Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық экологиялық құқық



Жоспар:

1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы және оның мазмұны.

2. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері.

3. Халықаралық экологиялық құқық қағмдаларының жүйесі.

4. Халықаралық экологиялық құқықтағы халықаралық ұйымдар.

Негізгі ұғымдар:экология, халықаралық экологиялық құқық, халықаралық экологиялық құқықтық қатынастар.

Табиғатты аяусыз эксплуатациялау объектісіне айналдырған өндірістің күрт өсуі және ғылыми техникалық прогресс, адамның қызметінің масштабының ұлғаюы қоршаған ортаға елеулі зиян келтіріп отыр.

Қоршаған ортаға мына факторлар жағымсыз ықпал етіп отыр: а) табиғаттың жекелеген компоненттерін ұтымсыз, тіпті шектен тыс тұтыну, кейде жойып жіберу; б) қоршаған ортаны ластау; в) қарулы қақтығыстар және т.б. Сонымен қатар қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін тағы бір фактор - адамның қызмет ету нәтижесінде антропогендік ластау. Өткен ғасырдың ең басты мәселесі – қышқыл жауындар жауып,с оның нәтижесінде табиғатты ластау болып табылды. Суларға сұйық қалдықтарды төгу таза тұщы сулардың қорын азайтты, ол барлық су қорларының биологиялық қайыршылығына әкелді.

Табиғат және оның объектілері (ауа, теңіздер мен мұхиттар, ормандар, жан-жануарлар, ғарыш және т.б.) адамзаттың ортақ игілігі болып табылады. Табиғатты қорғаужәне оның ресурстарын ұтымды пайдалану – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі және ол үшін бүкіл әлем қауымдастығы мүдделі болып отыр. Осы проблеманы шешудің басты шарты: бүкіл мемлекететрдің табиғатқа қатысты бірыңғай саясат жүргізу және өз территориясында табиғатты қорғау бойынша барлық шараларды қабылдау; қоршаған ортаны қорғау бойынша ұтымды заңнама әзірлеп қабылдау; БҰҰ шегінде және аймақтық деңгейде өткізілетін қоршаған ортаны халықаралық қорғау бойынша акцияларға қатысу.

Халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидалары қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалану сферасындағы басты реттеуші болып табылады. Сонымен қатар қоршаған ортаны халықаралық – қорғаудың арнайы қағидалары да бар:

1) мемлекеттік шекарадан тыс қоршаған табиғи орта бүкіл адамзат игілігі болып табылады. Бұл қағида 1967ж. ғарыш туралы Келісімшартта (ІХб.), 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (континенталдық шельфтің шегінен тыс кеңістік пен теңіз түбінің қорларына қатысты) (ХІ бөлімі) бекітілген.

2) Қоршаған ортаны және оның компоненттерін зерттеу және пайдалану еркіндігі. Барлық мемлекет және халықаралық үкіметаралық ұйымдар қандайда болмасын дискриминациясыз қоршаған ортада құқыққа сай бейбіт ғылыми қызметпен айналысуына құқылы. Бұл қағида 1959ж. Антарктика туралы Келісімшартта (ІІ б.), 1967ж. ғарыш туралы Келісімшартта (2б.), 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (ХІІІб.), 1979ж. Ай туралы Келісімде бекітілген.

3)Қоршаған ортаны ұтымды пайдалану. Табиғи ресурстарды эксплуатациялау барынша тұрақты деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттер табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл 1958ж. ашық теңіздің балық алу және оның тірі ресурстарын қорғау туралы Конвенциясында; 1973ж. жағалу қауіпі төнген жабайы фауна мен флораның түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенцияда; 1979ж. көшіп-қонушы түрлерін қорғау бойынша Конвенция;

