![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
Жоспар: 1. Халықтар жағдайын халықаралық-құқықтық реттеу. 2. Адам құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу. 3. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі. Негізгі ұғымдар:халы, адам, азамат, азаматтық, адам құқығы, бостандық, филиация, азаматтықты алу, бипатризм. Халықаралық құқықтағы адам құқығы. Алғаш рет «адам құқығы» ұғымы халықаралық құқықта Ұлы Француз революциясынан кейін пайда болды. Адам құқығының көпшілігі ол туған сәттен басталатын азаматтығымен анықталады. Азаматтық - бұл белгілі бір мемлекетке қатысты және оның билігіне бағынуда нақты құқықтар мен міндеттерге ие болуында көрінетін жеке тұлғаның нақты мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Азаматтық: а) туған кезде; б) халықаралық келісімшарт негізінде натурализация әдісімен; в) шағымдану және қайта қалпына келтіру жолдарымен алынады. Туғаны бойынша азаматтыққа ие болу. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларын зерттеу мынаны көрсетіп отыр: туғаны бойынша азаматтықты алу 2 қағидаға негізделетіндігін: - қан құқығы қағидасы- тұлғаның азаматтығы ата-анасының азаматтығына байланысты және туған жеріне байланыссыз ие болуы.Европаның көптеген мемлекеттері осы қағиданы ұстанады, мысалы, Австрия, Норвегия, Италия, Финляндия және т.б. - топырақ құқығы қағидасы –бастапқы сәт болып мемлекететрдің территориясы болып табылады, қай мемлекеттің территориясында адам туса; бұл кезде ата-аналарының азаматтығы маңызды емес, мысалы, Бразилия мен Аргентинаның заңдары, егер осы мемлекеттердің территориясында бала туса, ата-аналарының азаматтығына байланыссыз, сәйкесінше Бразилияның немесе Аргентинаның азаматы болып табылады деп саналады. Бұл қағиданы көбінесе Латын Америкасы елдері ұстанады. Бірқатар елдердің заңдары 2 қағиданың әрекетінен тұрады, яғни аралас қағиданы ұстанады, мысалы, АҚШ, Франция, Англия, Үндістан және т.б. Азаматтыққа қабылдау немесе натурализация-бұл азаматтығы жоқ немесе басқа мемлекеттің азаматтығы бар тұлғаның нақты мемлекеттің азаматтығын алуы. «Азаматтық туралы» ҚР заңының 10-б. сәйкес азаматтыққа қабылдау немесе натурализация мынадай жағдайларда қарастырылған: -тұлғаның оған азаматтық беру туралы өтініші; -бір мемлекеттің азаматының басқа мемлекеттің азаматымен некеге отыруы; -өзге мемлекеттің азаматтығы бар тұлғалардың баласын асырап алуы. Азаматтыққа қабылданатын тұлға қанағаттандыруы қажетті әртүрлі талаптар мен негіздер бар, соның ішінде ең көр тараған шарты – «елде тұру мерзімі»: -АҚШ пен Францияда – 5 жыл; -Норвегия мен Ұлыбританияда -7 жыл; -Испанияда -10 жыл және т.б. Азаматтықты жоғалту мынадай негіздерде болуы мүмкін: а) басқа мемлекетте натурализация жасаған жағдайда азаматтықтан ерікті түрде шыққанда; б) территорияның мәртебесі өзгергенде; в) азаматтықтан айырғанда. Азаматтықты жоғалту және тоқтату әртүрлі ұғымдар, біріншісі екіншісінен тар ұғым. ҚР азаматтығы мынадай жағдайлар тоқтатылады: -ҚР азаматтығынан шыққанда; -ҚР азаматтығын жоғалтқанда; Азаматтықтан шығу тұлғаның өтінішінің негізінде ғана жүзеге асырылып қоймайды. Шығу туралы өтініш қанағаттаныдырылмайды, егерде ҚР алдында орындамаған мінддетрі болса немесе Қазақстанның жеке тұлғасының немесе заңды тұлғасының мүддесіне елеулі түрде мүліктік мінддетері болса. ҚР азаматтығынан шығу туралы өтініш қанағаттаныдырылмайды, егерде осындай өтініш берген тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған болса немесе қылмыстық жазасын өтеп жүрсе. ҚР азаматтығы туралы заңнама. 