойларының бірі – бейбіт тұрғындарды қырып-жою емес, тек әскери қарсыласын жеңу болып табылады. Соғыстың ізгілік нормалары Қытайдың көне құжаты – б.з.д. ҮІІ ғ. белгіленген «Әскери өнер туралы Трактатта» белгіленген. Өз қызметтерімен мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды бекіткен, сапарға шығатын Қытай елшілері қол сұғушылықты иеленді. Осы кезеңдегі мемлекеттерге өздерінің арасындағы дау-жанжалдарды шешетін халықаралық сот институты таныс еді. Ежелгі Грецияның полистері (қала-мемлекеттері) елшілер арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасады. Диплом деп аталатын тақтайшаларда елшілерге келіссөздер жүргізуге құқық беретін мазмұндағы мәтіндер болды. Осы тақтайшалардың атынан «дипломатия», «диплом» сөздері пайда болды. Елшілерге қол сұғылмаушылыққа кепіл берілді. Халықаралық –құқықтық элементке Ежелгі Грецияда пайда болған және шетелдіктерге қамқорлықты білдіретін проксения институтын жатқызуға болады. Ежелгі дәуірдің халықаралық құқығы, сондай-ақ аймақтық сипаттағы кө жақты шарттарды да білді. Ежелгі Грецияда әр түрлі одақтардың (Этолиялық, Ахейлік одақтар) құрылуына әкелген көптеген көп жақты шарттар болды. Әскери одақ – симмахия Спартаның басшылығымен жасалды (б.з.д. ҮІІ – ҮІ ғғ.). Ежелгі Римнің халықаралық-құқықтық практикасы. Шетелдік елшілер мұнда қол сұғылмаушылықты пайдаланды. Осы ережені бұзғандарды жәбірленген мемлекетке берілетін болды. Осыған қарамастан, заң бойынша шетелдіктердің ешқандай құқықтары болмағаны қызығушылық тудырады. Біртіндеп, шетелдіктерді қамқорлыққа алуды түсінді, себебі шапшаң экономикалық даму мүмкін болмады. Арнайы шенеунік «претор перегринус» шетелдіктердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Рим халықаралық шарттар жасасты. Олар «мәңгілік бейбітшілік» деп аталатын, сонымен қатар достасу, достық қатынастар, қамқорлық, одақ орната алды. Рим жаулап алған халықтарға міндеттейтін теңсіз шарттар басым болды. Ежелгі Рим соғыстарының әдет-ғұрыптары ерекше адамгершілікпен көзге түскен жоқ. Қарусыз әскерлерді қырып жойып құлдарға айналдырды, қалаларды қираты, мысалы, Карфаген. Ежелгі мемлекеттерде толықтай халықаралық құқық болған жоқ. Халықаралық қатынастардың қандай болмасын аспетілері жөнінде айтқан ежелгі ойшылдардың, филосфтардың, ораторлардың жекелеген сөздері ғана болды. Платон, Аристотель, Цицерон және басқалар әділетсіз соғыстарды айыптап сөйледі. «Jus gentium» деп аталатын халықтар құқығын қалыптастырған Ежелгі Рим заңгерлерінің еңбегін атап өтуге болады. Бұл халықтардың арасындағы қарым-қатынастар туралы, Римнің шетел азаматтарымен қатынастары туралы белгілі бір нормалардан тұрды. Ертеректе халықаралық қатынастар тек қалыптаса бастады. Бұл халықаралық құықтың аймақтық сипатын айқындады. Халықаралық құқықтың нормаларының діни сипаты басым болды. Қазіргі заманғы дипломатиялық құқықтың, халықаралық шарттардың және қарулы қақтығыстар құқығының негіздері ежелгі мемлекеттерде пайда болған. Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Феодализмнің ыдырауы адамзат қоғамының сол даму кезеңіне тән болды. Феодалдық қоғамда шарттар көп болғандықтан бұқаралық-құқықтық шарттарды жеке –құқықтық шарттардан ажырату мүмкін болмады. Шарттардың субъектілері ретінде феодалдар, қалалар болды. Рим папалары конкордаттар деп аталатын шарттар жасасты. Римдік католиктік шіркеу еуропалық феодалдық халықаралық құқықтың дамуына елеулі ықпал етті. Олар жекеленген соғыстарды ашуға тыйым салу жөніндегі шектеулерден тұрды, аптаның