Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы



Жоспар:

1. ҚР-ның ядролық қарудан өз еркімен бас тарту шешімі.

2. Бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін Халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығы.

3. Президент Н.Назарбаевтың АӨСШҚ ұсынысының іс жүзінде жүзеге асуы.

Негізгі ұғымдар:қауіпсіздік, халықаралық қауіпсіздік, ұжымдық қауіпсіздік, қарусыздану, қарулануға шек қою.

Соғыс пен бейбітшілік проблемалары ежелде-ақ, орта ғасырларда да, сондай-ақ бүгін де өзекті мәселелердің ірі болып келеді. Ғалымдардың санауы бойынша, жер шарымызда 5 550 жыл ішінде 14 513 ірі және шағын соғыстар болып, 3 640 млн. адам қайтыс болған. І Дүниежүзілік соғысты жүргізу үшін112 млд. долл., ІІ Дүниежүзілік соғысты жүргізу үшін 664 млрд.долл., ал Кореядағы соғысқа – 164 млрд. Долл., ал Въетнамдағы соғысқа – 362 млрд. долл. жіберілген. Осыған қарап ойлануды және болашақта соғысқа жол бермеу шараларын қабылдауды қажет етеді.

Соғыс және бейбітшілік мәселелері Аристотельдің «Афиндік саясат», Платонның «Мемлекет» сияқты шығармаларында қарастырылған. Осы мәселелерді шешуде өз үлесін қосқан чех королі Иржи Подебрад (Еуропада бейбітшілік орнату мақсатында Еуропалық монархтардың одағының проектісі), француз аббаты Сен-Пьер (Европада мәңгілік бейбітшілік орнату проектісі), Э.Кант (халықаралық келісімшарт көмегімен халықтар арасында бейбітшілік орнату қажеттілігі).

Соғыс пен бейбітшілік проблемаларын шешу ісінде 1899ж. әлемнің Гаага конференциясы үлкен рөл атқарды. Бұл конференция өз мақсатына жетпегенімен, оның мәні – көпжақты дипломатияның негізінде қарусыздандыру мәселелерін шешуге қадам жасау болды.

Ұлттар Лигасы соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешуге тырысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер шарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша және соғыстың алдын алу бойынша халықаралық ұйым құрылды.

Ұжымдық қауіпсіздік –бейбітшілікке төнген қауіпті жою, агрессия актілерінің алдын алу және тоқтату мақсатында жер шарының барлығы дерлік мемлекеттерінің немесе қандайда болмасын географиялық аймақтағы мемлекеттердің қолданатын іс-шараларының жүйесі.

Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің негізінде әлемнің бөлінбеуі қағидасы қаланған. Бұл дегеніміз кез келген, тіпті ең кішкентай конфликттің өзі аумақтық шектелген іс-әрекет емес, керісінше, жалыға ортақ қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіретін акт ретінде қарастыру дегенді білдіреді. Бұндай ұйғарым кіші-гірім конфликттің өзі бірден ғаламдық катастрофаға айналып кететін қазіргі ядролық қаруланған заманда өте әділетті.

Ұжымдық қауіпсіздік универсалды және аймақтық болып бөлінуі мүмкін. БҰҰ Жарғысы - ұжымдық универсалды қауіпсіздіктің, аймақтық ұжымдық қауіпсіздіктің құқықтық іргетасын Африкандық Бірлік Ұйымының Хартиясы, Араб мемлекеттерінің Лигасының Жарғысы, ТМД Жарғысы және т.б. құрайды.

БҰҰ ұжымдық универсалдық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуі үшін және қызмет етуі үшін арнайы құрылған. Халықаралық тыныштықты қорғау БҰҰ басты міндеті болып табылады. Осыған байланысты БҰҰ Жарғысында мәжбүрлеу шаралары қарастырылған: бейбітшілікті бұзуды тоқтату шаралары; қарулы күштерді қолданбай шаралар қабылдау; қарулы күштерді қолдану шаралары. 1970ж. «Халықаралық қауіпсіздікті нығайту туралы» Декларацияда әскери одақ құрусыз дүниежүзілік ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қызметін қамтамасыз ету органы ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысының тиімділігін арттыру қажеттілігі атап көрсетілген.

ҚР Президентінің БҰҰ-да сөйлеген сөзінде еуроазиялық қауіпсіздік құрылымы туралы идеяны айтып өткен.

Аймақтық халықаралық ұйымдар планетамыздың жекелеген жерлерінде немесе нақты географиялық аймақтарда ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етуге арналған. Мысалға, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Кеңестің Қорытынды Актісі жалпы еуропалық қауіпсіздіктің құқықтық негізі болып табылады. Бұл Актінің маңыздылығын кейіннен осы Актінің ережелері Еуропаның әртүрлі қалаларында болған

Соғыс және бейбітшілік мәселесі мемлекеттер арасындағы бұрыннан келе жатқан өзекті мәселелердің бірі болатын. XX ғасырдың екінші жартысында ядролық, химиялық және биологиялық қарулардың пайда болуына байланысты бұл мәселе тым қүрделене түсті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» деген үндеуінде осы салаға байланысты оның даму мүмкіншілігіне баға беріліп және біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерден шығу жолдары анықталған. Қазақстан халқы тәуелсіздік алған қүннен бастап ұлттық қауіпсіздігін қорғау жолын әскери нығайту арқылы емес, ішкі бейбітшілік саясатын жүргізу, қауіп-сіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық ұйымдар мен келісімдерге қатысу, экономикаық ықпалдасуды бейбіт құрылымдарда нығайту арқылы іске асырды. Қазақстан өзінің әлемдік қауымдағы беделін, демоқратиялық даму жолын және халықаралық құқықтық өлшемдерді (стандарттарды) анықтайтын 300 халықаралық қонвенциялар мен келісім-шарттарды бекітті.

