![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
Жоспар: 1.Халықаралық ұйымдардың құқығының түсінігі және қайнар көздері. 2.Халықаралық ұйым түсінігі және классификациясы. 3.Халықаралық ұйымдарды құрудың тәртібі. Негізгі ұғымдар:халықаралық ұйым, халықаралық ұйымдар құқығы, консенсус, Ұлттар Лигасы. Халықаралық ұйымдар мен конференциялар құқығының түсінігі мен қайнар көздері. Бүгінгі күндерде халықаралық аренада мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының ауқымы кеңейіп, барлық жаңа қатынастар халықаралық-құқықтық реттеу пәні болып отыр. Мемлекет аралық ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық нысандарының, көпжақты дипломатияның бірі халықаралық ұйымдар болып табылады. Халықаралық ұйымдар құқықтық феномен ретінде салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды, ХІХғ. аяғы мен ХХғ. Басында халықаралық байланыстардың сұраныстары тұрақты, үнемі әрекет ететін мемлекет аралық құрылымдарды талап етті. Осылай, 1874 жылы Бүкіл әлемдік почталық Одақ пайда болды, 1919 жылы халықаралық еңбек ұйымы пайда болды. Нақты саяси бағыттағы алғашқы халықаралық ұйым 1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы болды. Ол Версаль жүйесінің жағдайларына және 1946 жылға дейін формалды түрде қызмет етті. Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық – құқықтық нормалардың 2 тобынан тұрады, және олар мынаны құрайды: біріншіден, ұйымның «ішкі құқығы» (ұйымның құрылымын, оның органдарының құзырлығын және жұмыс тәртібін, персоналдың мәртебесін, өзге де құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар); екіншіден, ұйымның «сыртқы құқығы» (мемлекеттермен және басқа да халықаралық ұйымдармен ұйымның келісімшарт нормалары). Халықаралық ұйымдар құқығының нормалары – келісімшарт нормалары, ол ұйымдар құқығының өзі – халықаралық құқықтың ең кодификацияланған саласының бірі болып табылады. Осы саланың қайнар көздрі ретінде мыналарды атауға болады: - халықаралық ұйымның құрылтай құжаттары; - 1975ж. универсалды сипаттағы халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын мемлекеттердің өкілдігі туралы Вена Конвенциясы; -1986ж. мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясы; - Халықаралық ұйымдардың артықшылықтары мен қорғаншылықтары туралы келісімдер. Халықаралық ұйымдар құқығы – ұйымдардың қызметін, құқықтық жағдайларын, халықаралық құқықтың өзге де субъектілерімен қарым-қатынастарын, халықаралық қатынастарға қатысуын реттейтін нормалардың жиынтығы. Халықаралық ұйымдардың түсінігі және классификациясы.Қазіргі уақыттағы халықаралық қатынастарда халықаралық ұйымдар мемлекеттердің ынтымақтастығының және көпжақты дипломатия нысаны ретінде маңызды рөл атқарады. «Халықаралық ұйым» термині үкіметаралық және үкімет аралық емес ұйымдарға бірдей қолданылады, бірақ олардың заңды табиғаты әртүрлі. Үкіметаралық ұйымдарға мынадай белгілер тән: - мемлекететрдің мүшелілігі; - құрылтайшы құжаты- халықаралық келісімшарттың болуы; - тұрақты органдар; - мүше-мемлекеттердің егемендігін құрметтеу. Сонымен, халықаралық үкіметаралық ұйым - бұл мүше – мемлекеттердің өз егемендіктерін құрметтей отырып, ортақ мүдде де әрекет ететін және тұрақты органдары бар, жалпы мақсатқа жету үшін халықаралық келісімшарт негізінде құрылған мемлекеттердің бірлестігі. Және де тек осы үкіметаралық халықаралық ұйым халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады. Үкімет аралық емес халықаралық ұйымның басты белгісі – бұлар мемлекетаралық келісімшарттың негізінде құрылмаған және заңды немесе жеке тұлғаларды біріктіреді. Мысалы, халықаралық құқықтық Ассоциация, Қызық Крест қоғамының Лигасы және т.