Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



тақырып. Халықаралық дауларды бейбіт шешу құралдары



Жоспар:

1. Саяси және заңдық даулар туралы мәселелер.

2.Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу тәртібі.

3.Халықаралық соттар.

Негізгі ұғымдар:халықаралық дау, бейбітшілік, саяси дау, заңдық дау, халықаралық сот.

Халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес барлық мемлекеттер өздерінің арасындағы туындаған қайшылықтарды (таластарды) әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп тудырмау үшін бейбіт құралдармен және амал-тәсілдермен шешулері міндетті.

Халықаралық дау–таластарды, бейбіт құрадармен және амал-тәсілдермен шешу институты сала аралық институт болып табылады. Оның нормалары халықаралық қауіпсіздік құқығында, халықаралық ұйымдар құқығында, халықаралық құқықтың басқа да салаларында да бар.

Осы институттың негізгі қайнар көздері:

- 1907ж. халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу туралы Конвенция;- - 1928ж. халықаралық дау-таластарды бейбіт шешу туралы Қайта қаралған Жалпы акт;

- БҰҰ Жарғысы;

- Аймақтық ұйымдардың жарғылары;

- 1970 ж. халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларация;

- 1975 ж. СБСЕ Қорытынды актісі;

- 1989 ж. Веналық кездесудің Қорытынды құжаты;

- СБСЕ басқа да құжаттары;

- халықаралық әдет –ғұрыптар.

Халықаралық қайшылықтардың 2 негізгі түрі бар :

- дау, талас;

- ситуация-жағдай.

Талас, дау-бұл халықаралық құқық субьектілерінің өз құқықтары мен мүдделеріне, халықаралық келісімшартқа түсінік беруге қатысты реттелмеген сұрақтар бойынша өзара талаптарының жиынтығы.

Ситуация- бұл субьектілердің арасындағы нақты дау пәнінен тыс байланыста егес, ала ауыздық, дұшпандық туғызатын субьективті сипаттағы жағдайлардың жиынтығы.

Сонымен, ситуация негізінде талас әлі жоқ, дегенмен оның туындауының алғы шарттары, жағдайлары бар; Ситуация – бұл потенциалды талас жағдайы.

БҰҰ Жарғысының 33 б сәйкес дау-таласқа қатысатын тараптар (жақтар), егерде бұл дау-таластың жалғасуы дүниежүзілік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қауіп төндіретін болса, ең алдымен оны келіссөздер, татуластырушылық, келістіру, арбитраждық, соттық қарау (соттың істі қарауы), аймақтық органдарға бару немесе өз таңдауы бойынша өзге де бейбіт амал-тәсілдермен шешуге тырысулары қажет.

Тікелей келіссөздердің мәні- таласушы (дауласушы) тараптардың (жақтардың) өздеріне тікелей байланысты және олардың арасындағы келісімге қол жеткізуді белгілеу жолымен қайшылықтарды шешуді іздестіру.

Келіссөздер- бұл қайшылықтарды жоюдағы ең қолайлы, қарапайым және кең тараған құрал болып табылады.

Келіссөздердің классификациясы:

1) Талас, даулардың пәні бойынша (бейбітшілік, саяси, сауда және т.б)

2) Қатысушылардың саны бойынша (көпжақты және екі жақты)

3) Тараптардың өкілдерінің деңгейі бойынша (мемлекет аралық,үкімет аралық, ведомства аралық).

Келіссөздер ауызша және жазбаша да жүргізілуі мүмкін. Кеңесудің мақсаты- халықаралық дау таластардың туындауын алдын-ала ескерту.

Мейірбан көмектер- бұл өз ұйытқысы бойынша немесе таласқан мемлекеттердің сұрауы бойынша реттеу процесіне дау-таласқа қатысы жоқ тарап қатысатын дау-таласты шешу тәсілі.

Мейірбан көмек көрсетудің мақсаты- тараптар арасындағы байланыстарды белгілеу немесе қайта жаңарту.

Бұл кезде мейірбан көмек көрсететін тарап келіссөзге қатыспайды; оның міндеті-таласушы (дауласушы) тараптардың өзара байланысын жеңілдету.

