Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары 1 часть



Халықаралық әуе құқығының арнайы негізгі қағидаты мемлекеттін өз әуе кеңістігіне толық және ерекше егемендігінің таралуы.Әуе кеңістігіне егемендік қағидатының мазмұны мемлекеттер өз әуе кеңістігінде өздері құрған құқықтық режимін қолдануы болып табылады.Осы қағидат халықаралық келісімдерге қалай бекітілсе дәл солай әр елдің заңдылығында да бекітіледі.Кез келген әуе кемелері қандайда бір мемлекеттің аумағы шегінен ұшып өткенде, сол мемлекеттің әуе хабарландыруына байланысты заңдар мен тәртіптерді қатаң орындауға міндетті.Өз әуе кеңістігіне егемендік қағидатын негізге ала отырып, мемлекеттер әдетте ұшу жолдары мен бағыттарын, ал қажет болғанда тыйым салынған аймақтар арқылы ұшу және радиобайланыс ережелерінің тәртібін анықтап, ұшу қорғасын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттер өз құзіреті органдары арқылы әуежайға ұшып келген шетел әуе кемесінің құжаттарын тексеруге құқылы.Сондықтан халықаралық әуе хабарландыруларын жүзеге асырушы шетел әуе кемелері қандайда бір мемлекет аумағына келгенде сол мемлекеттің заңдарына бағынады.

Ашық әуе кеңістігіндегі ұшу еркіндегі қағидаты.Ашық немесе халықаралық әуе кеңістігіне жағалаудағы мемлекеттің аумақтық суының әрі қарйғы кеңістігі жатады.Әуе кемелері халықаралық әуе кеңістегіндегі еркін ұшу мәселесі халықаралық келісімдер мен ИКАО регламентінде белгіленеді.

1944 ж.Чикаго конвенциясы мен ИКАО белгіліген Ашық теңіз үстімен ұшу ережелерін кез келген мемлекет өз әуе кемелерінің қатаң түрде сақтауын қамтамасыз етуі тиіс. Ашық әуе кеңістігінде әуе кемелерінің ұшу ережелерінің жүйесі «әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшу ережелері – аэронавигациялық қызмет көрсету рәсімі» туралы Чикаго конвенциясынын қосымшасында белгіленген.

Халықаралық азаматтық авиациацының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаты.Бұл қағидат бойынша бір жағынан авиациялық техниканың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, екінші жағынан азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз актілермен араласуға қарсы күресу.

1944 ж.Чикаго конвенциясы мен ИКАО-ны құрудың негізгі мақсаты халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіздігі мен тәртіпті түрде дамуы болып табылады.Оған конвенцияда көрсетілгендей, аэронавигациялардың қауіпсіздігіне қойылған талаптар жатады.Бұл талаптар авиация саласында ғылыми – техникалық прогрестің дамуына байланысты ылғи өзгертіп отырады.Бұл жұмыстарды орындау ИКАО-ға жүктелген.Осы мақсатпен қажет болған жағдайда мемлекеттер ИКАО-тен бірге халықаралық регламенттерді қабылдайды.Бұл регламенттер әуе кемелерін пайдалану мезгілін және тіркеу мен борттық құжаттарын, байланыс жүйесін және аэронавигациялық картасын т.б мәселелерді қарастырады.

ИКАО-ның бастамасымен және қамқорлығымен 70-жылдары азаматтық авиацияның қөызметіне заңсыз араласуға қарсы күресуде мемлекеттер қарым-қатынасын дамыту және ұйымдастыру жөнінде халықаралық конвенциялар шығарылды: 1970 ж. әуе кемелерін заңсыз басып алуға заңсыз күрес туралы Монреаль конвенциясы.Бұл конвенцияда ұшып бара жатқан әуе кемелерін қорқыту немесе күш қолдану арқылы басым алса, онда ол ауыр қылмыс болып табылады.