б. Халықаралық ұйым халықаралық құқықтың туынды субъектілері ретінде оларды мемлекеттер құрады және ол 3 кезеңнен тұрады: 1) құрылтай құжатын қабылдау; 2) ұйымның материалдық құрылымын құру; 3) ұйымның қызметінің басталуын растайтын негізгі органдарын шақыру. Мемлекеттердің халықаралық ұйымды құруға келіскен ерік білдірушіліктері 2 тәсілмен белгіленуі мүмкін: а) халықаралық келісімшартта; б) әрекет етіп отырған халықаралық ұйымдар шешімінде. Ең көп тарағаны – халықаралық шартты жасасу – бұл халықаралық ұйымның құрылтайшы актісі болып табылатын келісімшарттың мәтінін дайындау және қабылдау үшін халықаралық конференцияны шақыру. Бұл актінің әртүрлі атауы бар: статут (Ұлттар Лигасы); Жарғы (БҰҰ, АМҰ, АБҰ), конвенция (ВОИС; ВПС). Оның күшіне ену датасы ұйымды құру күні деп аталады. Халықаралық ұйым ықшамдалған тәртіпте құрылуы мүмкін, басқа халықаралық ұйымның шешім қабылдау нысанында. Практикада БҰҰ бірнеше рет қолданды, қосалқы орган мәртебесінде жеке орган Бас Ассамблея құрылды, мысалы, дәл осылай 1964ж. ЮНКТАД –бұл сауда және даму бойынша БҰҰ конференциясы құрылды. Бұл жағдайда мемлекеттердің халықаралық ұйым құру туралы келісілген ерік білдірушілігі қабылданған сәттен бастап күшіне енетін құрылтайшы резолюцияға дауыс беру жолымен көрінеді. 2-ші кезеңі – ұйымның материалды құрылымын құруды білдіреді. Осы мақсатта көбінесе арнайы дайындық органдары жиі пайдаланылады. БҰҰ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, теңіз түбі бойынша халықаралық органды құру үшін, теңіз құқығы бойынша халықаралық трибуналды құру үшін дайындық комиссиясының құрылу практикасы дәл осылай. Дайындық органдары жеке халықаралық келісімшарт негізінде, немесе құрылатын ұйымның жарғысына қосымша негізінде, немесе басқа халықаралық ұйым резолюциясы негізінде құрылады. Бұл құжатта органның құрамы, оның құзырлығы мен функциялары анықталады. Бұл органның қызметі болашақ ұйымның органдары іс-шараларының ережесінің жобасын дайындауға, штаб – пәтерді құруға қатысты сұрақтарды әзірлеуге, басты органдардың алдын-ала күн тәртібін құрастыруға, осы күн тәртібінің барлық сұрақтарына қатысты құжаттар мен ұсыныстарды дайындауға бағытталған. Халықаралық ұйымның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер, егерде ұйым ережесімен белгіленген болса, халықаралық ұйым органдарының жұмысына қатысу үшін өз байқаушыларын жіберулері мүмкін. Кейбір ұйымдарда мүше емес мемлекеттерге тұрақты байқаушылар миссияларын аккредиттеуге рұқсат береді, мысалы, БҰҰ-да Ватиканың, Швейцарияның осындай миссиялары бар. 3 кезең – басты органдарды шақыру және олардың қызметінің басталуы халықаралық ұйымды құру бойынша іс-шараны аяқтайды. Халықаралық ұйым өмір сүруін тоқтату да мүше – мемлекеттердің келісілген ерік білдірушілігі жолымен жүзеге асырылады. Көбінесе ұйымды тарату туралы Хаттамаға қол қою жолымен жүзеге асырылады. 1991ж. 01 маусымда Прагада Саяси кеңес беруші Комитеттің жиналысында Варшава келісімшартына мүше-мемлекеттер: Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, КСРО және Чехословакия (Варшава келісімшартының алғашқы екі қатысушысы одан ертерек шықты: Албания (1968ж.), Германияның бірігуімен байланысты ГДР (1990ж.) шыққан болатын) – 1955ж. 14 наурыздағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімшарттың әрекетін тоқтату туралы Хаттамаға қол қойды. ВКҰ тарату туралы Хаттаманы барлық қатысушы – елдердің Парламенттері ратификациялауға тиіс болды. Әрбір