Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Адамның табиғаттағы орны 1 часть



Адам анатомиясы

 

«Биология» мамандық студенттері үшін тәжірибелік сабақтарға арналған оқу құралы

 

СЕМЕЙ

Сатиева К.Р.

«Адам анатомиясы» «Биология» мамандық студенттері үшін зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы, Семей. – 2015. – 76 бет.

 

 

Рецензенттер:

С.К. Кожанова – Семей мемлекеттік медициналық университеттінің «Анатомия және гистология» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

Р.А. Арынова - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор м.а.

 

Бұл оқу құралы студенттердің өздігінен оқу, іздену, ойлау қабілеттерін қалыптастыруға және алған білімдерін келесі пәндерді оқуда, тәжірибеде қолдану мақсатында қарастырылады.

«Адам анатомиясы» құралы оқу бағдарлама курстарына сай құрылған және барлық сабақтардың оқу материалдары бойынша бөлінген. Сабақ барысында студенттер құстардың дене және мүшелерінің құрылысымен танысып, құстар түрлерінің құрылыс ерекшеліктері қарастырылады.

 

Баспаға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік

университетінің оқу-әдістеме кеңесі ұсынды

№4 Хаттама 19.03.2013 ж.

 

 

Баспаға Қазақ ұлттық аграрлық

университеті жанындағы Республикалық оқу-әдістеме

кеңесі ұсынды

№2 Хаттама 11.02.2014 ж.

КІРІСПЕ

 

Органикалық дүниенің құрылысы мен түрлерін және олардың сыртқы ортамен байланыс тіршілігін биология ғылымы зерттейді. Биология ғылымы негізінде екі үлкен салаға бөлінеді. Ағзаның құрылысы мен пішінін зерттейтін саласын морфология десе, оның тіршілік әрекеті мен қызметін зерттейтін саласын физиология деп атайды.

Морфология мен физиология ғылымдары өзара тығыз байланысты, себебі ағзаның құрылысын оның қызметінсіз зерттеп білуге болмайды. Сонымен қатар бұл екі ғылым саласы ағзалардың тек онтогенездік ерекшеліктерімен ғана таныстырып қоймай, олардың филогенездік ерекшеліктерін де зерттейді.

Ал анатомия осы морфология ғылымының бір саласы болып табылады. Ол адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын зерттеумен бірге олардың өзара байланысын және сыртқы ортамен қатынасы мен біртұтастығын зерттейді. Пәннің аты гректің anatemno-кескілеу деген сөзінен шыққан. Себебі кескілеу – анатомия ғылымының ең негізгі зерттеу әдісі.

Анатомия ғылымы ағзаны жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді. Оларға сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функционалды, динамикалық, антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомиялар жатады.

Сипаттамалы анатомия тек ағзаның құрылысы мен пішінін сипаттауға бейімделсе, жүйелі анатомия оның құрылысын атқаратын қызметіне қарай (тірек-қимыл, ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, т.б.) зерттейді.

Топографиялық анатомия - адам денесіндегі мүшелердің орналасу тәртібінің өзара байланысын хирургиялық мақсатқа орай зерттеу. Мүсіндік (пластикалық) анатомия – адам денесінің сырт пішінін, оның мүшелерінің пропорциясын зерттеп, суретшілік ілімнің негізін қалайды.

Ағзадағы мүшелердің қалыптасуын, еңбекке, жұмыс әрекетіне және сыртқы ортаға бейімделуін функционалды анатомия дейді.

Динамикалық анатомия адам денесіндегі тірек-қимыл аппаратының құрылысын зерттеп, дене шынықтыру және спортқа қажетті материалдар береді.

Адамның жасына қарай пайда болатын ерекшеліктерін, өзгерістерін жас ерекшелік анатомиясы зерттейді.

Антропология – адам тегінің пайда болу (филогенездік) жолындағы өзгерістерді зерттесе, салыстырмалы анатомия қазіргі кездегі адамдар мен жануарлар арасындағы ерекшеліктері мен ұқсастығын зерттейді.

Ағзадағы мүшелердің ткандік, клеткалық құрылыстары препараттар арқылы тексеретін анатомия саласын микроскопиялық анатомия дейді.

