![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
тақырып Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқық. Халықаралық ҒТЫ реттеу
Мақсаты: халықаралық іс жүргізушілік құқығы туралы, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты реттеу туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Негізгі сұрақтар
1) Халықаралық iс жүргiзушiлiк құқығының түсiнiгi, мәнi және ерекшелiгi 2) Халықаралық іс жүргізішілік құқығының қағидалары, қайнар көздерi және iс жүргiзушiлiк нормалар 3) Халықаралық ұйымдардың iс жүргiзушiлiк ережелерi 4) Халықаралық қылмыстық процесс 5) Халықаралық ғылыми – техникалық ынтымақтастық ұғымы 6) Халықаралық ғылыми – техникалық ынтымақтастық нормаларының қайнар көздерi және қағидалары 7) Ғылым және техника облысындағы ынтымақтастық ұйымдарының халықаралық – құқықтық формалары 8) Атом энергиясын бейбiт мақсатта қолдану облысындағы халықаралық ынтымақтастық 9) Жаппай ақпарат құралдарын пайдалану облысындағы халықаралық ынтымақтастық Халықаралық іс жүргізу құқығы– бұл уәкілетті органдармен (немесе лауазымды тұлғаларлмен) халықаралық деңгейде халықаралық дауларды не болмаса басқа да мәселелер бойынша нақты істерді шешуді реттеу үшін арналған қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Халықаралық іс жүргізуді судьялардың, халықаралық органдардың, мысалы БҰҰ Халықаралық соты, органдардың (лауазымды тұлғалардың) халықаралық іс жүргізушілік (процессуалдық) құқығының нормаларын қолдану бойынша қызметтерін сипаттайтын ерекше феномен ретінде де қарастыруға болады. Халықаралық іс жүргізудің міндеттері: - әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау; - оны халықаралық –құқықтық актілерге сәйкестендіре шешу; - қажетті жағдайда шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету; - құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау; - құқық бұзушылықтардың алдын алу; - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің нығаюына ықпал ету Мемлекеттің ашықтығының критерийлерінің бірі азаматтардың (тұтастай азаматтық қоғамның) ресми ақпаратқа еркін қол жетуі болып табылады. Азаматтардың ақпараттар алу құқығының конституциялық – құқықтық негізі болып Конституцияның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі туралы (12 бап), ақпаратты еркін алуға, өңдеуге, және таратуға құқығы туралы (20б.), мемлекет істерін басқаруға қатысуға құқықтары (33б.) туралы ережелері табылады. Негізгі заңның баптары азаматтарға ресми ақпаратқа қол жеткізу құқығымен қамтамасыз етуді талап ету (18б.) мүмкіндігін бекітті, ал құқықтың өзін басқаруда және шешім қабылдау процесінде тікелей қатысудың ең қажетті шарты ретінде қарастыру мүмкіндігін берді. Мемлекеттік ақпаратқа қол жеткізу құқығы үшін саяси күрес негізінен 80-ші жылдардың аяғында 90-шы жылдардың басында жариялылық үшін күрес туы астында қызды. Бірақта, жаңа идеяларды қабылдау үшін жеткілікті қолайлы жағдайлардың туындағанына қарамастан, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуі туралы заңды, не болмаса, жариялылық туралы заңды да қабылданбады, не болмаса әртүрлі заңдарда ақпараттар алу құқығын қамтамасыз ететін маңызды элементтер мен механизмдерді бекітілмеді. Азаматтардың ақпараттар алу туралы қағидаларды зерттеп әзірлеу және заңдарды қабылдау приоритеті скандинавия елдеріне тиесілі. Жалпы қағидалар, соған сәйкес үкіметтің ресми құжаттары қоғам үшін ашық болды, алғаш рет 1776ж. Швецияда әзірленген болатын және 1806ж. конституциялық қағида ретінде прессаның бостандығы туралы Акті түрінде Конституцияға инкорпорацияланды. Сонымен қатар олар, сондай-ақ 1976ж. прессаның бостандығы туралы Заңның негізіне қаланды. Қазіргі уақытта 15 мемлекетте өз үкіметтік органдарын азаматтардың сұрауы бойынша ақпараттар беруге міндеттейтін және азаматтардың ресми ақпараттарға қол жеткізу құқығын қамтамасыз ететін заңдары бар (Швециядағы прессаның еркіндігі туралы заң, Даниядағы ашық мұрағат туралы Заң, АҚШ-тағы ақпараттар бостандығы туралы Заң). Жалпы алғанда, осындай заңдар, сондай-ақ Австралияда, Германияда, Голландияда, Канадада, Норвегияда, Финляндияда, Оңтустік Кореяда да қабылданды. Ұлыбритания 1911ж. құпиялылық туралы заңмен шектелді.
Бақылау сұрақтары
1) Халықаралық іс жүргізушілік құқығының түсінігін беріңіз 2) Халықаралық іс жүргізушілік құқығының қандай қағидаларын білесіздер? 3) ҒТЫ халықаралық реттеу ерекшеліктерін айқындаңыздар
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б. 2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с. 3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996. 4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б. 5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008. Қосымша әдебиеттер: 8. Черниченко С.В. Международное право. –М., 1987. 9. Филимонова М.В. Источники современного международного права. –М., 1987. 10. Молодцов С.В. Международное морское право.-М., 1987. 11. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право. Вопросы теории и практики. –М., 1986. 12. Василевская Э.Г. Правовой статус природных ресурсов Луны и планет. –М.,1978. 13. Международное космическое право /Под ред. А.С. Пирадов.-М.,1985. 14. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М.,1974. 15. Международно-правовые аспекты сотрудничества государств в области науки и техники.-М.,1992. 16. Сарсенбаев М.А. Дипломатическое и консульское право. –Алматы: Жеті Жарғы, 17. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть. –М.: Издательство БЕК,1996.-371 с. 18. Международное право: Учебник. /Отв. Ред. Ю.М. Колосов, В.Н.Кузнецов. –М.: Международные отношения, 1994.-608 с. 19. Бирюков П.Н. Международное право. Учебное пособие. –М.: Юристъ, 1998.-416с.
![]() |