Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары 2 часть



· 1976 жылы 3 қыркүйекте халықаралық ұйымның теңіз спутнигінің байланысы туралы конвенциясы (Конвенция күшіне енді)2;

· 1982 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 37/92 мемлекеттің жердің жасанды серігін теледидардан хабар таратуға пайдалану туралы резолюциясы;

· 1976 жылы 13 шілдеде ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатында зерттеу мен игеру туралы келісім. Олардың арасында үкіметаралық ұйымдардың ұйымдастырылған актілері, ғарыштағы бірлескен мемлекеттер қызыметінің негізгі және нақты сұрақтар бойынша көп жақты және екі жақты келісім.

Халықаралық ғарыштың қағидалары келесі келісім шарт түрі – құтқару келісім шарты болып келеді. 1969 жылы құтқару туралы келісім ғарыш объектісінің және ғарышкерлердің оралуы мен оларды құтқару жұмыстары бойынша жерде жүргізілетін іс шараларды реттейді.

Ал 1972 жылы конвенцияның халықаралық жауапкершіліктің негізгі мақсаты ғарыш объектілері және олардың құраушы бөліктері жерге құлаған кезде келтірген зардаптарының орнын толтыру.

Шығыс Европаның және басқа мемлекеттердің ғарыш аумағындағы ынтымақтастық құтқару негізгі 1976 жылы ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатында зерттеу, меңгеру туралы келісім болып табылады. “Интеркосмос бағдарламасының негізгі бағыты ғарыш кеңістігінің функциялық қасиеттерін, ғарыш метереология, ғарыш биологиясы мен медицинасын, ғарыш байланысын және ғарыштан табиғи ортаны зерттеуді көздейді.

1991 жылы 30 желтоқсанда Минскіде Азербайджан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан ғарыш кеңістігін қолданып және зерттеу туралы бірге қызымет ету жайында келісімге қол қойды. Ол келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Бұл келісімге сәйкес 9 мемлекеттің бірлескен қызметі мемлекет аралық бағдарлама негізінде жүзеге асады. Оларды орындау ғарыш бойынша мемлекеттік аралық кеңеспен қадағаланады. Әскери ғарыш бағдарламаларды бірлескен стратегиялық қарулы күштер жүзеге асырады. Қаржыландырудың негізгі көзі қатысушы мемлекеттердің үлестік салымы. Келісім бұрынғы Кеңестер Одағының құрамындағы қатысушы мемлекеттер жерінде болған ғарыш кешендерін және ғарыш объектілерін сақтауға бағытталған.

Халықаралық ғарыш құқығының тағы да бір басқа қалыптасу бағыты- халықаралық органдардың мекемелері мен ұйымдары болып саналады.

80-ші жылдан бастап ғарыш қызметін жекешелендіру мен коммерцияландыру ісін жүргізу бүгінгі таңда халықаралық жеке ғарыш құқығының қалыптасуына әкеп соқты.

Бірқатар мемлекеттерде бұл ұстаным ұлттық ғарышты заңдастырудың дамуына септігін тигізеді.

Сонымен қатар халықаралық ғарыш қызметі тек қана халықаралық көпшлік құқығымен реттеледі деген көзқарас бар. Себебі әрбір елдің заңды және жеке тұлғалар ғарыш қызыметіне жауапты мемлекеттің рұқсатынсыз құқықтық қатынастарға араласа алмайды.

1975 жылы Еуропалық зерттеу ұйымы мен Еуропаның ракета тасымалдаушы жасау ұйымының бірігуі нәтижесінде Еуропаның Ғарыш Агенттігі болып қайта жасақталды.

Құрылтайшы актісіне сай Еуропалық Ғарыш агенттігінің міндеті - Еуропалық мемлекеттердің ғарыш ғылымын және техникасын бейбітшілік мақсатта қолдану мен өңдеу ынтымақтастығын дамыту мен және келтіру. Европалық Ғарыш Агенттігінің штаб – пәтері Парижде орналасқан.

