Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі



Жоспар:

1. Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының теориялық негiздерi.

2. Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы нысандары.

Негізгі ұғымдар:халықаралық қауіпсіздік, қарулану, ұжымдық қауіпсіздік.

Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы басымдық үшінші мағынасында бір құқық жүйесі нормасының екінші құқық жүйесінің нормасынан заңдық күшінің жоғарлылығын білдіреді. Әрине, бұл жоғарылылық абсолюттi емес, ситуациялық сипатта болады. Салыстырмалы зерттеу сипатында болатын жұмысымызда бiз халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының ұлттық құқық нормаларының иерархиясына әсер ету деңгейі мен осы иерархиядағы олардың алатын орнын анықтауды міндеттеріміздің бірі етіп қойдық. Осы жерде адамзаттың даму процесінде бірде халықаралық құқық ұлттық құқықтан, енді бірде ұлттық құқық халықаралық құқықтан басым болғанын айта кетуіміз керек. Кеңес Одағы мен социалистік елдер лагері болған кезде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың бәсекелестігі анағұрлым теңескен болатын, кеңестік ғылыми доктрина олар өзара тең деген көзқарасты қатал ұстанды. Қазіргі постсоциалистік кезеңде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзарақатынасы жаңа сатыға көтерілді және мұнда халықаралық құқық мемлекетаралық сала да, мемлекетішілік салада да ұлттық құқықтан басым.

Халықаралық құқықтың элементтері өте ерте замандарда қалыптаса бастады. Бірақ көбінесе ол жеңуші халықтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қалыптасқан болатын. Бұл қасиет Еуропа елдеріне де тән болды және ХVI-XVII ғасырларда осы ортада қазіргі халықаралық құқық туындады.

Өзінің қалыптасып дамуының алғашқы сатыларында-ақ мемлекетішілік құқық халықаралық құқыққа әсер ете алды және керісінше халықаралық құқық та мемлекетішілік құқыққа әсер етті, халықаралық құқықтың бір түрі ретінде аймақтық құқық, сонымен бірге, дамыған мемлекеттердің құқықтары көрші елдердің құқығының пайда болуына, қалыптасып дамуына әсер етті. Мысалы, еуропа (әсіресе, неміс) құқығы Ресей құқығының қалыптасуына, ал орыс құқығы өз кезегінде ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның еуропаланған құқығың пайда болуына әсер етті. Бұл үрдіс осы күнге дейін жалғасуда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, француз заңнамасы, соның ішінде Франция Конституциясы 1995-жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындауға әсер етті.

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы А.Цорн «Халықтар құқығының (халықаралық құқық) негіздері», Венцель «Юриспруденция негізгі мәселелері» атты жұмыстарында халықаралық құқықты «мемлекеттердің сыртқы құқығы» ретінде қарастырады және олар ұлттық құқыққа енгізілген бөлігінде ғана заңды болады деп айтты.

Түсініктердің мазмұнын нормативтік, немесе бірінші кезеңде, доктриналды бекіту құқықты біркелкі норма шығармашылықта, түсіндіруде және қолдануда маңызды рөл ойнайды.

Ұлттық және халықаралық құқық арақатынасының дәстүрлі нысаны осы жұмыстың кіріспесінде көрсетілген бірқатар ғалымдардың еңбектерінде көп рет қарастырылған болатын. Соған қарамастан, халықаралық-құқықтық нормаларды ғылыми «түгендеу» (инвентаризация) қажеттілігі, ішкі мемлекеттік құқық нормаларымен салыстыру негізді, кездейсоқ емес сипатта болу үшін «сап бойынша» орналастыру туралы 1980 жылдар ортасында А.М.Васильев жазған болатын.

Ғылыми әдебиеттерде халықаралық және ұлттық құқық арақатынасын сипаттайтын терминдер мен түсініктер бойынша әр қилылық байқалатындықтан, біз бұл бөлімде құқық тарихында бұрыннан белгілі құбылыстарды белгілеу үшін ұлттық және халықаралық құқық арақатынасы нысандарының жіктелуіне тоқталамыз.