Татуластыру кезінде мемлекеттер үшінші тұлғаны таңдауды (бұл мемлекет, халықаралық ұйымдардың өкілін), және бұл тұлға келіссөздерге дербес жеке қатысушы ретіндеде қатысады.

Татуластыру (мейірбан көмек сияқты) келіссөздерде үшінші мемлекеттің қатысуын білдіреді. Бірақ олардың арасындада айырмашылық бар:

1)-ден татуластырушылық барлық таласушы тараптарды келісім бойынша барады; ал мейірбан көмекті тек бір ғана дауласушы мемлекеттің келісім бойынша пайдаланады;

2)-ден татуластырушылық мақсаты байланыстарды жеңілдету ғана емес, сондай-ақ тараптардың бағыттарын келістіру: татуластырушы дау-таласты реттеу жобасын әзірлеуі тараптарға ұсынуы мүмкін.

Халықаралық табыстыру процедурасы. Ар-намысты, мемлекеттердің маңызды мүдделеріне кір келтірмейтін және ситуацияның нақты жағдайларын бағалаудағы қайшылықтардан туындайтын халықаралық дау-таластарда тараптар арнайы халықаралық орган -фактінің сұрақтарын анықтау үшін тергеу комиссиясын құруға құқылы.

Тергеу комиссиялары тараптар арасындағы ерекше келісім негізінде құрылады және онда мыналар анықталады: тергелетін фактілер, комиссия қызметінің тәртібі және мерзімі, оның өкілеттілігі, комиссияның келу орны, қарау тілі анықталады.

Комиссияның тергеуі жарыссөз тәртібінде жүргізіледі. Тараптар бгіленген мерзімде комиссияға фактілерді баяндайды, қажетті құжаттарды береді, міндетті түрде таңдалатын куәлар мен сарапшылардың тізімін береді.

Комиссия тараптардан қосымша материалдарды сұрауы мүмкін. Қарау кезінде куәлерді сұрайды және бұл туралы хаттама толтырады.

Тараптар барлық түсініктері (мәлімдемелерін) мен айғақтарын бергеннен кейін, барлық куәлар тыңдалып болғаннан кейін, тергеу аяқталды деп жарияланады, ал комиссия баяндама жасайды. Комиссияның баяндамасы фактіні анықтаумен шектеледі және соттың немесе арбитраждың шешімі сияқты күші болмайды. Тараптар комиссияның шешімін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

Келістіруші комиссия- халықаралық практикада кеңінен таралған.Олардың өкілеттілігі тергеу комиссияларына қарағанда кеңірек. Келістіруші комиссиялар, ереже бойынша, фактіні анықтаумен ғана шектелмей, сондай-ақ даулы сұрақтың мүмкін болатын шешімін ұсынады. Бірақта арбитраж және соттан айырмашылығы іс бойынша шешімді тараптар қабылдайды және бұл комиссияның қортындысымен байланысты болмайды.

1985ж. халықаралық дау-таластарды бейбіт шешу туралы актінің жағдайына сәйкес тұрақты келістіруші комиссия 5 мүшеден тұрады.

Комиссияның бір-бір мүшесін дауласушы тараптар тағайындайды, қалған үшеуін үшінші елдердің азаматтарынан сайланады. Мүшелерді таңдау қиынға соққан жағдайда оларды тағайындау БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасына, үшінші мемлекеттерге немесе жереби тастаумен шешілуі мүмкін.

Халықаралық арбитраж – бұл тараптардың келісімімен ұйымдастырылған жеке тұлғаның (арбитр) немесе тұлғалар топтарының (арбитрлардың) дауды қарауы. Бұл кезде қабылдаған шешімді тараптар міндетті түрде орындауы қажет.

Арбитраждың 2 түрі бар: ad hoc арбитражы және институттық арбитраж.

ad hoc арбитражы (арнайы арбитраж) –нақты дауларды қарау үшін тараптар құрады. Бұл жағдайда дау-таластар арбитраждың қарауына тараптардың арбитраждық келісімі негізінде беріледі. Келісімде мыналар көрсетіледі: арбитражды тағайындау тәртібі немесе нақты тұлғаларды арбитр ретінде тағайындау тәртібі, дау-таласты қарау процедурасы, қаралатын орны мен тілі, және басқа да сұрақтар.