1995ж. ҚР Конституциясында –азаматтық мәселелеріне арналған жеке бөлім бар. Конституцияға сәйкес ҚР –да әрбір адам азаматтыққа және оны өзгертуге құқылы; ҚР территориясында жүрген азаматтар және оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар, барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сонымен қатар, Конституциямен, заңдармен және ҚР мемлекет аралық келісімшарттарымен белгіленген барлық міндететрді алып жүруілері қажет. «Азаматтық туралы» ҚР заңының 9-бабына сәйкес, ҚР республиканың шегінен тыс жүрген өз азаматтарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылданды. Шет елде жүрген қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғауда нақты функцияны Сыртқы Істер Министрі жүзеге асырады. Сонымен қатар, ол (СІМ) қазақстандық азаматтықты алуға жәрдемдеседі және Қазақстаннан тыс республиканың азаматтығымен байланысты ағымдағы сұрақтарды шешеді. Өз кезегінде ҚР азаматтары өз мемлекетіне қатысты бірқатар міндететрді орындауы қажет: - азамат ҚР заңдарын және Конституцияны сақтауы қажет; - ҚР мүддесін, оның территориялық біртұтастығын қорғауы қажет; - әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, мемлекеттік тілді, ҚР территориясында тұратын, ҚР егемендігіне және тәуелсіздігіне ықпал етуші барлық ұлттардың тіліне құрметпен қарау қажет; (ҚР азаматтық туралы заңнының 1 бабы); Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы. Шетелдік тұлға – белгілі бір мемлекеттің территориясында тұрақты немесе уақытша жүрген және осы мемлекеттің азаматы болып табылмайтын тұлға. Шетелдіктердің құқықтық жағдайы қай мемлекеттің территориясында жүрсе, сол мемлекеттің заңымен және халықаралық құқықпен реттеліп анықталады. Шет ел азаматтарының құқықтары мен міндеттері белгілі бір мемлекеттің заңнамаларымен, нормативті-құқықтық актілерімен анықталады. Нақты мемлекетте шет елдіктердің құқықтары мен міндеттері белгілейтін нормалардың жиынтығы – олардың құқықтық режимін құрайды. ҚР өзінің заңдарында, ережелерінде және сәйкес нұсқауларында бекітілген шетелдіктердің кіру, болу және шығу ережелерін белгілеуде халықаралық нормаларды басшылыққа алады. Шет елдіктердің құқықтық жағдайы арнайы және ұлттық режимдері бөлінеді. Арнайы режимде – шетелдіктер ұлттық құқықта немесе халықаралық келісімшарттарда анықталған құқықтарды пайдаланады. Ұлттық режимде – шетелдіктер сол мемлекеттің өзінің азаматтарының сияқты құқықтары мен міндеттері болады, бірақта шет ел азаматтарының және нақты мемлекеттің азаматтарының құқықтары тең болмайды. Қос азаматтылық- бипатризм –двойное гражданство – бұл тұлғаның екі мемлекетпен саяси – құқықтық байланысы. Қос азаматталық екі елдің заңдарының коллизиясы (қақтығыс - столкновения) туындайды, мысалы, «қан құқығы» қағидасын қолданатын Финляндия азаматы болып табылатын ата-анадан «топырақ құқығын» қағидасын қолданатын (Перу) мемлекеттің территориясында туған бала туған сәтінен бастап бір уақытта ПЕру және Финляндияның азаматтығына ие болады. Бипатризм басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаушы тұлға натурализация кезінде өз елінің азаматтығын жоғалтпаған кезде туындауы мүмкін, мысалы, Кеңес Одағы құлаған кезде қос азаматтылық мәселесі туындады, яғни өзінің тұрғылықты жері Қазақстанда тұратын ұлты бойынша орыстар (қазақстандық азаматтар) өздерінің тарихи елі – Ресей азаматтығын алуына рұқсат етілді. Бұл мәселе өз кезінде дискуссия пәніне айналды, бірақ екі елдің Президенттері 1994ж. қол қойған Қазақстан мен Ресейдің азаматтарының құқықтық мәртебесі және азаматтығы туралы Меморандумда шешімін тапты. Бұл құжатта Қазақтанға немесе Ресейге тұақты тұру үшін келген азаматтарға және олардың жақын