![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Азаматтықты алу, өзгерту, тоқтату тәсілдері
Азаматтық: а) туған кезде; б) халықаралық келісімшарт негізінде натурализация әдісімен; в) шағымдану және қайта қалпына келтіру жолдарымен алынады. Туғаны бойынша азаматтыққа ие болу. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларын зерттеу мынаны көрсетіп отыр: туғаны бойынша азаматтықты алу 2 қағидаға негізделетіндігін: 1) қан құқығы қағидасы- тұлғаның азаматтығы ата-анасының азаматтығына байланысты және туған жеріне байланыссыз ие болуы.Европаның көптеген мемлекеттері осы қағиданы ұстанады, мысалы, Австрия, Норвегия, Италия, Финляндия және т.б. 2) топырақ құқығы қағидасы –бастапқы сәт болып мемлекететрдің территориясы болып табылады, қай мемлекеттің территориясында адам туса; бұл кезде ата-аналарының азаматтығы маңызды емес, мысалы, Бразилия мен Аргентинаның заңдары, егер осы мемлекеттердің территориясында бала туса, ата-аналарының азаматтығына байланыссыз, сәйкесінше Бразилияның немесе Аргентинаның азаматы болып табылады деп саналады. Бұл қағиданы көбінесе Латын Америкасы елдері ұстанады. Бірқатар елдердің заңдары 2 қағиданың әрекетінен тұрады, яғни аралас қағиданы ұстанады, мысалы, АҚШ, Франция, Англия, Үндістан және т.б. “Азаматтық туралы” ҚР заңының 10 б. сәйкес Қазақстан Республикасы қан құқығы қағидасын ұстанады. Азаматтыққа қабылдау немесе натурализация-бұл азаматтығы жоқ немесе басқа мемлекеттің азаматтығы бар тұлғаның нақты мемлекеттің азаматтығын алуы. “Азаматтық туралы” ҚР заңының 10 б. сәйкес азаматтыққа қабылдау немесе натурализация мынадай жағдайларда қарастырылған: 1) тұлғаның оған азаматтық беру туралы өтініші; 2) бір мемлекеттің азаматының басқа мемлекеттің азаматымен некеге отыруы; 3) өзге мемлекеттің азаматтығы бар тұлғалардың баласын асырап алуы. Азаматтыққа қабылданатын тұлға қанағаттандыруы қажетті әртүрлі талаптар мен негіздер бар, соның ішінде ең көр тараған шарты – “елде тұру мерзімі”: -АҚШ пен Францияда – 5 жыл; -Норвегия мен Ұлыбританияда-7 жыл; -Испанияда-10 жыл және т.б. Осыдан туындайтыны, басқа мемлекеттің азаматына тұрмысқа шыққанда әйел адам азаматтығы жоқ немесе қос азаматтығы бар тұлға болады, және бұл жағдай оның жағдайын ауырлатады. Сондықтан да,1957ж. тұрмысқа шыққан әйел адамның азаматтығы туралы Конвенцияқабылданған, онда әйел адамның некеге отырғанда және некесін бұзғанда азаматтығы автоматты түрде өзгертілмейді деп белгіленген. Бірақ, бұл айтылғандардан, ол (әйел адам) натурализация тәртібінде ерінің азаматтығын ерікті түрде ала алады. Халықаралық келісімшарт негізінде азаматтықты алу немесе өзгерту-бұл бірнеше мемлекеттердің бір мемлекетке бірігуі кезінде немесе цессия кезінде бір мемлекеттің бірнеше мемлекеттерге бөлінуі нәтижесінде, яғни мемлекет территориясының бөлігінің басқа мемлекетке өткен кезде, сонымен қатар, көрші мемлекеттер кейбір территорияларын айырбастаған кезге қатысты халықаралық келісімшарт, келісімдер болған жағдайда орын алады. Азаматтықты жоғалтумынадай негіздерде болуы мүмкін: а) басқа мемлекетте натурализация жасаған жағдайда азаматтықтан ерікті түрде шыққанда; б) территорияның мәртебесі өзгергенде; в) азаматтықтан айырғанда. (Ауызша. Қазақстанда азаматтықты жоғалту осындай аталған негіздер бойынша жүзеге асырылады, бірақ Қазақстанның заңнамасында тағы да қосымша негіздер де бар: а) шет мемлекеттердің қауіпсіздік, полиция органдарына, әділет мекемелеріне, өзге де мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарына тұлғаның орналасуы; б) жалған мәліметтер немесе құрастырылған құжаттарды беру негізінде ҚР азаматтығын алған