Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық экономикалық құқық



Жоспар:

1.Халықаралық экономикалық құқық ұғымы, қалыптасуы және қайнар көздері.

2. Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары.

3.Халықаралық экономикалық шарттар.

4.Мемлекетаралық экономикалық қатынастар саласындағы халықаралық ұйымдар.

Негізгі ұғымдар:экономикалық қатынас, халықаралық экономикалық құқық, халықаралық экономикалық қағидалар, халықаралық экономикалық шарттар.

Профессор Н.Т. Блатовтың пікірінше халықаралық экономикалық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар мен сауда, көлік және кеме жүзу, қаржы, несие және шикізат қорлары мен тауарлар бағасын реттеу, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және әртүрлі экономикалық көмек көрсету облысындағы туындаған қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы.

Оның негізгі субъектісі мемлекет болып табылады, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, соның ішінде ЭКОСОС, ЮНИДО (өнеркәсіпті дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы), ВОИС (интеллектуалды меншіктің дүниежүзілік ұйымы), Халықаралық валюта фонды, Халықаралық қаржы корпорациясы, Дамытудың Халықаралық ассоциациясы, Қайта құру және дамудың Халықаралық банкі және т.б.), ЮНКТАД (сауда және дамыту бойынша БҰҰ Конференциясы), Трансұлттық корпорациялар.

Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаты:

- бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты реттеу; әлемдік экономикалық проблемаларды шешу; экономика облысындағы ғылыми-техникалық прогресті дамыту, сонымен қатар жаһандық тұтынушылық, энергетикалық, шикізаттық, көлік, валюталық- қаржылық, табиғатты қорғау және өзге де проблемаларды шешу;

- мемлекеттердің егеменді теңдігі, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, жан-жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар туғызу үшін халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау, барлық мемлекеттердің олардың әлеуметтік – психологиялық құрылыстарына, территориясының көлеміне, географиялық жағдайына, экономикалық даму деңгейі мен әскери қуаттылығына байланыссыз халықтарының тұрмыстық деңгейлерін көтеру және тұрмыс – тіршіліктерін жақсарту қағидаларына негізделген халықаралық экономикалық қатынастардың орнауына халықаралық-құқықтық құралдармен жәрдемдесу;

- халықаралық экономикалық қатынастардан неоколониализмді, нәсілділікті, апартеидті, дискриминацияны және теңсіздікті жою; гегемониялықты, саяси, экономикалық және әскери диктатураны болдырмау және т.б.

- халықаралық экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру.

Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары – бұл халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін арнайы қағидалар мен халықаралық құқықтың жалпыға белгілі қағидалары.

Халықаралық құқықтың жалпыға белгілі қағидадарына мыналарды жатқызуға болады:

- мемлекеттердің егеменді теңдігі;

- мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау;

- күшті және күшпен қорқытуды қолданбау;

- ынтымақтастық;

- халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау. Бұлардың заңды мәні мен мазмұны БҰҰ Жарғысында, 1970ж. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда, 1975ж. ЕЫҚҰ Қорытынды Актісінде баяндалған.

Арнайы қағидаларға мыналарды жатқызуға болады:

- мемлекеттердің өздерінің табиғи байлықтарына ажырамас егемендігі;

- сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру нысанын мемлекеттердің таңдау еркіндігі;

- экономикалық дискриминацияламау;

- әділетті экономикалық ынтымақтастық және өзара пайда қағидасы.

Осы құқықтың қайнар көздері болып халықаралық шарттар мен халықаралық әдет-ғұрыптар жатады.

Халықаралық экономикалық шарт – бұл халықаралық құқықтың субъектілерінің арасындағы халықаралық экономикалық қатынастар облысындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату бойынша шарттар. Оның екі түрі бар: екі жақты және көп жақты. Бұған мыналарды жатқызуға болады: экономика сферасындағы халықаралық ұйымдардың қызметін реттейтін актілер, мысалы, ГАТТ (Тариф және сауда бойынша Бас Келісім) Жарғысы, 1994ж. Экономикалық Одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитет құру туралы Келісімі;

Сауда шарттары (достастық пен сауда құқығы туралы, сауда мен теңізде жүзу туралы, сауда мен кеме жүзу туралы) бұл шартқа отырушылардың экономикалық ынтымақтастықтарының негізгі қағидалары, нысандары мен режимдерін анықтайтын, мемлекет атынан ұзақ жылға жасалынатын (5 жылдан әрі қарай) шарттар.