Институттық арбитражды – тұрақты әрекет ететін арбитраждық орган жүзеге асырады. Мемлекеттер алдын-ала қандайда болмасын келісімшартқа түсінік беру сұрақтары бойынша туындаған барлық дау-таластарды немесе дау-таластардың нақты категориялары бойынша болашақта туындауы мүмкін қайшылықтарды арбитражға беруге міндеттенеді.

Қайшылықтарды (ала ауыздықты) арбитраж арқылы шешу соттық тәсілге көп ұқсайды, бірақ сот процедурасынан айырмашылығы арбитраж органының құрамы дауласушы тараптарға байланысты құрылады.

Аралық сотқа бару оның шешіміне адал ниетпен бағынуын міндеттейді. Соңғы уақыттарда халықаралық практикада қабылданатын Конвенцияларға дауларды арбитраждық қарау механизмін кіргізу тенденциясы дамып келеді.

1963 жылы Африкандық Бірлік Ұйымы Хартиясының 19б. Сәйкес АБҰ-да татуластыру, келістіру және арбитраж бойынша комиссия құрылған, құрамы және қызмет ету жағдайлары АБҰ мемлекеттері басшылары мен үкіметтерінің Конференциясын мақұлдаған жеке хаттамалармен анықталған.

1965 жылы мемлекеттер және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Вашингтон Конвенциясының негізінде осы дауларды шешу бойынша орган- Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық Орталық құрылған және арбитраждық қарау процедурасы қарастырылған.

Халықаралық сот процедурасы.Халықаралық дауларды шешудің бір түрі болып сот процедурасы болып табылады. Тиісті сот органдары халықаралық ұйымдарда (универсалды (мысалы, БҰҰ Халықаралық Соты, сондай-ақ аймақтық сипатта, мысалы, ТМД Экономикалық Соты, Адам құқығы бойынша Америка аралық сот, ЕО Соты) келісімшарт негізінде құрылады.

Халықаралық соттың құрамы алдын-ала құрылады және тараптардың еркіне байланысты болмайды. Оның құзыреті құрылтай құжатта белгіленеді, сонымен қатар соттар өз регламенттерін қабылдайды. Сот шешімі тараптар үшін міндетті және шағымдалмайды.

Қаралатын дау-таластардың сипатына байланысты халықаралық соттар мыналарды шешетін соттарға бөлінеді:

1) мемлекет аралық дау –таластарды шешетін соттарға бөлінеді, мысалы, БҰҰ Халықаралық соты, ТМД экономикалық соты;

2) халықаралық дауларды, сонымен қатар мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға қарсы жеке және заңды тұлғалардың қозғаған істерін шешетін (адам құқығы бойынша Еуропалық Сот);

3) халықаралық ұйымдар шегіндегі еңбектік дау-таластарды шешетін сот (халықаралық еңбек ұйымының әкімшілік трибуналы);

4) жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша, мысалы, Нюрнберг трибуналы;

5) даулардың әртүрлі санаттарын, мысалы, ЕО соты.

Мысалы, 1982 жылы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал құрылған. Трибунал 21 судьядан тұрады және оларды Конвенцияға қатысушы мемлекеттер сайлайды. Олар теңіз құқығы облысындағы сарапшылар болып табылады.

Соттың болуы үшін 11 судьяның болғаны жеткілікті. Трибунал ішінен теңіз түбіне қатысты дау-таластар бойынша камера құрылған. Трибунал: 1982 жылғы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасындағы; теңіз түбін өңдеу бойынша контрактілердің субъектілері арасындағы; теңіз түбі бойынша орган мен қатысушы мемлекет арасындағы дауларды қарайды.

Тақырып. Мұнай, ауыл шаруашылық және туризм саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық нысандары.

Жоспар:

1. Мұнай саласындағы халықаралық құқықтық режим.

2. Ауыл шаруашылық саласындағы халықаралық құқықтық режим.

3. Труизм саласындағы халықаралық құқықтық режим.

Негізгі ұғымдар:мұнай құқығы,аграрлық құқық, туризм, халықаралық туризм.