Анатомияның өзі көптеген пәндердің негізі болып есептеледі. Себебі палеонтология, антропология, физиология, гистология, эмбриология, салыстырмалы анатомия, дарвинизм, психология, т.б. пәндерді анатомиялық білім қағидаларынсыз айқын түсініп кету қиын.

Анатомияның ғылым зерттеу әдістері. Адам анатомиясының зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Оның бөлшектеу салаларын аналитикалық, ал адам мүшелерін тұтастай тексеретін саласын эксперименталдық әдістер деп атайды. Бірінші немесе аналитикалық әдістерге өлік денесін кескілеу, иньекциялық, коррозиялық, мацерациялық, фиксациялау және микроскопиялық әдістер жатады. Ең негізгі және ежелден келе жатқан «кескілеу» әдісі қазіргі кезде де өз маңызын жойған жоқ. Ол макропрепараттар жасауға, адам денесінің барлық мүшелерімен танысуға жағдай жасайды.

Иньекциялық немесе құйып толтыру әдісі тез қатаятын бояулы заттарды пайдалану арқылы өтеді. Сол бояулы сұйықтықпен қуысты мүшелердің іші толтырылып, олардың пішіні, құрылысы тексеріледі.

Коррозиялық әдіс өте нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің (өкпе, бауыр) құрылысын зерттейді. Осы мүшелердің тамырларына тез қататын заттарды құйып, қатқан соң әр түрлі қышқыл ерітінділерімен сыртқы жұмсақ тканін ыдыратып, ішкі құрылысы мен пішіні анықталады.

Мацерациялық әдіс өлік денесін шірітіп, одан кейін қайнаған сумен шаю арқылы сүйектерден тұтас қаңқа жасауға мүмкіндік береді. Дайын сүйектер жұмсақ тканнен ажыратылып, кептіріліп, сабаққа оқу құралы ретінде беріледі.

Фиксациялау (бальзамдау) әдісі тұтас денені, жеке мүшелерді бұзбай, ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылады.

Микроскопиялық әдіс – анатомиялық зерттеу кезінде мүшелердің нәзік құрылысын байқау үшін микропрепараттар арқылы микроскоп аспабын қолданумен өтеді.

Адам анатомиясының негізгі маңызды мақсаты – тірі ағзаны тексеру. Бұл үшін рентгенологиялық әдіс кеңінен қолданылады. Мұның өзі екі жолмен жүреді. Егер рентген сәулесі арқылы мүшелердің бейнесін экранда көретін болсақ, оны рентгенологиялық әдіс дейді, ал рентген сәулесі арқылы мүшелердің бейнесін арнаулы пленкаларға түсіріп алса, оны рентгенография әдісі деп атайды. Ауторадиографиялық әдіс (радиоактивті изотоптар жәрдемімен) тіс, қаңқа сүйегінің, т.б. мүшелердің даму кезеңін тексереді. Антропометриялық әдіс - адамның сырт пішінін, салмағын өлшеу арқылы қалай дамып келе жатқанын анықтайды. Осы соңғы аталған рентгенологиялық, ауторадиографиялық, антропометриялық әдістер экспериментальдық зерттеу түріне жатады.

 

 

Адамның табиғаттағы орны

Адамның жан-жануарлар арасындағы алатын орнын түсіну үшін оның даму жолының негізіне сүйеніп, түпкі зоологиялық схемасын еске алу қажет. Зоологиялық классификация бойынша адам барлық омыртқалылармен бірге хордалылар типіне жатады, себебі эмбриональдық даму кезінде редукцияланған хорда қалыптасуына байланысты омыртқалылардың тармақтық тіректік (осьтік) қаңқасы – омыртқа жотасы болады.

Барлық омыртқалылар мен адам құрылысының көптеген белгілері ұқсас келеді. Адамның дене құрылысының негізгі принциптеріне тоқталар болсақ:

1. Полярлық дегеніміз дененің әр түрлі дифференциаланған екі жағы немесе полюсі болуы: бас (краниальды) жағында қоректік заттарды қабылдайтын қуыстық-оральдық полюс, ал оған қарама-қарсы төменгі (каудальды) жағында аборальдық полюс.