жағдайда). Азаматтықты жоғалту және тоқтату әртүрлі ұғымдар, біріншісі екіншісінен тар ұғым. ҚР азаматтығы мынадай жағдайлар тоқтатылады: 1) ҚР азаматтығынан шыққанда; 2) ҚР азаматтығын жоғалтқанда; Азаматтықтан шығу тұлғаның өтінішінің негізінде ғана жүзеге асырылып қоймайды. Шығу туралы өтініш қанағаттаныдырылмайды, егерде ҚР алдында орындамаған мінддетрі болса немесе Қазақстанның жеке тұлғасының немесе заңды тұлғасының мүддесіне елеулі түрде мүліктік мінддетері болса. ҚР азаматтығынан шығу туралы өтініш қанағаттаныдырылмайды, егерде осындай өтініш берген тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған болса немесе қылмыстық жазасын өтеп жүрсе. ҚР азаматтығы туралы заңнама. 1995ж. ҚР Конституциясында –азаматтық мәселелеріне арналған жеке бөлім бар. Конституцияға сәйкес ҚР –да әрбір адам азаматтыққа және оны өзгертуге құқылы; ҚР территориясында жүрген азаматтар және оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар, барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сонымен қатар, Конституциямен, заңдармен және ҚР мемлекет аралық келісімшарттарымен белгіленген барлық міндететрді алып жүруілері қажет. 1991ж. 20 желтоқсандағы “Азаматтық туралы” заң ҚР азаматтары болып мыналар табылады деп белгілейді: а) осы Заң күшіне енген сәтте (01 наурыз 1992ж.) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар; б) осы Заңның жағдайларына сәйкес ҚР азаматтығын алғандар; в)ҚР азаматтарының шет елде тұруы азаматтықтың тоқтатылуына негіз болмайды. Қазақстанның азаматы басқа мемлекетке берілмейді, егер де осындай ҚР мемлекет аралық келісімдерімен қарастырылған жағдайдан басқа. ҚР азаматтығын мынадай негіздерде алуға болады: а) туғаны бойынша; б) натурализация нәтижесінде, яғни Республиканың азаматтығына тұлғаларды қабылдау; в) ҚР келісімдерімен және халықаралық келісшарттарымен қарастырылған негіздер бойынша. ҚР азаматтығына қабылдау туралы өтініш беру қазақстандық азаматтық бірден беріледі дегенді білдірмейді.Заң бойынша, егер осындай өтініш берген тұлға: а) халықаралық құқықта қарастырылған адамзаттқа қарсы қылмыс жасаса; ҚР егемендігіне және тәуелсіздігіне қарсы шықса; б)ҚР территориясыеың бірлігін және біртұтастығын бұзуға шақырса; в)Мемлекеттік қауіпсіздікке, тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін құқыққа қайшы әрекеттермен айналысса; г)мемлекет аралық, ұлтаралық және діни жауласушылықтың өртін тұтандырса; ҚР мемлекеттік тілінің әрекет етуіне қарсы әрекет істесе; д) терроризм (ылаңкестік) үшін сотталған болса; е) сот өте қауіпті рецедивист деп таныған болса; ж) қос азаматтылық туралы мемлекет аралық келісім болмағанда басқа мемлекеттің азаматы болса. “Азаматтық туралы” ҚР заңының 9 бабына сәйкес ҚР республиканың шегінен тыс жүрген өз азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылданды. Шет елде жүрген қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғауда нақты функцияны Сыртқы Істер Министрі жүзеге асырады. Сонымен қатар, ол (СІМ) қазақстандық азаматтықты алуға жәрдемдеседі және Қазақстаннан тыс республиканың азаматтығымен байланысты ағымдағы сұрақтарды шешеді. (Қосымша (өзім үшін). Заңның 31 бабында былай делінген: “ҚР СІМ,ҚР дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелер, басқа мемлекеттердегі ҚР өкілетті өкілдері ҚР тыс тұрақты тұратын тұлғалардан ҚР азаматтығының мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге ҚР Президентінің қарауына жібереді, ҚР шегінен тыс тұратын тұлғалардың ҚР азаматтығын жоғалтуын тіркейді; ҚР шегінен тыс тұрақты тұратын ҚР азаматтарын есепке алады”). Өз кезегінде ҚР азаматтары өз мемлекетіне қатысты бірқатар міндететрді орындауы