Осының бәрі Қазақстанның тәуелсіздікті, бейбітшілікті сақтауға мүмкіндігі бар екендігінің айғағы. Тарих тәуелсіздік пен бостандыққа қол жеткізіп қоймастан, сонымен қатар оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу қажеттігін үйретеді.

Казақстан Республиқасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолы - қазіргі жаңа кезенде аймақтық және аймақаралық қатынастарды ұлғайта түсу. Әлемнің бірлігі ядролық қаруды сақтау жолында емес, оның әртүрлі бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысуы жолында тұрғызылуы керек.

Бұған Казахстан айғақ бола алады. Өзінің халықаралық құқықтық тұлға ретінде тәуелсіз болған қүнінен бастап, республика әлемдік қауіпсіздіқті нығайту мақсатына белсене атсалысуда. Қазақстанның ролі басқалар тарапынан қолдау тапты. Бұлар: 1040 ядролық жарылғышы бар СС-18 маркалы, тұрақты орналасқан 104 базалық зымыран, 240 қанатты ядролық зымыраны бар ТУ-95МС маркалы 40 стратегиялық. жарылғыштар. Бұл арсеналдарды басқару немесе оларды өзінің қауіпсіздігі үшін Казахстан аймағында сақтау туралы әртүрлі ұсыныстар болды. Бірақ, біріншіден мұндай жол ядролық қарудың таралмауы мақсатында жасалған шарттардың бүкіл жүйесін бұзуға әкеліп соғатын еді. Екіншіден, ядролық қарудың болуы бұл, екі бірдей оқ-дәрілі бөшкеде отырғанмен тен.. Жаппай жою қаруының болуы, бір жағынан, Кеңес Одағы аймағында болған жағдайда аса қауіп төндіретін. Басқа жағынан, ядролық қаруы бар мемлекеттер Қазақстанды ядролық зымырандары үшін нысанада ұстады, қысқа мерзімді ұтыс Казахстанға ғана емес, сонымен қатар, басқа да әлемдік бірлестіктер үшін стратегиялық ұрысқа айналды.

Қазақстан дипломатиясының алдында әлемдік ядролық саясатты меңгеру, ядролық қаруды жою жөніндегі өзінің бағытын анықтап алу туралы мәселелер туындады.

Республиканың тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап, ҚР Президенті Республиканы ядролық қарудан тазарту бағытын ұстанды. Қазіргі танда әлемдік ядролық соғыс пен жай соғыстың төну қауіпі төмендеген. Бірақ, әлемде басқа да экономикалық., аумақтық, діни, этникалық және басқа қарама-қайшылықтардан туындайтын қақтығыстар сақталуда. Қазақстанның алдына қойған басты мақсаты: әлемдік бейбітшіл ұйымдар мен басқа да бейбіт болған мемлекетке бұл сайлау ерекше жағдайда өтті деуге болады.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайту элементтерінің бірі оның НАТО елдерімен әскери-саяси қарым-қатынасы. Бұл құжатқа 1994 ж. 27 мамырында қол қойылды. Осы бағыттағы негізгі шаралар Қазақстан мен НАТО арасындағы қарым-қатынастар жайындағы жүргізілетін жұмыстар жобасы болды.

Айрықша оқиғалардың бірі - 1997 ж. Қазақстан аймағында өткізілген Центраабат-97 әскери дайындықтары болды. Оған, НАТО әскери қүштері мен Орталық Азия мемлекеттері қатысты. Содан бастап, бұл әскери дайындықтар әр жыл сайын өткізілуде.

Қазақстан Еуразия мемлекеті бола отырып, өзінің негізгі назарын Еуропаның, сонымен қатар Азия қонтиненттерінің аймақтық және субаймақтық қауіпсіздігі үшін аса көңіл бөледі. Республика жоғарыда айтып өткендей, бірнеше халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен бұдан кейін де тығыз қарым-қатынасты нығайта түседі.

Тұтастай алғанда, Қазақстан қазіргі қезеңде өзінің негізгі өзекті проблемаларының шешімін табу жолдарын анықтады деуге де болады. Бұның Казахстанның әлемдік елдер арасындағы беделі үшін аса зор маңызы бар. Мұндай үлкен мемлекет халықаралық қатынастарда, өзінің көзғарасы жағынан, адамзатты алаңдататын, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесін шешуге, терроризм, экстремизм және нашақорлықтың өсуіне қарсы қүресуге, жаппай қырып-жою қаруының өрістеуіне жол бермеуге атсалысуға міндетті.



Просмотров 2292

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!