халықаралық ұйымның қаржылық қоры болады, көп жағдайда мүше мемлекеттердің жарналарынан құралады, тек ұйымның жалпы мүддесінде ғана жұмсалады. Халықаралық ұйым органдарының түрлері: 1) мүшелілік сипаты бойынша: а) үкіметаралық; б) парламентаралық; в) әкімшілік; г) жеке бас сапасы бар тұлғалардан тұратын; д) әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдерінен тұратын органдар. Осы аталғандардың ішінде маңыздылары – үкіметаралық органдар болып табылады. Оларға мүше-мемлекеттер өздерінің тиісті өкілеттіліктері мен үкімет атынан әрекет ететін өкілдерін жібереді және олардың дипломат болуы тиісті емес. Бірқатар ұйымарға өкіл болу үшін сәйкес мамандығының болуы талап етіледі, мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үшін медициналық білімі бар тұлға немесе ЮНЕСКО үшін мәдениет облысындағы маман қажет. Парламент аралық органдар Еуропалық Одақ үшін тән. Олар тұрғындар санынан сайланатын Парламент депутаттарынан тұрады. 1976ж. бастап Еуропалық Парламент мүше-мемлекеттердің тұрғындарымен жалпы тікелей сайлау жолымен сайлануда. Еуропалық Кеңес органдарының бірі Парламенттік Ассамблея болып табылады. Әкімшілік органдар – барлық халықаралық ұйымдың маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады. Олар халықаралық ұйымда қызмет ететін және тек соған ғана жауапты болатын халықаралық лауазымды тұлғалардан тұрады. Олар мүше-мемлекеттер үшін белгіленген квоталарға сәйкес келісімшарт негізінде алынады. Жеке бас сапасы бар тұлғалардан тұратын органдар халықаралық ұйымдардың қызметінде өте маңызды рөл атқарады, мысалы, арбитраждық немесе сот органдары, сарапшылар комитеттері. 2) мүшелерінің саны бойынша: а) пленарлық - барлық мүше-мемлекеттерден тұратын органдар; б) шектеулі құрамы бар органдар. Ұйымдардағы анағұрлым демократиялық құрылымы бар пленарлық органдар ұйымның саясатын анықтайды. Оларға анағұрлым фундаменталды сұрақтар бойынша шешім қабылдау жүктелген: ұйымның жалпы саясатын және оның қағидаларын анықтауға; конвенциялар мен ұсыныстардың жобаларын қабылдауға; бюджеттік және қаржылық сұрақтарды; жарғыларды қайта қарауға және оған түзетулер енгізуге; ұйымға мүше болумен байланысты сұрақтар – қабылдау, шығру, құқықтар мен артықшылықтарды тоқтату және т.б. Сонымен қатар, бірқатар халықаралық ұйым қызметінде, әсіресе, БҰҰ арнайы мекемелерінде, шектеулі мүшелілік органдарының қызметтерінде жетекшілік етулеріне рөлдерінің жоғарылау тенденциясы байлалып отыр, мысалы, Халықаралық еңбек ұйымы, ИКАО. Шектеулі мүшесі бар органдар үшін олардың құрамының сұрақтары маңызды болып табылады. Бұл органдар олардың қабылдайтын шешімі екі немесе бірнеше топтардың ғана емес, барлық мемлекеттердің мүдделерін өте көп дәрежеде көрсететіндей етіп құрылуы қажет. Осындай органдар құру үшін мына қағидалар қолданылады: - әділ географиялық өкілдіктер; - арнайы мүдде; - мүдделері бірдей емес мемлекетердің өкілдіктерінің тең тобы; - анағұрлым көп қаржылықты емес; - саяси өкілдік. Органдарды құруда көбінесе осы қағидалардың біреуі ғана қолданылады. Халықаралық ұйымдардың органарын сипаттау үшін басқа да белгілер қолданылуы мүмкін: -органдардың иерархиясы: басты және қосалқы. -отырыстарының мерзімділігі бойынша: тұрақты және сессиялық органдар. Екінші кезеңі – шешімнің қабылдаушы органның күн тәртібіне мәселелерді шығару. БҰҰ Бас Ассамблеясы алдын-ала күн тәртібі кезекті сессия ашылғанға дейін 60 күн бұрын құрастырылады, қосымша пункттері 30 күн бұрын енгізіледі, жаңа жедел пункттер – кемінде 30 күн ішінде немесе кезекті сессия кезінде енгізіледі. Сессия жұмысына жетекшілік ететін Бас Комитет қосымша пункттермен бірге алдын-ала күн тәртібін қарайды және әрбір пункті бойынша күн тәртібіне кіргізу туралы ұсыныс береді, немесе бас тартуға, не болмаса келесі сессияларға қалдырады. Содан кейін БА күн тәртібін қабылдайды. БҰҰ арнайы мекемелерінде әдетте, атқарушы органдар пленарлық органдардың күн тәртібін дайындайды. Күн тәртібіне сұрақты кіргізгеннен кейін ол немесе арнайы құрылған комиссия мен комитеттердің қарауына беріледі.