қажет: 1) азамат ҚР заңдарын және Конституцияны сақтауы қажет; 2) ҚР мүддесін, оның территориялық біртұтастығын қорғауы қажет; 3) әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мемлекеттік тілді, ҚР территориясында тұратын, ҚР егемендігіне және тәуелсіздігіне ықпал етуші барлық ұлттардың тіліне құрметпен қарау қажет; (ҚР азаматтық туралы заңнының 1 бабы); Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы. Шетелдік тұлға –белгілі бір мемлекеттің территориясында тұрақты немесе уақытша жүрген және осы мемлекеттің азаматы болып табылмайтын тұлға. Шетелдіктердің құқықтық жағдайы қай мемлекеттің территориясында жүрсе, сол мемлекеттің заңымен және халықаралық құқықпен реттеліп анықталады. Шет ел азаматтарының құқықтары мен міндеттері белгілі бір мемлекеттің заңнамаларымен, нормативті-құқықтық актілерімен анықталады. Нақты мемлекетте шет елдіктердің құқықтары мен міндеттері белгілейтін нормалардың жиынтығы – олардың құқықтық режимін құрайды. ҚР өзінің заңдарында, ережелерінде және сәйкес нұсқауларында бекітілген шетелдіктердің кіру, болу және шығу ережелерін белгілеуде халықаралық нормаларды басшылыққа алады. Шет елдіктердің құқықтық жағдайы арнайы және ұлттық режимдері бөлінеді. Арнайы режимде – шетелдіктер ұлттық құқықта немесе халықаралық келісімшарттарда анықталған құқықтарды пайдаланады. Ұлттық режимде – шетелдіктер сол мемлекеттің өзінің азаматтарының сияқты құқықтары мен міндеттері болады, бірақта шет ел азаматтарының және нақты мемлекеттің азаматтарының құқықтары тең болмайды. Қос азаматтылық- бипатризм –двойное гражданство –бұл тұлғаның екі мемлекетпен саяси – құқықтық байланысы. Қос азаматталық екі елдің заңдарының коллизиясы (қақтығысы- столкновения) туындайды, мысалы, “қан құқығы” қағидасын қолданатын Финляндия азаматы болып табылатын ата-анадан “топырақ құқығын” қағидасын қолданатын (Перу) мемлекеттің территориясында туған бала туған сәтінен бастап бір уақытта ПЕру және Финляндияның азаматтығына ие болады. Бипатризмбасқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаушы тұлға натурализация кезінде өз елінің азаматтығын жоғалтпаған кезде туындауы мүмкін, мысалы, Кеңес Одағы құлаған кезде қос азаматтылық мәселесі туындады, яғни өзінің тұрғылықты жері Қазақстанда тұратын ұлты бойынша орыстар (қазақстандық азаматтар) өздерінің тарихи елі – Ресей азаматтығын алуына рұқсат етілді. Бұл мәселе өз кезінде дискуссия пәніне айналды, бірақ екі елдің Президенттері 1994ж. қол қойған Қазақстан мен Ресейдің азаматтарының құқықтық мәртебесі және азаматтығы туралы Меморандумда шешімін тапты. Бұл құжатта Қазақтанға немесе Ресейге тұақты тұру үшін келген азаматтарға және олардың жақын туыстары тиісті азаматтылықты алудың қысқартылған тәртібіне кепіл беретін процедураны қабылдауға ниет білдірді. ҚР мен РФ арасындағы келісімшартта РФ территориясында тұрақты тұратын ҚР азаматтарының және ҚР территориясында тұрақты тұратын РФ азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы процедуралар қабыданған (1993ж. 20.01.). Қос азаматтылық әйел адам шетелдік тұлғамен некеге отырғанда әйел адамды азаматтықтан бірден айырмайтын заңдары бар елдің (ҚР, АҚШ, Швеция) азаматы болып табылатын әйел адам некеге отырғанда, ал ерінің елінің заңдары осындай әйелге адамға ерінің азаматтығын (Бразилия) бірден бермейтін болғанда туындайды. Қос азаматтылығы бар тұлғаларда егерде ол қарулы күштерде қызмет еткенде, осындай тұлғаларды дипломатиялық иммунитет берілгенде мәселе туындайды. Сондықтан, бұл жағдайда, әдетте “тиімді азаматтылық” қағидасын қоладанады. Бұл дегеніміз – бипатрид қай елдің территориясында тұрса, сол мемлекеттің