«Трансформация» термині (латынның тransformatio – қайта құру, өзгерту) қайта құруды, өзгертуді білдіреді. Көбінесе қоғамдық ғылымдар бұл түсінікті радикалды құрылымдық өзгерістерді суреттеу үшін қолданады. Ол қоғамдық ұйымның жаңа сапалы жағдайына көшуді білдіреді. Трансформациялық процесс келесідей сатылардан өтеді: қоғамның осы күнгі жағдайын қайта бағалау; әлеуметтік диагностика, дағдарыстан шығудың мүмкін жолдарын анықтау; ескірген жүйені бөлшектеу; қоғамның жаңадан өзін-өзі билеуі. «Трансформация» термині жаңа әлеуметтік-экономикалық саясатқа көшкен посткеңестік мемлекеттердегі өтпелі процестерді нақты сипаттайды. Осылайша, біздің ойымызша трансформация дегеніміз – мемлекет нысанының немесе құқықтық жүйенің көлемді өзгерісін сипаттайтын термин.

Адаптация (лат. adaptatio–лайықтау, бейімдеу) –өзара байланысты нормативтік құқықтық актілер блогы деңгейінде ұлттық құқықтың біртіндеп өзгеруі, әлемдік қоғамдастықта әрекет етуші құқықтық дәстүрлерді ескеру, үнемі туындайтын ішкі және сыртқы факторларға лайықтану мақсатында сала ішілік, салалық және тіпті түгелдей жүйе ауқымында өзгеру.

Модернизация (фр. мoderniser – осы заманға сай істеу) – өтпелі кезеңде қоғамдық өмірдің барлық жақтарының елеулі жаңаруы («заманға сай жаңалануы») негізінде елдің мемлекеттік-құқықтық құрылымының уақыт бойынша ұзақ емес, ерікті өзгеруі. Бұл Ежелгі әлем уақытынан белгілі Non progredi est regredi» – «прогрестің жоқтығы – регресс» қағидасы бойынша дамитын барлық мемлекеттерге тән үздіксіз процесс. Модернизация эволюцияның құрамдас бөлігі болып табылады және ол революцияға (латын тілінде re-volutio тіркесі «кері қозғалу, артқа шегіну» дегенді білдіреді - кейіннен мемлекеттің әрі қарай дамуына жағымсыз әсер етуі мүмкін мемлекет және құқық дамуының күтпеген, күшпен, өткінші өзгеруі) қарама-қарсы.

Имплементация (лат. implementatio – енгізу, жүзеге асыру) – ұлттық құқықтық жүйеге халықаралық немесе шетелдік құқық нормаларын енгізу процесін сипаттайтын термин. Имплементация термині көбінесе мемлекет халықаралық-құқықтық актіні ратификациялағаннан кейін басталады, бірақ халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқыққа имплементациясы ратификацияға дейін де жүзеге асырылады.

Рецепция (лат. recepcio – қабылдау) бұл бір елдің, қоғамның осы немесе басқа елде, басқа кезеңінде туындаған құқықтық, мәдени және басқа да құндылықтарын қабылдауы, соған бейімделуі. Құқықтағы рецепция деген осы елдің аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымның немесе құқықтық жүйенің жоғалған тұстарын қайта қалпына келтіру немесе басқа елдің, халықтың, жергілікті өркениеттің тәжірибесін алуды білдіреді.

Инкорпорация (лат. incorporatio – құрамына енгізу, қосылу) –имплементациялаумен қатар халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқыққа енгізудің, халықаралық шарт ережелеріне байланысты ұлттық заңнама нормаларын өзгертудің жалпы процесі ретінде қарастырылады.

Трансплантация (лат. transplantare – қайта көшіріп орнату), жат мемлекеттің нормативтік құқықтық актісін ұлттық заңнамаға мәжбүрлеп енгізу немесе бір мемлекеттің екінші мемлекетке мүлдем жат құқықтық жүйені немесе оның элементтерін күшпен таңу.Бұл терминді ғылымға кең пайдалануға енгізу құқығын ғылымда «заңдық трансплантация» сөз тіркесінің қолданылып жүруі бекітеді.



Просмотров 3639

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!