Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары



1. Орта ғасырдағы халықаралық құқық (осы дәуірдің халықаралық-құқықтық көзқарастары).

2. Классикалық халықаралық құқық. Гуго Гроций, оның замандастары және оның жолын қуушылар.

3. Мемлекеттердің егемендігінің теңдік қағидасы. Күш қолданбау және күшпен қорқытпау қағидасы.

4. Мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы.

5. Тәуелсіздік, мемлекеттің құқықтық мирасқорлығы және мемлекетті тану.

6. Халықаралық ұйымдардың түсінігі және ерекшеліктері.

7. Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ ның арнайы мамандандырылған мекемелері.

8. БҰҰ ның пайда болу тарихы.

9. БҰҰ ның арнайы мамандандырылған мекемелерінің қызметі.

10.Халықаралық және ұлттық құқықтың түсінігі, олардың арақатынасы мен өзара әсер етуі.

11.Халықаралық-құқықтық жауапкершілік мазмұны, түсінігі және мақсаттары.

12.Халықаралық-құқықтық жауапкершіліктің субъектілері және негізгі қағидалары.

13. Халықаралық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері мен нысаны: сасия (материалдық емес) және материалды.

14.Халықаралық құқықтағы азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері.

15. Адам құқығы аясындағы халықаралық-құқықтық реттеу (негізгі құжаттары).

16.Мемлекеттердің экономикалық бірлестіктері. Кәсіпкерлік қызметтегі халықаралық құқық.

17. Дипломатиялық құқықтың түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері.

18.Консулдық құқықтың түсінігі және оның даму тарихы.

19.Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі, мақсаты және қағидалары.

20.Әлемдік діндердің құқықтық негіздері.

21.Экстрадициялаудың құқықтық негіздері.

22.Экзекватура.

Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.

1.Қарусыздандыру халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі.

2. Мемлекеттердің халықаралық бірлестіктері қылмыспен күресудегі маңызы мен нысаны.

3.Мемлекеттік аумақтың құрамдық бөліктері. Халықаралық өзендер, каналдар және бұғаздар.

4. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері.

5. Халықаралық өзен құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері.

6. Халықаралық әуе құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері.

7. Халықаралық әуе ұшуларын реттеудегі халықаралық авиациялық мекемелер.

8. Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері.

9. Ғарыш кеңістігін игеру және космановтардың құқықтық режимі.

10. Халықаралық экологиялық құқықтағы халықаралық ұйымдар.

11.Халықаралық гуманитарлық құқықтың қайнар көздері мен қағидалары.

12. Діни бірлестіктердің қызметін халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері.

13. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің негіздері.

14. Мұнай саласындағы халықаралық-құқықтық бірлестіктер.

15. ФАО құру (азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ұйым).

16. Туризм саласындағы халықаралық-құқықтық бірлестік.

17. Қазақстан Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аумағындағы елдердің өзара қарым қатынасы.

18. Қазақстанның халықаралық қаржы-несиелік ұйымдардың қызметіне қатысуы және теміржол саласындағы, Қазақстанның НАТО Кеңесінің қызметіне қатысуы.

19. Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен экономикалық және экологиялық қатынасы.

20. Халықаралық құқықтағы аграрлық құқықтың мәселелері.

21. Халықаралық аренадағы мұнай мәселелерінің құқықтық негіздері.

22. Халықаралық құқықтағы дідердің алатын орны.

Глоссарий

 

Ұғымы Мазмұны
Мемлекет бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.
Республика бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны.
Дипломатия бұл мемлекеттік халықаралық деңгейде сыртқы саясатын жүргізу амал-тәсілдерінің жиынтығы.
Де – юре толық заңды ресми мойындау. Құқық бойынша заңды салдарлар толық көлемде беріледі, мысалы, толық біржолата мойындау дипломатиялық өкілдіктермен алмасуды, көптеген екі жақты келісімшарттарды жасасуды, танылатын мемлекеттің юрисдикциясынан қорғаншылықты тануды білдіреді. Бір рет мақұлдағаннан кейін мемлекеттің екінші рет бас тартуы мүмкін емес. Де –юре мойындауынан кейін танушы және танылатын мемлекеттердің арасында дипломатиялық, консулдық, сауда және басқа да қатынастар орнатылады.
Де-факто бұл толық емес ресми мойындау. Бұл кезде тек консулдық және сауда қатынастары орнатылады; экономикалық және әкімшілік сипаттағы келісімшарттар жасалады. Бұл мойындау қайта алынуы мүмкін немесе соның нәтижесінде де –юре мойындауы болуы мүмкін, яғни де –юре мойындауының алғы шарты болуы да ықтимал.
ad hoc мойындауы фактілі (іс жүзінде) ғана болуы мүмкін. Бұл жағдайда танылатын субъект болмайды, бірақ, мысалы, мемлекетке туындаған мәселелерді реттеу үшін нақты бір қатынастарға түсу қажет болды. Мысалы, қандай-да бір бір реттік қатынастар үшін спорт жарыстарына, ғылыми семинарларға, конференцияларға және т.б. бұл іс-шаралар аяқталғаннан кейін құқық субъектісі танылмайды деп жариялауы мүмкін.
Мемлекеттік территория бұл нақты бір мемлекеттің егемендігінде болатын және сол территорияда өз билігін жүргізетін жер шарының бөлігі.
Аралас режимдегі территория (континентальдық шельф (құрлықтық қайраңдар), ерекше экономикалық аймақ)-мемлекеттік территорияның құрамына кіртейтін, бірақ жағалауындағы мемлекеттер осы кеңістіктерге тиесілі егеменді құқықтары болатын кеңістік. Оның құқықтың мәртебесі ұлттық заңнамамен және халықаралық келісімшартпен белгіленеді.
Халықаралық режимдегі территория (территориялық сулардың шетіндегі ашық теңіз, теңіз түбіндегі аудан, кейбір халықаралық шығанақтар, өзендер мен каналдар, Антарктика, ғарыш кеңістігі, аспан денелері) – бұл ешбір мемлекетке тиесілі емес және барлық елдердің ортақ пайдалануында болатын кеңістік. Оның құқықтық режимі халықаралық келісімшартпен анықталады.
Кворум Мәжіліс шешімінің заңды болуы үшін қатысушылар санының жеткіліктілігі( әр палата депутаттарының 2/3 қатысса өткізіледі)
Үкімет мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы.
Премьер-Министр Үкімет төрағасы және атқару билігін ұйымдастыратын лауазым иесі.
Нормативтік-құқықтық акт Референдумда қабылданған өкілетті орган немесе лауазымды адам қабылдаған,құқықтық нормаларды белгілейтін,тоқтатып жазбаша ресми құжат
Регламент 1) Қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін ережесі.
Сот сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган.
Унитарлы мемлекет Өз ішінде қандай да бір мемлекеттік құрылымы жоқ,аумағын әкімшілік – аумақтың бөліністерге бөлген мемлекеттің құрылымдық
Саяси плюрализм - (лат. pluralis - көпшілік) билікке қатысты қатынастар жүйесіндегі өзара байланысты элементтердің сан алуандылығы.
Федерация Автономиялардың бірігіп одақтық мемлекет құруы
Омбудсмен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғау, сондай-ақ өз өкілеттігі шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шара­ларды жүзеге асырумен айналысатын адам.

Тест тапсырмалары:



Просмотров 1597

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!