Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық теңіз және өзен құқықғы



Жоспар:

1. Халықаралық теңiз құқығының түсiнiгi, қағидалары мен қайнар көздерi.

2. Теңiз кеңiстiктерiнiң классификациясы.

3. Iшкi және территориялық сулар ұғымы.

4. Ашық теңiз ұғымы.

Негізгі ұғымдар:халықаралық теңіз, аумақ сулары, халықаралық теңіз құқығы, іргелес зона, ашық теңіз, транзит.

Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың негізгі саласының бірі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастарды реттейтін қазіргі халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормалары, сондай-ақ Әлемдік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесіндегі мемлекеттердің қатынастары мен қызметтері – құқықтық реттеудің негізі болады.

Алғашында теңіз құқығы жай нормалар нысанында құрылған; оның кодификациясы ХХ ғасырдың ортасында жүргізілді. 1930ж. Ұлттар Лигасының қамқорлығымен құрылған Гаага конференциясында басталған іспен, аймақтық сулардың құқықтық режиміне қатысты нормаларын бірінші жүйеге келтіруге әрекет, теңіздік ірі мемлекеттердің алауыздықтарынан табысты аяқталмады. Келешекте қайта қарап талқылауға Конвенцияның жобасы ғана дайындалды.

Сонымен бірге, қазіргі халықаралық теңіз құқығын халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын әлемдік мұхиттағы қызметтері бойынша реттейтін заңдылық қағидалар мен нормалардың жүйесі ретінде сипаттауға болады.

Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлімі болғандықтан, жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын басшылыққа алады. Бұл қағидалар: өзара күш қолданбау, қорқытпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің қызметтестігі, барлық халықтар теңдей өз тағдырын өздері шеше алады, мемлекеттердің егемендігі бірдей, барлық мемлекеттер өздеріне алған міндеттерді ойдағыдай орындауға тиісті.

Өз мәні бойынша әмбебап және барлық мемлекеттерге кез келген қызметтер де міндетті, соның ішінде, әлемдік мұхитты зерттеу және пайдалану жөнінде мемлекеттердің қызметтері, олар барлық халықаралық құқықтық қатынастарда болатын негізгі заңды ережелер мен нормалардан тұрады.

Халықаралық теңіз құқығында сонымен бірге өзіндік негізгі қағидалар, оған сипатталатын халықаралық құқықтың жалпы жүйесінің бір саласына ғана жататындар кіреді.

Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары қатарына жататындар: ашық теңіз бостандығы; теңіз ресурстарын сақтау және орынды пайдалану; теңіздік ортаны қорғау; әлемдік теңіздерді бейбіт мақсатта пайдалану.

Ашық теңіз бостандығы қағидасы – халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидасы болып табылады. Ашық теңіз бостандығы қағидасына сәйкес, аумақтық теңіздің сыртқы шекарасына теңіз кеңістіктері ашық және қандай да бір мемлекеттердің егемендігіне жатпайтын барлық мемлекеттерге белгіленген халықаралық құқық пен жағдайына байланысты берілген.

Ұшқыш аппараттардың ұшу бостандығы қағидасы (азаматтық, әскери) ХХ ғасырдың бірінші жартысында құрылды. Осы қағидаға сәйкес, барлық мемлекеттер ұйымдарға, азаматтық және әскери ұшқыш аппараттардың ұшуын жүзеге асыруға; олардың көмегімен ғылыми зерттеулер жүргізуге; радиотехникалық құралдарды пайдалануға; теңіз жағдайындағы сауда, әскери, кәсіптік, ғылыми-зерттеу кемелерінің мүдделерін әуеден бақылап, теңізде көмек көрсетуге бірдей құқықтарға ие.

Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы.Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы ірі сипаттағы сипаттағы жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі – қоршаған ортаны қорғау қағидасының құрамдас бөлігі болғандықтан, теңіз кеңістігін қорғау жалпы мемлекеттердің халықаралық қызметтестік мәселелерінде шешілуі қажет.

БҰҰ-ның 1982 ж. теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясы бұл қағиданы теңіз кеңістігін қорғау жайындағы мемлекеттердің жалпы халықаралық міндеті ретінде бекітті. Конвенцияның 192-бабына сәйкес “Мемлекеттер теңіз кеңістігін қорғауға және сақтауға міндетті”.

