Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық әуе құқығы



Жоспар:

1.Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы.

2.Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары.

3.Әуе кеңістігінің режимі және халықаралық ұшуды құқықтық реттеу.

4.Әуе қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеу.

Негізгі ұғымдар:әуе, халықаралық әуе, халықаралық әуе құқығы, халықаралық әуе қатынастары, әуе кеңістігі, халықаралық ұшу, әуе қатынастары.

XX ғ. басында әуе кеңістігінін заңдылық табиғаты мен әуе кеңістігін иеленудің құқықтық шегі туралы мәселелер көптеп қарастырылды.Сол кезде бұл туралы екі теория пайда болды.Ол «әуе еркіндігі»мен әуе кеңістігінің мемлекеттік егемендігі туралы теориялар.

«Әуе еркіндігі»туралы теория француз ғалымы П.Фошильдікі, екінші теория голландық ғалым Лайкламе Найхольттікі.Осы ғылымыжетістіктердің негізінде әуе кеңістігін құқықтық реттеу туралы конфенциялар пайдаболды.Әуе кеңістігін халықаралық реттеу өз бастамасын 1919 ж әуе навигациясы туралы Париж конвенциясынан алды.Онда құрылық пен су аймақтары жататын әуе кеңістігін мемлекеттің егемендігі қағидаты бекітті.Әуе кеңістігінің құқықтық режимінің ғылыми талқылануы проблемасының нәтижесінде 1919 ж Париж конвенциясы қабылданды.Бірақ бұл конвенцияның өз кемшіліктері де болды.Олардың ең негізгісі халықаралық әуе хабарландыруындағы еркін ұшу мәселелерін қамтамасыз ету. Әуе көлігінің дамуымен және оны тек қозғалу үшін емес және коммерциялық мақсаттармен алып жүруді жүзеге асыратын басқа да (1919 ж. Париж конвенциясынан басқа) халықаралық құқықтық актілер қабылданды.Оның ішінде 1928 ж. коммерциялық авиация туралы Панамерикандық конвенциясы қабылданды.

Әуе көлігі қызметінің құқықтық реттелуін екінші дүниежүзілік соғыс уақытша тоқтатты. Бірақ 1944 ж. АҚШ-тың ынтасымен Чикагода 1919 ж.Париж конвенциасының орнына жаңа конвенцияны талқылау үшін халықаралық конвенция шақырылды.Осы 1944 ж.Чикагода Азаматтық авиация жөніндегі Чикаго конвенциясының нәтижесінде мынадай негізгі құжаттар қабылданды: Конвенцияның шешуші актісі, әуе хабарларын халықаралық транзиттеу жөнінідегі келісім және халықаралық әуе көлігі туралы келісім.

Әуе кемелерінің коммерциялық қызметіне келетін болсақ мысалы, жолаушыларды, жүктер мен поштаны тасымалдауға байланысты, онда Чикаго конвенциясының қорытынды актісінде бұл мәселелер екіжақты келісімдер арқылы реттелетіндігі шешілді.

1959 ж.Азаматтық авиацияның Европа конвенциясы Страсбургстік типтік деп аталатын «әкімшілік және техникалық сипаттағы үлгі ережені» қабылданды.

1991 ж.ТМД елдері әуе кеңістігін ортақ пайдалану және азаматтық авиация туралы келісім шартқа отырды. Ал 1993 ж. осы мемлекеттер арасында арнайы тағайындалған әуе кемелерін ұшыру туралы келісім шарт жасалды. 1996 ж.ТМД құрамына мүше мемлекеттер әуе кеңістігін қорғау туралы конвенция қабылдады, Қазақстан Республикасы 1995 ж. 20 желтоқсанда Қ.Р Президент заңдық күші бар «ҚР-дың авиация қызметі және әуе кеңістігін пайдалану» жарлығын қабылдады.