белгілі бір күнінде әскери іс-қимылдар ашуға тыйым салу қажет деп тапты, шіркеуде баспана берілді. Бірақ соғыс заңдары мен әдет – ғұрыптары қатал болды: қалалар қиратылып тоналды, жаралылар далада қалды, тұтқындар құлға айналдырылды. Кейіннен орта ғасырларда жаралылар мен тұтқындарды қамқорлыққа ала бастады. Осы кезеңнің практикасы халықаралық шарттарды сақтаудың әр түрлі кепілдіктерін қалыптастырды. Библия мен Құрандағы анттар қандайда бір шарттардың кепілдіктері болды. Рим папалары шарттардың кепілі ретінде қатысты, бұл жөнінде арнайы буллалар шығара бастады. Халықаралық шарттардың кепілі ретінде адамдар ала бастады. Сол дәуірдегі кепілдердің қатарына өз қамқорлығына алу да болды. Айталық, 1713 жылы Утрехт бейбіт келісімінің кепілі ретінде Ресей қатысты. Ереже бойынша, орта ғасырлардағы халықаралық шарттар екі жақты болды, сонымен қатар көп жақты халықаралық шарттардың да осы кезеңде қалыптаса бастағанын айта кету қажет, мысалы, отыз жылдың соғыстың аяқталуын заңды түрде рәсімдеген 1648 жылғы Вестфаль Трактаты болды. Швейцария мен Голландияның, Германияның көптеген княздықтарының тәуелсіздігі жарияланды. Рейн өзенінің жағалауындағы мемлекеттерге еркін жүзулері жарияланды. Осы аталған келісімшарт мемлекет аралық қатынастардың өркениетті түрде реттелуіне бастау болды. Мемлекеттердің егемендігі мен тең құқлылығы идеялары маңызды бола бастады. Бастапқыда феодалдық-династиялық сипат ала бастаған, көптеген ғасырлар бойында эволюцияланған, олар қазіргі уақытта мемлекеттердің егеменділігі мен тең құқылылығының халықаралық-құқықтық қағидалардың міндетті түрде орындалатын негізгі қағидалар ретінде рәсімделді. Елшілік құқық сапалы дамуын алды. Елшіліктермен алмасу жиіледі, уақытша елшіліктер тұрақты бола бастады. Ерте феодалдық кезеңдегі дәуірде елшілік артықшылықтар мен қорғаншылықтардың кеңеюі тән болды. Елшілік кварталдарда елшілердің ғана емес, сондай-ақ кез келген тұлғаға қол сұғылмаушылыққа кепіл берілді. Осыған байланысты елшіліктерде баспана берілді, ал елшілік кварталдарда қылмыстық элементтер жасырылды. ХҮ – ХҮІІ ғғ. консулдар институты пайда бола бастады. Империя кезінде консул – тек құрметті атақ, кейіннен – өкіметі шетелге өз елінің азаматтарының құқықтық, сауда және өзге де мүдделерін қорғау үшін жіберілген лауазымды тұлға, шенеунік. Теңізе жүзу мен халықаралық сауданың дамуымен барлық мемлекеттердің ашық теңіздер мен мұхиттарда еркін кеме жүзу қағидасы танылды. Теңіз құқығының әдет-ғұрыптары бекітіле бастады, атап айтқанда, ХІҮ ғ. шығарылған «Косолато дель маре» (Кодекс морских обычаев) сілтеме жасай бастады. Сауда келісімшарттарында шетелдіктер үшін барынша қолайлы режим туралы пункттер жиі кездесе бастады. Феодализм кезінде халықаралық-құқықтық ойлар лдан әрі дамуын алды. Бұл кезде де тодықтай халықаралық құқық болмаса да, осы кезеңдегі ойшылдардың ой-талқылаулары қазіргі халықаралық-құқықтық ғылым үшін де құнды болып табылады. Августин Блаженный (340 – 430 жж.) адамдар әділеттілік нормасын басшылыққа алулары тиіс деп ұйғарды. Халықаралық-құқықтық ғылымның дамуы кейінгі феодализм кезеңіне (ХҮІ – ХҮІІ ғғ.) сай келеді. 