Теңіздің тірі ресурстарын сақтау және орынды пайдалану қағидасытеңіз кеңістігін қорғау және балық аулау бостандығымен тығыз байланысты. Бұл қағиданың өзгешілігі кез келген мемлекеттің теңіз ресурстары ауланған түрлерінің қорларын сақтау есбімен Әлемдік мұхиттың тірі ресурстары кәсібіне құқығы бар екендігінен тұрады.

Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы.Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану және толық қарусыздандыру режимін бекітуді қамтитын 1959 ж. Антарктика жөніндегі шарттың, 1971 ж. Теңіздер және мұхиттар түбіне және рның қойнауына ядролық қарулар мен жаппай қарулардың басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу жөніндегі шарттың және 1963 ж. «Ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу жөніндегі» шарттардың маңызы зор. Қазіргі уақытта бұл қағиданың бөлек нормативтік мазмұнын ашатын жалпы түсінік шығарылған жоқ. Бірақ әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасының мазмұны – сөзсіз мемлекеттердің Дүниежүзілік мұхитты пайдалану жөніндегі қызметтерін күшпен немесе күш қаупімен іске асыруды болғызбаудан тұрады.

Сондықтан халықаралық теңіз құқығының әмбебап деңгейдегі нормаларын бір жүйеге түсіру қажет болды. Әсіресе мұндай қажеттілік ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңінде жетілді, теңіз шаруашылығында жаңа технология пайда болғанда теңіз ресурстарын және кеңістіктерін жан-жақты және кешенді игеруге өту үшін дәйекті талаптар құрылды, бұлар Әлемдік мұхитта мемлекеттер қызметінің жаңа түрлерін қамтыды, яғни ғылыми зерттеулер, барлау және мұнай мен газды пайдалану мақсатында бұрғылау, іздеулер және теңіз түбінің пайдалы қазылған терең аудандарын өңдеу, мұхиттық экспедициялық барлық кәсібі және т.с.с. Барлық осы мәселелер халықаралық деңгейде егжей-тегжейлі құқықтық тәртіп белгілеуді керек етті.

Алғашында теңіз құқығы жай нормалар нысанында құрылған; оның кодификациясы ХХ ғасырдың ортасында жүргізілді. 1930ж. Ұлттар Лигасының қамқорлығымен құрылған Гаага конференциясында басталған іспен, аймақтық сулардың құқықтық режиміне қатысты нормаларын бірінші жүйеге келтіруге әрекет, теңіздік ірі мемлекеттердің алауыздықтарынан табысты аяқталмады. Келешекте қайта қарап талқылауға Конвенцияның жобасы ғана дайындалды.

Ашық теңіз бостандығы қағидасы – халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидасы болып табылады. Ашық теңіз бостандығы қағидасына сәйкес, аумақтық теңіздің сыртқы шекарасына теңіз кеңістіктері ашық және қандай да бір мемлекеттердің егемендігіне жатпайтын барлық мемлекеттерге белгіленген халықаралық құқық пен жағдайына байланысты берілген.

Ашық теңіз бостандығы қағидасы – теңізде жүзу еркіндігін, ашық теңіздің әуе кеңістігіндегі ұшу еркіндігін, су асты кабельдері мен құбырлар салу еркіндігін, жасанды аралдар тұрғызу еркіндігін, балық аулау еркіндігін және ғылыми зерттеулер жүргізу еркіндігін білдіреді.

Жоғарыда көрсетілген еркіндіктер ашық теңіз еркіндігінің туынды элементтері болып табылады, сондай-ақ, теңіз құқығының бөлек қағидалары ретінде өзіндік мәндерге болады. Теңізде жүзу немесе кеме қатынасы бостандығы - әрбір мемлекеттің, жағадағы не болмаса жағадан тыс мемлекеттің ашық теңізде өз жалауымен еркін жүруі болып табылады.

Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы.Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы ірі сипаттағы сипаттағы жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі – қоршаған ортаны қорғау қағидасының құрамдас бөлігі болғандықтан, теңіз кеңістігін қорғау жалпы мемлекеттердің халықаралық қызметтестік мәселелерінде шешілуі қажет.

