Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырыбы: Буын және тасымал. 14-18 жаттығулар



Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты

Сыныпқа арналған

Сабақ жоспары

(Өңделген оқулық бойынша жасалған)

Алматы – 2010

Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты

Сыныпқа арналған

Сабақ жоспары

(Өңделген оқулық бойынша жасалған)

Алматы - 2010

АОМКДИ –нің ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды

(Хаттама №, 26.06.2010жыл)

Жалпы редакциясын басқарған: Күлімхан Жәйшібекова.,

АОМКДИ-нің директоры,

әлеуметтану ғылымдарының

Кандидаты, доцент

Рсалдиева Анар Базарбайқызы -Талғар ауданы №2 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары

Булекова Тұрымжан Бөкенқызы – Талғар ауданы №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Чамбатаева Айжан Даулетқызы -Талғар ауданы №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Пікір жазған: Жұмабаева Әзия Елеупанқызы– педагогика

ғылымдарының докторы,

қазақ тілі оқулығының авторы

Редакторы:Чокушева Алия Иағалиқызы– АОМКДИ директорының

орынбасары

Шығаруға жауапты: Асемжанова Зейнеп Зикрияқызы – мектеп

дейінгі тәрбие және бастауыш

білім беру кабинетінің меңгерушісі

Бұл әдістемелік құралда бастауыш сыныптарда 2-сынып пәндерін оқыту барысында бағдарламалық талаптарға сай өңделген оқулықтарға негізделген сабақ жоспары ұсынылып отыр. Сабақ жоспары қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, салауаттану, дене шынықтыру пәндері бойынша жасалған.

Жасалған сабақ жоспарында қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім беру қызметіне жаңаша қарау, әлемдік тәжірибелерге және қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, оқыту мен тәрбиелеу мәселесінде тиімді жолдарды таңдап, дұрыс жоспарлауға бағыттайды.

Сол себепті, бұл әдістемелік құрал бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысын жоспарлау үшін мұғалімдерге, студенттерге олардың кәсіби шеберлігін шыңдауына көмек көрсету үшін ұсынылады.

 


Күні: 02.09.2013

Тақырыбы: Сөйлем және сөз

Мақсаты:

1.Сөйлем және сөз туралы 1-сыныптағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау.

2.Сөздік қорларын, жазу қабілеттерін дамыту.

3.Еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:өткенді еске түсіру,дыбыс және әріп,сөз және сөйлем

ІІІ. Оқулықпен жұмыс:Жаттығу,суреттермен жұмыс,оқу талдау. Сөздік жұмыс жүргізу.

1-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу.Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ата заңы қашан қабылданды?

2-жаттығу.Қазақстан Республикасының Конституциясы- Ата Заңы қашан қабылданды? ( жатқа жаттап айту).

Жазбаша жұмыс: 3-жаттығу. Өздігінен көшіріп, әр сөйлем неше сөзден тұратынын анықтап, қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.

ІҮ. Бекіту.

а)4-жаттығу (ауызша) сөйлемді оқып, салыстыру.

ә)Сөз туралы не білеміз?

Суретке қарап сөйлем құрау.Сөз бен сөйлемнің айырмашылығы.

б)Ойын «Кім тапқыр»

Ү. Үйге тапсырма:6- жаттығу


Күні: 03.09.2013

Тақырыбы : Дыбыс және әріп (5-9 жаттығулар)

Мақсаты:

1. Өткенді қайталай отырып, алған білімдерін еске түсіру,жаттығулар орындау.

2. Танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6- жаттығу (суретке қарап әңгіме құру) неше сөйлем,қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

- Дыбыс, әріп дегеніміз не?

- Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?( анықтап, дәлелдеу)

ІҮ.Оқулықпен жұмыс:

7- жаттығу.Өлеңді жатқа көшіріп жазу./күз, түз / сөздерінің мағынасын түсіндіру.

8- жаттығу .(әріптерді қою, сөйлем құру). «Қарындаш, таяқша, өзекше» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Орыту.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстарды ата?

- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

ҮІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу. Бағалау


 

Күні: 04.09.2013

Тақырыбы : Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар .10-14 жаттығу.

Мақсаты:

1. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды еске түсіру, алфавит туралы қайталау.

2. Ой-өрісін, тіл байлықтарын дамыту.

3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру,өздік жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, алфавит

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру.9 – жаттығу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Көркем жазу. Әә Әә Әә Әтеш.

Оқулықпен жұмыс:

1) (ауызша)10-жаттығу.Оқып, дауысты дыбыстарды табу,жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырату.

Жазбаша жұмыс: 11 – жаттығу, мақалды жатқа жазу, Жуан дауыстылардың астын-бір, жіңішке дауыстылардың астын –екі рет сыз. 12-жаттығу, суретке қарап сөйлем құрау.

( тиісті әріптерді қою,дыбыстық талдау жасау)

13- жаттығуды сурет бойынша әңгіме құру, талдау, үйде өздігінен жазуға даярлау

ҮІІІ Үйге тапсырма: 13 жаттығу.Бағалау

 


Тақырыбы: Буын және тасымал. 14-18 жаттығулар

Мақсаты: 1-сыныпта өткен буын және тасымал туралы алған білімдерін қайталау, пысықтау Сауатты көркем жазуға баулу. Білімділікке тәрбиелеу.

Типі: қайталау.

Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Буын және тасымал

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:13- жаттығу

ІІІ. Білімді тексеру:1. Көркем жазу . Бб Бб БбБалық, балық.2. Балапан, от, жұмыс, доп сөздерін буынға бөлу.

2). 14-жаттығу.Алфавит ретімен буынға бөліп жазу. Дауысты дыбысқа аяқталған буындардың астын сызу.

.Ши-е, бүл-дір-ген, өр-мек-ші, бүр-кіт, е-мен, ға-рыш, доп, хат, шар, ит, ән-ші,ки-ік , тас, үй,ұя. (Буынға бөлінбейтін сөздерді анықау, неліктен бөлінбейтінін дәлелдеу)

15- жаттығу (өздік жұмыс. Жатқа жазу, бір буынды сөздерді табу. Көп буынды сөздерді буынға бөлу.)

ІҮ. Бекіту:Жаттығулар орындау. 1) ойын «кім жылдам?» (көп сөздер ойлап,оны тасымалдап жарысу).

2).16- жаттығу. Ауызша ребусты шешу, тасымалдау.

Ү. Үйге тапсырма:16-жаттығу «Тауық» туралы білетініңді жаз.

Бағалау

 



Просмотров 1636

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!