1964 жылы Жердің жасанды серігі арқылы таратылатын Халықаралық байланыс ұйымы уақытша әрекет ететін жасанды серіктер жүйесін құру туралы келісім негізінде пайда болды (ИНТЕЛСАТ).

1971 жылы ИНТЕЛСАТ жайындағы тұрақты мемлекеттер келісімге қол қойды. Жиырмадан астам мемлекет ИНТЕЛСАТ мүшесі айналды. ИНТЕЛСАТ мақсаты - коммерция негізінде ғаламдық байланыс жүйесін құру және пайдалану. ИНТЕЛСАТ-тың штаб – пәтері Вашингтонда орналасқан.

1971 жылы Интерспутник халықаралық ғарыш байланысының ұйымы құрылды. Бұл ұйымның мақсаты – жердің жасанды серігі арқылы мемлекеттіік мүшелерге байланысты құру мен пайдалануын реттеу. Интерспутник штаб – пәтері Мәскеуде орналасқан.

1976 жылы халықаралық теңіз байланысының ұйымы құрылды. (ИНМАРСАТ) 60 астам мемлекет мүшесі болып кіреді. Бұл ұйымның мақсаты - ғарыш сегіментін қамтамасыз ету арқылы теңіз бойын жақсарту, яғни қауіптілік жағдайда хабарландыру, теңіздегі адам өмірінің қорғалуын қамтамасыз ету, кеме және оларды басқару жұмысының нәтижелі өсуі, теңіздің хат – хабар қызыметінің, радио анықтау қызыметінің жеңілдету мүмкіншілігі.

ИНМАРСАТ штаб – пәтері Лондонда орналасқан.

Басқа да бірқатар халықтары үкіметтік ғарыш ұйымдары бар, соның ішінде серік байланысы бар араб ұйымы (АРАБСА), метеорологиялық серіктікті пайдаланатын Еуропалық ұйым (ЕВМЕТСАТ) және т.б. Ғарыш қызметінің белгілі бір бағыты Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы ұйымдар жүйесінің шеңберіне кіреді.

· Жан-жақты электр байланыс одағы;

· Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО);

· Бүкіләлемдік меторологиялық ұйым;

· Білім, ғылым және мәдениет туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО);

· Үкімет аралық теңіз ұйымы.

1967 ж. ғарыш жайлы келісім шарт үкіметтік емес заңды тұлғалардың ғарыш қызметіне сәйкес қатысушы мемлекет рұқсаты мен қадағалауы бойынша жарияланады.Бұндай қызметке мемлекеттер жауапты және келісім шартқа сәйкес жазыла қамтамасыз етілуі тиіс.

Халықаралық үкіметтік емес абыройлы ғарыш ұйымының бірі болып ғарыш кеңістігін зерттеу комитеті және халықаралық астронавтикалық ұйымы саналады.

Ғарыш кеңістігін зерттеу комитеті 1958 жылы халық аралық ғылыми Одақ Кеңесінің бастамасы бойынша құрылаған.

Комитеттің негізгі мақсаты – ғарыш техникасын қолдану. Мемлекетке байланысты саладағы ауқымды ғылыми зерттеуге көмек беру. Ғарыш кеңістігін зерттеу Комитеті құрамына ғылым академия, оларға теңестірілген ұлттық теңемелер, қырыққа таяу мемлекеттер, оннан астам халықаралық ғылым одағы кіреді.

Халықаралық астронавтикалық ұйым ресми түрде 1952 жылы тіркелген. Бірақ оның пайда болу уақыты 1950 жыл болып саналады. Бірқатар Батыс Еуропа елдері мен Аргентинаның астронавтикалық қауымдастығы ғарышқа ұщу мәселесімен айналысатын халықаралық үкіметтік емес ұйым құруға шешім қабылдады.