1965 жылы халықаралық құқықтың атасы атанған, голландық заңгер Гуго Гроций жазған «О праве войны и мира» атты алғаш жүйеленген еңбегі шықты. Гроций соғыстың заңдары мен әдет – ғұрыптарын әзірледі, соғыс уақытында жеке меншікке қол сұғылмаушылық қағидасын, жаралылар мен тұтқындарды аяушылықпен қарау нормаларын негіздеді, халықаралық шарт құқығы туралы жүйелі ұғым берді, тең құқылы және теңсіз халықаралық шарттардың айырмашылығын көрсетті, халықаралық шарттық міндеттемелерді, шетелдік елшілердің қол сұғылмаушылығы мен экстерриториалдығын сақтау қажеттілігін негіздеп берді. Гроций ашық теңізде жүзу еркіндігін қолдады, соғыстарды, олардың қатігездігін барынша айыптады. Халықаралық құқық ғылымында үш бағыт дамыды: табиғи – құқықтық, позитивистік және гроциандық. Бірінші бағыттың өкілдері халықаралық құқық құдайдың еркіне ғана негізделеді, ал шарттар оны тек бекітеді деп санайды. Позитивисттер халықаралық шарттарда бекітілген ережелерді ғана халықаралық құқыққа жатқызуға болады деп санады. Гроцийдің ізін басушылар табиғи – құқықтық және позитивистік бағыттарды біріктіруге тырысты, мысалы, швейцариялық халықаралық заңгер Э. Де Ваттелдің «Право народов или принципы естественного права, применяемые к поведению и делам наций и суверенов» (1758г.) еңбегі. Орта ғасырларда егемендік, бейтараптық, ашық теңіз, контрабанда, қазіргі дипломатиялық және консулдық өкідіктердің прообразы ретіндегі тұрақты елшіліктер мен консулдықтар сияқты ұғымдар пайда болды. Г.Гроций мен оның ізін қуушылардың еңбектері ХҮІІ ғ. халықаралық құқықтық ғылымның туындауына әкелді. Жаңа кезеңнің халықаралық құқығы. Еуропада капитализмнің дамуымен әлемдік рыноктың туындауы, халықаралық сауданың кеңеюі мен тереңдеуі, қатынас жасау құралдарының белгілеу қажеттілігі көп жақты келісімдердің жасалуына және мемлекет аралық ұйымдардың құрылуына әкелді. Алғашқы халықаралық ұйымдар ретінде Халықаралық телеграф одағын (1865ж.), Халықаралық теміржол одағын (1886ж.), Бүкіләлемдік почта одағын (1874ж.) атауға болады. Әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі маңызды теңіз каналдарының және шығанақтарды пайдалануды құқықтық реттеуді қажет етті, сондықтан 1888 ж. Константинополь Суэц каналы туралы Конвенция қабылданды, 1881 ж. Чили мен Аргентинаның арасында Магеллан шығанағы бойынша еркін жүзу шартына қол қойылды. Тұйықталған көп жақты феодалдық халықаралық шарттардан айырмашылығы жаңа кезеңде ашық сипаттағы халықаралық шарттар жасала бастады. Сөйтіп, мемлекеттер жасалынған халықаралық шарттарға қосыла алатын болды. Осы кезеңдегі халықаралық шарттардың демократиялық нормаларының қатарына 1867 ж. жаралылар мен аурулар режимі туралы Женева Конвенциясында көрініс тапқан жүйеленген және ізгілендірілген соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптаржы, 1899 ж. және 1907 ж. Гаага Конвенцияларын жатқызуға болады. Бұл конвенциялардағы прогрессивті ереже соғыстың бейбіт тұрғындарға қатысты емес, тек комбатанттар (шайқасушылар) арасында жүргізілетіндігі туралы ереже прогпессивті болып табылады. Гаага конвенциялары халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы дауларды бейбіт шешу құралдарының біртұтас жүйесін енгізді. Көп жақты келісімшарттарды жасасу ескерту институттының пайда болуына әкелді. Халықаралық шарттардың мазмұны өзгерді, бұнда монархтың барлық титутлдарын атау біртіндеп жоғала бастады. Олар келісілген бірыңғай құжат бола бастады, шарттардың ажытыратылмас бөлігі болып табылатын қосымшалар енгізіле бастады. Еуропада ант беру, адамдарды кепілге алу, Рим Папасының кепілдігі және т.б. сияқты халықаралық шарттарды жүзеге асыру құралдарының бұрынғы тәсілі жоғала бастады. Осы кезеңдегі барлық халықаралық құқықтың практикасы ғалым заңгерлердің еңбектерінде көрініс тапты (кодекс түріндегі Ф. Лист (Германия), И. Блюнчили (Швейцария), Д. Филд (АҚШ) халықаралық курстарында).
