![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары 5 часть
Сондай-ақ ғарыштағы немесе аспан денелеріндегі іс-әрекеттер барысында да әр мемлекеттердің ғарышкерлері мүмкіндігінше бір-біріне қол ұшын созуға міндетті. Әрбір мемлекет ғарышкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін кеңістіктегі қауіпті құбылыстарды анықтаумен қатар, дер кезінде ақпараттармен бөлісіп отыруы тиіс. Ғарыш кеңістігінде немесе аспан денелерінде жұмыстар атқару кезінде ғарышкерлер мен ғарыш кемелері өз мемлекеттерінің бақылауы мен заңды қамқорлығының аясында болады. Ғарыш жасанды нысандарына және олардың құрамдас бөліктеріне, бөлшектеріне меншік құқы ғарыш кеңістігінде, аспан денелерінде немесе Жерге қайтып оралған соң да сақталып қалады. Егер белгілі бір мемелекеттің меншігіндегі ғарыш нысандары оның территориясынан тысқары аймақта байқалса, онда сол мемлекетке міндетті түрде қайтарылуы қажет. Алайда, ғарыш кемесін ұшырған мемлекетке ғарышкерлерді қайтару міндетті, ал сол мемлекеттің ғарышкерлерін іздестіру мен құтқару операцияларына жұмсалған шығындарды өтеуі міндетті болмаса, онда ғарыш кемесі мен оның бөлшектерін қайтарып беру міндетті емес. Мемлекет меншігіндегі ғарыш нысандары мен олардың құрамдас бөліктерін қайтарып алу үшін, алдымен өз өтініштерін ресми түрде білдіруі тиіс, қойылғвн талаптарға сәйкес меншікті растайтын нысандардың айрықша белгілері туралы деректермен таныстыруы керек. Мемлекеттің өзі меншігіндегі ғарыш нысандары мен олардың бөліктерін, ғарышкерлерді іздестіру мен құтқару операцияларына басқа мемлекеттің жұмсаған шығындарын өтеуі міндетті. Тіркеу қағидасы.1975 жылғы ғарыш кеңістігіне шығарылатын ғарыш нысандарын тіркеу жөніндегі Конвенция бойынша әр бір нысан ұлттық регистрге енгізілу арқылы тіркеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы ғарыш нысандарының Реестрін жүргізіп отырады. Әр бір ғарыш нысаны туралы оларды ұшыратын мемлекеттердің ұсынған деректерін осы құжатта көрсетіледі. Мемлекет иелігіндегі ғарыш нысандары Жер орбитасына немесе одан ары ғарыш кеңістігіне шығарылған кезде оларды тіркеуге береді. Егер осы ғарыш нысандарын ұщыруды бірнеше мемлекет бірлесіп жүзеге асыратын болса, онда аталмыш нысанды тіркеу құқығына ие болатын мемлекетті өзара кеңесе отырып белгілейді. Осы мемлекеттер әр регистрдің мазмұнынын, оны жүргізу шарттарын айқындайды. Әр мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына таяу арада регистрға енгізілген ғарыш нысаны жөніндегі келесі ақпараттарды ұсынады: 1) ғарыш нысандарын ұшыратын мемлекет немесе мемлекеттердің атауы; 2) ғарыш нысандарының айрықша таңбасы немесе тіркеу нөмірі; 3) ұшырылған күні, уақыты мен орны; 4) орбитаның негізгі параметрілері: · айналу периоды; · көлбеулігі; · апогей; · перигей; · ғарыш нысанынң жалпы атқаратын қызметі. Тұжырымдаманың алгышарттарына сәйкес кейде бір мемлекетке, оның заңды немесе нақты мүшесіне залал келтірген қауіпті және зиянды сипаттағы ғарыш нысандарын дөп басып анықтай алмауы мүмкін. Ғарыш жасанды нысандарын және олардың құрамдас бөліктерін бақылайтын, ұшу бағыттарын қадағалайтын мүмкіндіктері жоғары құралдары бар басқа қатысушы мемлекеттер осы мемлекеттің немесе оның атынан өтініш білдіруші Бас хатшының сұрауы бойынша көмек беруі тиіс. Көрсетілетін көмектің шарттары әділ, әрі талапқа сай болуы қарастырылады. Өтініш білдіруші мемлекет оқиғаның сипаттамасы мен себептері, мерзімі жөніндегі дәйекті ақпараттарды барынша толық деңгейде ұсынуы қажет. Көмек беру шарттары екіжақты келісімдердің негізі болып саналады. Ғарыштық қызметтердің қолданбалы түрлері туралы қағида.Ғарыштық қызметтердің қолданбалы түрлері деп, тек Жерге қатысты сарамандық маңызы бар түрлерін түсінеміз. Бұл іс-әрекеттер түрлерінің салдарларының жаһандық сипаттамасынан халықаралық-құқықтық реттеу қажеттілігі туындайды. 