Федерацияның мақсаты – астронавтиканың дамуына үлес қосу, ол туралы хабар тарату, астронавтиканың барлық саласын дамытуда көмек көрсету, жыл сайын астронавтикалық конгресс өткізу.

Халықаралық астронавтика ұйымының құрамына, біріншіден, ұлттық мүше әр елдің астронавтикалық қауымдастығы, екіншіден, ғарыш тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізетін мамандарды дайындайтын оқу орны, үшіншіден сәйкес халықаралық ұйымдар кіреді. Халықаралық астронавтикалық ұйымына тәуелсіз ұйымдар бірақ онымен тығыз байланыста болады.

Адамзаттың ғарышты игеру нәтижесінде оның қызметіндей ауқымды сипаты бүгінгі таңда ғарыш кеңістігін игеру мен зерттеуде реттеу шараларын қолданатын бүкіл ғаламдық ғарыш ұйым құру жайында мәселе туады.

1986 жылы Кеңестер Одағы Біріккен Ұлттар Ұйымына, сондай ұйым жайында ұсыныс берді. Бүкіл әлемдік ғарыш ұйымының мақсаты, функциялары, құрылымдары, қаржыландыру тәртібі сипатталған Жарғы ұсынды.

Халықаралық құқық қағидаларының түсінігі.Халықаралық құқық ерекшелігі онда негізгі қағидаларының кешенді болып келуі, сонымен қатар бұл қағидалар ерекше саяси және моралды күшке ие болады. Саяси себепті оларды дипломаттың тәжірибеде халықаралық қарым – қатынас қағидалары деп аталады. Бүгін қандай да болмасын маңызды саяси шешім негізгі қағидаларға сүйенсе сенімді болады. Бұл фонтаны маңызды халықаралық актісіндегі осы қағидаларға сілтемелер дәлелденеді.

Қағидалар тарихи шарт. Бірінші жағынан халықаралық қарым – қатынас пен халықаралық құқық жүйесінің жұмыс істеуінде қажетті, екінші жағынан қазіргі тарихи жағдайда әрекет ете алады. Қағидалар мемлекеттің негізгі мүддесін және халықаралық қауымдастықтың мүддесін қамтиды. Субъективті жағынан мемлекеттің халықаралық қарым – қатынас жүйесінің заңдылығын, өзінің ұлтын және жалпы мүдделерін түсініп қамту деңгейі.

Халықаралық құқықтың әртүрлі қағидалар түрлері бар. Олардың арасында қағида – идея маңызды орын алады. Оларға бейбітшілік, ынтымақтастық, адамгершілік, демократия және тағы басқа жатады. Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында, адам құқығын қорғау бойынша және басқа құжаттарда қамтылған. Қағида – идеаның негізгі мөлшері нақты норма арқылы әрекет етіп, нысандарының мазмұнын қамтып, қызметке бағыттайды.

Қағидалар маңызды функцияларды атқарады. Олар субъективтік қарым – қатынасының негізін анықтап, мемлекеттің негізгі құқықтары мен міндетін бекітеді. Қағидалар бейбітшілік, ынтымақтастық, адам құқығы деген негізгі адамзат құндылықтар жиынтығын біріктіреді және қорғайды. Олар халықаралық құқықтың дамуы мен оның саяси құқық келбетін анықтайды.

Қағида халықаралық заңдылықтың белгісі болуы керек. Халықаралық қауымдастықтың жүйесінің негізі болып келіп қағидалар жаңа субъектілер жаңа ынтымақтастырудың өрісі пайда болған кезде жалпы авнкартты реттеуді анықтайды. Мысалы, жолға ғарыш саласындағы мемлекеттердің ынтымастықтарының болысымен қағидалардың қызметі бұл өріске дереу таралды. Сонымен қатар пайда болған жаңа мемлекет халқаралық құқық қағидаларымен байланысты болады.

