Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Әлемдік діндер және халықаралық құқық



Жоспар:

1.Әлемдік діндер және олардың халықаралық қатынастардағы рөлі.

2.Ислам әлемдік дін ретінде және халықаралық мұсылман құқығының нормалары.

3.Проваслав шіркеулері және халықаралық құқық.

4.Рим-католик шіркеулері.

Негізгі ұғымдар:дін, әлемдік діндер, діни ұйымдар, ислам, проваслав шіркеулері, католик шіркеулері.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік идеология болғандықтан діни әрекетке шектеу қойылған болатын.

Марксистік-лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрынғы күшін жойды. Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды.

Қазіргі Қазақстанда 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытқан 2192 діни бірлестік құқық қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі 1992 жылғы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңмен реттелген.

Соңғы халық санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан ислам дінінің қоғам өміріндегі орны ерекше. Мұсылмандар діни басқармасының мәліметтеріне қарағанда Қазақстанда 24 этностан тұратын 11 миллион мұсылман бар. Мұсылмандар діни бірлестігінің саны 1313. Қазір көптеген елді мекендерде мешіттер салынып, олар өз міндеттеріне сай қызмет атқаруда.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылдан бастап дербес қызмет атқара бастады. Бұған дейін Орта Азия мен Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасына бағынып келген. Осы уақыттан бастап Ислам дінін тарту ісі жетіле түсті.

Елімізде жиырмадан аса медресе, 1977 жылдан бері Алматыда Ислам институты діни мамандар даярлауда.

Арнайы дінтану факультеттері Шымкенттегі Қазақ-Араб және Қазақ-Кувейт сонымен қатар Түркістан қаласындағы Қожа-Ахмет Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университеттерінде бар.

Діни Басқарманың араб тілі мен әдебиетінің маманы, дінтанушы профессор, бас муфти Әбдісәттар Қажы Дербісәлі басқаруда.

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әр алуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты.

Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс.

Орталық Азиядағы бауырлас республикалардың мемлекет институттары нығайған сайын және әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейі жоғарылаған сайын осындай зиянды ұйымдардың ықпалы азаймақ. Дегенмен, азаматтарымызға ненің орны исламда бар, ал не нәрсенің орны жоқ екенін дұрыстап үйретпейінше қауіптің алдын алдық деуге сірә болмас. Сонымен қатар әлгіндей ұйымдардың аталуындағы «ислам», «Аллаһ» сөздеріне мән беруден гөрі, олардың іс-әрекеттерінің исламға қаншалықты сәйкес екеніне көңіл бөлген жөн.

Кейбір Батыс елдерінің ислам дінін бұрмалау мақсатымен ислам атын жамылған ұйымдарды құрғызғаны және оларды жан-жақты қамсыздандырып тұратыны белгілі. Олар кейде «Хизбұт Тахрир» сияқты саяси кескінде болса, кейде ардақты ата-бабаларымыздың есімдерін өз меншігіне айналдырып, халықты нағыз ата-бабаның бұрынғы жолына шақырғансымақ болып жүрген суфи тариқаты формасында да болуы мүмкін.

Бүгінгі күні Қазақстанда 8 діни жоғары оқу орны, 6 орта дәрежелі діни оқу орны мен 3 жалпы білім беру мекемесі жұмыс істеуде. Жоғары оқу орындарынан екеуі мұсылмандардікі. Олар «Нұр-Мұбарак Мысыр ислам мәдениеті университеті» және ҚМДБ қарамағындағы «Имамдардың біліктілігін жетілдіру институты». Бұған қоса 1 католик, 1 лютеран және 4 протестант оқу орны бар. Енді осы діндер мен мәзһәбтарды (конфессияларды) ұстанатын адамдардың жалпы санына шағатын болсақ, сан жағынан ең аз болып табылатын протестанттардың еншісіне ең көп жоғары оқу орны, ал мұсылмандарға болса ең аз оқу орны түсетіні байқалады. Қайталап айтқанда, протестантизм бағытындағы діни бірлестіктер мен діни оқу орындарының саны бәрінен жоғары.



Просмотров 3062

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!