1961 жылдың желтоқсан айының 20 жұлдызында қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1721 (16) резолюциясына орай жасанды жер серіктерінің көмегімен жүзеге асырылатын байланыс бүкіл әлемдік деңгейде барлық мемлекеттерге қолайлы болуы, яки өзара келіспеушілікке, үстемдікке жол бермеуі керек. Жасанды жер серіктері арқылы жүзеге асырылатын барлық байланыстар жүйелерін пайдалануды жолға қою олардың тиімді қызмет атқаруы мен сан алуан кедергілерді болдырмау мақсатында Халықаралық электрлік байланыс одағының аясында орындалады. Халықаралық электрлік байланыс одағының 1992 жылғы Жарғысының 44 бабында жасанды жер серіктерінің жиілігі мен орбитасы шектелген табиғи ресурстар болып саналады. Олардв барынша ұтымды және үнемді пайдалану назарда ұсталады. Дамушы елдер мен кейбір елдердің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың орбитада және қажетті жиіліктегі сұраныстарын қанағаттандыратын қолайлы жағдай туғызу крек. Арнайы теледидар қабылдағыштары аулай алатын жасанды байланыс серіктерінен келіп жеткен сигналдарды зерттейтін техниканың пайда болуы халықаралық теледидар арқылы хабар тарату қызметін жүзеге асыратын құқықтық реттеу қажеттілігін тудырды. 1982 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы халықаралық теледидар арқылы хабар тарату үшін жасанды жер серіктерін пайдалану принциптерін қабылдады. Осы құжатқа сәйкес халықаралық теледидар арқылы хабар тарату қызметі мемлекеттер арасындағы өзара келісімдер мен келісім-шарттарға негізделеді. Жасанды серіктері көмегімен космостан жер қыртыстарын фотоға түсіру және олардан шағылысу сәулелерін өңдеу арқылы жер қыртыстары туралы алынған мәліметтерді пайдалану мүмкіншілігі пайда болды. Нәтижесінде Жерді қашықтан зерттеу және оның мәліметтерін пайдалану қызметтерін халықаралық-құқықтық реттеу қажеттілігіне әкелді. Алынған деректер арқылы Жердегі құрылықтың, мұхиттың, ауа қыртысының, табиғат байлықтар қорының, алуан түрлі антропогендік нысандардың жағдайларын анықтауға қол жетті. Осы мәселе аясында қарулану мен карусыздану келісім-шарттарын орындауды ғарыштан бақылау да қарастырылады. 1986 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ғарыш кеңістігінен Жерді қашықтан зерттеу туралы принциптерді айқындап, қабылдады. Аталмыш принциптерге байланысты шет елдердің территорияларын ғарыштан зерттеу заңды деп табылып, осы мәселелер бойынша барлық мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықты дамытуға барынша қолдау көрсетуі керек. Зерттеуді жүзеге асыратын мемлекеттер территориясы зерттелетін мемлекеттерге толыққанды мәліметтер мен өңделген ақпараттарды жеткізуі және үнемі кеңесуі назарда ұсталады. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ғарыш кеңістігінде энергияның ядерлық көздерін пайдалануға байланысты Принциптерді қабылдады. Бұл құжат ғарыш нысандарының іс жүзінде энергияның ядерлық көздерін пайдалануға мәжбүрлігінен туындайды. Бұл орайда әр мемлекет адамдар мен Жер бетіндегі биологиялық қабаттарды зиянды қалдықтардан сақтауды көздейді. Энергияның ядерлық көздерін орбитаның жеткілікті жоғары деңгейінде планетааралық ұшулар кезінде келісімдерге сай, қауіпсіз жағдайларда пайдалануға рұқсат беріледі. Энергияның ядерлық көздерін пайдалануға дейін оның эалалсыздығы сараптама негізінде бағаланады. Тексеру нәтижесі ғарыш нысаны ашық ғарышқа шықпай тұрып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына дереу тапсырылады. Сондай-ақ дәл осындай ақпарат радиобелсенді зиянды қалдықтардың Жерге қауіп төндіргені анықталса дереу хабарланады. Мемлекеттер энергияның ядерлық көздерін пайдаланудың ұлттық іс-әрекеттері үшін өз мойнына орасан зор халықаралық жауапкершілікті алады. Мемлекеттерге келтірілген зияндар және оның зардаптарын өтеу үшін материалдық жауапкершіліктер те жүктейді. Шығындарды өтеу құрамына зиянды территорияны залалсыздандыру, халықты осы жерден басқа жаққа көшіру, іздестіру операцияларына жұмсалған қаржы толық кіреді.