Монреаль конвенциясында мұндай қылмыстың түрлері көбірек көзделген:әуе кемесі ішіндегі адамдарға қарсы, әуекемелерін бұзса не жойса, әуе кемелерінің жұмысына қауіп төндіретін жалған (ақпарат) мәләмет айтса.Осы конвенцияға мүше мемлекеттің барлығы да осындай қылмыс жасағандарға қатаң жаза түрін қолдануға міндетті.1988 ж.Монреаль конвенциясының хаттамасында халаықаралық әуе кемелерін ұшыруға қызмет көрсету кезінде әуежай жұмысына зиян келтіру.

3. Мемлекет аумағында ұшу ережелері

Тәжірибеде мемлекет аумағынан әуе кемелерінің ұшуы тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Тұрақты ұшу алдын ала бекітілген кестемен, жоспармен белгіленген сызықпен жүзеге асырылады.Ал тұрақсыз ұшу әуе (чартерлік әуе тасымалдау) қатынастары екі немесе бірнеше мемлекеттердің арасында екіжақты келісіммен белгіленеді.Кейбір мемлекеттер (мысалы АҚШ) авиакәсіпорындарға өз аумағына келгенде сақтауға міндетті қосымша талаптар қойылған пайдалану рұқсатын береді.

Чикаго конвенциясының 5 бабына сәйкес осы конвенцияға мүше мемлекеттердің халықаралық әуе хабарландыруында тұрақты ұшуға жатпайтын әуе кемелері басқа мемлекет аумағынан ұшуға тек сол жағдайда құқылы, егер олар Чикаго конвенциясының нормаларын бұзбай және конвенцияға мүше мемлекет аумағына ұшып өту немесе коммерциялық емес мақсатта рұқсат етіледі.Мемлекеттер өз аумағында ұшып бара жатқан шетел әуе кемесін тоқтатуға құқылы.

Егемендік қағидадынан мемлекеттер өз аумағында әуе кемелері мен басқа да ұшу аппарттарының ұшуы жүзеге асырылуы үшін ережеге шығарады.Чикаго конвенциясынын 6-бабына сәйкес «арнайы рұқсат немесе осы мемлекеттін басқа бір санкциясы және осындай рұқсат пен санкцияның жағдайларына қатысты болмаса, келісім жүргізіп жатқан мемлекеттін аймағы үстінде немесе аймағында ешқандай халықаралық әуе хабарландыруын жүзеге асыруы мүмкін емес».

Тәжірибеде шетелдер аумағының шегінде әрдайым ұшу құқығын мемлекеттер әуе хабарландыру туралы келісім арқылы алады.Кейбір мемлекеттер (әсіресе АҚШ) авиакәсіпорындарға сол аумаққа ұшуда әуе кемелері талаптарының тізімі бар қосымша пайдалану рұқсатын береді.

1952 ж.ИКАО кеңес халықаралық әуе хабарландыруы арқылы әрдайым ресми анықтама қабылдайды.Халықаралық навигацияда әрбір әуе кемесінің тіркеу туралы куәлік, ұшуға жарайтындығы туралы куәлік, борттық журнал және т.б құжаттары болуы керек.

Шет мемлекеттердің әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне сол мемлекеттің заңы және кедендік, валюталық, карантиндік бақылауы тарайды.

Әуе кемесі апатқа ұшыраған жағдайда қай мемлекеттің аумағында апатқа ұшыраса.Сол мемлекет апатқа ұшыраған әуе кемесіне көмектесуі тиіс.

Шекараны бұзған немесе әуе жолынан шығып кеткен шетел әуе кемесін әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың өміріне қауіп төндірмей және әуе кемесінін қауіпсіздігін сақтауға әрекет жасау керек.