азаматтылығы басым болады; осы жерде әскери міндетін атқарады. Азаматтығы жоқтық немесе апатризм – бұл ешқандай мемлекеттің азаматты болмайтын тұлғаның құқықтық жағдайы және ол мынадай жағдайларда туындайды: а) өз елінің азаматтығынан ерікті түрде шыққанда; б) азаматтылыққа тиістілігін мемлекет айырғанда; в) егер әйел адам өз азаматтығын бірден бермейтін мемлекеттің азаматымен некеге отыруына байланысты; әйел адамды шетел азаматымен некеге отырғаны үшін бірден азаматтығынан айыратын мемлекеттің азаматы болса. Апатридтер – қай елдің территориясында тұрса, сол елдің заңдарына бағынады (апатризм сұрақтарын реттейтін халықаралық-құқықтық нормалар жоқ). Баспана құқығы - өз мемлекетінде саяси көз қарасы үшіе, қоғамдық қызметі үшін қуғын сүргінге ұшырап, одан құтылуға мәжбүр болған жағдайда, өзге мемлекеттен баспана іздеуге әрбір адамға құқық беріледі. Осындай құқық, ереже бойынша, әрбір елдің Конституциясында, басқа да заңдарында жазылады. Баспана құқығы – бұл өз мемлекетінде саяси қызметі үшін қудаланған шетел азаматына нақты басқа мемлекеттің өз территориясына кіруге және тұруға рұқсат беру және осы азаматты оны қудалаған мемлекет бермеу құқығы да табылады. Баспананың 2 формасы бар: 1) территориялық (аумақтық) – бұл азаматқа басқа территорияда баспана беру; 2) дипломатиялық – шет мемлекеттердің дипломатиялық немесе консулдық өкілдік территориясында жекеленген тұлғаларға баспана беру (көбінесе латын Америкасында таралған). Баспана бермеу негіздері, егер тұлға мынадай іс - әрекеттерді жасаған болса: 1) әскери қылмыс; 2) қылмыстық істерді; 3) БҰҰ мақсаты мен қағидаларына қайшы келетін қылмыстық әрекететрді (1976ж. БҰҰ БА ХХІІ сессиясында “Территориялық баспана туралы Декларация” қабылданған, осыған сәйкес мемлекеттер кімге баспана беретіндігін өздері шешеді. Декларацияның 1 бабына сәйкес отаршылдыққа қарсы күресушілерде баспана құқығын пайдалануға құқылы). Босқындардың құқықтық жағдайы. Босқын – бұл өз елін мына себептер бойынша тастап кеткен тұлғаларды атайды: 1) сыртқы агрессия, оккупация, шетелдік үстемдік басқа да формалары негізінде; 2) оларды тіршілік етуінің материалды негіздерін жойған табиғи апаттар негізінде; 3) қандай-да бір әлеуеметтік топқа, саяси және діни көз қарастарыға қатыстылығы үшін репрессияға ұшырау қауіптілігі болса. Босқындардың құқығы нақты бір елде тұрақты тұратын шетелдіктермен бірдей, сонымен қатар босқындар келген мемлекетте еңбегі үшін сол мемлекеттің азаматтары сияқты сыйақы алуға құқық беріледі. Босқындарға мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік беретін құжаттар берілуі мүмкін. 1951ж. екінші дүниежүзілік соғыстан кейін “Босқындардың мәртебесі туралы Конвенция” қабылданды. Испанияда, Италияда, Германияда фашистік режимді белгілеумен байланысты осы режимге келіспеген адамдар осы елден қашты. Соғыстың өзі адамдарды әртүрлі елдерге айдап жіберді. 1951 жылғы Конвенция осы жағдайды бәсеңдету үшін қабылданған болатын. 1951ж. және 1951 жылға дейінгі жағдайларға ғана қолданылды. 1951 ж. кейінгі туындаған босқындардың мәселелерін құқықтық реттеуге қажеттілік туындады. Сондықтан да 1967ж. 1951 Конвенцияның кез келген уақытта және жерде туындайтын босқындар мәселелеріне әрекеті жүретін Хаттама қабылданды. 1951ж. Конвенция КСРО қатысқан жоқ және босқындардың мәселелерін шешуге үлесін қосудан бас тартты. Ал Қазақстан Республикасы 1951ж. босқындар туралы Конвенцияға және 1967ж. оның Хаттамасына қосылуды қарастырып жатыр. Ал бұл дегеніміз осы мәселені шешуге қатысуға жас мемлекеттің дайындығын көрсетер еді, бірақ республика заңдары әлі де жеткілікті әзірленбеген. АҚШ-та, мысалы, осы сұрақтарға Иммиграциялық (көші-қон) және ішкі мемлекеттік акт арналған және босқындарға баспана берудің жаңа процедурасын белгіледі. Бақылау сұрақтары 1) Халықаралық гуманитарлық құқығына анықтама беріңіз 2) Соғыс уақытындағы халықаралық гуманитарлық құқығы мен бейбіт кездегі халықаралық гуманитарлық құқықтың объектілеріне не жатады? 3) Баспана құқығын қалай түсінесіздер? 4) Қазақстанда баспана берудің қай түрі қалыптасқан?
