Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырып. Халықаралық құқықтық ғылым және халықаралық құқықтың ғылымы



Жоспар:

1. Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.

2. Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.

Негізгі ұғымдар:мемлекет, ынтымақтастық, ұлтаралыққатынастар.

Халықаралық құқық мемлекетаралық, ұлтаралық қатынастарды, бейбітшіліқ пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатын реттейтін және қоғамның даму тарихының бір бөлігі болып табылатын, көпғасырлық даму тарихы бар құқық ретінде белгілі. Халықаралық құқық ғылымын толық және терең зерттеу үшін халықаралық құқық доқтринасында халықаралық құқықтың даму тарихының маңызы мойындалады. Басқа да ғылымдар сияқты халықаралық құқықта да дау туғызатын, шешілмеген көптеген мәселелер бар. Қазіргі күнге дейін xaлықapaлық құқық қашан пайда болды деген қағидалы мәселе шешілмеді. И.И. Лукашук халықаралық құқық ғылымында қалыптасқан негізгі жауаптың 3 түрін белгілейді:

а) халықаралық құқық тайпааралық қатынастар тұсында пайда болды;

б) халықаралық құқық мемлекетпен бірге пайда болды;

в) халықаралық құқық Еуропада тәуелсіз мемлекеттер жүйесі қалыптасқан қезде, орта ғасырдың аяғында пайда болды.

Біз жоғарыда қөрсетілген көзқарастың негізделуіне тоқтамай, халықаралық құқықтың дамуы мен пайда болуына негіз болған тарихи оқиғаларды, ежелгі дүниеден бастап қазіргі қүнге дейінгі тарихты қарастырамыз, сонымен қатар, халықаралық құқық дамуының әр кезеңіне тән негізгі халықаралық құқықтық пікірлер мен институттарды анықтаймыз.

Халықаралық құқықтың пайда болуы әр негіз бойынша, халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының тарихи қезендері әр түрлі ұсынылды, бірақ тарих бойынша барлық қезеңдерді ежелгі ғасыр, орта ғасыр, жаңа ғасыр және қазіргі уақытқа бөліп қарастырамыз.

Тақырып. Халықаралық-құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы. Қазақстанның тарихында халықаралық-құқықтық институттардың қалыптасуы мен дамуы.

Жоспар:

1. Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихының кезеңдері.

2. Осы дәуірдің халықаралық-құқықтық көзқарастары.

3. Қазақстандағы халықаралық құқықтың дамуы.

4. Әдет-ғұрып, Құран, шарттар Қазақстан тарихында халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде.

Негізгі ұғымдар:доктрина, буржуазиялық революция.

Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістгі болып табылады. Ол мемлекетердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты.

Алғаш рет адамзат қоғамының дамуында халықаралық құқық б.з.д. IV аяғында III ғасырдың басында мың жылдықтарда алғашқы құл иеленушілік мемлекеттер пайда бола бастаған кезде Ежелгі Шығыста, Египетте, Ежелгі Қос өзен аңғарындағы мемлекеттердің қарым-қатынастарда қалыптаса бастады. Олардың арасындағы қатынастар әдет-ғұрыптар арқылы реттелді. Сонымен қатар жазбаша халықаралық шарттар пайда бола бастады. Осындай ежелгі шарттардың бірі б.з.д. ХХІІІғ. Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның арасындағы жасалған шарт болып табылады. Жазбаша шарттардың классикалық мысалы ретінде бейбіт және одақтық шарттар түріне жатқызуға болатын хеттік-египеттік шартты (б.з.д. ХІІІ ғ. ) атауға болады. Екі мемлекетте әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға, бір-біріне ішкі және сыртқы жаулармен күресте көмектесуге, екі мемлекеттің де қшқын құлдарын ұстап беруге көмектесуге міндеттенді.

Б.з.д. ІІ-І ғғ. халықаралық құқықтың элементтері Қытай мен Үндістанның, кейіннен Ежелгі Элладаның (Грецияның) және Ежелгі Римнің территорияларында пайда бола бастады.

Үндістандағы Ману заңдары елдер арасында елшілік қатынастарды орнату, елшілердің функциялары туралы, шет мемлекеттердің елшілеріне қол сұғылмаушылық туралы ережелерден тұрды. Бұл заңдар рақымшылық сұраған әскери тұтқындарға, жаралыларға адамгершілікпен қарауды талап етті. Осы заңдар жинағының негізгі ойларының бірі – бейбіт тұрғындарды қырып-жою емес, тек әскери қарсыласын жеңу болып табылады. Соғыстың ізгілік нормалары Қытайдың көне құжаты – б.з.д. ҮІІ ғ. белгіленген «Әскери өнер туралы Трактатта» белгіленген. Өз қызметтерімен мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды бекіткен, сапарға шығатын Қытай елшілері қол сұғушылықты иеленді. Осы кезеңдегі мемлекеттерге өздерінің арасындағы дау-жанжалдарды шешетін халықаралық сот институты таныс еді.

