![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Адамның табиғаттағы орны 5 часть
Бас сүйектерінің өзара байланысы. Ересек адамдардың бас сүйектері жік арқылы өзара қимылсыз байланысып жатады, олар тіс тәрізді, тегіс және қабыршақты жіктер жеп аталады. Тіс тәрізді жіктерде сүйек жіктері бір-біріне кіріге жатады. Мысалы, маңдай-төбе сүйек, төбе-шүйде сүйек аралықтары. Тегіс жіктер деп сүйектердің бір-бірімен тегіс қосылуын айтады. Оған бет сүйектерінің қосылыстары жатады. Ал қабыршақты жік деп бір сүйектің жиегі екінші сүйектің жиегіне беттесіп жатуын айтады. Оған төбе сүйегі мен самай сүйегінің қосылысын айтуға болады. Ми сауытының астыңғы жақ бөлімінің сүйектері қимылсыз шеміршекті байланыстар жасайды. Адам жасының ұлғаюына қарай жікті және шеміршекті қосылыстар біртіндеп сүйектене бастайды. Мысалы жас уақытта шүйде сүйегінің негізі сына сүйектің денесімен шеміршекті байланыста болса, кейіннен сүйектеніп кетеді. Бас сүйегінің ішінде төменгі жақ қана буынды қосылыс түзеді, мұны жақ буыны деп атайды. Жақ буыны (нижнечелюстный сустав) – күрделі буын қатарына жатады. Бұл буын самай сүйегінің ойысы мен төменгі жақтың буын басының қосылысынан түзілген. Буын қуысын көлденең екіге бөліп шеміршекті диск жатады. Ол арқылы сүйектердің буындасушы беттері бір-біріне дұрыс қалыптасады. Сонымен қатар, буынды бекітіп тұратын бірнеше сіңір байламдары бар. Оның ішінде ерекше аталатын «біз» өсіндісіне тіркелген жақ сіңірі. Бұл «біз» өсіндісінен басталып төменгі жақ бұрышына дейін жетеді. Жақтың алға тайып кетуінен сақтайды. Төменгі жақ буыны арқылы жақты көтеру, түсіру, алға, артқа, оңға, солға жылжыту қимылдары өтеді. Осы қимылдар нәтижесінде сөйлеу және шайнау процестері жүргізіледі. Бас сүйектерінің топографиясы. Бас қаңқасының төменгі бөлігін негізі (табаны), ал жоғарғы жағын ми жапқышы деп атайды. Бас сүйектері бір-бірімен қосылып бірнеше сайлар, қуыстар, тесіктер түзеді. Оларға бет бөлігіндегі екі көз шаралары, мұрынның алмұрт тәрізді ойындысы, самай шұңқыры, т.б. құрылыстар жатады. Ми сауытының астыңғы бөлігінің іш жағында алдыңғы ортаңғы және артқы деп аталатын ми ойыстары бар. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысы аралық перде (кеңсірік) арқылы оң және сол бөліктерге бөлінеді. Қуыстың алдыңғы жағында алмұрт тәрізді ойынды жатса, арт жағында екі артқы хоана тесіктері жатады. Мұрын қуысының жоғарғы жағында маңдай және көз шарасының қуысы, екі бүйір қабырғасынан бет (гайморов) қуыстары ашылады. Сол себептен мұрын қуысы осы аталған қуыстың қойнауларымен тығыз байланыста келеді. Осының нәтижесінде тұмау, сүзек, қабыну аурулары бастың бір бөлігінен екінші бөліктеріне де берілуі мүмкін. Мұрын қуысы ауыз қуысынан қатты таңдай арқылы бөлініп тұрады. Ол жоғарғы жақтың таңдай өсіндісі мен таңдай сүйегінен түзілген. Екі бүйір қабырғасы жоғарғы жақ пен таңдай сүйегінің тік пластинкасы және сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен құралған. Мұрын қуысының бүйір қабырғасындағы үш кеуілжір сүйек бір-біріне параллель жатып, жоғарғы, ортаңғы, төменгі ауа жолын түзеді. Мұрын қуысы ауа жүретін тыныс жолы болумен қатар иіс қабылдайтын иіс сезу мүшесі болып та табылады. Оның кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігінде иіс нервісінің рецепторлары жатады. Көз шарасы - көз алмасын қосымша аппараттарымен сақтайтын ойыс болып саналады. Ол төрт бұрышты (төрт қабырғалы) пирамида тәрізді. Жоғарғы қабырғасы маңдай сүйегінің көз бөлімінен, ішкі қабырғасы – көз жасы сүйегі мен тор сүйегінің қағаз пластинкасынан, сырт жақ қабырғасы - шықшыт және сына сүйегінен, ал төменгі беті жоғарғы жақ сүйегінің жоғарғы бөлігінен түзілген. Көз шарасының түбінде жүйке талшықтары мен қан тамырларының өтетін тесіктері мен саңылаулары жатады. Жас сүйегінің бойымен төмен түскен түтік мұрын қуысының төменгі ауа жолының тұсынан ашылады. Сол себептен көз жасы көздің бетін ылғалдап барып мұрын қуысына өтеді. Самай ойысы бастың бүйір бөлігінде орналасқан, ол маңдай, самай, және сына сүйектерінің бөлімдерінен түзілген. Сырт жағынан шықшыт доғасымен шектеліп төменгі жақтың іш жағына қарай түсіп, самайасты ойысына жалғасады. Оның ішкі жақ қабырғасы сына сүйектің үлкен қанатынан, қанатты өсіндісінен және жоғарғы жақтың самайасты бетінен құралған. Самайасты ойыс сопақша және дөңгелек тесіктер арқылы ми сауытының орталық ойысына ашылады. Осы аталған тесіктерден ми нервтері мен қан тамырлары өтіп отырады. Қанат-таңдай ойысы самайасты ойысының астыңғы жағында жатады. Бұл ойыс бастың түрлі қойнау қуыстарымен тығыз байланыста келеді. Мысалы, дөңгелек тесік арқылы ми сауытының орта бөлігімен, таңдай-сына сүйек тесігі арқылы мұрын қуысымен, төменгі көз саңылауы арқылы көз шарасымен қатысып жатады. Бұл айтылған тесіктер арқылы нервтер мен қан тамырлары өтеді. Бұл ойыстың алдыңғы жағында - жоғарғы жақ төмпегі, арт жағында сына сүйектің қанат өсіндісі, іш жағында – таңдай сүйегінің тік пластинкасы жатады. Бас қаңқасы арт жағынан - шүйде сүйегінің көлденең бұдырмағымен, алдыңғы жағынан - көз шарасының жиегімен екі бөлікке бөлінеді. Жоғарғы бөлігін – ми сауытының қақпақ бөлігі, төменгі жағын ми сауытының негізі деп атайды. Қақпақ бөлігінің ішкі жақ ми бетінде бірнеше қан тамырлары мен ми иректерінің тобы бар. Сонымен қатар ми қабықтарының бекитін ойыстары мен өсінділері де орналасқан. Ми сауытының астыңғы ішкі жағында ми бөліктеріне сай келген алдыңғы, ортаңғы және артқы ми ойпаттары жатады. Алдыңғы ми ойпатының құрамына маңдай сүйектің көз бөлімі, тор сүйектің тесікше пластинкасы мен кіші қанаты жатады. Ми сауытының алдыңғы ойпатында үлкен мидың маңдай бөлігі орналасады. Ортаңғы ми ойпаты – оған сына сүйек пен самай сүйектің пирамида бөлімі мен аздап қабыршақ бөлімі қатысады. Сына сүйектің кіші қанаты алдыңғы және ортаңғы ми ойпаттарының шекарасы болып саналады. Ал пирамиданың жоғарғы қыры мен түрік ершігінің артқы қасы ортаңғы және артқы ми ойпатының аралығы болып табылады. Ортаңғы ми ойпатында үлкен мидың самай бөлігі орналасады. Ал түрік ершігінің үстінде гипофиз безі жатады. Түрік ершігінің екі жағында жатқан тесіктер мен сайлар арқылы ми нервтері мен қан тамырлары өтеді. Артқы ми ойпаты негізінен шүйде сүйегінен және жартылай самай сүйегінің емізікше бөлігінен түзілген. Бұл ойыста мидың артқы бөліктері мен сопақаша ми орналасқан. Оның екі бүйірінде тіласты, мойындырық т.