Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқық



Жоспар:

1. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және оның қайнар көздері.

2. Халықаралық гуманитарлық құқық қағидаларының жүйесі.

3. Хаықаралық Қызыл Крест (ХҚКК) құқықтық мәртебесі.

Негізгі ұғымдар:гуманитарлық құқық, халықаралық гуманитарлық құқық, қарулы жанжалдар, делегация, әскери қимылдар.

Халықаралық гуманитарлық құқық - бұл ізгілік қағидаларына негізделген және қарулы қактығыстар салдарын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Ол әскери қимылдарға тікелей катыспаған немесе қатысуын тоқтаткан адамдарды қорғайды және соғыс жүргізу құралдары мен әдістерін таңдауды шектейді. Халықаралық гуманитарлық құқықты сондай-ақ «соғыс құқығы» немесе «қарулы жанжалдар құқығы» деп те атайды.

Халықаралық гуманитарлық құқық мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қалыптасуының қайнар көздері ретінде ережелер мен нормаларды айтуға болады, олар әлемнің барлық діндері мен мәдениеттерінде кездеседі. Осы заманғы халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуы 1860 ж. басталды. Сонан бері мемлекеттер осы заманғы жағдайлардағы соғыс жүргізу тәжірибелеріне негізделген және ізгілік пен мемлекеттердің әскери талаптарының арасындағы қатаң тепе-теңдікті орнатуға арналған әдеттегі ережелер дің бірқатарын мойындауға келісті. Халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуына үлес қосқан мемлекеттер саны артты.

Халықаралық гуманитарлық құқық екі құқықтық проблеманың зерттелуін қамтиды:

1. әскери қимылдарға тікелей қатыспаған немесе қатысуларын тоқтатқан адамдарды қорғау;

2. соғыс жүргізу әдістеріне, атап айтқанда, қарудың кейбір түрлерін және әскери тактиканы қоса алғанда, әскери қимылдар жүргізу әдістеріне шектеулер қою.

Халықаралық гуманитарлық құқық әскери қимылдарға қатыспайтындарды, атап айтқанда: азаматтық халықты, медициналық және рухани қызметкерлерді қорғайды. Халықаралық-құқықтық нормалардың қорғауында сондай-ақ әскери қимылдарға қатысуын тоқтатқандар да болады. Мүндай санатқа: жараланғандар, кеме апатына ұшырағандар, аурулар мен тұтқындар кіреді.

Халықаралық гуманитарлық қүқықтың құқықтық нормаларына орай, оның қорғауындағы адамдарға шабуыл жасауға тыйым салынады. Олардың жеке адамдарына қол сұғуға болмайды және олардың ар-намысына тиетін, кемсітетіндей қатынас жасалмау керек. Аурулар мен жаралыларға көмек көрсету қажет. Конвенциялық нормаларға сәйкес, қарулы қақтығыстарға байланысты әскери тұтқындар мен ұсталған адамдарға тиісті тамақтандыру, тұрғын-үй және сот кепілдіктері беріледі. Госпитальдар мен санитарлық-көлік құралдары сияқты объектілер қорғауда болады және оларға шабуыл жасауға болмайды. Халықаралық гуманитарлық құқық қорғауда болатын жерлер мен адамдары тану үшін қолданылуы мүмкін түрлі эмблемалар мен сигналдарды қарастырған. Мүндай эмблемаларға Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай эмблемасы жатады.

Халықаралық гуманитарлық құқық әскери қимылдардың кез келген құралдары мен әдістеріне тыйым салады. Олар:

•әскери қимылдарға қатыспайтындар арасында айырмашылық-тардың болуына жол бермейді, мысалы азаматтық тұлғалар мен оларға қатысатын адамдар арасында;

•артық залалдар немесе артық қасіреттерге;

•коршаған табиғи ортаға елеулі немесе ұзақ мерзімді залал келтіретін жағдайда.

Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары паршалайтын оқтарға, химиялық және биологиялық қаруларға, соқыр қылатын лазер қаруларына тыйым салды.

Халықаралық гуманитарлық құқық қарулы жанжалдарға ғана қолданылады, ол ішкі тәртіпсіздіктерді қамтымайды және мемлекеттер дің күш қолдануға жол беретін жағдайларына таралмайды. Бұл жағдайлар халықаралық құқықтың жеке, бірак маңызды саласымен реттеледі, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бейнеленген. Халықаралық гуманитарлық құқық жанжал туған кезде қолданылады және оны кімнің бастағанынан тәуелсіз түрде жанжалдасушы барлық тараптарға әрекет етеді.

Халықаралық қарулы жанжалдар мен халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдардың арасында айырмашылықтар болады. Біріншісіне, кем дегенде екі мемлекет қатысатын жанжалдар жатқызылады. Олар төрт Женева Конвенциясы мен Қосымша хаттамада мазмүндалған кептеген нормалардың әрекетіне бағынады. Халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдарға қолданылатын құқық нормалары көлемі аздау. Олар жалпыға ортақ Конвенцияның 3-бабында, II Қосымша Хаттамада мазмұндалған. Дегенмен, халықаралық карулы жанжалдар жағдайында да, халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдарға да халыкаралық құқық нормаларын барлық тараптар қатаң сактаулары тиіс.

Халықаралық гуманитарлык құқық пен адам құқықтарына қатысты құқықтың арасындағы ерекшеліктер туралы айту керек. Кейбір ережелерінің ұқсастығына қарамастан, халықаралық құқықтың бұл екі саласы жеке-жеке дамыған және құқықтық нормаларының мазмұны әр түрлі болып келетін Халықаралық-құқықтык актілерінде көрініс тапқан. Халықаралық гуманитарлық құқыққа қарағанда, адам құқықтарына қатысты құқық бейбіт кезеңдерде қолданылады, ал қарулы жанжал кезінде, оның кейбір нормаларының қолданылуы уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Өкінішке қарай, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының әлемде болып жаткан қатынастарда бұзылуы жиі кездеседі. Көбіне-көп қарулы жанжалдардың құрбаны бейбіт тұрғындар болып келеді. Көпшілік жағдайларда, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары азаматтық тұлғаларды, тұтқындарды, ауруларды және жаралыларды қорғауда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ қаруды қолдануды шектеуге жәрдемдеседі. Өйткені, халықаралық гуманитарлық құқық соғыс кезінде қолданылады, оның қүқықтық нормаларын орындау кептеген қиыншылықтарға тап болады. Сондықтан, халықаралық құқықтың осы саласының құқықтык нормаларының тиімді пайдаланылуы бірінші кезектегі маңызы бар мәселе болып қала беруде.

Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары мен қағидаларының сақталуына жәрдемдесу мақсатында бірқатар шаралар жасалды. Мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларымен өзінін қарулы күштерін және барлық халықты таныстыруға міндетті. Олар осы құқықтың бұзылуының алдын алуы керек, ал қажет болған жағдайда оны бұзушыларды жазалап отыруы тиіс. Оның ішінде, олар Женева Конвенциясы мен Қосымша Хаттамаларды елеулі түрде бұзатын жағдайларда, әскери қылмыстар деп қарастырылатындарды жазалауды көздейтін заңдарды қолданысқа енгізуі керек.

Гуманитарлық құқықтың қағидалары алғаш рет 1966 ж. тұжырымдалған болатын. Олардың төрт тобы бар: негізгі, жалпы, жанжалдар құрбандарына қатысты және соғыс құқығына қатысты қағидалар.



Просмотров 3086

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!