Ежелгі Грецияның полистері (қала-мемлекеттері) елшілер арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасады. Диплом деп аталатын тақтайшаларда елшілерге келіссөздер жүргізуге құқық беретін мазмұндағы мәтіндер болды. Осы тақтайшалардың атынан «дипломатия», «диплом» сөздері пайда болды. Елшілерге қол сұғылмаушылыққа кепіл берілді. Халықаралық –құқықтық элементке Ежелгі Грецияда пайда болған және шетелдіктерге қамқорлықты білдіретін проксения институтын жатқызуға болады.

Ежелгі дәуірдің халықаралық құқығы, сондай-ақ аймақтық сипаттағы кө жақты шарттарды да білді. Ежелгі Грецияда әр түрлі одақтардың (Этолиялық, Ахейлік одақтар) құрылуына әкелген көптеген көп жақты шарттар болды. Әскери одақ – симмахия Спартаның басшылығымен жасалды (б.з.д. ҮІІ – ҮІ ғғ.).

Ежелгі Римнің халықаралық-құқықтық практикасы. Шетелдік елшілер мұнда қол сұғылмаушылықты пайдаланды. Осы ережені бұзғандарды жәбірленген мемлекетке берілетін болды. Осыған қарамастан, заң бойынша шетелдіктердің ешқандай құқықтары болмағаны қызығушылық тудырады. Біртіндеп, шетелдіктерді қамқорлыққа алуды түсінді, себебі шапшаң экономикалық даму мүмкін болмады. Арнайы шенеунік «претор перегринус» шетелдіктердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.

Рим халықаралық шарттар жасасты. Олар «мәңгілік бейбітшілік» деп аталатын, сонымен қатар достасу, достық қатынастар, қамқорлық, одақ орната алды. Рим жаулап алған халықтарға міндеттейтін теңсіз шарттар басым болды. Ежелгі Рим соғыстарының әдет-ғұрыптары ерекше адамгершілікпен көзге түскен жоқ. Қарусыз әскерлерді қырып жойып құлдарға айналдырды, қалаларды қираты, мысалы, Карфаген.

Ежелгі мемлекеттерде толықтай халықаралық құқық болған жоқ. Халықаралық қатынастардың қандай болмасын аспетілері жөнінде айтқан ежелгі ойшылдардың, филосфтардың, ораторлардың жекелеген сөздері ғана болды. Платон, Аристотель, Цицерон және басқалар әділетсіз соғыстарды айыптап сөйледі. «Jus gentium» деп аталатын халықтар құқығын қалыптастырған Ежелгі Рим заңгерлерінің еңбегін атап өтуге болады. Бұл халықтардың арасындағы қарым-қатынастар туралы, Римнің шетел азаматтарымен қатынастары туралы белгілі бір нормалардан тұрды.

Ертеректе халықаралық қатынастар тек қалыптаса бастады. Бұл халықаралық құықтың аймақтық сипатын айқындады. Халықаралық құқықтың нормаларының діни сипаты басым болды. Қазіргі заманғы дипломатиялық құқықтың, халықаралық шарттардың және қарулы қақтығыстар құқығының негіздері ежелгі мемлекеттерде пайда болған.

Орта ғасырлардағы халықаралық құқық. Феодализмнің ыдырауы адамзат қоғамының сол даму кезеңіне тән болды. Феодалдық қоғамда шарттар көп болғандықтан бұқаралық-құқықтық шарттарды жеке–құқықтық шарттардан ажырату мүмкін болмады. Шарттардың субъектілері ретінде феодалдар, қалалар болды. Рим папалары конкордаттар деп аталатын шарттар жасасты. Римдік католиктік шіркеу еуропалық феодалдық халықаралық құқықтың дамуына елеулі ықпал етті. Олар жекеленген соғыстарды ашуға тыйым салу жөніндегі шектеулерден тұрды, аптаның белгілі бір күнінде әскери іс-қимылдар ашуға тыйым салу қажет деп тапты, шіркеуде баспана берілді. Бірақ соғыс заңдары мен әдет – ғұрыптары қатал болды: қалалар қиратылып тоналды, жаралылар далада қалды, тұтқындар құлға айналдырылды.