Қағидалардың маңызды рөлінің бірі халқаралық құқық кемшіліктерінің орнын толтыру. Халықаралық құқықтың нормаларының бірі бұрынан қағида аталса, басқалары халқаралық құқық реттеу кезіндегі өзінің рөліне, маңыздылығын күшейтуге байланысты атала бастады.

Құқық қағидасының обективті тәртібінің қоғамдық тәжірибенің, қоғамдық даму заңдылықтарының нормативті қамтылуы (бұл процестерді субъективті таныстыру емес).

Халықаралық қағидалары қоғамдық тәжірибе нәтижесінде пайда болған субектілерді басқаратын заңда бекітілген халықаралық құқықтың бастамасы болу керек ережелері. Бұл халықаралық құқықтың барлық субъективті міндетті сипаттама нормасы. Халықаралық құқық қағидаларын сақтау міндетті.

Жеке және бір топ мемлекеттерге халықаралық құқық қоғамның бұзу қағидаларының тәжірбиені жауапқа шақырса да күші жетпейді.

Кез – келген мемлекет қоғамдық тәжірибесі қағидалары бұзылса да түзетуге міндетті.

1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының ұйым туралы баяндамасында «Елеулі өзгерістер байқалды. Халқаралық мәселе ұзақ уақытқа шешілуі Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында салынған жалпыға танылған қағидаға сүйеніп шешу керек»1 деп айтылған.

Халықаралық құқық қағидасы әдепті жүйе келісім шарт жолымен қалыптасады. Олар екі функцияны жүзеге асырады. Халқаралық қарым – қатынасты тұрақтандыру мақсатында нормативті белгілермен шектеп, халықаралық қарым – қатынас тәжірбиесінде алмастырылған жарнамаларды бекітіп, мұндай жолмен олардың дамуына көмектеседі.

Халықаралық құқық қағидаларының өзіне тән ерекшелігі - әмбебаптылығында. Халықаралық құқық субъектісінің қағидасын қатаң сақтауы міндетті. Себебі кез – келген халықаралық қарым – қатынастарының басқа қатысушылардың заңды мүдделерін қозғайды. Бұл халықаралық қағидалары халықаралық қатынастардың нормативтік жүйесінің заңдылығының критериі. Қағидалардың қызметі қандай да бір себепен нақты нормативімен реттелмей қалған субектілер аумағына тарайды.

Сонымен қатар оларға тән сипат байланыстылығы тек бір – бірімен байланысу арқылы олар өз функцияларын жүзеге асырады. Олардың байланысы халықаралық құқық қағидалары туралы декларациясында көрснтілген. 1970 жылғы 24 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мемлекеттер аралық ынтымықтастық және достастық қарым-қатынасқа сәйкес «жоғарыда аталған кағиданы қолдану және талқылау кезінде әр бір қағида басқа қағидалар контексінде қарастырылуы керек»1-деп айтылған.

Қағидалар комплексіне кейбір сатылы лауазым тиесілі. Басты орынды күш қолданбау қағидасы алады. Бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатына барлық қағидалар бағынады. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сотымен бекітілгендей, дауды бейбітшілік жолмен шешу қағидасы күш қолданбау және күшпен қатер төндірмеу қағидаларын толықтырылады.

Құқық пен сыртқы саясат арасында үздіксіз байланыс бар. Сыртқы саясат ғарышты игерумен тығыз байланысты. Кезкелген аумақтағы сыртқы саясатты жұзеге асыру үшін мемлекеттер жалпы халықаралық құқық қағидаларын үстануы қажет.

Олардың негізгі заңды нысаны әдет – ғұрпы болу керек. Оның түрлері жүріс тұрыста емес нормативті тәжірбиеде анықталады. Резомация қағидасының мазмұнын қалыптастырады, ал мемлекеттер заңды күшін мойындайды. Қағида жалпыға міндетті болу үшін, оны халқаралық қауымдастық толығымен келісе мемлекеттердің көпшілігімен өкілдерімен мамандандырлуы қажет. Қағидалардың қатынасумен ұйымдастыру ерекшелігі олардың қажетті әлемдік тәртіп кезін және халқаралық құқықтарының қатысу мен бекітуі едәуір мөлшерде анықталады. Олар өз бетімен қажетті құжатты толтырады.