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б. 2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с. 3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б. 5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008. Қосымша әдебиеттер: 8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987. 9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987. 10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987. 11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986. 12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978. 13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985. 14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974. 15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992. 16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы, 17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с. 18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с. 19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.
11 тақырып Халықаралық экономикалық құқық Мақсаты: студенттерді халықаралық экономикалық құқықтың түсінігімен және субъектілерімен таныстыру, қайнар көздерімен, мақсаты мен қағидаларымен таныстыру, халықаралық қаржы, инвестициялық, кеден құқықтарының ерекшеліктерімен таныстыру
Негізгі сұрақтар:
1) Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі мен субъектілері 2) Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері, мақсаты мен қағидалары 3) Халықаралық қаржы құқығы 4) Халықаралық инвестициялық құқық 5) Кедендік ынтымақтастық
Профессор Н.Т. Блатовтың пікірінше халықаралық экономикалық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар мен сауда, көлік және кеме жүзу, қаржы, несие және шикізат қорлары мен тауарлар бағасын реттеу, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және әртүрлі экономикалық көмек көрсету облысындағы туындаған қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Оның негізгі субъектісі мемлекет болып табылады, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, соның ішінде ЭКОСОС, ЮНИДО (өнеркәсіпті дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы), ВОИС (интеллектуалды меншіктің дүниежүзілік ұйымы), Халықаралық валюта фонды, Халықаралық қаржы корпорациясы, Дамытудың Халықаралық ассоциациясы, Қайта құру және дамудың Халықаралық банкі және т.б.), ЮНКТАД (сауда және дамыту бойынша БҰҰ Конференциясы), Трансұлттық корпорациялар. Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаты: 1) бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты реттеу; әлемдік экономикалық проблемаларды шешу; экономика облысындағы ғылыми-техникалық прогресті дамыту, сонымен қатар жаһандық тұтынушылық, энергетикалық, шикізаттық, көлік, валюталық- қаржылық, табиғатты қорғау және өзге де проблемаларды шешу; 2) мемлекеттердің егеменді теңдігі, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, жан-жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар туғызу үшін халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау, барлық мемлекеттердің олардың әлеуметтік – психологиялық құрылыстарына, территориясының көлеміне, географиялық жағдайына, экономикалық даму деңгейі мен әскери қуаттылығына байланыссыз халықтарының тұрмыстық деңгейлерін көтеру және тұрмыс – тіршіліктерін жақсарту қағидаларына негізделген халықаралық экономикалық қатынастардың орнауына халықаралық-құқықтық құралдармен жәрдемдесу; 3) халықаралық экономикалық қатынастардан неоколониализмді, нәсілділікті, апартеидті, дискриминацияны және теңсіздікті жою; гегемониялықты, саяси, экономикалық және әскери диктатураны болдырмау және т.