Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырыбы: Диктант Кекілік



Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру.Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Диктанттар жинағы

Әдісі:сұрақ-жауап, өзіндік

Түрі: бағалау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант. Кекілік

ІІІ. Білімдерін тексеру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? 2) Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

3)Ерекше сөздерді 3 рет қайталап оқиды.

Кекілік – тауық тұқымдасына жататын құс. Оның түсі көкшіл сұр болып келеді. Екі бүйірінде көлденеңінен тартылған қатар-қатар қара қоңыр жолақтары болады. Аяғы мен тұмсығы қызғылтым. Осы реңі оны тас арасынан жөнді байқатпайды. Олар барлық уақытта үйір-үйір болып жүреді. (37 сөз.)

1. Қандай мәтін түріне жатады.

2. «к,г» әріптерінің астын сыз.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.

 

Тақырыбы: Қатемен жұмыс

Мақсаты:Диктантты талдау. Оқушылардың жазған бақылау диктанттарын талдау. Қатемен жұмыс жүргізу.Сауатын білімін дамыту.Ұқыпты , таза жазуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Қатемен жұмыс.

ІІІ. Білімдерін тексеру:өткенді еске түсіру,ережелерді еске түсіру,дәптерлерін тарату.

Тақтамен жұмыс.Оқушыларға жіберген қателерін талдату., тақтаға жазу.

Тақтаға қиын сөздерді жазғызу. ( Диктанттар жинағынан жаттығулар орындау)

ІҮ. Қорыту.Бағалау.

Ү. Үйге тапсырма:қайталау.

№ 53. Тақырыбы: Сөйлем(219-223 жаттығу.)

Мақсаты: Сөйлем туралы түсінік қалыптастыру. Сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен айтып,жазуда соңына тыныс белгісін қоя білу дағдысын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе қағаздар

Түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Мәтін дегеніміз не?Мәтіннің түрлері?Әңгіменің несі болады?Қорытындылау.Сергіту сәті.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сөйлем

Ү. Жаңа сабақ.219-жаттығу Екі бағанды салыстыру.Қай бағандағы сөздер сөйлем емес. Неліктен? 220-жаттығу. Әр сөйлем не туралы айтылғанын табу, неліктен бас әріппен жазылған.Оқулықтағы ережені хормен оқу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.221-жаттығу. Адасқан сөздер ойынын ойнату.

ҮІІ. Қорыту.222-жаттығу Сөйлемдердің айтылу мақсатының әр түрлі екенін дәлелде. Бүгін біз не білдік?Сөйлем неден құралады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

ҮІІІ Үйге тапсырма:223-жаттығу «Суретшілер»,бағалау.

 

№ 54. Тақырыбы: Хабарлы сөйлем(224-229 жаттығулар)

Мақсаты :Хабарлы сөйлем туралы түсінік бере отырып жаттығулар орындау. Есте сақтауын, білімін дамыту.Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: арнайы кестелер, суреттер

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.223 жаттығу

ІІІ. Өткенді қорыту.Сөйлем деген не?Сөйлемнен соң не қойылады?Масылдар келтіру.

ІҮ Мақсат қою кезеңі.Хабарлы сөйлем

Ү. Жаңа сабақ.Күн ретін жазуКөркем жазу.Мм Марқакөл.224-жаттығу.Мәтінді оқу. Әр сөйлемде не туралы айтылғанын талдау.225-жаттығу.Мәтінге ат қойып сөйлемді көшіріп жазу.Ережені меңгерту.Сергіту сәті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.227-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлемдер құра.

ҮІІ. Қорыту.Бүгін не өттік?Хабарлы сөйлем деген не? 228-жаттығу, дәлелдеу.

ҮІІІ. Үйден ережені оқу.1). 229 жаттығу 2). Бағалау

 

№55. Тақырыбы: Сұраулы сөйлем(230- 234 жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, сұраулы сөйлем жайлы түсінік беру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:229 -жаттығу.ереже сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау.Сөйлем деген не?Сөйлем соңына не қойылады?Хабарлы сөйлем қандай ойды білдіреді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Сұраулы сөйлем

Ү. Жаңа сабақ:Көркем жазу.Лл Лл Лл лебіз. Жаттығулар орындай отырып сұраулы сөйлем жайлы түсінік беру.а/ 230- жаттығу. Сұрақтарға жауап беру. Нешінші сыныпта оқисың?Сабақтарың нешеде басталады?Сабақтан кейін сен не істейсің?Анаңа көмектесесің бе?Бұлар қандай сөйлемдер?ә/ 231-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Табиғат тәрбиесі. Сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазу.Көке, мынау не төбешік? Илеу деген не?Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?Олар тату тұра ма?Осы жаттығу барысынджа оқушыларға ережені шығарту.б/ Сергіту сәті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.232-жаттығу.Жағдайаттарды білу үшін сөйлем құр.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік?Сұраулы сөйлем деген не? 233-жаттығу салыстыр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:234-жаттығу,бағалау.