Теңіз кеңістігін қорғау қағидасын жасаудағы үлкен рөлді осы мәселенің әр түрлі аспектілері бойынша теңіз кеңістігін қорғауға шақыратын көптеген халықаралық конвенциялар атқарады. Оларға жататындар: 1954 ж. Теңіздердің мұнайдан ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық Конвенция және 1973 ж. Теңіздердің кемелермен ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық Конвенция (07.06.1994 ж. Қазақстан осы Конвенцияның қатысушысы); 1972 ж. Теңіздердің қалдықтар мен басқа да материалдарды тастаудан ластануын болдырмау жөніндегі Конвенция; 1969 ж. Мұнайдан ластануға алып келетін апат жағдайында Ашық теңізде араласу жөніндегі халықаралық Конвенция және т.б.

Теңіздің тірі ресурстарын сақтау және орынды пайдалану қағидасытеңіз кеңістігін қорғау және балық аулау бостандығымен тығыз байланысты. Бұл қағиданың өзгешілігі кез келген мемлекеттің теңіз ресурстары ауланған түрлерінің қорларын сақтау есбімен Әлемдік мұхиттың тірі ресурстары кәсібіне құқығы бар екендігінен тұрады.

1958 ж. «Балық аулау жөніндегі» және «Ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі» Женева Конвенциялары және 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы теңіздік биоресурстар кәсібін тиімдірек ету және тәртіпке салудағы объективті қажеттіліктерді бекітті. БҰҰ Конвенциясының 177-бабына сәйкес «Барлық мемлекеттер Ашық теңіздің тірі ресурстарын сақтау үшін қажетті шаралар қолданады немесе өз азаматтарына қатысты қабылданған осындай шаралары бар басқа мемлекеттермен қызметтеседі».

Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы.Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану және толық қарусыздандыру режимін бекітуді қамтитын 1959 ж. Антарктика жөніндегі шарттың, 1971 ж. Теңіздер және мұхиттар түбіне және рның қойнауына ядролық қарулар мен жаппай қарулардың басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу жөніндегі шарттың және 1963 ж. «Ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу жөніндегі» шарттардың маңызы зор. Қазіргі уақытта бұл қағиданың бөлек нормативтік мазмұнын ашатын жалпы түсінік шығарылған жоқ. Бірақ әлемдік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасының мазмұны – сөзсіз мемлекеттердің Дүниежүзілік мұхитты пайдалану жөніндегі қызметтерін күшпен немесе күш қаупімен іске асыруды болғызбаудан тұрады.

Ішкі және территориялық сулар ұғымы.Аймақтық теңіз – бұл жағалаудағы мемлекеттің ішкі теңіз суларына немесе аймақтық құрлығына жанасатын ені 12 теңіз миліне дейінгі теңіз белдеуі. Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша аймақтық теңіз жағалауындағы мемлекет аймағының бөлігі ретінде танылады, ол өзінің егемендігін аймақтық теңіз суларына ғана емес, сонымен бірге оның түбіне, әуе кеңістігіне, аймақтық теңіз түбі мен қойнауына да жүргізе алады. Аймақтық теңізде мемлекеттік шекара оның теңіз сулары шегіндегі сызығымен ғана емес, сонымен бірге осы сызықпен өтетін вертикальды қабатымен, оның түбі мен қойнауы, әуе кеңістігін белгілейтін қабатымен де анықталады.

Сонымен, шетелдік кемелер бейбіт түрде өту кезінде жағалау мемлекеттің заңдарын және ережелердің сонымен қоса теңіздегі қақтығыстардың алдын алуға қатысты жалпыға танымал ережелерді сақтауға міндетті.

1958 және 1982 жылғы Конвенциялар шетелдік әскери кемелердің бейбіт түрде өту құқығын қарастырады.

Ашық теңіз ұғымы.Аймақтық суының сыртқы шекарасында орналасқан теңіз және мұхит кеңістігі ашық теңіз деп аталады.

Ашық теңіз ұғымының анықтамасы 1958 ж. Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.

Осы Конвенцияның 1-бабына сәйкес, ашық теңіз дегеніміз аймақтық суы мен кез келген мемлекеттің ішкісуларына енбейтін теңіздің барлық бөлігі. Сонымен қатар,Конвенцияның 2-бабына сәйкес, ашық теңіз барлық ұлттар үшін ашық және ешқандай мемлекет оның кез келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқығы жоқ. ашық теңіз бостандығы халықаралық құқығының нақты баптары және басқа да нормаларымен анықталған жағдайларда жү­зеге асырылады. Жекелеп алғанда, олар жағалаудағы және жағалаудағы емес мемлекеттер үшін:

- кеме қатынасы бостандығы;

- балық аулау бостандығы;

- су асты кабельдері және құбырлар қондыру бостандығы;

- ашық теңіз үстінен ұшу бостандығынан құралады.

БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы Конвенциясының жаңа редакциясына, қазіргі талаптарға жауап беретін Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясының ережелеріне кейбір толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. БҰҰ Конвенциясының 89-бабы ешқандай мемлекет ашық теңіздің кез келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқылы емес деген дәстүрлі ережені бекітеді. 87-баптың 1-тармағы ашық теңіз бостандықтарына кеме қатынасы, ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын орнату бостандығы және оған жасанды арал және құрылғылар салу, ғылыми зерттеулер жүргізу құқықтары туралы жаңа ережелермен толықтыру арқылы Конвенцияның 2-бабын жаңғыртты.

Жағалауындағы аймақ және құрлықтық қайраң ( континенталдық шельф). Құрлықтық қайраң дегеніміз (ағьлшын тілінен аударғанда сөре, шығыңқы жер, саяз жер), теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғаюы белгіленетін, жағалау сызығынан тереңдігіне дейін жайылып жататын материктер айналасындағы су асты жазығы.

Бастапқы сызықтан 200 теңіз миль шегіндегі континенттік қайраң туралы көрсеткіштерді, тиісті жағадағы мемлекет өз континенттік қайраңының сыртқы шекарасын белгілеуге қатысты мәселелер бойынша оларға ұсыныс беретін Континенттік қайраң шекарасы жөніндегі комиссияға береді. Комиссия ұсыныстары негізінде белгіленген жағалаудағы мемлекеттің континенттік қайраңының шекарасы түпкілікті және барлығы үшін міндетті болады.

1958 ж. Конвенция және 1982 ж. Конвенция да жағалаудағы мемлекеттің қайраңға қүқығы - қайраң бетін жабатын судың жөне сол сулардың үстіндегі әуе кеңістігінің күқықтық мәртебесін қозғамайтыны туралы ережелерден тұрады. Жағалаудағы мемлекетке континенттік қайраңның ресурстарын барлау жөне оның табиғи ресурстарын өндеу мақсатында егеменді құқық беріледі. Бұл құқықтар, егер жағалаудағы мемлекет континенттік қайраңға барлау жүргізбесе және оның ресурстарын өндемесе ерекше болып табылады, ешкім мұндай жұмыстарды жағалаудағы мемлекеттің белгілі бір келісімінсіз жүргізе алмайды.

Жоғарыдағы құқықтар олардың қайраңды тиімді немесе жалған басып алуына не сол туралы тікелей жариялауына тәуелді емес.

Ерекше экономикалық аймақ.Ерекше экономикалық аймақ дегеніміз аумақ суы жөне аумақ суының енінен өлшенетін бастапқы сызықтан бастап ені 200 теңіз милін қосып есептегендегі аудан.

Жағалаудағы мемлекетке ерекше экономикалық аймақта барлық табиғи ресурстарды барлау, өндеу және аяқтау мақсатында егеменді қүқықтар беріледі. Мұндай табиғи ресурстарға судағы тірі жөне тірі емес, теңіз түбінде тұнып жатқан ресурстар және теңіз түбінің қойнауы жатады. Бұл жағалаудағы мемлекетке барлық тірі және минералды ресурстарға егемендік емес, жоғарыда көрсетілген егемендік құқық береді.

Ешқандай мемлекеттің шекарасына және егемендігіне жатпайтын теңіз бен мұхит аудандарында, ешбір мемлекет сол аудандағы табиғи ресурстарды иемденуге құқық бермейді.

Жағалаудағы мемлекет ерекше экономикалық аймақта барлау жүргізу, пайдалану, тірі ресурстарды сақтау және оларды басқару барысында, өзінің егемендік құқығын жүргізуде БҰҰ Конвенциясына сәйкес, қабылданған заңдар мен ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге қажетті тексеру, инспекциялау, қамау және соттың істі қарауы сияқты шараларды қолдануға құқылы.

Қазіргі кезде теңіз түбінің ресурстарын игеру іс жүзінде әлі басталмағанымен, барлық негізгі нормалар мен қағидаттар бекітіледі және аудандағы мемлекеттің кең көлемді қызметі үйлестіріледі.



Просмотров 2907

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!