б. 4) халықаралық экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру. Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары – бұл халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін арнайы қағидалар мен халықаралық құқықтың жалпыға белгілі қағидалары. Халықаралық құқықтың жалпыға белгілі қағидадарына мыналарды жатқызуға болады: 1) мемлекеттердің егеменді теңдігі; 2) мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау; 3) күшті және күшпен қорқытуды қолданбау; 4) ынтымақтастық; 5) халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау. Бұлардың заңды мәні мен мазмұны БҰҰ Жарғысында, 1970ж. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда, 1975ж. ЕЫҚҰ Қорытынды Актісінде баяндалған. Арнайы қағидаларға мыналарды жатқызуға болады: 1) мемлекеттердің өздерінің табиғи байлықтарына ажырамас егемендігі; 2) сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру нысанын мемлекеттердің таңдау еркіндігі; 3) экономикалық дискриминацияламау; 4) әділетті экономикалық ынтымақтастық және өзара пайда қағидасы. Осы құқықтың қайнар көздері болып халықаралық шарттар мен халықаралық әдет-ғұрыптар жатады. Халықаралық экономикалық шарт – бұл халықаралық құқықтың субъектілерінің арасындағы халықаралық экономикалық қатынастар облысындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату бойынша шарттар. Оның екі түрі бар: екі жақты және көп жақты. Бұған мыналарды жатқызуға болады: экономика сферасындағы халықаралық ұйымдардың қызметін реттейтін актілер, мысалы, ГАТТ (Тариф және сауда бойынша Бас Келісім) Жарғысы, 1994ж. Экономикалық Одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитет құру туралы Келісімі; Сауда шарттары (достастық пен сауда құқығы туралы, сауда мен теңізде жүзу туралы, сауда мен кеме жүзу туралы) бұл шартқа отырушылардың экономикалық ынтымақтастықтарының негізгі қағидалары, нысандары мен режимдерін анықтайтын, мемлекет атынан ұзақ жылға жасалынатын (5 жылдан әрі қарай) шарттар. Тауар айналымдары туралы Келісім – үкімет деңгейінде екі жақты тәртіпте жасалынатын және тауарлардың көлемі, ассортименті және жеткізу мерзімдері бойынша тараптардың міндеттерін белгілейтін келісім. Мысалы, сауда келісімдері, мысалы, 1993ж. Сауда және экономикалық ынтымақтастық туралы РФ мен Аргентина үкіметтерінің арасындағы Келісім; Мемлекетаралық тауар келісімдері – бұл өндіруші мемлекеттер мен тұтынушылар үшін экспорттық - импорттық квоталарды және осы тауарларға ең жоғары және ең төменгі бағалар шегін белгілеу арқылы шикізат тауарларының (қант, бидай, кофе, қалайы, каучук және т.б.) халықаралық рыногын тұрақтандыру мақсатында жасалынатын көпжақты келісімдер. Мысалы, 1977ж. Қант бойынша Халықаралық Келісім. Несие келісімдері (несие, займ, төлемдер туралы)- бұл несиені беру және өтеу көлемін, нысандарын және жағдайларын анықтайтын және келісуші тараптардың өзара міндеттерін бегілейтін келісімдер. Мысалы, халықаралық есептер мен несиелер туралы келісім, мысалы, 1995ж. Ресей мен Белоруссия үкіметтерінің арасындағы саудаға байланысты емес төлемдер туралы Келісім; Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы, соның ішінде өндірістік объектілердің құрылысы туралы және техникалық көмек көрсету туралы келісімдер - бұл екі жақты негізде