Бақылау сұрақтары
1) Халықаралық ғарыш құқығының түсінігін беріңіздер 2) Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерін атаңыздар 3) Халықаралық ғарыш құқығының қағидаларына анықтама беріңіздер 4) Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілікті түсінідіріп беріңіздер
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б. 2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с. 3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б. 5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008. Қосымша әдебиеттер: 8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987. 9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987. 10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987. 11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986. 12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978. 13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985. 14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974. 15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992. 16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы, 17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с. 18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с. 19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.
21 тақырып Халықаралық экологиялық құқық Мақсаты: халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері туралы, қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ынтымақтастық туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Негізгі сұрақтар
1) Халықаралық экологиялық құқықтың түсiнiгi, қағидалары және қайнар көздерi 2) Әлемдiк мұхит халықаралық – құқықтық қорғау объектiсi 3) Жануарлар әлемiн қорғау 4)Өсiмдiк әлемiн қорғау Табиғатты аяусыз эксплуатациялау объектісіне айналдырған өндірістің күрт өсуі және ғылыми техникалық прогресс, адамның қызметінің масштабының ұлғаюы қоршаған ортаға елеулі зиян келтіріп отыр. Қоршаған ортаға мына факторлар жағымсыз ықпал етіп отыр: а) табиғаттың жекелеген компоненттерін ұтымсыз, тіпті шектен тыс тұтыну, кейде жойып жіберу; б) қоршаған ортаны ластау; в) қарулы қақтығыстар және т.б. Сонымен қатар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін тағы бір фактор - адамның қызмет ету нәтижесінде антропогендік ластау. Өткен ғасырдың ең басты мәселесі – қышқыл жауындар жауып,с оның нәтижесінде табиғатты ластау болып табылды. Суларға сұйық қалдықтарды төгу таза тұщы сулардың қорын азайтты, ол барлық су қорларының биологиялық қайыршылығына әкелді. Табиғат және оның объектілері (ауа, теңіздер мен мұхиттар, ормандар, жан-жануарлар, ғарыш және т.б.) адамзаттың ортақ игілігі болып табылады. Табиғатты қорғаужәне оның ресурстарын ұтымды пайдалану – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі және ол үшін бүкіл әлем қауымдастығы мүдделі болып отыр. Осы проблеманы шешудің басты шарты: бүкіл мемлекететрдің табиғатқа қатысты бірыңғай саясат жүргізу және өз территориясында табиғатты қорғау бойынша барлық шараларды қабылдау; қоршаған ортаны қорғау бойынша ұтымды заңнама әзірлеп қабылдау; БҰҰ шегінде және аймақтық деңгейде өткізілетін қоршаған ортаны халықаралық қорғау бойынша акцияларға қатысу. Халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидалары қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалану сферасындағы басты реттеуші болып табылады. Сонымен қатар қоршаған ортаны халықаралық – қорғаудың арнайы қағидалары да бар: 1) мемлекеттік шекарадан тыс қоршаған табиғи орта бүкіл адамзат игілігі болып табылады. Бұл қағида 1967ж. ғарыш туралы Келісімшартта (ІХб.), 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (континенталдық шельфтің шегінен тыс кеңістік пен теңіз түбінің қорларына қатысты) (ХІ бөлімі) бекітілген. 