Шетелдердегі ауыл шаруашылығының дамуының әлемдік тәжірибесі ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу тек қажеттілік емес, сонымен бірге заңдылық екенін көрсетті.

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және таратуға, агроөнеркәсіптік өндірісті өндірістік-техникм тық қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпорындардың шаруашылық қызмстін ұйымдастыруға нормативтік актілер шығару жолымен әсер ету, мемлекеттік билік органдарының ұйымдасқан қызметін жузеге асыру және экономикалық әдіс арқылы реттеуді жүзеге асырат ауыл шаруашылық органдардың жалпы құырстін басқару.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің бір көрінісі ауыл шаруашылығы өндірісін басқару. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару дегеніміз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілігінің және барлық ауыл тұрғындарының қолайлылығына қол жеткізу үшін мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға бағытталғап және мемлекетпен жүргізілетін шаралар кешені.

Мемлекеттік реттеудің объектілері болып өндірістік-шаруашылық, әлеуметтік және олармен байланысты басқа да ауыл шаруашылығы қызметі саласьіндағы аграрлық қатынастар.

Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің арасында мақсатына байланысты айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Нақты алғанда мемлекеттің экономикалық және басқа процестерге әр түрлі қатысуы туралы айтылады.

Орталықтандырылған мемлекеттік басқару әміршілдік-әкімшілдік жүйедегі тоталитарлық мемлекете болған.

Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы үшін өзекті болып отыр.

Ерекше өзектілік меншік нысанының көптігіне байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске экономикалық әсер ету шаралары ғана қажет емес, сонымен қатар әкімшілік реттеу шаралары да қажет. Нарықтық экономикаға өту кезінде әкімшілік әдістерді алып тастап, оларды экономикалық әдіспен ауыстыру емес, екі әдісті де қолдану. Бірақ экономикалық әдісті әкімшілік әдістен басымырақ ұстау көрінеді.

Осыған орай, агроөнеркәсіптік өндірісті нормативтік-құқықтық; реттеудің рөлі арта түсуде.

Басқа ғалымдар қоғаммен келісушілік және саяси тұрақтылық; барлық халықтың мүддесі үшін экономикалық дамыту; қазақстандық патриотизм; мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын республикалық референдумдарда дауыс бере отырып, демократиялық әдіспен шешу қағидаларын бөліп қарайды.

3.Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтар.БҰҰ анықтамасы бойынша, халықаралық туризм мемлекетаралық келісім және мемлекетаралық салт-дәстүрдің негізінде саяхат жүйесін құрайды.

Халықаралық туристік қатынастар халықаралық жария құқықтың нормаларымен; ал отандық және шетелдік заңды тұлғалардың қатынастары; халықаралық жеке құқықтың нормаларымен реттеледі. БҰҰ демалуға қатысты адам құқықтарының негізгісі деп қарастырады, сол себептен халықаралық туризмді дамыту осы құқықтың жүзеге асыруының негізгісін қалайды.

Халықаралық туризмнің халықаралық экономикалық қатынастың айрықша белгісі болып табылатынын қызметі, басқа да кез келген ішкі сауда саттық мәселедегі сияқты шетелдік контрагенттер арқылы, яғни олардың атынан туристік фирма немесе шетелдік туристің өзі қатыса алады. «Турист» - мәнісіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, өзі тұрғылықты тұрмайтын мемлекет территориясында 24 сағаттан кем емес, 6 айдан артық емес уақытта қалатын тұлғаны айтамыз; туризм, сауықтыру, спорт, емдеу, жанұялық жағдайына байланысты, білім алу, діни-наным сенімі бойынша немесе қызметтік мақсатпен рұқсат етіледі.

Осы анықтамаға сәйкес турист қатарына басқа мемлекеттің шекарасын кесіп өткен барлық шетелдіктер жатқызылады. Бірақ мұндай «турист» деген ұғымның анықтамасы өте кең ауқымда. Келесідей анықтама беруге болады: шетелдік турист – бұл өзі келген мемлекетке шетелдік валютаны енгізетін, бұл мемлекеттің территориясында өзі алған тур негізінде 24 сағаттан кем емес уақытқа келген тұлғаны айтамыз.