4. Халықаралық әуе тасымалдауын құқықтық реттеу

Халықаралық әуе тасымалдауындағы негізгі мәселе шетел авиакәсіпорындарының коммерциялық қызметтерін реттеу болып табылады.Осы проблема өз кезінде ірі авиациялық державалар мен олардың авиакомпанияларының арасында үлкен дау туғызған.Егер коммерциялық құқық ұғымына келетін болсақ, бұл авиакәсіпорындарға жолаушылар, жүктер мен поштаны сыйақы үшін әуе арқылы тасымалдауына рұқсат беру.

Халықаралық әуе тасымалдау ұғымы әдетте коммерциялық құқықтармен ашылады:

1. Транзиттік құқықты берген мемлекеттің аумағында қондырусыз транзиттік ұшу құқығы.

2. Коммерциялық емес мақсатта транзиттік ұшу, қондыру құқығы.

3. Әуе кемесі тіркелген мемлекетке ұшуда шет мемлекеттен бортқа алынған жолаушылар мен жүктерді және поштаны алып кетуге құқылы.

4. Әуе кемесі тіркелген мемлекеттен бортқа алынған жолаушыларды шығару, жүк пен поштаны шығару шет мемлекетке алып келуге құқылы.

5. Осы негізгі «ауа еркіндігінен» тағы да басқа құқықтар.

6. Өз мемлекетінің аумағы арқылы үшінші мемлекетке тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы.

7. Өз мемлекетінің аймағынан өтпей, үшінші мемлекеттің аймағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы.

Қазіргі уақытта осы көрсетілген ауа еркіндігінің түрлері әуе кемесін тіркелген мемлекетке ғана емес, сонымен қатар мемлекет – пайдаланушыда (әуе кемелерін жалға алушы) қолданылады.

Батыс Еуропада коммерциялық құқықты реттеудін жаңа бағыты бойынша әуе тасымалы туралы екіжақты келісімдер (мысалы:1984 ж7Ұлыбритания мен Нидерланды арасындағы келісім, ФРГ мен Люксембург) ашық тәртіпті маршрут қағидатына сәйкес бесінші «еркіндік» құқығы бойынша өкілетті авиация органдарымен (үкіметпен емес) қолданылады.

Қазақстан Республикасының көлік және телекоммуникация министрлігі басқа міндеттермен қатар, халықаралық және мемлекетаралық көлік аймағында қызмет етеді. Қ.Р көліктік кешенді басқарудағы мемлекеттік орталық басқару органы болып табылады.Оның құрамына сонымен қатар әуе көлігі де кіреді, мұны басқаратын Азаматтық авиация комитеті.Одан басқа Қазақстанда жеке авиациялық кәсіпорындар қызмет істейді, қазіргі кезде Қазақстан 70-тен астам әуекомпанисы бар, оның ішінде 40%-ның әуекомпаниясында өз әуе кешелері жоқ, соған қарамастан олардың жасайтын қызметтері халықаралық тарифпен бірдей.Өкілеттік мақсатта, осы кәсіпорынның мүддесін қорғау үшін авиациялық кәсіпорындар шетелге өзінің өкілдіктерін жібере алады, мысалы:Қ.Р әуе нарығында шетелдік әуе компаниялар 70% болып саналады.

5. Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік

Мемлекеттің жауапкершілігі.Мемлекеттер халықаралық әуе құқығының қағидаттары мен нормаларын бұзғандары үшін саяси жауапкершілікке тартылады.Ол жауапкершілік ИКАО Ассамблемына дауыс беру құқығынан айрылу түрінде болуы мүмкін.Сонымен қатар, мемлекеттер басқа мемлекеттін әуе кеңістігі егемендігін бұзғаны үшін халықаралық жауапкершілікке тартылады.

Әуеде тасымалдаушы (авиакәсіпорын) жолаушылар мен жүк иелеріне келтірген шығындары үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікке тартылады.

1929 ж. Варшава конвенциясына сәйкес тасымалдаушы жолаушының өліміне алып келген немесе кез келген дене жарақаты және жүктің жоғалуы мен жеткізіп беру уақытын кешіктіргені үшін келтірген зиянға жауап береді.