2) Қоршаған ортаны және оның компоненттерін зерттеу және пайдалану еркіндігі. Барлық мемлекет және халықаралық үкіметаралық ұйымдар қандайда болмасын дискриминациясыз қоршаған ортада құқыққа сай бейбіт ғылыми қызметпен айналысуына құқылы. Бұл қағида 1959ж. Антарктика туралы Келісімшартта (ІІ б.), 1967ж. ғарыш туралы Келісімшартта (2б.), 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (ХІІІб.), 1979ж. Ай туралы Келісімде бекітілген. 3) Қоршаған ортаны ұтымды пайдалану. Табиғи ресурстарды эксплуатациялау барынша тұрақты деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттер табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл 1958ж. ашық теңіздің балық алу және оның тірі ресурстарын қорғау туралы Конвенциясында; 1973ж. жағалу қауіпі төнген жабайы фауна мен флораның түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенцияда; 1979ж. көшіп-қонушы түрлерін қорғау бойынша Конвенция; 4) Қоршаған ортаны ластауды болдырмау. Қоршаған ортаны зерттеу және пайдалану кезінде мемлекеттер тосинді және өзге де заттарды қоршаған ортаның заласыздандыру мүмкндігінен асып кететіндей мөлшерде және концентрацияда шығармаулары тиіс. Бұл қағида 1979ж. үлкен арақашықтықта ауаны трансшекаралық ластау туралы Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша Конвенцияда (ХІІ бөлімде), 1972ж. теңізді қалдықтар мен басқа да материалдарды төгумен ластауды болдырмау бойынша Конвенцияда, 1977ж. әскери немесе табиғи ортаға кез келген өзге де ықпал ету құралдарын қастықпен пайдалануға тыйым салу туралы Конвенцияда және т.б. халықаралық келісімшарттарда қарастырылған. 5) Қоршаған ортаны зерттеуде және пайдалануда халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Қоршаған ортаны сақтаумен байланысты халықаралық проблемаларды барлық елдердің ынтымақтастығы, тең құқылық және өзара пайда негізінде шешу қажет, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді және табиғи қорларды өңдеп шығаруды азайту және болдырмау мақсатында шешу қажет. Бұл қағида қоршаған ортаны халықаралық қорғаудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады және барлығына дерлік келісімшарттарда бекітілген, мысалы, 1976ж. Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі табиғатты қорғау туралы Конвенцияда; 1980ж. Антарктиканың теңіздік тірі ресурстарын сақтау туралы Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында бекітілген. 6) Қоршаған ортаның сақталуы үшін халықаралық жауапкершілік. Қоршаған ортаны және оның компоненттерін зерттеуде және пайдалануда мемлекеттермен бірге халықаралық ұйымдар, заңды тұлғалар, қоғамдық ұйымдарда қатысуы мүмкін. Бірақта кез келген жағдайда да қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін тек мемлекеттер ғана тартылады. Бұл қағида 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында, арнайы конвенцияларда, мысалы, 1963ж. ядролық зиян келтіргені үшін азаматтық жауаптылық туралы Вена Конвенциясында, 1981ж. ядерлік материалдарды теңізде тасымалдау облысындағы азаматтық жауаптылық туралы Конвенцияда бекітілген. Әлемдік мұхит – халықаралық –құқықтық қорғау объектісі. Әлемдік мұхит –Жердегі тіршілік үшін ерекше маңызды. Мұхит-бұл Жердің «тынысы». Жер шарының тұрғындарын қоректендіру (белок) көзі және пайдалы қазбалардың орасан зор байлығы шоғырланған жері. Бірақ ғылыми-техникалық прогресс мұхиттың тіршілік ету қабілеттілігіне теріс ықпал етті – интенсивті кеме жүзу; континенталдық шельф суларындағы мұнай мен газды өндіруді арттыру, теңізге мұнай және радиоактивті қалдықтарды төгу ауыр зардаптарға: теңіз кеңістіктерінің ластануына, Әлемдік мұхитта экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелді. Қазіргі уақытта адамзат алдында ғаламдық міндет тұр, бұл –мұхитқа келтірілген зиянды тезірек жою, бұзылған тепе – тедікті қалпына келтіру және оның болашақта сақталуына кепілдіктер белгілеу. Әлемдік мұхитты қорғау мақсатында көпжақты және аймақтық келісімдердің бірқатары қабылданды. 1958ж. теңіз құқығы бойынша Женева Конвенциясы мен 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы мемлекеттерді теңізді қорғауға міндеттейді. 