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б. 2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с. 3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б. 5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008. Қосымша әдебиеттер: 8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987. 9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987. 10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987. 11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986. 12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978. 13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985. 14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974. 15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992. 16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы, 17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с. 18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с. 19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ,1998.-416с.
3 тақырып Халықаралық құқықтың қайнар көздері Мақсаты:қазіргі адамзат қоғамындағы халықаралық құқықтың маңызымен, қайнар көздерімен, жүйесімен таныстыру, халықаралық – құқықтық нормалардың түсінігімен таныстыру, оның ішкі мемлекеттік құқық нормаларынан ерекшеліктерін атап көрсету, қабылдау кезеңдерін, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларымен таныстыру, халықаралық құқықтық қатынастар түсінігімен және құрамымен таныстыру.
Негізгі сұрақтар:
1) Халықаралық шарт халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде 2) Халықаралық әдет-ғұрып. Халықаралық шарттар және халықаралық әдет-ғұрыптың өзара әрекеттесуі. 3) Құқықтың жалпы қағидалары туралы мәселелер. 4) Халықаралық ұйымдардың ұсыным-резолюциясының маңызы. 5) Халықаралық конференциялардың актілері. 6) БҰҰ-ның Халықаралық сот және халықаралық төрелік шешімінің ролі. 7) Халықаралық құқық доктриналарының маңызы. 8) Мемлекеттердің сыртқы саяси және сыртқы экономикасының мәселелері бойынша заңдар халықаралық құқықтың қосалқы қайнар көзі. 9) Халықаралық құқықты жүйелеу 10) Қазіргі халықаралық құқықтың ж.йесі. Жалпы халықаралық құқық және жергілікті нормалар. Нормалар және қағидалар. Халықаралық құқықтың салалары және институттары
Халықаралық құқықтың қайнар көздері – бұл халықаралық құқықтың субъектілері қабылдаған халықаралық нормаларды бекітетін ресми нысандар. Оның 4 түрі бар: 1) халықаралық шарттар – негізгі және кең тараған түрі; 2) халықаралық әдет – ғұрыптар; 3) халықаралық жиналыстар мен конференциялардың Қорытынды актілері; 4) халықаралық ұйымдардың резолюциялары Халықаралық құқықтың жүйесі – бұл өзара реттелген элементтерден тұратын оның ішкі құрылымы. Ол салалардан, салашықтардан (бөлімдерден), институттардан, құқық нормасынан тұрады. Мысалы, халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан: халықаралық келісімшарт құқығы, халықаралық ұйымдар құқығы, халықаралық сыртқы қатынастар құқығы, халықаралық әуе құқығы, халықаралық теңіз құқығы және т.б.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б. 2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с. 3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б. 5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008. Қосымша әдебиеттер: 8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987. 9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987. 10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987. 11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986. 12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978. 13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985. 14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974. 15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992. 16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы, 17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с. 18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с. 19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ,1998.-416с.