б. нервтер мен тамырлар өтетін тесіктер жатады. Бас сүйектерінің жас шамасына қарай өзгеруі. Бас сүйектері ұрықтың даму кезеңінде хорданың алдыңғы бөлігіндегі алғашқы шеміршекті пластинкадан пайда бола бастайды. Бұл жағдай нерв түтігінің жуандауына байланысты келеді. Ұрықтың екі айлық кезеңінде ми сауытының негізін құрайтын шеміршектерде сүйектену орталықтары пайда болады да, жарғақты және шеміршекті ткандер сүйек тканіне айнала бастайды. Қорыта айтқанда, бас сүйектерінің қалыптасауы жарғақты, шеміршекті және сүйектену деп аталатын үш кезеңнен тұрады. Ал ми сауытының қақпақшасы жарғақты және сүйектену кезеңінен өтеді. Олар - самай, шүйде сүйектерінің қабыршақ бөлімдері мен төбе, маңдай сүйектері. Сүйектену процесі ұрықтық кезеңде аяқталып бітпейді. Сол себептен нәресте өмірге келгеннен кейін де оның бас сүйектерінің аралықтарында қалған дәнекер тканді бөліктерін байқауға болады. Оларды «еңбек» жарғақтары дейді. Бұлардың жалпы саны алтау. Олардың сүйектену мерзімдері, пішіндері, көлемдері әртүрлі болып келеді. Ең үлкен – алдыңғы еңбек. Ол маңдай мен төбе сүйектерінің аралығында, бастың алдыңғы орта жерінде жатады. Пішіні төрт бұрышты болып келеді. Бұл екі жастан кейін сүйектене бастайды. Алдыңғы бүйір еңбек жұп болады. Бұл төбе, маңдай,самай және сына сүйектерінің қосылар жерінде жатады. Бала дүниеге келісімен сүйектене бастайды. Артқы еңбектің пішіні үш бұрышты болып келеді. Ол шүйде мен төбе сүйектерінің қосылысында жатады. Екі-үш айдан кейін сүйектену процесі басталады. Артқы бүйір еңбек те жұп болып келеді, төбе, шүйде, самай сүйектерінің ортасында жатады. Бұл да алдыңғы бүйір еңбек тәрізді болады. Бас сүйектерінің, әсіресе ми қақпақшасының жарыққа шыққанға дейінгі сүйектеніп бітпеуінің екі түрлі маңызы бар. Біріншіден босану кезінде баланың бас сүйектері біріне айқасып, жапсарланып босану жолынан өтуін жеңілдетеді. Екіншіден бастың жалпы дұрыс қалыптасып, мидың дамуына жағдай жасайды. Бастың бет бөлімі шеміршекті кезеңнен өтпей бірден дәнекер тканнен пайда болады. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің нәзік болуына байланысты баланың бет бөлігі ми сауытына қарағанда кіші келеді. Сонымен бірге төбе, маңдай сүйектерінде кейіннен жазықталып кететін төмпешіктер де пайда болады. Жеті жасқа дейін ми сауыты жедел дамиды да, ал одан әрі бастың бет бөлімінің сүйектері жетіле бастайды. Бет бөлімінің дамуы баланың тіс жаруына байланысты келеді. Жалпы бас сүйектің дамуы 25 жасқа дейін созылады. Осы кезден бастап оның жыныстық өзгерістері де байқалады. Әйел адамда ер адамдарға қарағанда бас сүйектері (жалпы дене нәзіктігіне байланысты) кішілеу келеді. Бұлшық еттердің тіркелетін бұдырлары нашар жетіліп, қас доғасы аласалау келеді. Бас сүйектері жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, 30 жастан кейін бас сүйектерінің аралығындағы жіктер бірігіп, бітеледі. Қартайған сайын бас сүйектері жұқарып, кемікті заты азаяды. Тістердің түсуіне байланысты жақтар да аласарып, иек кішірейе бастайды. Сондықтан да беттің бас бөлімі ми сауытына қарағанда кіші көрінеді. Бақылау сұрақтары: 1. Бас сүйектерінің түрлерін атап, жас өзгерістерінің айырмашылығын атаңыз? 2. Бас сүйегінің топогрфиясы дегеніміз не?
![]() |