Варшаваға келісім – шарт жүйесінде әуеде тасымалдаушы жуапкершілігінің максимум шекті көлемі белгіленген.Әрбір жолаушы үшін (апттан қайтыс болған жағдайда) жауапкершілік шегі - 250 мың француз аптыны, әрбір - 1 кг салмақ жүк үшін – 250 мың француз алтыны, әрбір қолды ұстап жүрген затқа 5 мың француз алтыны.1966 ж. Монреаль келісім – шарты бойынша тасымалдаушының жуапкершілік шекті көлемі 75 мың американ долларына көбейтілді.1971 ж. Гватемала хаттамасы жауапкершілікті өтеудің көлемін 100 мың долларға өсірді.

6 Халықаралық Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО)

ИКАО – ұғымының ағылшын тілінен аударылған аты. Бұл ұйым 1944ж. Чикаго конвенциясында азаматтық авиация мәселелерін шешу үшін құрылған. ИКАО-ның өзінің ішкі жарғысы бар. 1946ж. бұл ұйым БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы мәртебесін алды.

Қазіргі уақытта ИКАО – азаматтық авиация саласындағы үлкен ұйым.Оның құрамына 150 мемлекет бар. Қазақстан Республикасы 1992 ж. 21 тамызынан бастап осы ұйымға мүше.

ИКАО-ның негізгі мақсаты Чикаго конвенциясына сәйкес халықаралық азаматтық авиациялардың қауіпсіздігін және дамуын қамтамасыз ету.

ИКАО-ның жоғарғы органы Ассамблея болып табылады.Оған барлық мемлекет қатысушылары қатысады.Олар әр үш жылда бір жиналады және онда олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.Атқарушы органы – кеңес болып табылады.Ол жыл сайын үш рет жиналады және оның мүшелері 33 мемлекет.Әуе навигациясы комиссиясы 15 адамнан тұрады.Оның мүшелері әуенавигациясы саласындағы заңды тұлғалар болады.Секретариатты кеңес сайлаған Бас хатшы басқарады.Заңды комитетке ИКАО-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің бәрі қатысады.

ИКАО-ның тұрғылықты жері – Канаданың Монреаль қаласы.

Сонымен қатар халықаралық әуе қатынастарында маңызды халықаралық ұйымдарға Азаматтық авиацияның Еуропалық конвенциясы (ЕКАК), Аэронавигацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Еуропа Ұйымы (Еуробақылау), Азаматтық авиацияның Африка комиссиясы (АФКАК) т.б.

 

Бақылау сұрақтары

 

1) Халықаралық әуе құқығының түсінігін беріңіздер

2) Халықаралық әуе құқығының қайнар көздерін атаңыздар

3) Ммемлекеттік территорияның үстінен ұшу реттеу тәртібін анықтаңыздар?

4) Ашық теңіздер және халықаралық –құқықтық режимдегі территориялардың үстінен ұшу ерекшеліктерін атаңыздар

 

Әдебиеттер:

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.

Қосымша әдебиеттер:

8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987.

9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987.

10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987.

11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986.

12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978.

13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985.

14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974.

15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992.

16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы,

17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.

18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с.

19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.

 

20 тақырып Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық

Мақсаты: халықаралық ғарыш құқығы туралы білімдер жүйесін беру

 

Негізгі сұрақтар

1) Халықаралық ғарыш құқығының түсiнiгi, қайнар көздерi және субъектiлерi

2) Ғарыш кеңiстiгi мен аспан денелерiнiң халықаралық – құқықтық режимi

3) Ғарыш объектiлерiнiң халықаралық – құқықтық режимi

4) Ғарышкерлердің құқықтық мәртебесi

5) Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершiлiк ұғымы

6) Халықаралық ғарыш ұйымдары

Халықаралық ғарыш құқығы – ғарыш қызметіндегі субъектілердің арасындағы қарым қатынастарды реттейтін, ғарыш кеңістігін, сонымен бірге аспан денелерін игеру мен зерттеу қызметіндегі ғарыш қызметіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін халықаралық құқықтық сала.