Тауар айналымдары туралы Келісім – үкімет деңгейінде екі жақты тәртіпте жасалынатын және тауарлардың көлемі, ассортименті және жеткізу мерзімдері бойынша тараптардың міндеттерін белгілейтін келісім. Мысалы, сауда келісімдері, мысалы, 1993ж. Сауда және экономикалық ынтымақтастық туралы РФ мен Аргентина үкіметтерінің арасындағы Келісім;

Мемлекетаралық тауар келісімдері – бұл өндіруші мемлекеттер мен тұтынушылар үшін экспорттық - импорттық квоталарды және осы тауарларға ең жоғары және ең төменгі бағалар шегін белгілеу арқылы шикізат тауарларының (қант, бидай, кофе, қалайы, каучук және т.б.) халықаралық рыногын тұрақтандыру мақсатында жасалынатын көпжақты келісімдер. Мысалы, 1977ж. Қант бойынша Халықаралық Келісім.

Несие келісімдері (несие, займ, төлемдер туралы)- бұл несиені беру және өтеу көлемін, нысандарын және жағдайларын анықтайтын және келісуші тараптардың өзара міндеттерін бегілейтін келісімдер. Мысалы, халықаралық есептер мен несиелер туралы келісім, мысалы, 1995ж. Ресей мен Белоруссия үкіметтерінің арасындағы саудаға байланысты емес төлемдер туралы Келісім;

Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы, соның ішінде өндірістік объектілердің құрылысы туралы және техникалық көмек көрсету туралы келісімдер - бұл екі жақты негізде әртүрлі техникалық көмектер мен қызмет көрсетуге, ұлттық кадрларды дайындауға, бірлескен ғылыми- зерттеу жобалары мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған мысалы, 1994ж. Египет пен РФ үкіметтері арасындағы экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы Келісім;

Халықаралық есептер туралы келісімдер –екі жақты және көп жақты негізде сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер өндірісінің тәртібін белгілейтін келісімдер (конвертациядағы валюта бойынша), клирингтік (валютаны аударусыз борыштық міндеттемелерін өзара жабу арқылы) және төлемдік – клирингтік (аралас).

Өндірістік, сауда мәселелері бойынша және экономикалық ынтымақтастықтың өзге де түрлері бойынша келісім – халықаралық тасымалдау және көлік, кооперациялар мәселелері бойынша келісімдер.

Халықаралық сауда құқығы-бұл халықаралық сауда қатынастарын реттейтін халықаралық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Ғасырлар бойында халықаралық экономикалық қатынастардың жалғыз бірден – бір түрі сауда болды. Бұл кезде оларды көпес жүзеге асырды, ал мемлекеттің бұл жердегі рөлі төмен болды және шетелдіктердің және олардың меншіктерінің мәртебесін анықтауға саятын еді.

Халықаралық сауда құқығының қайнар көздері. Сауда шарттары екі жақты негізде жасалынады және келісуші мемлекеттер арасындағы сауданың жалпы құқықтық негізін белгілейді. Олар ұзақ уақытқа жасалынады немесе мерзімсіз болады. Олар әртүрлі аталады: достық, сауда және теңізде жүзу туралы шарттар, сауда және навигация туралы шарттар және т.б.

Сауда айналымдары туралы Келісім – бұл екі жақты келісуші мемлекеттер арасындағы тауар айналымдарын белгілейтін келісім. Олар әдетте (6-12 айға) қысқа уақытқа жасалынады.

1947ж. тариф және сауда бойынша Бас Келісім (ГАТТ) халықаралық сауда құқығының ең негізгі және универсалды қайнар көздері болып табылады.



Просмотров 4890

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!