![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары
Жоспар: 1. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. 2. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары және мемлекеттің негізгі құқықтары мен қағидалары. Негізгі ұғымдар:қағида, шекара, агрессия, күш қолдану, ынтымақтастық, халықаралық міндеттемелер. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары – өзіндік сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. Біріншідең қағидалар барлық құқықтық жүйеге таралады. Екіншіден, олар міндетті (императивті) сипатта jus cogens. Үшіншіден, қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртіншіден, қағидаларға заңдылық өлшемі тән болады. Халықаралық құқықта қағидалардың екі түрлі санаты бар: жалпы, негізгі қағидалар; және тар мағынадағы тәртіп ережелерін бекітетін арнаулы қағидалар. Осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары, біріншіден, БҰҰ Жарғысында бекітілген. Бірақ, БҰҰ Жарғысы халықаралық құқық қағидаларын тұжырымдау жөнінде арнайы мақсатты көздемегендіктен, олардың кейбіреулері өте қысқа мазмұндалған. Сондықтан, бірқатар мемлекеттердің бастамасымен, бірнеше негізгі қағидалардың мазмұнын айқындау үшін БҰҰ-да бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Бұл жүмыс 1970 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сай (мұнан былай, халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларация) мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияны қабылдаумен аяқталды. 1970 ж. Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған: - Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы; - Ішкі істерге араласпау қағидасы; - Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы; - Мемлекеттердің өзара міндетті ынтымақтасу қағидасы; - Халықтардың теңдік және өзін-өзі басқару қағидасы; - Мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы; - Міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Дегенмен, бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой тумауы керек. 1975 ж. Хельсинкий қеңесінің Қорытынды Актісінде 10 қағида бар. 1970 ж. Декларациядағы тізімге мыналар қосымша енгізілді: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негізгі міндеттерін құрметтеу қағидасы. Айтып өтетін бір жайт, халықаралық құқық халықаралық құқық субьектілерінің басшылыққа алатын қағидаларының барлығын белгілеуді өзіне мақсат тұтпайды. Әрбір жеке тарихи кезеңде қолданыстағы қағидалар жаңаланып, эволюция жүріп тұрады. Мысалы, халықаралық экологиялық құқықта қоршаған ортаға залал тигізбеу сияқты; қоршаған орта мен оның компоненттерін еркін зерттеу және пайдалану қағидасы; қоршаған ортаны тиімді пайдалану қағидасы және т.б. бар. Халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы; әуе кемелерін заңсыз қол сұғу актісінен қорғау және т.б. қағидалар негізгі қағидалар болып табылады. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық жария құқықтың негізгі қағидаларын былайша жіктейді. Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз, бейбіт қатар өмір сүру қағидасы басты орын алады. Келесі топқа халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тікелей қолдайтын қағидалар кіреді. Мұндай қағидаларға күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы; халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидасы; мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы; шекаралардың мызғымыстық қағидасы жатады. Халықаралық ынтымақтастықты айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады: мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы; қол сұқпау қағидасы; халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасы; мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасы; халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз бейбіт қатар өмір сүру қағидасы.Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға міндетті. Бұл қағиданың сипаттамалық белгісі – ол халықаралық құқықтың көптеген негізгі қағидаларының мән-маңыздарының үйлесуі. Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы.Алғаш рет бейбітшілік туралы Декретте жарияланған басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасы, 1935 -1939 жж. жасалған шабуыл жасамау және бейтараптық туралы шарттарда заңи бекітілген болатын. Осы қағида 1933 ж. агрессияны айқындау жөніндегі Лондон Конвенциясында; басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасын халықаралық құқықтың жалпыға міндетті нормасына айналдырған 1928 ж. Париж шартында онан әрі бекітіле түсті. БҰҰ Бас Ассамблеясының «басқыншылықты айқындау туралы» 1974ж. 14 желтоқсанындағы 3314 қарары күш қолданбау қағидасының бекітілген және жүйеленген маңызды халықаралық нормативтік актісі болып табылады. Көпшілік мойындаған қағида – консенсус негізінде жасақталған басқыншылық анықтамасын мақұлдай отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық мемлекеттерді түрлі басқыншылық актілерінен және БҰҰ Жарғысының ережелері мен халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы 1970 ж. Декларацияға қайшы келетін күш қолданудың басқа да түрлерінен тартынуға шақырды. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы.Г.И. Тункин шабуыл жасамау және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасының арақатынасын қозғай отырып, бұл екі қағида бір медальдың екі жағы іспеттес деп атап өтті. Егер мемлекет өзінің басқа бір мемлекеттермен қатынасында күш қолдануға тыйым салатын болса, тиісінше мұндай мемлекеттермен туындаған дауларды да бейбіт жолмен ғана шешуі тиіс. Сонда дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, осы дауларды реттеу үшін күш қолданбау керек дегенді білдіреді. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, халықаралық құқық қағидасы ретінде алғаш рет соғыстан бас тарту туралы 1928 ж. Париж шартында бекітілген еді. 1928 ж. Париж шартынан кейін туындаған дауларды бейбіт жолмен шешу басқа да бірқатар мемлекетаралық келісімдерде, сондай-ақ Ұлттар Лигасының қарарларында да халықаралық құқықтың қағидасы ретінде танылды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін осы қағида БҰҰ Жарғысында, атап айтқанда, 2-баптың 3-тармағында бекітілді: «БҰҰ-ның барлық мүшелері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке және ақиқатқа қауіп төндірмеу үшін өз дауларын бейбіт құралдар арқылы шешеді». Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидасы.1970 ж. Декларацияда осы қағида күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының бір бөлігі ретінде баяндалған. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған әрекеттердің ішінде күш немесе қауіп-қатер күшін қолдану ерекше орын алады. Қарастырып отырған қағиданың тұжырымдамасында мемлекеттердің кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен бірлігіне қарсы бағытталуы мүмкін кез келген әрекеттерден тартынуы жөнінде сөз бар. Сөйтіп, кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен бірлігі оның аумақтық тұтастығымен тығыз байланысты. Шекаралардың мызғымастығы қағидасы.Шекаралардың мызғымыстығы қағидасының мәні бұл қағиданың соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешудегі ұзақ мерзімді тәжірибемен қамтамасыз етілгенімен айқындалады. Бұл қағиданы қолдану әлемдік тәжірибеде қалыптасқан саяси және аумақтық болмыс шарт-жағдайларындағы барлық мемлекеттер үшін ақиқатты қауіпсіздікті бекіту сұранысының жинақталған көрінісі болып табылады. Бұрындары шекаралардың мызғымастығы қағидасы халықаралық құқықтың жаңа қағидасы деп аталып келді. Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғылық ережелері кез келген мемлекеттің аумақтық мызғымастығына немесе саяси тәуелсіздігіне күшпен қол сұғуға тыйым салады. Осылайша мемлекеттердің аумақтық мызғымастығын қорғай отырып және оны бұзу үшін күш қолдануға тыйым сала отырып, БҰҰ Жарғысы шекаралардың мызғымастығы қағидасын басшылыққа алады. Мемлекеттердің дербес теңдігі қағидасы.1975 ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңесте Еуропаның даму жолдары туралы пікірталасына белгілі бір қорытынды жасалды. Хельсинки Кеңесі мемлекеттердің қарым-қатынасы дербес теңдік, дербестікке тән құқықтарды қорғау қағидаларына негізделулері қажет екендіктерін растап берді. Дербес теңдік қағидасы қарама-қайшы қоғамдық жүйелері бар мемлекеттердің теңқұқықтарын мойындауды білдіреді. 1975 ж. Қорытынды Актіде дербестікке тән құқықтардың толық тізімі берілмеген Құжатта әлемдік бірлестіктің қауіпсіздігі үшін аса маңызы бар бірнешеуі ғана көрсетілген. Ішкі істерге қол сұқпаушылық қағидасы.Мемлекеттердің бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы туралы мәселе феодализм дәуірінде пайда болған еді. Бұл кезеңде қол сұқпаушылықты құқықтық норма ретінде шарттық ресімдеу – өте сирек кездесетін құбылыс болатын. Ол халықаралық құқықтың жалпы қағидасы ретінде буржуазиялық революция кезеңінде қалыптасты. Бұл қағида кез келген мемлекеттің құзыретіне қол сұғатын барлық әрекеттерден тартыну міндетін білдіреді. Қағиданың заңдық мазмұны 1970 ж. халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда баяндалған. «Бірде-бір мемлекет өзінің дербес құқықтарын жүзеге асыру барысында және одан қандай да бір артықшылықтарға ие болу үшін басқа мемлекетті өзіне бағындыру мақсатында экономикалық, саяси шараларды немесе кез келген басқа сипаттағы шараларды қолдана да, көтермелей де алмайды. Халықтардың тең құқылық және өзін-өзі билеу қағидасы.Бұл қағида орталықтандырылған абсолютті монархияның орнаған кезеңінде, ХV-ХVІ ғасырда пайда болды. Хельсинки құжаты осы қағиданы бейбітшілік, қауіпсіздік және ынтымақтастықтың маңызды шарт-жағдайы деп таниды. Бұл байланыс алғаш рет бейбітшілік туралы тарихи Декретте және Қазан социалистік революциясының өзге де маңызды актілерінде көрініс тапқан болатын. Халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі билеу қағидасының тұжырымдамасында халықтардың өздерінің саяси мәртебесін айқындауы туралы былай делінген: - басқару нысанын еркін таңдау; - өздерінің мемлекеттік құрылымын айқындау; - өзінің саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын өз қалауынша жүзеге асыру; - мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғау. Осындай құқықтардың жүзеге асуы халықаралық құқықтың қорғауында болады. Халықтардың өздерінің ішкі саяси мәртебесін еркін айқындауларына кедергі келтіру мақсатында мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұғу басқыншы мемлекеттерге тән сипат. Мемлекеттердің ынтымақтасуы кағидасы.Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер өздерінің ынтымақтастықтарын барлық салалар бойынша дамытуға міндеттенеді. 1975ж. Қорытынды Актімен 1970ж. Декларациядағы осы қағиданың тұжырымдамасын салыстыра қарағанда, мемлекеттердің бұл қағиданы материалдық мазмұн жағынан толықтыруға тырысқанын байқауға болады. 1970 ж. Декларацияда ынтымақтасудың бір мақсаты ретінде «халықтардың жалпы әл-ауқатын» жақсарту үшін жәрдемдесу көзделсе, Қорытынды Актіде бұл ереже нақтылана түседі: мемлекеттер өздерінің ынтымақтасуын дамыта отырып, халықтардың тұрмысын көтеруге, оның ішінде экономикалық, ғылыми, техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салаларда таралып келе жатқан өзара таныстықтардан келіп шығатын пайданы қолдануға тырысады. Адам құқықтарын құрметтеу қағидасы.