Халықаралық қатынастардың барлық аймағын реттейтін құқықтар мен міндеттер халықаралық құқықтың жалпы қағидалары мен нормаларында ғана емес, сонымен қатар ғарыш кеңістігі мен ғарыш қызметін реттейтін арнайы қағидалар мен нормаларында көрініс табады.

Халықаралық ғарыш құқығы термины оның тура мағынасына қарамастан, ғарыш кеңістігінің қызметі мен аспан денелерінің қызметіне ғана емес, сонымен бірге олардың жердегі және әуе кеңістігіндегі зерттеулер мен игеру қызметтерінеде таралады.

Халықаралық ғарыш құқық нормаларының қызметі тек қана қазіргі кезде ғарыш кеңістігін өзінің техникалық құралдарын пайдаланып зерттеуге қатысушыларға ғана емес, сонымен қатар басқа аумақтар шегіне де таралады. Халықаралық ғарыш құқығының жалпыға танымал нормалары ғарыш қызметінде әрекет етуіне қарамастан, барлық мемлекеттерге құқықтары мен міндеттері бірдей таралады.

Халықаралық ғарыш құқық объектісіне ғарыш кеңістігі (теңіз деңгейінен 100 километр биіктіктен басталатын жер үсті кеңістігі), Күн жүйесінің планеталары, Ай, жасанды ғарыш объектілері және оларды құраушы бөліктер, ғарыш экипаждары, ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу мен игеру қызметі, ғарыш қызметінің нәтижелері жатады, мысалы, алыс қашықтықтан жерді аймақтарға бөлу ақпаратын ғарыштан жіберу, аспан денелерінен жерге жіберілген ақпараттар және т.б. Жер үсті әуе және ғарыш кеңістігіне бөлінеді. Бұндай бөліну ұшу аппараттардың әр түрлі техникалық жылжуына байланысты анықталады. Авиация үшін – қанаттың көтерілу күші мен тежегіштің тартуы. Ал ғарыш үшін жер және басқа планеталардың тартылу әсері арқылы инерциялық қозғалыс1.

Халықаралық ғарыш кеңістігінің субъектілері болып халықаралық көпшілік құқығының субъектілері танылады, яғни халықаралық үкіметаралық ұйымдар мен мемлекеттер, соның ішінде өздері тікелей ғарыш қызметімен айналыспайтындар.

Халықаралық ғарыш құқығының қазіргі халықаралық құқықтың саласы ретінде қалыптасу тарихы.

Халықаралық ғарыш құқығының пайда болуы, 1957 жылы 4 қарашада Кеңес Одағындағы жердің жасанды серігін ұшырумен тікелей байланысты. Бұл адамның ғарышты игеруіне алғашқы баспалдағы болуымен қатар, көпшілік өмірінің көп жағына терең әсер етті. Адамның жердегі өміріне үлкен әсерін тигізетін жаңа қызмет өрісі ашылды.

Басты рөл халықаралық құқыққа тиесілі, құқықтық реттеу қажет болды. Халықаралық ғарыш құқығы жасалуы халықаралық қауымдастық өмір қажеттілігіне тез назар аудару қабілетін көрсетеді. Алғашқы жер серігін ұшырған кезде бірінші дағдылы норма пайда болды.

Ол мемлекеттердің өз жерінде бейбітшілік мақсатымен ғарышты ұшып өту және әуе кеңістік бөлігінде ұшыру мен қондыру құқығын мойындау кезінде пайда болды.