2. Екі жақты (билатеральды) симметрия дегеніміз - дененің екі жақ жартысының бір-біріне ұқсастығы, соған байланысты көптеген мүшелердің жұп болуы және олардың орталық жазықтықтың екі жағында қарама-қарсы орналасуы.

3. Дененің сегменттік немесе метамерлік бөліктерге бөлінуі және олардың бірінен соң бірінің тізбектеліп орналасуы. Осындай құрылыс омыртқалы жануарлар мен адамда эволюциялық даму кезінде де сақталады.

Адамда эволюциялық даму кезінде метамерлік құрылыс тұла бойында сақталмаған, тек филогенездік даму процесіне негіз болған тұлға бөлігінде ғана сақталған. Сол себептен жеке жатқан омыртқалар, екі-екіден келген қабырғалар, олардың аралығында жатқан еттер, тамырлар мен нервтер ғана метамерлі құрылысы мен дамуының көрсеткіші болып табылады.

4. Ағза корреляциясы – ағзаның кейбір бөліктерінің арақатынасының заңдылықтары. Дарвин оны «дамудың арақатынасының заңдылығы» деп атады. Осы заңдылық бойынша сырт көзге байқалмағанмен ағзаның кейбір бөліктерінің формасы басқа бөліктерінің формасымен әр уақытта байланысты болып келеді. Сол сияқты сүтқоректілердің айыр тұяқтары күйіс қайтару процесіне бейімделген күрделі асқазанына тікелей байланысты. Нақ осындай адамда да болады, адам қолының біртіндеп дамуы өз ықпалын ағзаның басқа мүшелеріне тигізеді.

Корреляцияларды атқаратын қызметтеріне қарай физиологиялық, көрші жатқан мүшелердің формасына, жатқан жағдайына топографиялық, хромосомалардағы гендердің орналасу ерекшеліктеріне қарай генетикалық деп айырады.

Адам - омыртқалылардың ішіндегі тірі туатын және ана сүтімен қоректенетін жоғарғы сүтқоректілер класына жатады. Тірі тууы, дағдылы дене жылуы, екпінді зат алмасуы, ең негізгі – ми қыртысының дамуы өмірдің түрлі өзгермелі жағдайына бейімделуге мүмкіндік береді. Ал адам – сол биологиялық өмір сүру жағдайында, антропогенездің соңғы сатысында, әлеуметтік факторлардың үстем болуы нәтижесінде қалыптасады.

 

Ағза (организм) тұтастығы

Ағзаның тұтастығы оның жеке бөлімдерінің құрылымдық қосындысы мен олардың байланысы арқылы жүзеге асады. Ал байланыс оның түрлі тамырларында қуыстықтары мен кеңістіктеріндегі ағып жатқан сұйықтықтар мен ағзадағы барлық процестерді реттеп тұрған жүйке жүйесіне байланысты. Организм бөліктерінің сұйықтығы арқылы байланысын – гуморальды байланыс деп атаса, жүйке жүйесі арқылы реттелуін жүйке регуляциясы деп атайды.

 

І тарау

Тірек-қимыл аппараты

(остеология және миология)

 

Жалпы түсінік. Тірек-қимыл аппараттарына сүйектер мен сүйек аралық байланыстар және бұлшық еттер жатады. Сүйектер адамда да, жануарларда да денеге белгілі пішін берумен бірге, тірек-қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады. Мысалы, қол-аяқ сүйектері, омыртқа жотасы тіректің және қимыл қызметтерін атқарса, бас сүйектері мен көкірек керегесі - өкпені, т.б. ішкі мүшелерді қоршап, қорғаныш қызметін атқарады.

Сүйектер бұлшық етсіз, буын байламдарынсыз қимыл қызметтерін атқара алмайды. Буын мен байламдар қаңқа сүйектерін бір-біріне байланыстырып отырса, бұлшық еттер өздерінің жиырылу қасиеттері арқасында денені немесе оның жеке мүшелерін қимылға келтіріп отырады. Осы процестер рефлекторлы түрде жүйке жүйесінің басқаруымен өтеді. Бұлшық еттер бір сүйектен басталып, міндетті түрде бір не бірнеше буыннан аттап барып екінші сүйекке бекінеді, сондықтан бұлшық еттер жиырылғанда сүйекті буыннан жазып, не бүгіп қимылға келтіреді. Бұлшық еттердің бұл жұмысын динамикалық қызметі дейді. Осы қызметтер арқылы дене қимылы, оның жазықтықтағы өзгеруі және тік қалыпта тұруы, сыртқы ортаға икемделуі т.б. неше түрлі еңбек әрекеттері өтіп жатады. Осыған байланысты адам денесіндегі сүйектер мен бұлшық еттерді тірек-қимыл аппараты деп атайды.