4 тақырып Халықаралық құқықтың қағидалары Мақсаты: студенттерді халықаралық құқықтың қа,идалары түсінігі мен түрлері, олардың жалпы сипаты туралы білімдер жүйесімен таныстыру
Негізгі сұрақтар
1) Халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесі. БҰҰ-ы Жарғысының алатын орны. 1970 жылғы Хельсинкидегі Кеңестің қорытынды актісінің маңызы. Қазақстанның осы актілерге қосылуы. Халықаралық құқытың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен міндеттері. 2) Мемлекеттердің егемендігінің теңдік қағидасы, оның мазмұны. 3) Күш қолданбау және қорқытпау қағидасы, осы қағиданың қалыптасуы. 1928 жылғы Париж Пактісі. Күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының мазмұны. Баса көктеудің ұғымын анықтау. Соғысты насихаттауға тыйым салу. Күш қолданбау қағидасы және мемлекеттердің өзін өзі қорғау құқығы. 4) Шекаралардың мызғымастығы қағидасы. Оның күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасының органикалық байланысы. 5) Мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, оның мазмұны және оның қолдану әдістері. 6) Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы «мәні бойынша мемлекеттің ішкі құзіретіне кіретін істер» ұғымы. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша қолданылатын шаралар және ішкі істерге араласпау қағидасы. 7) Халықтардың өзін-өзі анықтау және тең құқылық қағидасы,осы қағиданың қалыптасуы. Оның мазмұны.Халықтардың өз тағдырын шешу және өзін өзі билеу құқығы. Халықтардың өзін-өзі анықтау және ұлттық егемендігі қағидасы. Мемлекеттердің ынтымақтастығы қағидасы. 8) Ынтымақтастық қағидасының мазмұны. Адамдардың құқықтарын қорғау қағидасы. Осы аталған қағиданың сақталуын қамтамасыз ету және араласпау қағидасына қатысты мемлекеттердің ынтымақтастығы. 9) Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Қазіргі халықаралық құқықтағы осы аталған қағиданың дамуы және оның мазмұны
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б. 2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с. 3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б. 5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008. Қосымша әдебиеттер: 8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987. 9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987. 10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987. 11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986. 12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978. 13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985. 14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974. 15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992. 16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы, 17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с. 18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с. 19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ,1998.-416с.
5 тақырып Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және құқық қабылдаушылық. Мақсаты: студенттердің халықаралық құқықтың субъектілерін басқа құқық субъектілерінен ажырата білулерін қамтамасыз ету; әлемде бір мемлекеттер пайда болғанда, екінші бір мемлекеттер бөлініп шыққанда жүретін халықаралық мойындау және құқық қабылдаушылық сияқты құбылыстармен таныстыру. Негізгі сұрақтар:
1. Халықаралық құқықтың субъектілерінің түсінігі мен түрлері 2. Халықаралық құқық субъектілік 3. Мемлекет – халықаралық құқықтың негізгі субъектісі 4. Халықтар мен ұлттардың халықаралық субъектілері 5. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі 6. Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі 7. Халықаралық – құқықтық мойындау
1) Халықаралық құқық субъектілерінің ұғымы анықтамасы мен мазмұны 2) Халықаралық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері. 3) Халықаралық құқық субъектілерінің түрлері. 4) Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде. Мемлекеттік егемендіктің белгілері және ұғымы оның әлеуметтік және саяси және заңдық мазмұны. Егемендік және мемлекеттің ішкі құзіреттері. Мемлекеттік егемендікті жоққа шығару концепциясы 5) «Әлемдік» мемлекеттің, үкіметтің, парламенттің теориялары. Халықаралық құқық субъектілері мемлекеттердің түрлері. Халықаралық құқықтағы күрделі мемлекеттер. Тұрақты бейтарап мемлекеттер. 6) Мемлекетті тану. Танудың заңдық зардаптары мен маңызы. Танудың нысандары мен түрлері. Де-юре, де-факто. Соғысушы және көтерілісуші тараптарды, күресуші ұлттарды, қарсыласу органдарын, үкіметтерді тану. Қуғындағы сырт Үкіметтерді, эмигранттық үкіметтерді уақытша үкіметтерді тану туралы мәселелер. Іс жүзіндегі қатынас және тану. Халықаралық қатынастарға мемлекеттердің қатысу және оларды тану. 7) Мемлекеттің құқық мирасқорлығы. Әлеуметтік революция кезіндегі құқық мирасқорлығы туралы мәселелер. Мемлекеттердің біріккен және бөлінген кездеріндегі құқық мирасқорлығы. Аумақтық өзгерістер кезіндегі құқық мирасқорлығы. Құқық мирасқорлығы институтын жүйелеу жөніндегі мәселелер. Мемлекеттердің біріккен және бөлінген кезендеріңдегі құқық мирасқорлығы. Аумақтық өзгерістер кезіндегі құқық мирақорлығы. Құқық мирасқорлығы институтын жүйелеу жөніндегі мәселелер. Мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты құқық туралы 1978 жылғы Вена Конвенциясы. 8) Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің туынды сипаты. Халықаралық ұйымдардың құқық субьъектілігінің туынды сипаты. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігінің құқықтық негіздері. Халықаралық құқық субъектілері халықаралық ұйымдардың түрлері. 9) Халықаралық құқықтың спецификалық субъектілері (еркін қалалар, Ватикан). Тұлғаның халықаралық құқық субъектілік туралы теориясы.
Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық пен міндетті тасушы тұлғалар. Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады. 1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады. 2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар. Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар. Ерекше құқық жүйесі ретінде халықаралық құқықтың ерекшелігі халықаралық құқық субьектіліктің ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. Жалпы алғанда, халықаралық құқық субьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады. Халықаралық құқық субьектіліктің мәнін осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғашқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері (мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады. Өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттардың халықаралық құқық субъектілігі. Мемлекеттердің құқық субъектілігі сияқты, олардың құқық субъектілігі объективті сипатта, яғни қандай да біреудің ерік-жігеріне байланысты емес болады. Қазіргі халықаралық құқық өзін-өзі анықтауға халықтардың құқығын, соның ішінде өзінің әлеуметтік-саяси мәртебесін дамытуға және таңдау құқығын қоса бекітеді және кепіл болады. Халықтардың өзін-өзі анықтау қағидасы халықаралық құқықтың ең негізгі қағидаларының бірі болып табылады, оның қалыптасуы ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басы. БҰҰ Жарғысын қабылдаумен ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы халықаралық негізгі қағидасы ретінде нақты өзінің заңды рәсімделуін аяқтады. 1960ж. отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы Декларация осы қағиданың мазмұнын нақтылап дамытты. Оның мазмұны толық түрде 1970 ж. халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда тұжырымдалды: «Барлық халықтар кедергісіз өз саяси мәртебесін ерікті түрде анықтауға және өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын жүзеге асыруға құқылы, және де әрбір мемлекет бұл құқықты БҰҰ Жарғысының жағдайларына сәйкес құрметтеуі қажет». Қазіргі халықаралық құқықта күресуші ұлттардың құқықтық субъектілігін растайтын нормалар бар. Өзінің тәуелсіз мемлекетін құру үшін күресуші ұлттар халықаралық құқықтың қорғауында болады; Олар объективті түрде халықаралық - құқықтық субъектілікті алуға, мемлекет болып рәсімделуге кедергі келтірген күштерге мәжбүрлеу шараларын қолданулары мүмкін. Халықаралық құқықтың субъектісі болып тек өзінің мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын саяси ұйым бар ұлт қана бола алады. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі.Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтың субъектілерінің жеке бір тобы болып табылады және бұл тек халықаралық үкімет аралық ұйымдар, яғни халықаралық құқықтың алғашқы субъектілері туындатқан ұйымдар. Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы), ереже бойынша, заңды және жеке тұлға қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы мекемелерінде, осылай, парламментарилық одақ БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық субъектіліктің барлық элементтері болмайды. Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі.Халықаралық құқықтың тарихы арнайы келісімшарттармен ерекше саяси - территориялық құрылымдардың мәртебесін белгілегендігін көрсетеді. Бұларға «ерікті қалалар», Батыс Берлин және қазіргі уақыттағы Ватикан, Мальтика ордені жатады. «Ерікті қалалар». 