әртүрлі техникалық көмектер мен қызмет көрсетуге, ұлттық кадрларды дайындауға, бірлескен ғылыми- зерттеу жобалары мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған мысалы, 1994ж. Египет пен РФ үкіметтері арасындағы экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы Келісім; Халықаралық есептер туралы келісімдер –екі жақты және көп жақты негізде сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер өндірісінің тәртібін белгілейтін келісімдер (конвертациядағы валюта бойынша), клирингтік (валютаны аударусыз борыштық міндеттемелерін өзара жабу арқылы) және төлемдік – клирингтік (аралас). Өндірістік, сауда мәселелері бойынша және экономикалық ынтымақтастықтың өзге де түрлері бойынша келісім – халықаралық тасымалдау және көлік, кооперациялар мәселелері бойынша келісімдер. Халықаралық сауда құқығы-бұл халықаралық сауда қатынастарын реттейтін халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Ғасырлар бойында халықаралық экономикалық қатынастардың жалғыз бірден – бір түрі сауда болды. Бұл кезде оларды көпес жүзеге асырды, ал мемлекеттің бұл жердегі рөлі төмен болды және шетелдіктердің және олардың меншіктерінің мәртебесін анықтауға саятын еді. Халықаралық сауда құқығының қайнар көздері. Сауда шарттары екі жақты негізде жасалынады және келісуші мемлекеттер арасындағы сауданың жалпы құқықтық негізін белгілейді. Олар ұзақ уақытқа жасалынады немесе мерзімсіз болады. Олар әртүрлі аталады: достық, сауда және теңізде жүзу туралы шарттар, сауда және навигация туралы шарттар және т.б. Сауда айналымдары туралы Келісім – бұл екі жақты келісуші мемлекеттер арасындағы тауар айналымдарын белгілейтін келісім. Олар әдетте (6-12 айға) қысқа уақытқа жасалынады. 1947ж. тариф және сауда бойынша Бас Келісім (ГАТТ) халықаралық сауда құқығының ең негізгі және универсалды қайнар көздері болып табылады. Халықаралық қаржы құқығы қазіргі уақыттағы халықаралық қаржы құқығының салашығы болып табылады. Халықаралық қаржы құқығы мынадай қатынастар сферасын реттейді: 1) халықаралық қаржы ұйымдарының қызметін (Халықаралық қаржы корпорациясы; Халықаралық валюталық қор; Реконструкция және дамытудың халықаралық банкі; Реконструкция мен дамытудың Еуропалық Банкі; Еуропалық валюталық одақ; Мемлекет аралық валюталық комитет және т.б.); 2)халықаралық бюджет құқығы (мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бюджеттерінің табиғаты; бюджет қағидалары; бюджетті қалыптастыру; бюджетті орындау; бюджеттің кірістері мен шығындары); 3)халықаралық ақшалай – несиелік қатынастар (мемлекет аралық сауда және сауда емес төлемдердің құқықтық режимі; мемлекет аралық займдар; өзара мемлекет аралық талаптарды реттеу; банк қатынастарын халықаралық – құқықтық реттеу); 4)халықаралық валюта құқығы (әлемдік валюта жүйесін реттеуші халықаралық-құқықтық нормалар; ваюталық бақылау жөніндегі нормалар; валюта заңнамасын бұзумен күрестегі ынтымақтастық); 5)халықаралық салық құқығы (екі жақты салық салуды болдырмау және салықты төлеуден бас тартуды болдырмау; халықаралық тасымалдаулардан түскен табыстарға салық салу; авторлық құқықтарды пайдаланудан түскен табыстарға салық салу; инвестицияға салық салу; тауарларды импорттау және экспорттауға жанама салық салу; қаржылық және салықтық құқық бұзушылықтармен күрестегі ынтымақтастық). 12 тақырып Дипломатиялық құқық Мақсаты: дипломатиялық құқыққа түсінік беру, оның қайнар көздерімен таныстыру, дипломатиялық құқық пен консулдық құқық туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; дипломат пен консулдың құқықтық мәртебелеріне салыстырмалы талдау жасап, олардың ерекшеліктерін айқындау
Негізгі сұрақтар
![]() |