4)Қоршаған ортаны ластауды болдырмау. Қоршаған ортаны зерттеу және пайдалану кезінде мемлекеттер тосинді және өзге де заттарды қоршаған ортаның заласыздандыру мүмкндігінен асып кететіндей мөлшерде және концентрацияда шығармаулары тиіс. Бұл қағида 1979ж. үлкен арақашықтықта ауаны трансшекаралық ластау туралы Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша Конвенцияда (ХІІ бөлімде), 1972ж. теңізді қалдықтар мен басқа да материалдарды төгумен ластауды болдырмау бойынша Конвенцияда, 1977ж. әскери немесе табиғи ортаға кез келген өзге де ықпал ету құралдарын қастықпен пайдалануға тыйым салу туралы Конвенцияда және т.б. халықаралық келісімшарттарда қарастырылған.

5)Қоршаған ортаны зерттеуде және пайдалануда халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Қоршаған ортаны сақтаумен байланысты халықаралық проблемаларды барлық елдердің ынтымақтастығы, тең құқылық және өзара пайда негізінде шешу қажет, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді және табиғи қорларды өңдеп шығаруды азайту және болдырмау мақсатында шешу қажет. Бұл қағида қоршаған ортаны халықаралық қорғаудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады және барлығына дерлік келісімшарттарда бекітілген, мысалы, 1976ж. Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі табиғатты қорғау туралы Конвенцияда; 1980ж. Антарктиканың теңіздік тірі ресурстарын сақтау туралы Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында бекітілген.

6)Қоршаған ортаның сақталуы үшін халықаралық жауапкершілік. Қоршаған ортаны және оның компоненттерін зерттеуде және пайдалануда мемлекеттермен бірге халықаралық ұйымдар, заңды тұлғалар, қоғамдық ұйымдарда қатысуы мүмкін. Бірақта кез келген жағдайда да қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін тек мемлекеттер ғана тартылады. Бұл қағида 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында, арнайы конвенцияларда, мысалы, 1963ж. ядролық зиян келтіргені үшін азаматтық жауаптылық туралы Вена Конвенциясында, 1981ж. ядерлік материалдарды теңізде тасымалдау облысындағы азаматтық жауаптылық туралы Конвенцияда бекітілген.

Әлемдік мұхит – халықаралық –құқықтық қорғау объектісі. Әлемдік мұхит –Жердегі тіршілік үшін ерекше маңызды. Мұхит-бұл Жердің «тынысы». Жер шарының тұрғындарын қоректендіру (белок) көзі және пайдалы қазбалардың орасан зор байлығы шоғырланған жері. Бірақ ғылыми-техникалық прогресс мұхиттың тіршілік ету қабілеттілігіне теріс ықпал етті – интенсивті кеме жүзу; континенталдық шельф суларындағы мұнай мен газды өндіруді арттыру, теңізге мұнай және радиоактивті қалдықтарды төгу ауыр зардаптарға: теңіз кеңістіктерінің ластануына, Әлемдік мұхитта экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелді. Қазіргі уақытта адамзат алдында ғаламдық міндет тұр, бұл –мұхитқа келтірілген зиянды тезірек жою, бұзылған тепе – тедікті қалпына келтіру және оның болашақта сақталуына кепілдіктер белгілеу.

Әлемдік мұхитты қорғау мақсатында көпжақты және аймақтық келісімдердің бірқатары қабылданды. 1958ж. теңіз құқығы бойынша Женева Конвенциясы мен 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы мемлекеттерді теңізді қорғауға міндеттейді. 1982ж. Конвенцияла мемлекеттердің теңіз түбін эксплуатациялау, радиоактивті заттарды көмумен, кемелерді пайдалану бойынша қызметтерінің нәтижесінде Әлемдік мұхитты ластауға тыйым салу туралы жалпы жағдайлар баяндалған.

Қазіргі уақытта Әлемдік мұхитқа оны мұнаймен ластау орасан зор зиян келтіріп отыр. Жыл сайын әртүрлі көздерден теңізге 12-14млн. тонна мұнай түседі.



Просмотров 2536

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!