Халықаралық қағидалармен баяндалған жерде жалпы құқық қағидасы түсініктемеде таңдасылуға болмайды.

Бұл мәселе бойынша әр түрлі көзқарас бар. Жақтаушылар бұл ұғым табиғи құқықтармен әділеттілігінің жалпы қағидаларын қамтиды және халқаралық қатынастардың ерекше қайнар көзі деп есептейді. Басқа конценцияны ұстанушылар жалпы қағидаларды халқаралық қатынастардың негізгі нормалары ретінде түсіну керек деп санайды.

Бірақ соңғылары таяу арада ұлттық құқықтардың жалпы қағидалары бола қоймас. Сонымен қатар жалпы құқықтар ұғымы халқаралық құқықтардың негізгі қағидасы ұғымына дейін табылған болатын.

Ал үшінші концепцияға сәйкес жалпы қағидалар деп, ұлттық қауым жүйесіндегі жалпы қағидалар айтылады. Кезінде кез – келген құқық жүйесінде қолданылатын нормалардың заңдылығын көрсететін ережелер жайында айтылады.

Халықаралық құқық үшін процесуалды құқық күші дамыған қағидалар маңызды.

Халықаралық құқық жүйесіне ену үшін ұлттық құқық жүйесінде жалпы қағида болуы жеткіліксіз. Осы жүйеде әрекет етуі қажет. Ол халықаралық құқықта халықаралық қауымдастығының келісімі нәтижесінде оңайлатылған тәртіпке басым енуі қажет. Жалпы қағидалар әдетте норма қалпында халқаралық құқық қатынастарының ерекше қайнар көзі ретінде қарастырлмайды. Сот тәжірибесі европалық интегорциялау жағдайларында да жалпы құқық қағидасы бұл тек қана қатысушы мемлекеттердің ұлттық құқық қағидасы ғана емес, сонымен қатар халқаралық құқық қатынастар қағидалары деп санайды.

Халықаралық құқық негізгі қағидалары Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының қағидасы кеңінен танылған yus cogens сипатында көрінеді. Яғни жоғарғы тәртіптің міндеті болып, мемлекеттрмен жеке немесе өз ара келісімі арқылы өзгертіле алмайды.

Қазіргі халқаралық құқық қағидаларының көзқарасын алатын ең абройлы құжаттар 1970 жыл 24 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясымен қабылданған қағидалар туралы декларация қатысушы мемлекеттер өз ара қарым – қатынасында 1975 жылы 1 август СБСЕ қорытынды актісінде сипатталған қағидалар декларациясымен қолданылды.

Халықаралық құқық қағидаларын қолданып, талқылау кезінде ескеретін маңызды жай, олар бір – бірімен байланысып, әрбіреуі басқа барлық қағидалармен бір контексте қаралады.

Халықаралық ғарыш құқығы қағидаларының түрлері мен ерекшеліктері.Халықаралық ғарыш құқықтарының қағидалары 1976 жылы мемлекеттің ғарыш кеңістігін, айды, аспан денелерін зерттеумен игеру келісім шартта бекітілген.

Егеменді теңдік қағидасы.Мемлекеттік теңдік қағидасы негізгі қағидалардың бірі болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында қағида туралы бабында бірінші орында ұйымның барлық мүшелері сувернді теңдігінің қағидасы негізінде құрылған деп айтылған.

Бұл қағида Біріккен Ұлттар Ұйымы негізі ғана емес, сонымен қатар халқаралық қарым – қатынасты басқару жүйелерінде негіз болады. Қағиданың негізгі мазмұны мемлекеттердің егеменді теңдігінің бір – бірімен ерекшелігін, сувертекст тән құқықты, басқа мемлекеттердің құқық субектілігін санауға міндетті.