 

№ 56. Тақырыбы: Сұраулы сөйлем (235 – 239 жаттығу)

Мақсаты: Сұраулы сөйлемге жаттығулар орындай отырып, ма,ме,па,пе,ба,бе бөлек жызылатыны жайлы түсінік беру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы кестелер, суреттер бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 234жаттығу. Өлеңді дайыс ырғағымен оқу.

ІІІ. Өткенді қорыту.Сұраулы сөйлемнің ережесін сұрау.Мысалдар келтіру.Сөйлем деген не?Хабарлы сөйлем деген не?

ІҮ. Мақсат қою кезең.Сұраулы сөйлемге жаттығулар орындау. (235 -жаттығу)

Ү. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.а/ 236 –жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы етіп жазу. Ережені шығару.

ә/ережені оқу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру.237-жаттығу. Ребустышеш, әңгіме құр. Бұл сөйлемдерде сұраулы мағына білдіріп тұрған сөз қайсы?

Сергіту сәті. Ойын « Қамқорлық» 239-жаттығу.

ҮІІ. Қорыту.Бүгін не білдік?Сұраулы сөйлем деген не?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:238-жаттығу,бағалау.

 

№ 57. Тақырыбы: Лепті сөйлем(240-244 жаттығулар.)

Мақсаты: Лепті сөйлемдерді хабарлы,сұраулы сөйлемдермен салыстыру арқылы ұғындыру. Лепті сөйлем адамның көңіл-күйін,сезімін білдіретінін ,өзіне лайық айту мәнері бар екенін түсіндіру.Өлеңдер арқылы тілдерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үлестірме қағаздар

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру238- жаттығу. Оқыту, талдау.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Сөйлем дегеніміз не?Хабарлы,сұраулы деп қандай сөйлемді айтамыз?Қорытындылау.Сергіту сәті

ІҮ .Мақсат қою кезеңі.Лепті сөйлем

Ү. Жаңа сабақ:Көркем жазу.Рр Рр РрРадио. Көру диктанты. Оқулықпен жұмыс.240-жаттығу.Өлеңді рөлмен оқу. Көтеріңкі көңіл күймен айтылған сөйлемдерді табу. Одан соң қандай тыныс белгі қойылған? Өлеңдегі балақай қандай бала деп ойлайсыңдар? Оқулықтағы ережені хормен оқу

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:241-жаттығу.Хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдыр. (Сыныпта өнерлі оқушылар көп.- Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?)

242-жаттығу. Алақай, ура, жасасынсөздерін қатыстырып лепті сөйлемдерқұр, тыныс белгі қой. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

ҮІІ. Қорыту. Сөйлемдерді салыстыр айырмашылығын дәлелде. Лепті сөйлем деп қандай сөйлемдерді айтамыз?

ҮІІІ. Үйден:244-жаттығу,бағалау.

 

№ 58. Тақырыбы: Лепті сөйлем. (245-249 жаттығулар.)

Мақсаты:Жаттығулар орындай отырып, лепті сөйлемдерді таба білуге, хабарлы, сұраулы сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту; ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:түрлі-түсті суреттер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Лепті сөйлем

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.244-жаттығу

ҮІ. Білімді тексеру.Сөйлем деген не?Хабарлы сөйлем деген не?Сұраулы сөйлем ше?Лепті сөйлем дегеніміз не?

ҮІІ. Бекіту.Оқулықпен жұмыс.1. Көркем жазу Сс Сс Сс сыйлық Терме диктант. 245 –жаттығу. Лепті сөйлемдерді көшіріп жазу. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндіру.

Сергіту сәті. 246-жаттығу. Мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтау. Әрбір сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қою. Сөйлемдерді тиісті дауыс кідірісін жасап оқу. Өздік жұмыс: 1) 247-жаттығу берілген сызба бойынша сөйлем құр. 2) 248-жаттығу талдау жаса.

ҮІІІ Үйге тапсырма: 249жаттығу,бағалау.

 



Просмотров 2670

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!