![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Тақырып. Ғарыш кеңістігін игеру және халықаралық құқық
Жоспар: 1. Халықаралық ғарыш құқығы және оның қайнар көздерінің жүйесі. 2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі. 3. Ғарышкерлердің құқықтық режимі. 4. «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары. Негізгі ұғымдар:ғарыш, халықаралық ғарыш, халықаралық ғарыш құқығы, ғарыш кеңістігі, аспан денелері. Халықаралық ғарыш құқығы - бұл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардын арасындағы катынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Бұл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық құқықтың жана саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің құқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы; ғарыш кеңістігін ұлттық иемденуге тыйым салу қағидасы жатқызылады. Халыкаралык құқықтың құқықтық нормаларының әрекеті ғарыш кеңістігіне және мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке және занды тұлғалардың ғарыш кеңістігін жерде де, ғарыш кеңістігінде де зерттеуі және пайдалануына байланысты қызметіне толық таралады. Халықаралық ғарыш құқығы ғарыш кеңістігінін өзіндік еркешеліктерін бейнелейді және тиісінше ғарыш кеністігін пайдаланудағы мемлекеттер қызметін де белгілейді. Халықаралық ғарыш құқығының нормалары мен институттары осы еркешелікті бейнелей отырып, сонымен бірге халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларына сәйкес келуі керек. 2. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі. Ғарыш кеңістігі - бұл Жер шарынын ауа қабаты шегінен тыс орналасқан кеңістік, оның құқықтык режимі халықаралық ғарыш құқығымен айқындалады. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінін құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығының кейбір жалпы қағидаларына тығыз байланысты және соларға сәйкес қарастырылуы тиіс. Оларға: • ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі; • ғарыш пен аспан денелерін зерттеу және пайдалануға қатысты кызметті халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес жүзеге асыру; • ғарыш кеністігі мен аспан денелерін ұлттык иемденуге тыйым салу; • ғарыш кеңістігін ішінара қарусыздандыру және аспан денелерін толық қамсыздандыру; • мемлекеттердің ұшыратын ғарыш объектілеріне дербес құқықтарын сақтауы; • ғарыш кеністігінде және аспан денелерінде сынақтар жүргізудің ықтимал зияндарының алдын алу; • ғарыш кемесінің экипажына авария, апат немес мәжбүрлі қону жағдаріларында көмек көрсету; • ғарыш кеністігін және аспан денелерін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдаланудағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу; • мемлекеттердің кеңістіктегі ұлттық қызметінің халықаралық жауапкершілігі жатады. Олардың кейбірінің мазмұнын қарастырып көрейік. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі. Ғарыш кеңістігінің құқықтық жағдайы, ең алдымен оған бірде-бір мемлекеттің тәуелсіздігі таралмайтындығына байанысты. Ол халықаралық құкық нормаларына сәйкес, барлык мемлекеттердін зерттеуі үшін ашық немесе еркін болады. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігіне баруға теңдей құқықтары бар. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігін игеруге және осындай игерудің нәтижелерін алуға мүдделі екендіктері сөзсіз. Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін және аспан денелерін игеру кызметі ғарышты зерттеу нәтижелерін тек бейбіт максаттарға пайдалануға жәрдемдесуі тиіс. Ғарышқа ұшудың қауіпсіздігі үшін ғарыш кеңістігінің зиянды ластануының алдын алудын маңызы зор. Өйткені, ғарыштағы қызмет ғарыштық кеңістіктің өзіне де, жердің қоршаған ортасына да белгілі бір ықпал етеді. Бүгінгі таңда ғарыш кеңістігінің ластану проблемасы оның ұшуға қауіп төндіруі тұрғысынан қарағанда әлсіз жасақталған деуге болады. Ғарышқа ұшулар соқтығысу, улану қаупіне және басқа да ақталмаған сынақтарға ұшырамауы тиіс. Жердің айналасындағы ғарыш кеңістігін ластанудын алдын алу жөніндегі заңи міндетті нормаларын жасаудың объективті қажеттігі туындады. Ғарыштың техногендік денелерін ластау проблемасы 50-жылдардың аягында Жердің алғашқы жасанды серіктерін ұшырғаннан кейін бірден пайда болғанын айту керек. Бұл проблема БҰҰ Бас Ассамблеясы Бас Хатшысының «Ғарыштағы қызметтің қоршаган ортаға ықпал етуі»' деген баяндамасынан кейін халықаралық. деңгейдегі ресми мәртебеге ие болды. Халықаралық астронавтика академиясынын2 мәліметтері бойынша бүгінгі танда Жер айналасындағы орбитада каталогқа кіргізілген 8600 объекті бар екен, оның 500-ге жуығын ғана әрекет ететін ғарыштық ұшу аппараттары деп қарастыруға болады. Осы объектілердін кез келгенімен соқтығысып қалу ғарышкерлер үшін қауіп төндіреді. Ғарыштың техногендік ластануын азайту жөніндегі шаралардың екі аспектісі бар: біріншіден, ғарыштық қоқыстың эсер етуінен қорғау (олармен соқтығысуға жол бермеу) және екіншіден техникалық қоқыстың жинақталуын болдырмау шаралары. БҰҰ-ның ғарыш жөніндегі ғылыми-техникалық комитеті 1995 ж. ғарыш қоқысының проблемасы жөнінде техникалық баяндама дайындаута кірісті. Ғарыш кеңістігін ішінара қарусыздандыру және аспан денелерін толық қарусыздандыру. Бейбіт кезеңде ғарыш кеңістігінде ешқандай әскери қимылдарға жол берілмейді: Жердің жасанды серіктерін басқа мемлекеттердің аумағында барлау сипатындағы әскери мәліметтерді жинау үшін қолдануға тыйым салу; басқа мемлекеттердің аумағын суретке түсіруге жол берілмейді. Барлық аспан денелері, Айды қоса алғанда бейбіт мақсаттарға ғана қолданылады. Оларда әскери базалар, құрылыстар және бекіністер салуға, қарудың кез келген түрін сынауға және әскери маневрлер жүргізуге тыйым салынады. Ғарыш кеңістігіндегі тыйым салынған әрекеттерге: бейбітшілікке қауіп төндіру, бейбітшілікті бұзу мақсатындағы немесе қауіп төндіру немесе қауіп төндіруді күшейту мақсатындағы насихат не басқыншылық актісі; ғарыш кеңістігін ластау және баска мемлекеттердің ғарыштағы қызметіне зиянды кедергілер жасау; бөтен заттарды және басқаларды тасымалдау салдарынан жердің қоршаған ортасының тиімсіз өзгеруіне қарсы шаралар қабылдамау. Мемлекеттердің ғарыштағы қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: 1.Жасанды серіктер көмегімен тікелей теледидар хабарларын тарату. 2.Жасанды серіктерді қолдана отырып, жерді қашықтықтан барлап қарау. 3.Ғарыштық құралдарды қолдану туралы халықаралық келісім-шарттар. 4.Медициналық және биологиялық бақылаулар мен тәжірибелер жүргізу. 5.Ғарыш кеңістігін геостационарлық орбита ретінде пайдалану. 6.Басқа планеталардың ресурсын зерттеу мүмкіндігі және оларды пайдалану мүмкіндігін зерттеу. 7.Жердің биоөрісін қорғау проблемаларын зерттеу. 8.Ғарышта энергиянын ядролық қайнар көздерін пайдалану. 9.