Әрбір мемлекет өзінің саяси, әлеуметтік, экономиканың және негізгі жүйесін еркін талдауға және дамытуға құқылы. Және өзінің заңдылығы мен әкімшілік ережелерін орнатуға құқылы. Барлық мемлекеттер бір – бірін құрметтеуге міндетті және басқа мемлекеттер мен қарым – қатынасын халықаралық құқықтарына сәйкес өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Әрбір мемлекет халықаралық ұйымдар мен келісім шарттарға қатысуға құқылы. Мемлекеттер халқаралық құқық міндеттерін егеменді теңдік қағидасы бұрыннан танымал екі қағида құрметтеу және теңдік қағидаларының механикалық бірлестіктіні емес. Бірлестік жаңа қағиданың қосымша пәнін береді.

Екі элементтің үзіліссіз байланысы байқалады. Теория және тәжірбие кездесетін көзқарас халықаралық құқық қатынастарының кез – келген халықаралық міндеттерімен мемлекеттердің егемендігін жетілдіреді. Негізінде халықаралық суверенитеті қамтамасыз етіп, оны теріс қолдануға мүмкіндік бермейді. 50 жылы дайындалған халықаралық құқық кабинетіндегі А.Н. Чехословацкидің баяндамасында халықаралық құқық мемлекеттің суверинтетін шектемейді, керісінше мемлекет шекарасынан тыс жерде көрініп, қолданылуына мүмкіндік береді деп айтылған.

Халықаралық құқықтағы теңдік ол теңдіктердің құқығы (yus inter pares). Тең теңдердің үстінен билік жүргізе алмайды (perin parem ron habet potestatem). Бүгінгі таңда халықаралық мемлекет құрлымы теңдеулер құрлымы субъектілер жүйесі ретінде қаралады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы теңдіктер құқығының ұйымының негізгі мақсаты бейбітшілікті сақтау, ынтымақтастық достық қарым – қатынастың дамуына шарт ретінде бекітті.

Сонымен қатар теңдік құқығын қамтамасыз ету мәселесін жеңілдетуге негіз жоқ. Халықаралық қарым – қатынастың бүкіл тарихы үстемдік, ықпал ету жолындағы күреспен сипатталады. Бүгінгі таңда бұл тенденция ынтымақтастығына және құқықтық тәртіпке зиян келтіреді. Біршама авторлар мемлекеттің теңдік құқығы ауыз болып келеді деп санайды. Екінші мемлекеттің нағыз теңсіздігін жоққа шығармайды. Ол заң жүзінде теңдіктің орнауын көрсетеді. Адамдарда өз мүмкіншіліктері бойынша теңдік болмайды, бірақ олардың сот алдындағы теңдігі ешқандай күмән тудырмайды. Теңділік басқа мемлекеттердің және халықаралық қауымдастарының мүдделерін ескере отырып жүзеге асыруы тиіс. Қазіргі халықаралық құқық көпшілігі мемлекеттер қатысуымен қалыптасады.

Мемлекеттің теңдік құқық мәртебесі халықаралық құқық қатынастарының нормаларында бірдей қолданып, міндетті теңдік күшімен ие болады. Мемлекеттер құқығының жасалуына және өзіне міндеттілерді қабылдауға теңдік қабілетімен ие болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық сот тіркеуі бойынша теңдік халықаралық құқықпен реттелмейтін істерде де теңдік бастамдылығын білдіреді.

Барлық мемлекеттер заңды мүдделеріне қатысты халықаралық мәселенің шешімдеріне қатысуға тең құқықпен ие болады. 1974 жылғы картада экономикалық құқық және мемлекеттің міндеттемелерінде: барлық мемлекеттер заңды түрде тең құқылы және халықаралық қауымдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде халықаралық шешім қабылдау процесс толық және нәтижелі түрде қатысуға құқықтары бар деп айтылған.



Просмотров 1757

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!