Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Йге тапсырма:1. ережелерді жаттау.бағалау



 

№ 93. Тақырыбы: Етістік(412-417 жаттығулар)

Мақсаты:Жаттығулар орындай отырып, етістік жайлы түсінік беружәне оны таба білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, арнайы суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Етістік

ІІІ. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.а/ 412- жаттығу. Сурет бойынша балалардың, әженің не істеп жатқанын білдірентін қимыл атауын айту. Олар қандай сұраққа жауап беретінін айту. ә/ 413- жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін айту. Өз бетінше 414-жаттығу. Күледі – қайтеді? 415-жаттығу сөйлем құру.Сергіту сәті.

ІҮ. Қорыту.Бүгін не өттік?Етістік деген не?Сұрақтары? 416-жаттығу дәлелдеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 417-жаттығу,бағалау.

 

№ 94. Тақырыбы: Етістік .(418-422 жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, етістіктерді тауып, оларға сұрақ қоя білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, арнайы суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 417-жаттығу

ІҮ. Білімдерін тексеру:Етістік дегеніміз не? Мысалдар келтіру. Көркем жазу.а/ 418-жаттығу. Көшіріп жазу. Етістікті табу. Байланысын табу. ә/ 420-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Зат есімнің, етістіктің астын сызу.

б/ Сергіту сәті.в/ 421-жаттығу. Ұйқасын тап.

Ү.Қорыту.Бүгін не білдік?Етістік деген не?Етістікке қандай сұрақтар қойылады?

ҮІ. Үйге тапсырма:422-жаттығу.Бағалау.

№ 95. Тақырыбы: Етістіктің зат есіммен байлынысы.(423-425 жаттығу)

Мақсаты:Жаттығулар орындай отырып, етістіктерді тауып, оларға дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:422-жаттығу

ІҮ. Білімдерін тексеру.Оқулықпен жұмыс. а/ 423-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқы, етістіктерді тап, етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. 424- жаттығу өзгертіп жаз .(көрді- көреді, ...) Сергіту сәті. Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.Үйдің төбесінде бір мая шөп тұр.Тауық маядан шықты

Ол маяға ұя салыпты.Жүсіп үйдің төбесіне шықты.Ол ұядан жұмыртқа алды.

Ү.Бекіту.Етістік дегеніміз не?Етістіктің сұрақтары?Мысалдар келтіру.

ҮІ. Үйге тапсырма:425-жаттығу,бағалау.

 

№ 96. Тақырыбы: Етістіктің зат есіммен байланысы.(426-432-жаттығу)

Мақсаты:Жаттығулар орындай отырып, етістіктерді тауып, оларға дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:425-жаттығу

ІҮ. Өткенді пысықтау:Оқулықпен жұмыс.а/ 426-жаттығу. Жұмбақты оқып, етістіктің не үшін керек екенін салыстыру арқылы түсіндір. ә/ топқа бөлініп: 1) 427-жаттығу мәтін құр. 2) 428-жаттығу етістікті тап, 3) 429-жаттығу көшіріп жаз.

б/Сергіту сәті. 430-жаттығу ребус шеш, сөйлем құр.

Ү. Қорыту. Бүгін не білдік? 431-жаттығу артық сөзді тап.

ҮІ. Үйге тапсырма: 432-жаттығу,бағалау

 

№ 97. Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер.(433-437 жаттығулар)

Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, түрлі- түсті суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:432-жаттығу

ІІІ. Өткенді пысықтау:Етістік деген не? Сұрақтары? Мысалдар келтіру.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Дара және күрделі етістік

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс. 433-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістердің астын сыз. Оларды өзара салыстыру. Не байқадың? 434-жаттығу күрделі етістікке айналдырып жаз.

Үлгі: Дара етістік Күрделі етістік

ұшты ұшып барады

... ...