Осыдан кейін сұрақ өкілетті органның қарауына қайта беріледі, мысалы, БҰҰ БА іс-шарасы Ережесінің 65 ережесі бойынша күн тәртібінде тұрған бір сұрақ бойынша егер басқаша шешпесе, сол бойынша тиісті комитеттің баяндамасын алмағанға дейін біржолата шешім қабылдамайды. Көп жағдайда халықаралық ұйым шешімді пленарлық органның талқылауына шығармастан бұрын ең алдымен, қосалқы органдардың қарауына береді, мәні бойынша шешімнің жобасы әзірленеді, оның жақтаушылары мен қарсыластары айқындалады. Сондықтан да қосалқы органның жұмысына көп көңіл бөлінеді. Халықаралық ұйым шешімді құрастыру процесінде талқылау кезеңі асты орын алады. Бұл басты немесе қосалқы органдар да болғанына қарамастан бұл талқылаудың тікелей саяси мәні бар және нақты заңды нәтиже болып табылады. Шешім қабылдаудағы шешуші кезең – дауысқа салу. Халықаралық ұйым органдарының көпшілігінде әр делегацияда бір дауыс болады. Тек органдарда шешім қабылдаудың салмақты жүйесінде ғана ұйымдардың қабылдаған белгілері бойынша мемлекеттердің дауыстары бөлектенеді, мысалы, БҰҰ жүйесінің қаржылық ұйымдарында әрбір мемлекет өзінің жарнасына тең дауыс саны болады. Қатысушылардың саны бойынша конференциялар: а) универсалды – оның жұмысына әлемнің кез келген мемлекеті қатыса алатын халықаралық конференция; б) аймақтық – қатысушылары нақты бір аймаққа жататын мемлекеттер болып табылатын халықаралық конфренция. Көптеген конференцияларға, әсіресе, БҰҰ ақыратын конференцияға, байқаушылар ретінде мүдделі үкімет аралық және үкімет аралық емес ұйымдардың, сондай-ақ конференцияға қатыспайтын мемлекеттердің өкілдері жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар, кейбір қазіргі уақыттағы үкімет аралық конференцияларға байқаушылар ретінде ұлт-азаттық қозғалыстардың өкілдері де шақыралады. Халықаралық конференцияны шақыру туралы ұсынысты бір немесе бірнеше мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар беруі мүмкін. Конференцияға дайындық оны шақыру мақсатын анықтаудан басталады, соған байланысты күн тәртібі құрастырылады. Көбінесе конференцияның күн тәртібіне қатысты мемлекеттердің көзқарастарын алдын ала келістіру жүзеге асырылады. Алдын ала , сондай-ақ өкілдіктьердің дейгейі, өткізу уақыты және орны, процедурасының ережесі де келсімді. Конференцияны шақыруға қатысты мемлекеттердің пікірлерін келістіру дипломатиялық каналдар немесе арнайы кеңес берушіліктер шегінде жүруі мүмкін. Конференцияның қатысушылар санын, ондағы өкілдіктердің деңгейін анықтай отырып, мемлекеттер конференцияның мақсатын және сипатын белгілейді. Егер де конференция үкімет аралық ұйымдардың шегінде немесе соның эгидасымен шақырылатын болса, оның шақырылу уақыты мен орны осы ұйымның сәйкес резолюциясында белгіленеді. Және де ол оның штаб – пәтерінде, немес ұйымның мүшесі болып табылатын мемлекеттің шақыруы бойынша соның территориясында өтеді. Конференцияны өткізу тәртібінің және оның алдында тұрған процедурасының ережесін алдын ала келісу, ереже бойынша, дайындық кездесулерде өтеді. Жалпы дайындық өте маңызды.
![]() |