Бұлшық еттердің тыныш күйінде де, жұмыс жағдайында қатайып тұру қасиетін тонус деп атайды. Тірі адамның бұлшық еттері өлі дене еттерінен осы тонус арқылы ажыратылады.

Анатомияда тірек-қимыл аппаратын терең зерттеу үшін оларды үлкен екі салаға бөліп оқытады. Сүйек саласын «остеология», ал бұлшық еттер туралы саласын «миология» деп атайды.

Жұмыс

Тақырыбы:Сүйектер туралы ілім (остеология).

Жұмыстың міндеті: Адам қаңқасының жалпы құрылысымен танысу.

Жұмыстың мақсаты: Адам қаңқасы мен жеке сүйектермен танысып, жұмыс барысында тәжірбиеде қолдана алу.

Жұмысқа қажетті жабдықтар: «Адам қаңқасы мен жеке сүйектері», «Сүйектің (ұзына бой және көлденең) кесінділері», Атластар мен осы тақырыпқа байланысты таблицалар: «Адам қаңқасы», «Бас сүйектер», «Қол-аяқ сүйектері»

 

Қаңқа құрылысы. Қаңқа негізінде 200-ден аса сүйектерден түзілген. Көбі жұп келеді. Дененің жалпы салмағымен салыстырғанда сүйектер 10% қана болады. Бұл жағдай жалпы сүйек құрылысының жеңілдігін дәлелдейді.

Сүйек адам денесіндегі негізгі жанды мүше болып табылады. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет атқарады. Сүйекте негізгі сүйек тканінен басқа нерв және дәнекер ткандері де болады. Олар сүйек құрылысында қан, лимфа тамырларын және жүйке талшықтарын түзеді.

Сүйекті сыртынан дәнекер тканінен тұратын сүйек қабы қоршап жатады. Ол қан тамырлы болады, осы қан тамырлары арқылы сүйек қоректеніп отырады. Қан тамырлары мен жүйке талшықтары сүйек ішіне арнаулы тесіктер арқылы еніп, қоректендірумен қатар жүйкелендіреді, сонымен бірге сүйек қабы қорғаныштық қызмет атқарады. Ол екі қабаттан түзелген. Сыртқы - қалың дәнекер ткані және ішкі - остеобласт қабаты. Сыртқы қабатында бұлшық еттердің сіңір талшықтары мен буын сіңірлері жалғаса жатады. Сүйек қабының ішкі қабаты сүйек жасайтын клеткалардан – остеобластардан түзілген. Осы сүйек торшаларының көбеюі нәтижесінде сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, сүйекті көлденең өсіреді. Сүйек сынған жағдайда екі сынық аралығында остеобласт торшалары шоғырланып, сынықтың бітуіне себеп болады.

Сүйектің құрылысы. Сүйекті ұзына бойына жарып көрсек, оның құрылысының бірыңғай емес екендігін көруге болады. Оның сырт жағы қатты заттан түзілсе, ішкі жағында кемік зат жатады. Сүйектің тығыз жағының қалыңдығы мен кемікті затының бағыты сүйекке түсетін салмаққа байланысты келеді. Мысалы, аяқ жіліктерінің сыртқы тығыз заты қол жіліктерінің тығыз затына қарағанда қалыңдау келеді. Сүйектің кемікті заты сүйек қабыршақтарының (пластинкалары) жату жағдайына байланысты. Олар бір-біріне әртүрлі бағытта жатып, өз аралықтарында саңылау қалдырады. Ол саңылауларда сүйек майы орналасады. Кемік затының сүйек қабыршақтары әр түрлі бағытта жатқанымен, орналасу тәртібі сүйекке түсетін салмаққа байланысты келеді. Мұндай құрылыс сүйекке беріктік қасиет береді. Кемікті заттар жалпақ, қысқа (қабырға, омыртқа) сүйектерде тұтасынан толтыра жатса, сүйек жіліктерінің бас жағында ғана кездеседі. Сүйектің тығыз заты сыртқы, ортаңғы, ішкі деп аталатын үш қабаттан түзілген.