1815 жылғы Вена Трактатына сәйкес «ерікті қала» болып жарияланған және 1846 жылға дейін өмір сүрген Краков қаласы; 1919 жылғы Версаль бейбіт келісімшартымен құрылған Данциг (1920 – 1939жж.) болды; «ерікті Триест территориясын» құруға қадамдар жасалды, бірақ ол табыссыз болды. Кейіннен бұл территория Италия мен Югославияның құрамына кірді. Батыс Берлиннің мәртебесі 1971ж. 03 қыркүйектегі КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасындағы 4- жақты келісіммен реттелді. Осындай мемлекет тәрізді құрылымның болуы ГДР мен ГФР өмір сүруімен түсіндірілді. 1971 жылғы келісімнің ережелеріне сәйкес Батыс Берлин дербес жеке саяси бірлік болды. Германияның құрылуымен бұл субъект өзінің өмір сүруін тоқтатты. Ватикан. Халықаралық актілерде Ватикан «қасиетті тақ» (святой престол) деп аталды. Ватикан – мемлекет –қала. Ватиканның халықаралық құқықтың субъектісі ретіндегі ерекше мәртебесі 1984 жылғы Италиямен келісімнің негізінде белгіленді. Ватикан халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, көптеген мемлекеттермен байланыс жасайды. БҰҰ мүшесі болып табылмайды, өйткені БҰҰ тек мемлекеттер ғана мүше болып кіреді, бірақ оның онда тұрақты байқаушылары бар. Халықаралық конференцияларға, көпжақты конвенцияларға белсенді түрде қатысады; католик елдерінде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер аша алады. Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі.Халықаралық және аймақтық деңгейде халықаралық келісімшарттарда берілген құқықтардың көлемінің ұлғаюына байланысты жеке тұғалар халықаралық құқықтың субъектісі болды. Халықаралық құқықтың негізгі субъектілері болып табылатын мемлекеттер арасындағы өзара қарым- қатынастарды реттеуге бағытталған халықаралық құқықтың нормалары индивидтер орындау үшін арналған. Сонымен қатар, жеке адамның (личность) құқықтық жағдайына ықпал ете отырып, осы құқық нормалары мемлекеттерді индивидтердің нақты мәртебесін қамтамасыз етуге міндеттейді. Қазіргі жағдайда индивидтің халықаралық ұйымға шағымдануға құқығы жоқ. Халықаралық құқық индивидтердің құқықтары бұзылған жағдайды қарау шараларын белгілейді. Бұнымен, Адам құқығы бойынша Комитет, азаптауға қарсы Комитет және зорлық – зомбылық пен қамауға қарсы жұмысшы топ шұғылданады. Халықаралық - құқықтық мойындау (тану).Мойындау институтының даму тарихы құқық субъектілік сұрақтарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл институт халықаралық қатынастардағы барлық өзгерістерді тікелей көрсетеді. Әлемде үнемі бір мемлекеттер өмір сүруін тоқтатады, екіншілері пайда бола жатады және халықаралық ұйымдарды таратып жатады. Осындай өзгерістер болған жағдайда екі заңды сұрақты түбірімен шешуді талап етеді: 1. Халықаралық құқықтың жаңа субъектісін тану (мақұлдау) растау 2. Халықаралық құқықтың субъектілерінің құқықтық қабылдаушылығы. Халықаралық құқықтың доктринасында мойындау (тану) – бұл бұл нақты бір мемлекеттің Халықаралық құқықтық мойындау (тану) - бұл танылатын тараптан заңды дипломатиялық ресімделген қатынаста түсуге мүмкіндік беретін мемлекеттің актісі (құжаты). Халықаралық құқықтың Комиссиясы осы институттың кодификациясы туралы мәселені үнемі көтеріп келеді. 1949 жылы мемлекеттер мен үкіметтерді тану (мойындау) туралы мәселе бірінші кезектегі кодификациялау тізіміне енгізілген. Халықаралық құқықтың субъектілерінің арасындағы қатынастардың практикасы мойындаудың (танудың) басты мәселесін анықтады. Мысалы, танудың заңды салдарларын, тану (мойындау) нысандарын, және т.