Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау



Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.

ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.

ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Дәптермен жұмыс

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.

Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты
     

І. Қорыту

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.


Күні: 04.09.2013

Тақырыбы: Мектеп - біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер

Мақсаты:

1.Ө.Тұрманжановтың Мектеп біздің анамыз өлеңі мәнерлеп оқуға,Ж.Аймауытовтың өмірі жайыл түсінік бере отырып, Ыстық қой,шіркін , туған жер тақырыбын оқып, түсіндіру.

2.Тілін , ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.

3.Туған жерін, елін ,жерін сүюге ,қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Ж.Аймауытов, Ө.Тұрманжанов суреті.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау«Күн шыққанда» өлеңін мәнерлеп оқу,сұрақтарға жауап алу.

ІІІ. Өткенді қорыту:Таңғы тіршілік туралы әңгімелеу

ІY. Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү Жаңа сабақ:а/Ж.Аймауытов өмірімен таныстыру.ә/ өлеңді , тақырыпты мәнерлеп оқу.б/ сұрақтарға жауап алу.в/ сөздік жұмыс жүргізу.г/ Оқулықпен жұмыс.

тақырыпты оқу 1. іштей оқу 2. тізбектей оқу 3 .тауып оқу /қуаныш,сүйсініс,өкініш,мақтаныш/. Дәптермен жұмыс , д/ Сергіту сәті

І. Түсінгендерін тексеру

Сұрақтар қоя отырып, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?Ж.Аймауытов кім?

ҮІІІ Үйге тапсырма1.тақырыпты түсініп оқып келу . 2. Бағалау.

А.Байтұрсынұлы .Мен қалай оқуға бардым?

Тақырыбы:А.Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты.

Мақсаты: А.Байтұрсуновтың Мен қалай оқуға бардым? әңгімесін оқи отырып, автордың оқуға баруына кімнің әсер еткендігі жайлы, ал Екі балық. Ата насихаты. әңгімесін оқып, бірлік ұйымшылдық жайлы түсінік беру.

Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу.Бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: А.Байтұрсунов суреті, өмірі жайлы қасқаша түсінк, мақал-мәтелдер.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Жиырма тиын.1.әңгімені оқыту2.сұрақтарға жауап алу.3.мазмұнын сұрау

ІІІ.Өткенді пысықтау:әңгімедегі ең басты кейіпкер кім? Алтайдың Қанатқа көмектескенін қалай қарайсыңдар?Алтайға қандай мінездеме берер едіңдңр?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі :А. Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты

Ү. Жаңа сабақ:а/ А.Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын. Қостанай облысы, Торғай атырабында Сартүбек жерінде дүниеге келген. Тұңғыш қазақ әліппесін жазды. ә/ «Мен қалай оқуға бардым» әңгімесін оқи отырып, автордың атынан берңлңп отырғандығы, оның оқуға баруына кімнің әсер еткендігі жайлы түсінік беру.б/ «Екі балықшы» әңгімесін оқи отырып, кертартпалық жайлы түсіндіру.в/ «Ата насихаты» әңгімесін оқып, бірлік ұйымшылдық жайлы түсінік беру.

ҮІІ.Білімдерін тексеру:а/әңгімелерді оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

ә/ Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі

б/ Сұрақтарға жауап алу.в/ Тапсырмаларды орындау.г/ нақыл сөздерді оқып мағынасын ашу.Керіскеннің кесірі – келесінді кетірер.Тіршіліктің күші – бірлікте.д/ Дәптермен жұмыс.Осы сөздерді жазу.

ҮІІ. Қорыту.Бүгін не өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.бағалау

Тақырыбы: Күн шыққанда

Мақсаты:Оқушыларға І.Жансүгіров өмірі жайлы түсінік бере отырып, Күн шыққанда өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Күз» өлеңін жатқа айту

ІІІ.Өткенді қорыту:Күзгі ауа райы қандай? Бұлт қандай? Тұман қандай? Күз мезгілі саған несімен ұнайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:1.сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық. а/І.Жансүгіров 1894-1938/ . Өмірімен таныстыру.ә/ жыл мезгілдері туралы әңгімелету.

Ү. Жаңа сабақ:а/ өлеңді мәнерлеп оқу,ә/сөздік жұмыс жүргізу.Дәптермен жұмыс

б/сұрақтарға жауап алу

г/Сергіту сәті

в/ Өлеңді оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу /атып келе жатқан таң бейнесі/

ҮІ. Түсінгендерін тексеруТаңғы тіршілік туралы не делінген?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?І.Жансүгіров кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді мәнерлеп оқу.2.Бағалау.


Күні: 10.09.2013

Тақырыбы: Несіпбек Айтов «Оқулық»

Мақсаты:

1. Оқушыларға Н.Айтовтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, «Оқулық» өлеңін оқып түсіндіру.

2. Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.

3. Білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

« Күн шыққанда» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІІ. Өткенді қорыту:

- Өлеңде ақын балаларды неге шақырады?

- Білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:

Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық

а/ Н.Айтовтың өмірімен таныстыру.

ә/ Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа сабақ:

а/ өлеңді мәнерлеп оқу

ә/ сөздік жұмыс жүргізу.

Дәптермен жұмыс

б/сұрақтарға жауап алу

в/ Өлеңді оқу ,іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу .

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

- Кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

- Қандай кітаптар оқығанды ұнатасыңдар?

- Кітапханадан қандай кітаптар алып оқыдыңдар?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?Н.Айтов кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді мәнерлеп оқу. 2.Бағалау.

Күні: 11.09.2013

Тақырыбы: Кітап оқу

Мақсаты:

1. Оқушыларға Ж.Аймауытовтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, « Кітап оқу» мәтінін оқып түсіндіру.

2. Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.

3. Білімділікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:« Оқулық» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Өткенді қорыту:Өлеңде ақын балаларды неге шақырады? Кітап туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық

а/ Ж.Аймауытовтың өмірін сызба арқылы таныстыру.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Павлодар облысында Атақты жазушы «Қартқожа», «Ақбілек»

туған романдары бар.

ә/ Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа сабақ:а/ мәтінді мәнерлеп оқу.ә/сөздік жұмыс жүргізу. Роман-көлемді, күрделі шығарма.Дәптермен жұмыс.б/сұрақтарға жауап алу.в/ Мәтінді оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:Мәтін не туралы? Қартқожа «өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де» неліктен ұмытты?

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік?Н.Айтов кім?

ҮІІІ .Үйге тапсырма:1.Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.2.Бағалау.

Күні: 12.09.2013



Просмотров 1666

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!