Ғарыш метерологиясын мемлекеттер мұқтажына пайдалану. 3. Ғарышкерлердің кұқықтық режимі. Егер «ғарышкер» деген ұғымға кұқықтық тұрғыдан келер болсақ, онда халықаралық келісімдерде де, заң актілерінде де мұндай анықтаманың жоқ екенін айту керек. Сонымен бірге, әр түрлі елдерде, түрлі тілдерде және әр түрлі халықаралық шарттарда ғарышқа ұшатын адамдарды белгілеу үшін түрлі терминдер қолданылады, мысалы ТМД-да - ғарышкер, АҚШ-та - астронавт. Үлкен Кеңес Энциклопедиясында ғарышкер - бұл ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынауды және пайдалануды жүргізетін адам деп белгіленген. Космонавтика туралы арнайы әдебиеттерде бұл терминді арнайы медициналық-биологиялык және техникалық дайындықтан өткен және ғарыштық ұшуға ғарыш кемесінің командирі немесе ғарыш экипажының мүшесі ретінде қатысқан адамға қолданады. БҰҰ-ның ғарыш жөніндегі Комитетінің шағын заң комитетінің 1967 ж. VI сессиясында Аргентинаның өкілі астронавт ұғымына анықтама беруге әрекеттенеді. Астронавт деп «Айды және басқа аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі қызметті адамзат өкілі ретінде жүзеге асыратын азаматтық зерттеушіні» есептеу керек деп ұсынылады. Бірақ мұндай анықтама қазіргі заманғы «ғарышкер» терминіне сәйкес келмейді, яғни ғарыштық ұшыруларға тікелей қатысатын адамдардың, азаматтық тұлғалардың шеңберін шектеп қояды. Алайда, алғашқы ғарышкерлер қатарына КСРО-ның әскери ұшқыштары мен АҚШ-тың сынақшы-ұшқыштарының арасынан (олардың жан-жакты дайындыктарын ескеріп, іріктеліп алынған болатын. Кейінірек ұшатын ғарыш объектілерінің экипажына мамандар мен ғалымдар, қазіргі кезде - ғарыш зерттеулерінің жанашырлары қосыла бастады. Сонымен, ғарыш жөніндегі шарттың IV бабына сәйкес, «ғарышкер» ұғымына берілген жоғарыдағы анықтама ең турасы болып табылады. Орбиталық ғарыш стансасы экипажын, өз кезегінде ондағы командирді, командалық құрамдағы басқа адамдарды және экипаж мүшелерін (ұшқыштар құрамы, ғалымдар, техникалық мамандар, қызмет көрсетуші персонал) қоса алғанда, ғарышкерлер ұжымын айтуға болады, олар стансаның басқарушы буыны болғандықтан, ұшу тапсырмасын және халықаралық ғарыш құқығының негізгі кағидалары мен нормаларын ескере отырып, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Экипаждар мен басқа да ұшатын ғарыш объектілерінің құқықтық мәртебесін айқындау үшін Ғарыш жөніндегі Шарттың VIII бабының объектілер мен олардың кез келген экипаждарының ғарышта болған барлық кезеңдері кезіндегі юрисдикциясы мен бақылауы, осындай объектілерді тіркейтін мемлекеттерде сақталуына қатысты ережесінің маңызы зор. Ғарыш жөніндегі шарттың VIII бабында «кез келген экипаж» ұғымының қолданылуы мемлекеттердің ғарыш объектілерін юрисдикциясы және бақылауы бойынша тіркеу құқығы, жалпы және бақылауы бойынша тіркеу құқығы, жалпы ереже бойынша, техникалык сипаттарынан, шешетін міндеттер шеңберінен, адамдардың лауазымды жағдайлар санатынан, олардың ұлттарынан, басқа да факторлардан тәуелсіз түрде стансадағы барлық тұлғаларға таралатыны туралы қорытынды жасауга мүмкіндік береді. Стансадағы адамдар қатарына ұшу бағдарламасында көзделген мемлекеттік қызметшілер (азаматтық немесе әскери), тіркейтін мемлекеттердің азаматтары және басқа мемлекеттердің де азаматтары, стансанын негізгі экипажының құрамына кіретін ғарышкерлер және стансаны транзиттік бекет ретінде пайдаланатын жағдайда оған жеткізілген жолаушылар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аварияға ұшыраған ғарышкерлері стансаны паналаған жағдайда болуы мүмкін. 