1982ж. Конвенцияла мемлекеттердің теңіз түбін эксплуатациялау, радиоактивті заттарды көмумен, кемелерді пайдалану бойынша қызметтерінің нәтижесінде Әлемдік мұхитты ластауға тыйым салу туралы жалпы жағдайлар баяндалған. Қазіргі уақытта Әлемдік мұхитқа оны мұнаймен ластау орасан зор зиян келтіріп отыр. Жыл сайын әртүрлі көздерден теңізге 12-14млн. тонна мұнай түседі. 1973ж. кемелердің ластауын болдырмау туралы Конвенция мыналарды қарастырады: а) мемлекеттік коммерциялық емес қызметте пайдаланылатын әскери кораблдер мен кемелерден басқа кез келген кемелердің Әлемдік мұхитты ластауына тыйым салуды; б) кемелердің теңізге мұнайды және мұнайлы –сұйық қоспаларды төгуге тыйым салу; в) қатаң режимдегі ерекше аудандарды белгілеу, бұл жерде қауіпті заттарды төгуге толғымен және қатаң түрде тыйым салынған (Балтық, Қара, Жерорта және қызыл теңіздер, Парсы және Оман шығанақтары). Конвенция кемелерді эксплуатациялау нәтижесінде зиянды заттардың барлық түрлерінен теңіздің ластануын болдырмау бойынша бірыңғай халықаралық стандарттарды белгіледі және осы талаптарды оған қатысушылар үшін ғана емес, сондай-ақ оған қол қоймаған мемлекеттер үшін де міндеттеді. Бұл Конвенциялардағы стандарттарды ғаламдық деңгейде орындағанда ғана Әлемдік мұхиттың ластануын болдырмауға толығымен қол жеткізуге болады. 1969ж. 29 қарашада екі Конвенция қабылданған болатын: ашық теңізді мұнаймен ластануына әкелетін апаттар кезінде қол сұғуға қатысты Конвенция және мұнаймен ластаудан зиян келтіргені үшін азаматтық жауаптылық туралы Конвенция. Бірінші Конвенцияда апаттық жағдайларды жою бойынша қажетті шаралар туралы және жағалаудағы мемлекеттердің апатты ликвидациялау бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануға, ал егерде жағалауды ластау қауіпі туындайтын болса, осыған кінәлі кемені суға батыру құқығы туралы айтылған. Екінші Конвенция теңіз жағалауын мұнаймен ластануына әкелетін кеме апат болған жағдайда жауапкершілікке тартуға және зиянын өтетіруге арналған. Әлемдік мұхитты ластап қана қоймай, сондай – ақ улануына әкелетін екінші бір құбылыс бұл көптеген мемлекеттердің оның теңіз түіне радиоактивті заттарды және мұнай мен химиялық өндірістің өңделген шикізаттарын көму үшін пайдалануы өте қауіп болып отыр. Бұл мұхиттың жануарлар менөсімдіктер әлеміне ғана емес, сонымен қатар уланған сулар адамзаттың өз тіршілігі үшін де қауіп төндіріп отыр. Осындай қылмыстық практиканы болдырмау үшін 1972ж. 29 желтоқсанда қалдықтар мен басқа да материалдардың төгінділерімен теңізді ластауды болдырмау туралы Конвенция қабылданды. Жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.Мемлекеттердің табиғатты қорғау қызметі жнуарлар мен өсімдіктер әлемін қорғаудан басталды. Осылай, теңіз мысықтарын қорғау туралы Конвенция 1897ж. қабылданған болатын.
Бақылау сұрақтары
1) Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігін беріңіз 2) Халықаралық экологиялық құқықтың қандай қағидаларын білесіздер? 3) Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздерін атаңыздар 4) Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттердің ынтымақтастығын қысқаша сипаттап беріңіздер
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б. 2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с. 3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б. 5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008. Қосымша әдебиеттер: 8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987. 9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987. 10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987. 11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986. 12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978. 13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985. 14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974. 15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992. 16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы, 17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с.
![]() |