Сыртқы қабаты бір-біріне қабаттала жатқан цилиндрге ұқсайды. Бұлар сүйекті қоршап жатқан сыртқы жалпы қабатын түзеді.

Ішкі қабаты жіліктің май түтігіне жақын жатып, ішкі жалпы қабатын жасайды. Сыртқы және ішкі жалпы қабаттарының арасында ортаңғы қабаты жатады. Осы айтылып кеткен тығыз зат құрылысы негізінен остеондардан түзілген. Ол сүйекке мықтылық, беріктік қасиеттерін береді. Көп салмақ түсетін сүйектерде остеондар жиі орналасады да, аралық пластинкалар сирек келеді, ал аз күш түсетін сүйектерде керісінше. Жалпы сүйектің ішкі құрылысы адамның жасына, атқаратын қызметіне қарай өзгеріп отырады. Бұл жағдай ескі осетондардың жойылып, жаңа остеондардың пайда болуына байланысты келеді.

Сүйек ішінде жілік майы жатады, оның өзі түсіне, атқаратын жұмысына қарай сары және қызыл май деп бөлінеді. Сары май жілік қуысын (диафиз бөлігін) толтыра жатса, қызыл май жілік басында, кемікті зат аралығында кездеседі. Бұл қан түйіршіктерін шығаратын мезодермалық тканнен түзілген. Әсіресе, жасөспірім балада қызыл май көбірек болады.

Сүйектің химиялық құрамы. Сүйек құрамына органикалық және минералды заттар кіреді. Минералды заттарға негізінен кальций, фосфор тұздары мен магнезия, көмір қышқылды натрий жатады. Олар сүйектің 2/3 бөлігін, органикалық (оссейн) заттар 1/3 бөлігін алады. Сүйектің осындай химиялық құрамы оған қаттылық қасиеттерімен бірге серпімділік қасиетін де береді. Мысалы, екі метр биіктіктен тасталған бас сүйегі серпімділігінің нәтижесінде сынбай, майысып барып қайта қалпына келуі мүмкін. Жалпы сүйек беріктігі жағынан темірбетонға ғана тең келеді.

Сүйек құрамындағы органикалық және минералды заттардың болуын мына тәжірибемен анықтауға болады. Егер сүйекті отқа салып жақсақ, органикалық заттары жанып кетіп, минералды заттары қалады. Ондай сүйек пішінін қалпында сақтағанмен, серпімділік қасиеті жойылып, уатылғыш, сынғыш келеді. Ал егер сүйекті тұз қышқылының ерітіндісіне біраз уақыт салып қойсақ, минералды заттары еріп, органикалық заттары ғана қалады. Мұндай сүйек қаттылық қасиеттерінен айырылып, өте жұмсақ, майысқыш келеді.

Сүйектегі органикалық заттар мен минералды заттардың мөлшері әрдайым бірдей бола бермейді.

Сүйектің химиялық құрамы атқаратын жұмысына қарай да өзгереді. Дене салмағы көп түсетін сүйектерде, мысалы бел омыртқаларында, аяқ, сан, сирақ сүйектерінде минералды заттар көп болады. Салмақ аздау түсетін мойын омыртқаларында, қол сүйектерінде минералды заттар керісінше аз болады. Сүйек пішіні әр түрлі органдардың атқаратын қызметтеріне байланысты түрліше болып келеді. Негізінен сүйектер пішініне қарай ұзын, қысқа, жалпақ және күрделі құрылысты деп бөлеміз.