Ережені оқу.Хормен оқу, талдау.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:435- жаттығу. Сөйлем құр,олардың қайсысы дара және күрделі етістік екенін айт. 436-жаттығу. Дара мен күрделі етістіктерді салыстырып, дәлелде, мағына ерекшеліктерін байқа.

ҮІІ. Бекіту.Дара етістік деген не?Күрделі етістік дегеніміз не?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:437-жаттығу,бағалау.

№ 98. Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер(438-442-жаттығулар)

Мақсаты: Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 437-жаттығу. Оқу, талдау.

ІҮ. Білімдерін тексеру:Көркем жазу.а/ 439-жаттығу.Әңгімені оқу, етістіктерді қандай етістік екенін айту, әңгіменің мазмұнын айту. ә/ 438-жаттығу жұмбақты көшіріп жазу. Етістіктерді табу. б/ 440-жаттығу суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құр, сөйлем құра.(құйып жүр)

Ү. Бекіту:етістіктерді табу. 441-жаттығу салыстыр, түсіндір.

Оқыды –оқи бастады, оқып отыр, оқып болды.

ҮІ. Үйге тапсырма: 442-жаттығу « Сенбілік»,бағалау.

 

№ 99 (1). Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер.(443-452 жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, зат есім мен етістіктерді ажырата білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Дара және күрделі етістіктер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:442-жаттығу.

ІҮ. Білімдерін тексеру: 443-жаттығу мәтінді оқу, етістіктерді табу, салыстыру. 444-жаттығу жатқа жаз. 445-жаттығу сөйлем құру. Күн күркіреді. Жаңбыр сіркіреді. Найзағай жарқылдады. Топқа бөлініп: 1)446,449-жаттығу 2) 447,450-жаттығу 3) 448,451-жаттығу. Ү. Бекіту:Етістік дегеніміз не? Дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістікке сөйлем құрау.

ҮІ. Үйге тапсырма:1. 452-жаттығу2. бағалау.

 

№ 100(2) Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер.(453-457 жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, зат есім мен етістіктерді ажырата білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.

Түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Дара және күрделі етістіктер

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:452-жаттығу.

ІҮ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу. 453-жаттығу мәтінді оқу, етістіктерді табу, 454-жаттығу сөзді тап. (демалады, жүреді, ұйықтайды...)

Ү. Бекіту:Етістік дегеніміз не? Дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістікке сөйлем құрау. Өздік жұмыс:

1.Көктем ... . 2.Қар ... . 3. Жер .. . 4.Жаңбыр ... .5.Найзағай ... . 6.Құстар туған жерге ... . 7.Арықтарда су ... . 8.Ағаштар ... .

Көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жазу.

ҮІ. Үйге тапсырма:1). 455-жаттығу2). бағалау.

 

№ 101 (1). Тақырыбы: Бақылау диктанты. «Сағыныш»

Мақсаты: Бақылау диктантын жаздыра отырып, оқушы білімін тексеруЕсте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы

Әдісі: түсындыру, өзіндік

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Диктант Сағыныш

ІІІ.Білімдерін тексеру:Диктант тақырыбын тақтаға жазу.Ережелерді еске түсіру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Сағыныш

Бірже апама еріп қалаға бардым. Қала маған қатты ұнады. Театрға, саябаққа бардық. Бір апта солай өтті. Мен енді ауылды сағына бастадым. Ауылғы келдім. Мұнда маған бәрі ыстық боп көрінді. Достарыммен құшақтасып көрістім. Мен үшін туған ауылым – ең ыстық мекенім. ( 39сөз)

Тапсырма:

1. 1-2 сөйлемінде етістіктің астын сыз.

2. «Туған ауылым» дауыссыз дыбыстарды тап.

ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.

 

Тақырыбы: Қатемен жұмыс

Мақсаты:Диктантты талдау. Оқушылардың жазған бақылау диктанттарын талдау. Қатемен жұмыс жүргізу.Сауатын білімін дамыту. Ұқыпты , таза жазуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Қатемен жұмыс.