Осы қағиданың мазмұнына сәйкес, мемлекеттер азаматтық және саяси ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құқықтарды да сақтауды өздеріне міндет етіп жүктейді. Сөйтіп, тәуелсіздікке тән дербес теңдік және құқықтарды құрметтеу қағидаларын орындай отырып, мемлекеттер бір-бірінің өздерінің саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени жүйелерін еркін таңдау және дамыту құқықтарын құрметтеуге міндеттенеді. Осы заманғы халықаралық қатынастарда, баяғы қалпынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын апартеид, геноцид, нәсілшілдік сипаттарында дерекі және жаппай бұзу әлі де орын алып келеді. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.Халықаралық құқықта ертеден-ақ, шарттар орындалуы тиіс – расtа sunt sегvаndа – деген қағида бар. Ол кейін БҰҰ Жарғысының Кіріспесінде көрініс тапты. Онда БҰҰ мүшелерінің «халықаралық құқықтың шарттарынан және басқа да қайнар көздерінен туындайтын міндеттемелердің әділдігі мен құрметтелуінің сақталуына шарт-жағдайлар қалыптастыруға» бел байлағандары атап көрсетілген БҰҰ Жарғысының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, барлық мүше мемлекеттер Жарғы бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелерді адал орындауға міндетті. Мемлекеттер өздерінің ішкі құқықтарына қарамастан, шарттың мақсаты, мазмұны, мерзімі және орындалу орны бойынша өздерінің міндеттемелерін адал орындаулары тиіс.
Тақырып. Халықаралық құқықтың субъектілері, мемлекетті тану және мемлекеттің құқық мирасқорлығы. Жоспар: 1. Халықаралық құқық субъектілерінің ұғымы анықтамасы мен мазмұны 2. Халықаралық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері. 3. Халықаралық құқық субъектілерінің түрлері. 4. Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде. Негізгі ұғымдар:халықаралық құқық субъектілері, егемен, туынды субъектілер, жеке тұлға, мемлекет, заңды тұлға. Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық пен міндетті тасушы тұлғалар. Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады. 1. Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады. 2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар. Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар. Ерекше құқық жүйесі ретінде халықаралық құқықтың ерекшелігі халықаралық құқық субьектіліктің ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. Жалпы алғанда, халықаралық құқық субьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады. Халықаралық құқық субьектіліктің мәнін осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғашқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері (мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады. Өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттардың халықаралық құқық субъектілігі. Мемлекеттердің құқық субъектілігі сияқты, олардың құқық субъектілігі объективті сипатта, яғни қандай да біреудің ерік-жігеріне байланысты емес болады. Қазіргі халықаралық құқық өзін-өзі анықтауға халықтардың құқығын, соның ішінде өзінің әлеуметтік-саяси мәртебесін дамытуға және таңдау құқығын қоса бекітеді және кепіл болады. Халықтардың өзін-өзі анықтау қағидасы халықаралық құқықтың ең негізгі қағидаларының бірі болып табылады, оның қалыптасуы ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басы. Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі.Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтың субъектілерінің жеке бір тобы болып табылады және бұл тек халықаралық үкімет аралық ұйымдар, яғни халықаралық құқықтың алғашқы субъектілері туындатқан ұйымдар. Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы), ереже бойынша, заңды және жеке тұлға қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы мекемелерінде, осылай, парламментарилық одақ БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық субъектіліктің барлық элементтері болмайды. Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі.Халықаралық құқықтың тарихы арнайы келісімшарттармен ерекше саяси - территориялық құрылымдардың мәртебесін белгілегендігін көрсетеді. Бұларға «ерікті қалалар», Батыс Берлин және қазіргі уақыттағы Ватикан, Мальтика ордені жатады. «Ерікті қалалар». 1815 жылғы Вена Трактатына сәйкес «ерікті қала» болып жарияланған және 1846 жылға дейін өмір сүрген Краков қаласы; 1919 жылғы Версаль бейбіт келісімшартымен құрылған Данциг (1920 – 1939жж.) болды; «ерікті Триест территориясын» құруға қадамдар жасалды, бірақ ол табыссыз болды. Кейіннен бұл территория Италия мен Югославияның құрамына кірді. Батыс Берлиннің мәртебесі 1971ж. 03 қыркүйектегі КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасындағы 4-жақты келісіммен реттелді. Осындай мемлекет тәрізді құрылымның болуы ГДР мен ГФР өмір сүруімен түсіндірілді. 1971 жылғы келісімнің ережелеріне сәйкес Батыс Берлин дербес жеке саяси бірлік болды. Германияның құрылуымен бұл субъект өзінің өмір сүруін тоқтатты. Ватикан. Халықаралық актілерде Ватикан «қасиетті тақ» (святой престол) деп аталды. Ватикан – мемлекет –қала. Ватиканның халықаралық құқықтың субъектісі ретіндегі ерекше мәртебесі 1984 жылғы Италиямен келісімнің негізінде белгіленді. Ватикан халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, көптеген мемлекеттермен байланыс жасайды. БҰҰ мүшесі болып табылмайды, өйткені БҰҰ тек мемлекеттер ғана мүше болып кіреді, бірақ оның онда тұрақты байқаушылары бар. Халықаралық конференцияларға, көпжақты конвенцияларға белсенді түрде қатысады; католик елдерінде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер аша алады. Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі.Халықаралық және аймақтық деңгейде халықаралық келісімшарттарда берілген құқықтардың көлемінің ұлғаюына байланысты жеке тұғалар халықаралық құқықтың субъектісі болды. Халықаралық құқықтың негізгі субъектілері болып табылатын мемлекеттер арасындағы өзара қарым- қатынастарды реттеуге бағытталған халықаралық құқықтың нормалары индивидтер орындау үшін арналған. Сонымен қатар, жеке адамның (личность) құқықтық жағдайына ықпал ете отырып, осы құқық нормалары мемлекеттерді индивидтердің нақты мәртебесін қамтамасыз етуге міндеттейді. Қазіргі жағдайда индивидтің халықаралық ұйымға шағымдануға құқығы жоқ. Халықаралық құқық индивидтердің құқықтары бұзылған жағдайды қарау шараларын белгілейді. Бұнымен, Адам құқығы бойынша Комитет, азаптауға қарсы Комитет және зорлық – зомбылық пен қамауға қарсы жұмысшы топ шұғылданады. Халықаралық - құқықтық мойындау (тану).Мойындау институтының даму тарихы құқық субъектілік сұрақтарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл институт халықаралық қатынастардағы барлық өзгерістерді тікелей көрсетеді. Әлемде үнемі бір мемлекеттер өмір сүруін тоқтатады, екіншілері пайда бола жатады және халықаралық ұйымдарды таратып жатады. Осындай өзгерістер болған жағдайда екі заңды сұрақты түбірімен шешуді талап етеді: 1. Халықаралық құқықтың жаңа субъектісін тану (мақұлдау) растау 2. Халықаралық құқықтың субъектілерінің құқықтық қабылдаушылығы. Халықаралық құқықтың доктринасында мойындау (тану) – бұл бұл нақты бір мемлекеттің Халықаралық құқықтық мойындау (тану) - бұл танылатын тараптан заңды дипломатиялық ресімделген қатынаста түсуге мүмкіндік беретін мемлекеттің актісі (құжаты). Халықаралық құқықтың Комиссиясы осы институттың кодификациясы туралы мәселені үнемі көтеріп келеді. 1949 жылы мемлекеттер мен үкіметтерді тану (мойындау) туралы мәселе бірінші кезектегі кодификациялау тізіміне енгізілген. Халықаралық құқықтың субъектілерінің арасындағы қатынастардың практикасы мойындаудың (танудың) басты мәселесін анықтады. Мысалы, танудың заңды салдарларын, тану (мойындау) нысандарын, және т.