б. көптеген мәселелер. Бұл институт халықаралық құқық нормаларымен және жекелеген көпжақты және екі жақты шарттармен реттеледі. Танылатындар болып мыналар табылады: · Жаңа үкімет; · Мүлдем жаңа мемлекет; · Ұлт азаттық қозғалыс; · Өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар; Халықаралық құқықта мойындаудың (танудың) теориясы бар: 1) конститутивті теория (ХІХғ. басында туындаған) – бұл теория мойындау (тану) актісіне шешуші роль береді, яғни бұл теорияға сәйкес мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде оны басқа мемлекеттер мойындаған (таныған) сәттен бастап қана бола алады дейді. Оның өкілдері – мемлекет заңды құрылым, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тек оны басқа мемлекеттер мақұлдағаннан кейін ғана пайда болады деп санайды; танылмаған мемлекет заңды түрде болмайды деп саналады. Бұл теория мемлекеттік егемендік ұғымын жоққа шығарады. Пайда болған мемлекет басқа мемлекеттердің қолдауымен, ал кейбір жағдайда олардың еркіне тәуелді етеді. 2) декларативті теория конститутивті теорияға қарсы ықпал етудің нәтижесінде туындаған (бұл теорияны көптеген заңгерлер қолдайды.) Бұ теория - жаңа мемлекетке, халықаралық құқықтың жаңа субъектісіне қатысты нақтылау ролін атқарады; мойындаусыз (танусыз) халықаралық құқықтың субъектілері өмір сүре береді. Мақұлдаудың (растаудың, танудың) саяси және заңды мәні ол мемлекетті халықаралық қатынасқа қатысушылардың құрамы ретінде кіре алады, оның басқа мемлекеттермен саяси, экономикалық, ғылыми – техникалық қатынастарын жақсартуға әкеледі, онгың халықаралық құқықтық субъектілігін жүзеге асыруға ықпал етеді. Мойындау (тану) – танылатын мемлекетке дипломатиялық жолмен жіберілетін жазбаша жолдау ретінде немесе танитын мемлекеттің жоғары мемлекеттік органының қаулысы ретінде рәсімделеді. Мойындаудың (танудың) бірнеше тәсілдері бар. Ең көп тарағандары біржақты декларациялар немесе мәлімдеулер. Бұл көбінесе танылатын мемлекеттің Үкіметіне немесе Ел басына жіберілетін арнайы нотада немесе Жолдауда көрсетіледі. Екіншілеріне, онша көп тарамаған тәсілге, қол қойылған немесе жарияланған коммюнике жатады. Сонымен қатар дипломатиялық қатынастарды орнатумен байланысты бірлескен өтініштер болуы мүмкін, нотамен алмасулар және т.б. да болуы мүмкін. Толық ресми мойындау туралы құжаттарда дипломатиялық қатынастарды орнату мойындаудың маңызды салдарларының (нәтижелерінің) бірі болып табылады. Сонымен қатар, екі жақты келісімшартқа ол қою түрінде де болуы мүмкін. Мойындау түрлеріне мыналар жатады: - мемлекетті мойындау; - жаңа үкіметті мойындау; - ұлт – азаматтық қозғалыстарды олардың органдары түрінде мойындау; - күресуші тараптардың мәртебесін мойындау. Заңды мойындаудың нысандары:de – jure, de – facto, ad hoc. Бұл нысандар халықаралық құқықтың субъектілерін танығаннан кейін болатын заңды салдарларды анықтайды. Бұрынғы мемлекет кетіп, орнына жаңа мемлекет келсе, олардың құқық қабылдаушылығы (мирасқорлығы) туралы сұрақ туындайды. Құқық қабылдаушылық- бұл нақты бір оқиғалар мен жағдайлардың нәтижесінде бір мемлекеттің (субъекттің) құқықтары мен міндеттерінің екінші бір мемлекетке (субъектке) өтуі. Бұл институттың дамуына соңғы жылдардағы халықаралық аренадағы болып жатқан оқиғалар ықпал етіп отыр. Құқық қабылдаушылықтың түрлері: · Мемлекет бөлінгенде; · Мемлекеттен территорияның бөлігі бөлінгенде; · Мемлекеттерді бір мемлекетке біріктейді; · Әлеуметтік ревалюцияның нәтижесінде жаңа мемлекет пайда болғанда; · Отардан азат ету процессі нәтижесінде жаңа мемлекеттер пайда болғанда. Құқық қабылдаушылық 1978ж. халықаралық келісімшартқа қатысты мемлекеттердің құқық қаб
![]() |