Ғарыш туралы арнайы келісім шарт жасасқанға дейін 1967 жылы халықаралық ғарыш құқығы бір қатар қағидалар мен нормалар әдеттегі құқықтық нормалар ретінде пайда болды. Кейбір ғарыш қызметіне байланысты құқықтық қағидилар мен нормалар қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бірауыздан қабылданған резолюциясынан көрініс тапты. Олардың арасынан №721 1961 жылғы 20 желтоқсандағы және №1962 1963 жылғы 13 желтоқсандағы резолюциясын ерекше атап өтуге болады. Соңғысы ғарыш кеңістігін игеру мен зерттеудегі мемлекеттер қызметінің құқықтық қағидасы мағлұмдамасын мазмұндайды.

Халықаралық ғарыш құқық негізінде келісім шарт түрінде қалыптасқан.

1967 жылы «Ғарыш туралы» алғашқы шарт пайда болғанға дейін, ғарыш қызметі аспектілерді реттейтін жеке келісім шарт нормалары болған біз оларды кейбір халықаралық актілерде көреміз:

· 1963 жылы 5 тамызда Мәскеуде қолданылған ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынақтан өткізуге тиым салатын келісім шарт;

· 1945 жылы 26 маусымдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы (1945 жылы 24 – қарашада күшіне енді). Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесі болып, 185 мемлекет болып (1996 жылғы деректер бойынша), соның ішінде, Ресей мемелекеті 1945 жылы 15 – қарашадан бастады)2.

· 1970 жылы 24 тамыздағы Біріккен Ұлттар Ұйымының

Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым – қатынас жайындағы халықаралық құқық қағидалар мағылұмдамасы.

· 1975 жылы 1 тамыздағы Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік жайлы Қорытынды Актісі. (1975 жылы 1 – тамызда күшіне енді).

Мемлекеттер ғарыш эрасының басталуымен ғарыш қызыметімен байланысты қарым – қатынастарында халықаралық құқық жалпы қағидалары мен нормаларға сүйенген.

Ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының жасап шығарған, кейіннен қол қойылған және мемлекеттердің көпшілігі пайдаланатын негізгі халықаралық келісім шарт топтарын атап айтуға болады.

Мысалы:

· 1967 жылы 27 қаңтардағы ғарыш кеңістігін, айды, басқа да аспан денелерін зерттеу мен игеру тауралы мемлекеттер қызыметінің қағидасы туралы келісім шарт (1968 жылы 10 – қарашада күшіне енеді);

· 1968 жылы 22 сәуір ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлер мен объектілердің оралуы, ғарышкерлерді құтқару жайында келісім (1968 жылы 3 – желтоқсанда күшіне енді)3.

· 1972 жылы 29 наурыз ғарыш объектілерімен келтірілген зиянға халықаралық жауапталақ жайлы Конвенция (1972 жылы 1 – қыркүйекте күшіне енді)

· 1974 жылы 12 қазан ғарыш кеңістігіне жіберілітін объектілерді тіркеу туралы Конвенция (1976 жылы 15 қыркүйекте күшіне енді)

 

· 1979 жылы 18 – желтоқсанда ай және басқа аспан денелеріндегі мемлекеттің келісімі туралы келісімі (1984 жылы 11 – шілдедде күшіне енді)1.

Келісім шарттар арасында жалпы ғарыш қызметінің халықаралық құқық қағидаларын белгілейтін, басты орын алатын 1967 жылы «Ғарыш туралы» Келісім екені даусыз.

Мемлекеттердің көпшілігі (222 қатысушы) оның қатысушылары болып келеді. Халықаралық ғарыш құқығы халықаралық құқықтың жеке саласын құрауы осы келісім шартпен байланысты болып келеді.

Халықаралық ғарыш қағидаларының екінші тобының қайнар көздерін мемлекеттің ғарыштағы бірлескен қызметін реттейтін халықаралық ғылыми – техникалық келісімдер, конвенциялар құрайды. Ғарыштың ғылыми – техникалық келісімдер оларды анықтайтын нормалардың атауына, бағытталуына, формасына, сипатына қарай әртүрілі болып келеді, мысалы, “Интеркосмос”:



Просмотров 2186

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!