1. Ұзын сүйектер көбіне еркін қозғалып тұратын қол-аяқта орналасқан. Оған тоқпан жілік, ортан жілік, білек және сирақ жіліктері жатады. Жілік сүйектерінің орта бөлігін денесі немесе «диафиз» десе, екі шетін «эпифиз» дейді. Диафиз бөлігі қуысты келсе, эпифиздерімен көрші сүйектерге жалғасып, буын жасап жатады. Жас адамдардың жілік сүйектерінің эпифиздері мен диафизінің аралығында шеміршек ткані жатады. Оны метофизарлық шеміршек дейді. Осы шеміршек торшаларының көбеюі нәтижесінде сүйек ұзынынан өседі.

2. Қысқа сүйектерге білезік, толарсақ және омыртқа сүйектері жатады. Олар негізінен кемік заттардан түзілген. Бұл сүйектердің пішіні алуан түрлі болып келеді.

3. Жалпақ немесе жұқа сүйектердің бір жағы дөңес, екінші жағы ойыс болып келеді. Олар бір-бірімен байланысып, бірігіп келіп, ішкі сарайлы мүшелер жататын қуыстықтар жасайды. Мысалы, жамбас, көкірек клеткаларының, ми сауытының қуысын түзеді.

4. Күрделі сүйектер пішіні жағынан әр түрлі болып келеді. Жалпақ және күрделі сүйектердің ішінде қуысты сүйектер де кездеседі. Олар ми сауытының сүйегі, самай сүйегі, жоғарғы жақ сүйектері. Бұл жағдай сүйекке жеңілдік қасиетін береді. Сүйек бетінде қан тамырлары мен жүйке талшықтарының іздері, сайлары, тесіктері кездеседі. Сонымен қатар ет сіңірлері мен буын байламдарының тіркелетін өсінділері мен буындары да болады. Ер адамдардың сүйегі әйел сүйегіне қарағанда ірілеу, күштірек, бұдырлары да жақсы жетілген.

Сүйектердің байланысу түрлері (синдесмология)

Адам денесіндегі сүйектер байланысын негізінде екі түрге бөлеміз. Егер сүйектер бір-бірімен тікелей саңылаусыз, қимылсыз қосылса, оларды қимылсыз (синартрозды) байланыстар дейді. Егер сүйектер бір-бірімен аралық саңылау қалдырып қимылды қосылса, оларды қимылды (диартрозды) байланыстар деп атайды.

Бұл екі түрлі байланыстың шығу шегін зерттесек, қимылсыз байланыс ерте пайда болған, сол себептен олар төменгі сатыдағы омыртқалыларда көбірек кездеседі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Адам қаңқасының жалпы құрлысын айтыңыз?

2. Сүйектің химиялық құрамы қандай?

 

Жұмыс

Тақырыбы:Сүйектің байланысу түрлері

Жұмыстың міндеті: Адам денесіндегі сүйекаралық байланыс түрлерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Сүйектердің байланысу түрлері мен буын құрылыстарын оқып танысу.

Жұмысқа қажетті жабдықтар:

«Адам қаңқасы мен жеке сүйектер», «буын түрлерінің препараттары мен муляждері», атластар мен таблицалар «Буындар құрылысы», «Айналмалы біліктер».

Қимылсыз байланыстар. Қимылсыз байланыстарды сүйекаралық ткань қасиетіне қарай үш түрге бөлеміз. Екі сүйек аралығын шеміршек ткані байланыстырып жатса, синхондрозды байланыс деп атайды. Сүйекаралық шеміршектер гиалин және талшықты деп бөлінеді. Гиалин шеміршегі арқылы байланыс өте серпімді, иілмелі қимылды келеді, ал талшықты шеміршек арқылы сүйектер неғұрлым берік қосылады. Сол себептен сүйек аралығында қимыл мүлде болмайды. Бұл байланыстарды омыртқа аралықтарында, ми сауытының сүйек аралықтарында, І қабырға мен төс аралығында кездестіреміз.

Екі сүйек аралығын дәнекер ткані байланыстырып жатса, оны синдесмозды байланыс деп атайды. Бұларға білек және сирақ сүйектерінің аралығында сүйекаралық жарғақтар, жамбастың қолсұғар тесігін жауып тұрған жарғақ, денедегі сіңір байламдары, бас сүйектерінің жік аралық дәнекер талшықтары жатады. Осы айтылған байланыстар арасында қимыл өте аз, тіпті жоқ деуге де болады.



Просмотров 7371

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!