туыстары тиісті азаматтылықты алудың қысқартылған тәртібіне кепіл беретін процедураны қабылдауға ниет білдірді. ҚР мен РФ арасындағы келісімшартта РФ территориясында тұрақты тұратын ҚР азаматтарының және ҚР территориясында тұрақты тұратын РФ азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы процедуралар қабыданған (1993ж. 20.01.). Апатридтер – қай елдің территориясында тұрса, сол елдің заңдарына бағынады (апатризм сұрақтарын реттейтін халықаралық-құқықтық нормалар жоқ). Баспана құқығы - өз мемлекетінде саяси көз қарасы үшіе, қоғамдық қызметі үшін қуғын сүргінге ұшырап, одан құтылуға мәжбүр болған жағдайда, өзге мемлекеттен баспана іздеуге әрбір адамға құқық беріледі. Осындай құқық, ереже бойынша, әрбір елдің Конституциясында, басқа да заңдарында жазылады. Баспана құқығы – бұл өз мемлекетінде саяси қызметі үшін қудаланған шетел азаматына нақты басқа мемлекеттің өз территориясына кіруге және тұруға рұқсат беру және осы азаматты оны қудалаған мемлекет бермеу құқығы да табылады. Баспананың 2 формасы бар: - территориялық (аумақтық) – бұл азаматқа басқа территорияда баспана беру; 1) дипломатиялық – шет мемлекеттердің дипломатиялық немесе консулдық өкілдік территориясында жекеленген тұлғаларға баспана беру (көбінесе латын Америкасында таралған). Баспана бермеу негіздері, егер тұлға мынадай іс - әрекеттерді жасаған болса: - әскери қылмыс; - қылмыстық істерді; - БҰҰ мақсаты мен қағидаларына қайшы келетін қылмыстық әрекететрді (1976ж. БҰҰ БА ХХІІ сессиясында «Территориялық баспана туралы Декларация» қабылданған, осыған сәйкес мемлекеттер кімге баспана беретіндігін өздері шешеді. Декларацияның 1 бабына сәйкес отаршылдыққа қарсы күресушілерде баспана құқығын пайдалануға құқылы). Босқындардың құқықтық жағдайы. Босқын – бұл өз елін мына себептер бойынша тастап кеткен тұлғаларды атайды: - сыртқы агрессия, оккупация, шетелдік үстемдік басқа да формалары негізінде; - оларды тіршілік етуінің материалды негіздерін жойған табиғи апаттар негізінде; - қандай-да бір әлеуеметтік топқа, саяси және діни көз қарастарыға қатыстылығы үшін репрессияға ұшырау қауіптілігі болса. Босқындардың құқығы нақты бір елде тұрақты тұратын шетелдіктермен бірдей, сонымен қатар босқындар келген мемлекетте еңбегі үшін сол мемлекеттің азаматтары сияқты сыйақы алуға құқық беріледі. Босқындарға мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік беретін құжаттар берілуі мүмкін. 1951ж. екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Босқындардың мәртебесі туралы Конвенция» қабылданды. Испанияда, Италияда, Германияда фашистік режимді белгілеумен байланысты осы режимге келіспеген адамдар осы елден қашты. Соғыстың өзі адамдарды әртүрлі елдерге айдап жіберді. 1951 жылғы Конвенция осы жағдайды бәсеңдету үшін қабылданған болатын. 1951ж. және 1951 жылға дейінгі жағдайларға ғана қолданылды. 1951 ж. кейінгі туындаған босқындардың мәселелерін құқықтық реттеуге қажеттілік туындады. Сондықтан да 1967ж. 1951 Конвенцияның кез келген уақытта және жерде туындайтын босқындар мәселелеріне әрекеті жүретін Хаттама қабылданды. 1951ж. Конвенция КСРО қатысқан жоқ және босқындардың мәселелерін шешуге үлесін қосудан бас тартты. Ал Қазақстан Республикасы 1951ж. босқындар туралы Конвенцияға және 1967ж. оның Хаттамасына қосылуды қарастырып жатыр. Ал бұл дегеніміз осы мәселені шешуге қатысуға жас мемлекеттің дайындығын көрсетер еді, бірақ республика заңдары әлі де жеткілікті әзірленбеген. АҚШ-та, мысалы, осы сұрақтарға Иммиграциялық (көші-қон) және ішкі мемлекеттік акт арналған және босқындарға баспана берудің жаңа процедурасын белгіледі.
![]() |