ІІІ. Білімдерін тексеру1.өткенді еске түсіру.2.ережелерді еске түсіру.3.дәптерлерін тарату.Тақтамен жұмыс.Оқушыларға жіберген қателерін талдату., тақтаға жазу.Тақтаға қиын сөздерді жазғызу. Диктанттар жинағымен жұмыс.

ІҮ.Қорыту.Бағалау.

Ү.Үйге тапсырма:қайталау.

 

№ 103 Тақырыбы:Етістіктерді қайталау.

Мақсаты: Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін, сөздік қорын дамыту.Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 455-жаттығу. Оқу, талдау.

ІҮ. Білімдерін тексеру:Көркем жазу.а/456-жаттығу талда, Төле би туралы айт..

Ү. Бекіту:етістіктерді табу. 457-жаттығу ребусты шеш, « Бірлік түбі - тірлік» әңгіме құру.

Қорыту: Етістік дегеніміз не? Дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістікке сөйлем құру.

ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

 

№ 104.Тақырыбы:Етістіктерді қайталау сөйлеу мәдениеті.(Терме диктант)

Мақсаты: Етістіктерді тауып. ажырата білуге үйрету. Тілін, сөздік қорын дамыту. Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Етістік деген не? Сұрақтары? Мысалдар келтіру.

ІҮ. Білімдерін тексеру:Көркем жазу.Терме диктант:

Қараторғай мен бұлбұл.

(Мысал)

Қараторғай оқитын сыныпқа бір күні Бұлбұл келіп қосылды. Бұлбұлды енді бүкіл сынып мақтады. Концерт қойса, Бұлбұл ән салады. Жиында Бұлбұл сөйлейді. Басқа мектептен біреулер келсе, Бұлбұлды құттықтайды. Жарыстарға Бұлбұл барады. Газет бетінен Бұлбұл түспейді. Қараторғай сабағын ғана білді. Тоқсан аяқталды. Оқу қорытындысы шықты. Жұрт Бұлбұлдың сырын сонда ұқты. Ол сабағын мүлде қойған еді. Көпшілік назары Қараторғайға ауды.

(С.Сарғасқаев)

Етістіктерді теріп жаздыру. Қорыту: Етістік дегеніміз не? Дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістікке сөйлем құру.

ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

 

№ 105. Тақырыбы: Сын есім(369-373-жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып сын есім туралы түсінік беру, сын есімді таба білуге үйрету. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Сын есім

ІІІ. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.а/ 458-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беретінін, нені білдіретінін түсіндіру.ә/ 459-жаттығу мақалды жатқа жаз. Сын есімдерді тап, қай сөзбен байланысқанын сызбамен көрсет. б/ Ережені шығару, талдау. Сергіту сәті

ҮІ.Түсінгендерін тексеру.460-жаттығу. Жуас, қалың, тегіссөйлем құр.

ҮІІ. Бекіту:Сын есім дегеніміз не? Ойын «Кім жылдам» 461-жаттығу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:462-жаттығу,бағалау.

 

№106. Тақырыбы: Сын есім(463-467-жаттығулар)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып сын есімдерді таба білуге үйрету.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер бойынша

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.Сын есім

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 462-жаттығу.Оқу, талдау.

ІІІ. Білімдерін тексеру:Сын есім дегеніміз не? Мысалдар келтіру

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сын есім

Ү. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс. 463-жаттығу мәтінді оқы, Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздердітап. Қай сөзбен байланысып тұрғанын айт. 464-жаттығу Зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу .Жалпақ тақтау, қалың тақтай, тегіс тақтай Кең көше, тар көше, ұзын көше.Терең көл, тұщы көше

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:465-жаттығу суреттегі заттарды сипаттап айт.Сын есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.

ҮІІ. Бекіту.466-жаттығу ребусты шеш, сын есім екенін дәлелде. «Түзу»

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 467-жаттығу.Бағалау.

 



Просмотров 1716

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!