Халықаралық әуе құқығы ұғымына келетін болсақ, ешқандай халықаралық шарттарда нақты түсініктеме берілмеген, өйткені алдын ала әуе құқығы ішкі мемлекеттік мәселелерге жататын, қазіргі жағдайда халықаралық қатынастар ұлғайған жағдайда әуе құқығының маңызы өте зор деп айтуға болады.

Халықаралық әуе құқығы - әуе кеңістігін, оның анықтаушы құқықтық режимін қолдануға байланысты халықаралық субьектілердің арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы қағидаттар мен нормалардың жиынтығынан тұратын халықаралық құқық бөлімі.

Халықаралық әуе құқығы – халықаралық әуе хабарландыруын жүзеге асыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін пайдалануға байланысты халықаралық субьектілер арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың саласы.

Әуе кеңістігін екі түрге бөлуге болады:

1.Егеменді әуе кеңістігі;

2.Халықаралық әуе кеңістігі;

3. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидаттары.

Халықаралық әуе құқығының арнайы негізгі қағидаты мемлекеттін өз әуе кеңістігіне толық және ерекше егемендігінің таралуы.Әуе кеңістігіне егемендік қағидатының мазмұны мемлекеттер өз әуе кеңістігінде өздері құрған құқықтық режимін қолдануы болып табылады.Осы қағидат халықаралық келісімдерге қалай бекітілсе дәл солай әр елдің заңдылығында да бекітіледі.Кез келген әуе кемелері қандайда бір мемлекеттің аумағы шегінен ұшып өткенде, сол мемлекеттің әуе хабарландыруына байланысты заңдар мен тәртіптерді қатаң орындауға міндетті.Өз әуе кеңістігіне егемендік қағидатын негізге ала отырып, мемлекеттер әдетте ұшу жолдары мен бағыттарын, ал қажет болғанда тыйым салынған аймақтар арқылы ұшу және радиобайланыс ережелерінің тәртібін анықтап, ұшу қорғасын қамтамасыз етеді.

Мемлекет аумағында ұшу ережелері. Тәжірибеде мемлекет аумағынан әуе кемелерінің ұшуы тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Тұрақты ұшу алдын ала бекітілген кестемен, жоспармен белгіленген сызықпен жүзеге асырылады.Ал тұрақсыз ұшу әуе (чартерлік әуе тасымалдау) қатынастары екі немесе бірнеше мемлекеттердің арасында екіжақты келісіммен белгіленеді.Кейбір мемлекеттер (мысалы АҚШ) авиакәсіпорындарға өз аумағына келгенде сақтауға міндетті қосымша талаптар қойылған пайдалану рұқсатын береді.

Чикаго конвенциясының 5-бабына сәйкес осы конвенцияға мүше мемлекеттердің халықаралық әуе хабарландыруында тұрақты ұшуға жатпайтын әуе кемелері басқа мемлекет аумағынан ұшуға тек сол жағдайда құқылы, егер олар Чикаго конвенциясының нормаларын бұзбай және конвенцияға мүше мемлекет аумағына ұшып өту немесе коммерциялық емес мақсатта рұқсат етіледі.Мемлекеттер өз аумағында ұшып бара жатқан шетел әуе кемесін тоқтатуға құқылы.

Егемендік қағидадынан мемлекеттер өз аумағында әуе кемелері мен басқа да ұшу аппарттарының ұшуы жүзеге асырылуы үшін ережеге шығарады.Чикаго конвенциясынын 6-бабына сәйкес «арнайы рұқсат немесе осы мемлекеттін басқа бір санкциясы және осындай рұқсат пен санкцияның жағдайларына қатысты болмаса, келісім жүргізіп жатқан мемлекеттін аймағы үстінде немесе аймағында ешқандай халықаралық әуе хабарландыруын жүзеге асыруы мүмкін емес».