Туристің құқықтық статусы халықаралық құжатта бекітілген: турист кодексі (1985 жылы қыркүйек айында VI Бүкіләлемдік туристік ұйым Генералдық Ассамблеяда қабылданған).

Халықаралық туристік халықаралық экономикалық қатынастың дамуының эффективті нысанына жатқызуға болады. Бірқатар мемлекеттерде шетелдік туризмнен түсетін, пайда экспорттық тауарлар мен қызмет көрсетудің түскен пайданың 50% құрайды. Егер де Қазақстан туризм индустриясын жоғары дәрежеде дамытса, шетелдік туризмнан келіп түсер пайда да болар еді.

Халықаралық туризм өмір жайлы, тұрмыс, тарих, сол елдің салт-дәстүрі туралы білуге, әр түрлі елдердің тұрғындарының өзара түсінушілігіне ықпал етер еді, халықтар арасындағы достастық пен бейбіт қарым-қатынастың нысанына да өз үшін тигізеді.

Халықаралық туризм мемлекеттер арасында саяси, экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастықтың, соынмен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынастың белсенділігінен ықпал етеді.

Қазақстан халықаралық туристік қатынастарға түседі, екіжақты және көп жақты туристік конвенцияларға қол қойды, туризмге қатысты заңнамаларды өңдеуде.

Тақырып. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі және қазіргі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дамуы.

Жоспар:

1.Егемендік туралы Қазақстан Республикасының Декларациясы және тәуелсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы.

2.Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиясы.

3.Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі.

Негізгі ұғымдар:декларация, сыртқы экономикалық қызмет, сыртқы саясат, саясат, стратегия.

1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Кеңес Одағы құрамынан шығып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болды. Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасының халықаралық жария құқықтың субъектілігі де басталады. Қазақ халқы үшін, Қазақстан үшін 16.12.1991жылы қазақ мемлекетінің тәуелсіздігінің күні болды.

Республика әлемнің 100 мемлекетіне танымал болды, 150мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Ондаған шетелдік мемлекеттер республика астанасында өздерінің дипломатиялық өкілдіктерін ашты; сонымен қатар Қазақстанның төтенше және өкілдері Қазақстан атынан Турцияда, Қытайда, АҚШ, Франция, Германия, Иран, Өзбекістан, Қырғызстан өз қызметтерін атқаруда. ҚР БҰҰ қабылданды, әлемдік мемлекеттер одағының тең құқылы мүшесі болды, БҰҰнан Қазақстанға өкім тағайындады, бірқатар республикалық басылымдардың журналистары шет мемлекеттерде аккредитацияланған.

Халықаралық аренаға кіру арқылы Қазақстан жаңа, сапалы ортаға енді. Тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан сыртқы саяси курсты жасай бастады, қазіргі уақытта бұл курс жүйесі ұлттық мемлекеттік бағытта дамуда.

Республиканың сыртқы саясатының құралуының негізгі саясаты, Қазақстан әлемдік қауымдастықта жоғарыдан орын алуы болып табылады.

Соңғы жылдары Қазақстан Турция, Пәкістан, Үндістанмен көптеген шарттар мен келісімшартқа қол қойды, қазіргі уақытта Қазақстан осы аталған мемлекеттермен әр түрлі бағытта ынтымақтастықты дамытуда.

2. Континентальды даму Қазақстанның сыртқы саясатының ұстанатын бағыттарының негізгісі болып табылады. Бұл туралы БҰҰда айтылды, Азияда өзара әрекеттестік пен сенім туралы келісім туралы, Қазақстанның Экономикалық қауымдастық ұйымы белсенді араласуы туралы шаралар қолдануда.

Әлемдік қауымдастыққа мүше болған мемлекеттер өздерінің саясатын рыноктык жүйедегіүш басты орталықпен құра бастады: Батыс Еуропа, АҚШ, Япония. Бұл мемлекеттермен қарым қатынаста болу халықаралық қаржы қауымдастығына жол ашады. БҰҰда, Әлемдік Банк жүйесінде және т.б. халықаралық ұйымдарға белсене қатысу, республиканың экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуінің кепілі болар еді.