б. көптеген мәселелер. Бұл институт халықаралық құқық нормаларымен және жекелеген көпжақты және екі жақты шарттармен реттеледі. Танылатындар болып мыналар табылады: - жаңа үкімет; - мүлдем жаңа мемлекет; - ұлт азаттық қозғалыс; - өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар; Халықаралық құқықта мойындаудың (танудың) теориясы бар: 1) конститутивті теория (ХІХғ. басында туындаған) – бұл теория мойындау (тану) актісіне шешуші роль береді, яғни бұл теорияға сәйкес мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде оны басқа мемлекеттер мойындаған (таныған) сәттен бастап қана бола алады дейді. Оның өкілдері – мемлекет заңды құрылым, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде тек оны басқа мемлекеттер мақұлдағаннан кейін ғана пайда болады деп санайды; танылмаған мемлекет заңды түрде болмайды деп саналады. Бұл теория мемлекеттік егемендік ұғымын жоққа шығарады. Пайда болған мемлекет басқа мемлекеттердің қолдауымен, ал кейбір жағдайда олардың еркіне тәуелді етеді. 2) декларативті теория конститутивті теорияға қарсы ықпал етудің нәтижесінде туындаған (бұл теорияны көптеген заңгерлер қолдайды.) Бұ теория - жаңа мемлекетке, халықаралық құқықтың жаңа субъектісіне қатысты нақтылау ролін атқарады; мойындаусыз (танусыз) халықаралық құқықтың субъектілері өмір сүре береді. Мақұлдаудың (растаудың, танудың) саяси және заңды мәні ол мемлекетті халықаралық қатынасқа қатысушылардың құрамы ретінде кіре алады, оның басқа мемлекеттермен саяси, экономикалық, ғылыми – техникалық қатынастарын жақсартуға әкеледі, онгың халықаралық құқықтық субъектілігін жүзеге асыруға ықпал етеді. Мойындау (тану) – танылатын мемлекетке дипломатиялық жолмен жіберілетін жазбаша жолдау ретінде немесе танитын мемлекеттің жоғары мемлекеттік органының қаулысы ретінде рәсімделеді. Мойындаудың (танудың) бірнеше тәсілдері бар. Ең көп тарағандары біржақты декларациялар немесе мәлімдеулер. Бұл көбінесе танылатын мемлекеттің Үкіметіне немесе Ел басына жіберілетін арнайы нотада немесе Жолдауда көрсетіледі. Екіншілеріне, онша көп тарамаған тәсілге, қол қойылған немесе жарияланған коммюнике жатады. Сонымен қатар дипломатиялық қатынастарды орнатумен байланысты бірлескен өтініштер болуы мүмкін, нотамен алмасулар және т.б. да болуы мүмкін. Толық ресми мойындау туралы құжаттарда дипломатиялық қатынастарды орнату мойындаудың маңызды салдарларының (нәтижелерінің) бірі болып табылады. Сонымен қатар, екі жақты келісімшартқа ол қою түрінде де болуы мүмкін. Мойындау түрлеріне мыналар жатады: - мемлекетті мойындау; - жаңа үкіметті мойындау; - ұлт – азаматтық қозғалыстарды олардың органдары түрінде мойындау; - күресуші тараптардың мәртебесін мойындау. Заңды мойындаудың нысандары:de – jure, de – facto, ad hoc. Бұл нысандар халықаралық құқықтың субъектілерін танығаннан кейін болатын заңды салдарларды анықтайды. Бұрынғы мемлекет кетіп, орнына жаңа мемлекет келсе, олардың құқық қабылдаушылығы (мирасқорлығы) туралы сұрақ туындайды. Құқық қабылдаушылық- бұл нақты бір оқиғалар мен жағдайлардың нәтижесінде бір мемлекеттің (субъекттің) құқықтары мен міндеттерінің екінші бір мемлекетке (субъектке) өтуі. Бұл институттың дамуына соңғы жылдардағы халықаралық аренадағы болып жатқан оқиғалар ықпал етіп отыр. Құқық қабылдаушылықтың түрлері: - мемлекет бөлінгенде; - мемлекеттен территорияның бөлігі бөлінгенде; - мемлекеттерді бір мемлекетке біріктейді; - әлеуметтік ревалюцияның нәтижесінде жаңа мемлекет пайда болғанда; - отардан азат ету процессі нәтижесінде жаңа мемлекеттер пайда болғанда. Құқық қабылдаушылық 1978ж. халықаралық келісімшартқа қатысты мемлекеттердің құқық қабылдаушылығы туралы Конвенциямен, 1983ж. мемлекеттік меншікке, мемлекеттік архиве және мемлекеттік қарыздарға қатысты мемлекеттердің құқық қабылдаушылығы туралы Конвенциялармен реттеледі. Құқық қабылдаушылықтың объектілері: - территория мен шекара; - келісімшарт; - мемлекеттік меншік, қарыз, архивтер; - үкіметаралық ұйымдарға мүшелік.
![]() |