Кейіннен орта ғасырларда жаралылар мен тұтқындарды қамқорлыққа ала бастады.

Ереже бойынша, орта ғасырлардағы халықаралық шарттар екі жақты болды, сонымен қатар көп жақты халықаралық шарттардың да осы кезеңде қалыптаса бастағанын айта кету қажет, мысалы, отыз жылдың соғыстың аяқталуын заңды түрде рәсімдеген 1648 жылғы Вестфаль Трактаты болды. Швейцария мен Голландияның, Германияның көптеген княздықтарының тәуелсіздігі жарияланды. Рейн өзенінің жағалауындағы мемлекеттерге еркін жүзулері жарияланды. Осы аталған келісімшарт мемлекет аралық қатынастардың өркениетті түрде реттелуіне бастау болды.

Мемлекеттердің егемендігі мен тең құқлылығы идеялары маңызды бола бастады. Бастапқыда феодалдық-династиялық сипат ала бастаған, көптеген ғасырлар бойында эволюцияланған, олар қазіргі уақытта мемлекеттердің егеменділігі мен тең құқылылығының халықаралық-құқықтық қағидалардың міндетті түрде орындалатын негізгі қағидалар ретінде рәсімделді.

Елшілік құқық сапалы дамуын алды. Елшіліктермен алмасу жиіледі, уақытша елшіліктер тұрақты бола бастады. Ерте феодалдық кезеңдегі дәуірде елшілік артықшылықтар мен қорғаншылықтардың кеңеюі тән болды. Елшілік кварталдарда елшілердің ғана емес, сондай-ақ кез келген тұлғаға қол сұғылмаушылыққа кепіл берілді. Осыған байланысты елшіліктерде баспана берілді, ал елшілік кварталдарда қылмыстық элементтер жасырылды.

ХҮ – ХҮІІ ғғ. консулдар институты пайда бола бастады. Империя кезінде консул – тек құрметті атақ, кейіннен – өкіметі шетелге өз елінің азаматтарының құқықтық, сауда және өзге де мүдделерін қорғау үшін жіберілген лауазымды тұлға, шенеунік.

Теңізе жүзу мен халықаралық сауданың дамуымен барлық мемлекеттердің ашық теңіздер мен мұхиттарда еркін кеме жүзу қағидасы танылды. Теңіз құқығының әдет-ғұрыптары бекітіле бастады, атап айтқанда, ХІҮ ғ. шығарылған «Косолато дель маре» (Кодекс морских обычаев) сілтеме жасай бастады. Сауда келісімшарттарында шетелдіктер үшін барынша қолайлы режим туралы пункттер жиі кездесе бастады.

Феодализм кезінде халықаралық-құқықтық ойлар лдан әрі дамуын алды. Бұл кезде де тодықтай халықаралық құқық болмаса да, осы кезеңдегі ойшылдардың ой-талқылаулары қазіргі халықаралық-құқықтық ғылым үшін де құнды болып табылады. Августин Блаженный (340 – 430 жж.) адамдар әділеттілік нормасын басшылыққа алулары тиіс деп ұйғарды.

Орта ғасырларда егемендік, бейтараптық, ашық теңіз, контрабанда, қазіргі дипломатиялық және консулдық өкідіктердің прообразы ретіндегі тұрақты елшіліктер мен консулдықтар сияқты ұғымдар пайда болды. Г.Гроций мен оның ізін қуушылардың еңбектері ХҮІІ ғ. халықаралық құқықтық ғылымның туындауына әкелді.

Жаңа кезеңнің халықаралық құқығы. Еуропада капитализмнің дамуымен әлемдік рыноктың туындауы, халықаралық сауданың кеңеюі мен тереңдеуі, қатынас жасау құралдарының белгілеу қажеттілігі көп жақты келісімдердің жасалуына және мемлекет аралық ұйымдардың құрылуына әкелді. Алғашқы халықаралық ұйымдар ретінде Халықаралық телеграф одағын (1865ж.), Халықаралық теміржол одағын (1886ж.), Бүкіләлемдік почта одағын (1874ж.) атауға болады.

Еуропада ант беру, адамдарды кепілге алу, Рим Папасының кепілдігі және т.б. сияқты халықаралық шарттарды жүзеге асыру құралдарының бұрынғы тәсілі жоғала бастады.

Осы кезеңдегі барлық халықаралық құқықтың практикасы ғалым заңгерлердің еңбектерінде көрініс тапты (кодекс түріндегі Ф. Лист (Германия), И. Блюнчили (Швейцария), Д. Филд (АҚШ) халықаралық курстарында).

 



Просмотров 2829

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!