Сыртқы экономикалық стратегиясы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы керек:

1.Орта Азия мемлекеті мен Ресеймен сыртқы экономикалық байлансты жана салалы дәрежеге жоғарылату.

2.Қазақстан Шығыс Араб мемлекеттерімен экономикалық қатынастарды жақсартуда, осы мемлекеттердің мұнай саласындағы тәжірибесіне жүгінеді, сонымен қатар Турциямен де экономикалық қатынас жақсы деңгейде;

3.Япония, Оңтүстік Корея, Қытай мемлекеттерінен Қазақстан жаңа технологиялар кредиттік жүйе, үлкен масштабты инвестициялар, ал болашақта осы мемлекеттерден жоғары технологиялық өнімді Қазақстан фирмалары өңдеп алуы және осы аталған мемлекеттерден республика аумағында жаңа проект жасау үшін күшін тартуды көздеп отыр;

4.Еуропалық бағытта Қазақстан ГФРна баса назар аударуда. Өйткені, Қазақстан территориясында неміс тұрғындарының саны, осы ұлт өкілдерінің ГФР на миграциялауы (көшуі) екі ел арасындағы экономикалық қауымдастықтың жан жақты дамуын қарастырады: Қазақстан кадрларды оқыту және инфоқұрылымды жаңартып қайта өңдеу үшін Еуропалық Одақтан техникалық көмек пен кредит алуға үміттенуде;

5.Басымдылық бағыттың болып –АҚШ;

6.Сонымен қатар басты бағыттардың бірі болып, Қазақстанның халықаралық экономикалық ұйымдармен, атап айтсақ, Әлемдік Банк, БҰҰның арнайы экономикалық саладағы ұйымдары (ЮНКТАД, ЮНИДО, ИКАО), сауда мен тариф жайында Ген.келісім (бүгінгі таңда Всемирная Торговая Организация).

3.Алматы әлі де әр түрлі халықаралық форумдардың орталығы болып табылады, 1992жылы бұл қалада ақпараттық анықтамалық қызмет сұрақтары бойынша Парламент аралық кездесу өткізіліді; ТМД мүшелері, яғни мемлекеттің әлеуметтік қорғау ведомстваларының министрлері мен басқарушыларының кездесуі; 1993жылы 29-30 наурызда Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрліктерінің сарапшыларының жиналысы. Қайтадан жанартылған халықаралық жәрменкені өткізу дәстүрге айналуда. Мысалға, «Қарқара-96» жәрменкесінде, отандық фирмалардан басқа 40 астам шетел фирмалары қатысты. Сонымен қатар, Алматыда шетелдік инвестицияларға қатысты халықаралық ғылыми практикалық конференциялар мен семинарлар өткізілді (1990, 1995, 1998жж).

Қазақстан дамыған мемлекеттің сипатына ие «барлық тұрғындардың сауаттылығы, ЖОО, АОО және ғылыми зерттеу мекемелердің болуы ғарыштық қызметке қатысуы». Қазақстан Орталық Азия регионында, мемлекеттердің әлемдік бірлестіктерінде және Еуропалық аумақта ерекше.

 

Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:

Нормативтік актілер:

1.Құлжабаева.Ж.О. Халықаралық жария құқық. –Алматы, 2003 ж.

2.Сарсембаев.М.А.Международное право. –Алматы, 1998 ж.

3.Г.Б.Хан т.б. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы. –Алматы, 2003 ж.

4.И.И.Лукащук. Нормы международного право. -М., 1997 ж.

5.Г.И.Тункин. Теория международного право. -М.-1970 ж.

6.М.Б.Құдайбергенов. Международная уголовная ответственность физических лиц. –Алматы, 2000 ж.

7. Абайдiлдинов Е.М.Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi). –Астана, 2010ж.

8. Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии. -Алматы, 1995.

9. Title: Ninth circuit finds Vienna convention on consular relations does not establish rights enforceable under US civil rights law. Author(s): Cook, John R. Source: AMERICAN JOURNAL OF INTERNATIONAL LAW Volume: 102 Issue: 1 Pages: 159-161 Published: JAN 2008

10. Treaty enforcement-Vienna Convention on Consular Relations-International Court of Justice-federalism-self-execution of treaties-foreign affairs powers of the executive. Author(s): McGuinness, Margaret E. Source: AMERICAN JOURNAL OF INTERNATIONAL LAW Volume: 102 Issue: 3 Pages: 622-628 Published: JUL 2008.