4. «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың құқықтық проблемалары. «Байқоңыр» ғарыш айлағының негізі 1955 ж. қаланған. Ол 6717 км2 ауданды алып жатыр, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 75 км, батыстан шығыска қарай - 90 км-ге созылған. Әкімшілік орталығы - Байқоңыр қаласы, онда 60 мыңға жуық адам өмір сүреді. «Байқоныр» ғарыш айлағы зымыран-ғарыш техникаларын сынауға, ғарыш аппараттарық ұшатын ғарыш кемелерін және орбиталық стансаларды, автоматты планетааралык стансаларды орбитаға 200 мың км-дей биіктікке ұшыруға дайындау және ұшыруды жүзеге асыруға арналған. Осы ғарыш айлағында құрастырушы С.П. Королев жасаған әлемдегі алғашқы континентаралық зымыран (1957 ж. 21 тамыз), Жердің алғашкы жасанды серігі (1957 ж. 4 қазан) және ең алғашқы ұшатын ғарыш кемесі «Восток», планетаның бірінші ғарышкері Ю.А. Гагаринмен (1961 ж. 12 сәуір) сынақтан өткізіліп, ұшырылған болатын. Ғарыш айлағында Ресей Федерациясының ғарыш апараттарының шамамен 50%-ы және халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары бойынша 90%-ы, оның ішінде геостационарлық орбитаға 100% ұшырылады. Ғарыш айлағы құрылған сәттен бастап, КСРО Қорғаныс министрлігінің құрамына кірген болатын. КСРО ыдырағаннан кейін ғарыш айлағынын объектілері Қазақстан Республикасының меншігіне айналды. 1990 ж. басында қалыптасқан салалық кооперация айғарлықтай көлемді жобаларды жүзеге асыруға қабілетті еді. Ол жылдары КСРО-ның орбиталық топтамаларында 190-ға жуық зымыран-тасығыштар бар болатын, оларды ұшыру үш-бес күнде біреуін жіберу жиілігімен жүзеге асырылатын. КСРО ыдырағаннан кейін бұрынғы одақтас республика-ларда орналасқан ғарыш инфрақұрылымы жасаған объектілер тәуелсіз мемлекеттердің аумақтарында қалып қойды. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, халықаралық ғарыш қүқығының тең қүқылы субъектісіне айналды. 1994 ж. 28 наурызында Ресей Федерацияның Президенті мен Қазақстан Республикасының Президенті «Байкоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен шарттары туралы Келісімге» қол койды. Осы Келісім Байқоңырды Қазақстаннын меншігіндегі объект ретінде және Ресейге 20 жылға жалға берудін мәртебесін айқындап берді. Келісімге орай, «Байқоныр» кешенін Ресей Федерациясы азаматтық және қорғаныстық ғарыш бағдарламаларын; Ресейдің, Қазақстанның және Достастықтың басқа да қатысушы-мемлекеттерінің бірлескен ғарыш жобаларын; халықаралық ғарыш бағдарламаларын және коммерциялық ғарыш жобаларын жүзеге асыру үшін пайдаланады. Келісім заңды күшіне енгеннен кейін үш ай мерзім ішінде Жолдау шартын жасау көзделген болатын. 1994 ж. шілде айында екі елдін парламенттері Келісімді бекітті, бірақ Жолдау шарты әлі дайын болмаған еді. Ресей Федерациясы Үкіметі 29 тамызда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы «Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен шарттары туралы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» №996 Қаулыны шығарды. Бүл каулы Байқоңыр объектілерінің бір бөлігін Ресей ғарыш агенттігінің баскаруына беру туралы мәселе жөніндегі үзақ уакытка созылған қызу пікірталасты қорытындылап берді. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне бір ай мерзім ішінде
![]() |