Тәжірибеде шетелдер аумағының шегінде әрдайым ұшу құқығын мемлекеттер әуе хабарландыру туралы келісім арқылы алады.Кейбір мемлекеттер (әсіресе АҚШ) авиакәсіпорындарға сол аумаққа ұшуда әуе кемелері талаптарының тізімі бар қосымша пайдалану рұқсатын береді.

1952 ж.ИКАО кеңес халықаралық әуе хабарландыруы арқылы әрдайым ресми анықтама қабылдайды.Халықаралық навигацияда әрбір әуе кемесінің тіркеу туралы куәлік, ұшуға жарайтындығы туралы куәлік, борттық журнал және т.б құжаттары болуы керек.

Шет мемлекеттердің әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне сол мемлекеттің заңы және кедендік, валюталық, карантиндік бақылауы тарайды.

Әуе кемесі апатқа ұшыраған жағдайда қай мемлекеттің аумағында апатқа ұшыраса.Сол мемлекет апатқа ұшыраған әуе кемесіне көмектесуі тиіс.

Шекараны бұзған немесе әуе жолынан шығып кеткен шетел әуе кемесін әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың өміріне қауіп төндірмей және әуе кемесінін қауіпсіздігін сақтауға әрекет жасау керек.

4. Халықаралық әуе тасымалдауын құқықтық реттеу.

Халықаралық әуе тасымалдауындағы негізгі мәселе шетел авиакәсіпорындарының коммерциялық қызметтерін реттеу болып табылады.Осы проблема өз кезінде ірі авиациялық державалар мен олардың авиакомпанияларының арасында үлкен дау туғызған.Егер коммерциялық құқық ұғымына келетін болсақ, бұл авиакәсіпорындарға жолаушылар, жүктер мен поштаны сыйақы үшін әуе арқылы тасымалдауына рұқсат беру.

Халықаралық әуе тасымалдау ұғымы әдетте коммерциялық құқықтармен ашылады:

- транзиттік құқықты берген мемлекеттің аумағында қондырусыз транзиттік ұшу құқығы;

- коммерциялық емес мақсатта транзиттік ұшу, қондыру құқығы;

- әуе кемесі тіркелген мемлекетке ұшуда шет мемлекеттен бортқа алынған жолаушылар мен жүктерді және поштаны алып кетуге құқылы;

- әуе кемесі тіркелген мемлекеттен бортқа алынған жолаушыларды шығару, жүк пен поштаны шығару шет мемлекетке алып келуге құқылы;

- осы негізгі «ауа еркіндігінен» тағы да басқа құқықтар;

- өз мемлекетінің аумағы арқылы үшінші мемлекетке тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы;

- өз мемлекетінің аймағынан өтпей, үшінші мемлекеттің аймағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы.

Қазіргі уақытта осы көрсетілген ауа еркіндігінің түрлері әуе кемесін тіркелген мемлекетке ғана емес, сонымен қатар мемлекет – пайдаланушыда (әуе кемелерін жалға алушы) қолданылады.

Батыс Еуропада коммерциялық құқықты реттеудін жаңа бағыты бойынша әуе тасымалы туралы екіжақты келісімдер (мысалы:1984 ж7Ұлыбритания мен Нидерланды арасындағы келісім, ФРГ мен Люксембург) ашық тәртіпті маршрут қағидатына сәйкес бесінші «еркіндік» құқығы бойынша өкілетті авиация органдарымен (үкіметпен емес) қолданылады.

Қазақстан Республикасының көлік және телекоммуникация министрлігі басқа міндеттермен қатар, халықаралық және мемлекетаралық көлік аймағында қызмет етеді. Қ.Р көліктік кешенді басқарудағы мемлекеттік орталық басқару органы болып табылады.Оның құрамына сонымен қатар әуе көлігі де кіреді, мұны басқаратын Азаматтық авиация комитеті.Одан басқа Қазақстанда жеке авиациялық кәсіпорындар қызмет істейді, қазіргі кезде Қазақстан 70-тен астам әуекомпанисы бар, оның ішінде 40%-ның әуекомпаниясында өз әуе кешелері жоқ, соған қарамастан олардың жасайтын қызметтері халықаралық тарифпен бірдей.Өкілеттік мақсатта, осы кәсіпорынның мүддесін қорғау үшін авиациялық кәсіпорындар шетелге өзінің өкілдіктерін жібере алады, мысалы:Қ.Р әуе нарығында шетелдік әуе компаниялар 70% болып саналады.

5. Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік. Мемлекеттің жауапкершілігі.Мемлекеттер халықаралық әуе құқығының қағидаттары мен нормаларын бұзғандары үшін саяси жауапкершілікке тартылады.Ол жауапкершілік ИКАО Ассамблемына дауыс беру құқығынан айрылу түрінде болуы мүмкін.Сонымен қатар, мемлекеттер басқа мемлекеттін әуе кеңістігі егемендігін бұзғаны үшін халықаралық жауапкершілікке тартылады.

Әуеде тасымалдаушы (авиакәсіпорын) жолаушылар мен жүк иелеріне келтірген шығындары үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікке тартылады.

1929 ж. Варшава конвенциясына сәйкес тасымалдаушы жолаушының өліміне алып келген немесе кез келген дене жарақаты және жүктің жоғалуы мен жеткізіп беру уақытын кешіктіргені үшін келтірген зиянға жауап береді.

Варшаваға келісім – шарт жүйесінде әуеде тасымалдаушы жуапкершілігінің максимум шекті көлемі белгіленген.Әрбір жолаушы үшін (апттан қайтыс болған жағдайда) жауапкершілік шегі - 250 мың француз аптыны, әрбір - 1 кг салмақ жүк үшін – 250 мың француз алтыны, әрбір қолды ұстап жүрген затқа 5 мың француз алтыны.1966 ж. Монреаль келісім – шарты бойынша тасымалдаушының жуапкершілік шекті көлемі 75 мың американ долларына көбейтілді.1971 ж. Гватемала хаттамасы жауапкершілікті өтеудің көлемін 100 мың долларға өсірді.

6 Халықаралық Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО)

ИКАО – ұғымының ағылшын тілінен аударылған аты. Бұл ұйым 1944ж. Чикаго конвенциясында азаматтық авиация мәселелерін шешу үшін құрылған. ИКАО-ның өзінің ішкі жарғысы бар. 1946ж. бұл ұйым БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы мәртебесін алды.

Қазіргі уақытта ИКАО – азаматтық авиация саласындағы үлкен ұйым.Оның құрамына 150 мемлекет бар. Қазақстан Республикасы 1992 ж. 21 тамызынан бастап осы ұйымға мүше.

ИКАО-ның негізгі мақсаты Чикаго конвенциясына сәйкес халықаралық азаматтық авиациялардың қауіпсіздігін және дамуын қамтамасыз ету.

ИКАО-ның жоғарғы органы Ассамблея болып табылады.Оған барлық мемлекет қатысушылары қатысады.Олар әр үш жылда бір жиналады және онда олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.Атқарушы органы – кеңес болып табылады.Ол жыл сайын үш рет жиналады және оның мүшелері 33 мемлекет.Әуе навигациясы комиссиясы 15 адамнан тұрады.Оның мүшелері әуенавигациясы саласындағы заңды тұлғалар болады.Секретариатты кеңес сайлаған Бас хатшы басқарады.Заңды комитетке ИКАО-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің бәрі қатысады.

ИКАО-ның тұрғылықты жері – Канаданың Монреаль қаласы.

Сонымен қатар халықаралық әуе қатынастарында маңызды халықаралық ұйымдарға Азаматтық авиацияның Еуропалық конвенциясы (ЕКАК), Аэронавигацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Еуропа Ұйымы (Еуробақылау), Азаматтық авиацияның Африка комиссиясы (АФКАК) т.б.



Просмотров 3513

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!