11. ASEAN and evolving power relations in East Asia: strategies and constraints. Author(s): Yoshimatsu, Hidetaka. Source: CONTEMPORARY POLITICS Volume: 18 Issue: 4 Pages: 400-415 DOI: 10.1080/13569775.2012.728030 Published: 2012.

12. The Present and Future of Diplomacy and Diplomatic Studies. Author(s): Murray, Stuart; Sharp, Paul; Wiseman, Geoffrey; et al. Source: INTERNATIONAL STUDIES REVIEW Volume: 13 Issue: 4 Pages: 709-728 DOI: 10.1111/j.1468-2486.2011.01079.x Published: DEC 2011.

 

Нормативтік құқықтық актілер тізімі:

1. 1945ж.24.10. қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

2. 1993ж. 20.04. қабылданған Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Жарғысы// «Параграф» ақпараттық жүйесі.

3. 1975ж. 01.08. қабылданған Хельсинкий Қорытынды Актісі // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

4. Венская конвенция о праве международных договоров,1969ж. 23.05. қабылданған «Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы» // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

5. 1995ж. 19 маусымда қабылданған ҚР Президентінің «ҚР-дағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Заңы. // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

6. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңы // «Параграф» ақпараттық жүйесі.

7. 1999жылғы 27 қыркүйектегі «ҚР-ның Консулдық жарғысы»// «Параграф» ақпараттық жүйесі.

8. Сборник международных конвенций. Республика Казахстан. Автор-составитель К.М. Сарсембаев. - Алматы: «Ғылым», 1997.

9. Сафонова О.Н. Соотношение международного права и национального права Республики Казахстан. - Алматы: Данекер, 2002.

10. Баскин Ю., Фельдман Д.И. История международного права.-М.,1990.-207 с.

11. Бельсон ЯМ. Интерпол в борьбе с преступностью. М., Наука. 1989.- 239 с.

12. Бояре Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве.- М., Международные отношения. 1986. - 160 с.

13. Верещетин И.С. Международное сотрудничество в космосе: правовое вопросы. - М.: Наука. 1977. 264 с.

14. Даниленко Г.М. Обычай в современном международном праве М.. Наука,
1988.- 191 с.

15. Ержанов Т.К. Международно-правовой статус внутриконтинентальных государств. - Алматы: Данекер, 2003.

16. Карпец И.И. Международная преступность,- М.: Наука, 1988. 112 с.

17. Карташкин В.А. Международные механизмы зашиты прав человека. -
Москва, 2003. - 111с.

18. Клименко Б.М. Государственная территория вопросы теории и практики
международного права.- М.: Международные отношения. 1974. 168 с.

19. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды.-М., Международные отношения, 1982. 237 с.

20. Кудайбергенов М.Б. и др. Методы работы Интерпола. - Алматы: Данекер, 1999.

21. Лукашук И.И. Современное право международных договоров. Т.I. Москва, 2004.-672 с.

22. Лукашук: И.И. Право международной ответственности. –М., 2004.- 432 с.

23. Попов В.И. Современная дипломатия. Теория и практика.- М., 2004.-576с.

24. Родионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня и завтра. -М., Международные отношения. 1990. 223 с.

25. Салимгерей А.А. Правовой статус каспийского моря (проблемы теории и практики). Алматы. 2003.- 208 с. -18.

26. М.А. Сарсембаев. Дипломатическое и консульское право. - Алматы: Данекер,1999.

27. М.А. Сарсембаев. Международное космическое право и Казахстан. - Алматы: Данекер. 2003.

28. Токаев К.К. Организация Объединенных Наций: Полвека служения миру. - Алматы: Атамура, 1995. -189 с.

29. Токаев К.К. Преодоление. Дипломатические очерки. Алматы. 2003. 656 с.

30. Ципин В. Церковное право. - Москва, 1994.

31. Шибаева Е.А. Право международной организации: Вопросы теории. М.: Международные отношения, 1986.- 159 с.

 



Просмотров 4753

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!