Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырыбы: Бөлімді қайталау



Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау. Белсенді, саналы болуға үйрету.Тілін, сөздік қорларын, білімін дамыту.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа даярлық

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Кіріспе әңгіме жүргізу

ІІІ. Білімді тексеру.а/ өткен тақырыптарды еске түсіру.Өткен өлеңдерді еске түсіру.

Жатқа айту.Әңгімелерді еске түсіру.Ертегіні баяндау.

Тест сұрақтары.

1. Ы. Алтынсарин кім?

а/ ақын, б/ ұстаз

2. Сен ғылымға өлеңін кім жазды?

а/ Ш.Құдайбердиев б/ Абай Құнанбаев

3. Ертегіні тап?

а/ Ақ бидай б/ Күн шыққанда

4. Жамбыл Жабаев өлеңі

а/ Отан б/ Шәкірт балаларға

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы берілген тест сұрақтарына жауап алу.

ҮІІ. Қорыту.Қандай тарауды аяқтадық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.қайталау.2.бағалау


Күні: 23.09.2013

Тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба.

Мақсаты: Ғылым таппай мақтанба өлеңін мәнерлеп оқу, өлеңді талдау. Ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.Еңбекке талапты болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Абай суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Абай. Ғылым таппай мақтанба.

ІІІ. Жаңа сабақ:

А.Құнанбаев туралы түсінік. Абай -1845-1904 қазақтың – ұлы ақыны.

Өлеңді оқу.

1. Өлеңді талдау.

2. Оқулықпен жұмыс.

3. Іштей оқу.

4. Тізбектей оқу

Дәптермен жұмыс.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ.

Талап,еңбек, терең ой, қанағат рақым.

І.Түсінгендерін тексеру.

- Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?

- Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?

- Бес дұшпан деп нені атайды?

ҮІІ Қорыту.Бүгін не өттік?

ҮІІІ Үйге тапсырма: 1.Өлеңді жаттау.2.Бағалау.


Күні: 24.09.2013

Сабақтың тақырыбы: Білім керек бәріне.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.2.Оқушылардың ой қиялын дамыту

3.бідімділікке тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: портреттер,оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Ана тілі сабағының тақырыбы «Білім керек бәріне». Білімнің адам баласына керек екендігін байқаймыз.

ІІІ.Жаңа сабақ

1. Білім жүйесі бойынша Ф.Оңғарсынованың кім екенің айтып таныстыру.

2.білім керек бәріне өлеңін түсіндіру

3.Тізбектеп оқыту

4.сурет бойынша жұмыс

5.Дәптермен жұмыс

ІҮ. Сергіту сәті

Ү. Қорыту:Оқушыларға білім туралы мақал-мәтелдер айтқызу.Бағалау

ҮІ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.


Күні: 25.09.2013

Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан

Мақсаты: 1. Ертегі жайлы толық мағлұмат беру, Атадан қалған асыл мұра, ауыз әдебиет түрімен таныстыру2. Топпен жұмыс істеу, оны тұжырымдап айтуға дағдыландыру.

3. адамгершілікке патриоттыққа тәрбиелеу

Көрнекілік: суреттер, кестелер.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа даярлық

ІІ. Өткенді сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ:

- Ертегіні оқыдыңдар ма?

- Аттарын айтыңдаршы?

- Көбінесе нелер туралы жазылған?

- Мұғалімнің түсіндірмесіАтадан бізге не қалды?

- Ертегілер, төрт түлік жырлар, аңыздар, өтірік өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар жаңылтпаш, шешендік сөздер – осылар ауызша жеткен халық шығармалары: Ертегілер:1. Жануарлар 2. Қиял-ғажайып 3. Шыншыл

ІҮ. Пысықтау

1.Жұмбақ шешу(Жануарлар жайлы)

2.Ертегіні оқу, түсіндіріп өту, тізбектеп оқыту.

Сөздік жұмысы: Құлағына басады – қулық.Мұнын шашады – мұңын айту

Ү. Қорыту:

-Немен таныстық?

- Ертегілер қалай бөлінеді?

- Түлкіге мінездеме бер?

- Арыстан қандай аң?

ҮІ. Үйге тапсырмаЕртегіні айту.Бағалау

Күні: 01.10.2013

Тақырыбы: Байлық пен ақыл

Мақсаты:Байлық пен ақыл ертегісін оқып түсіндіру.Ертегінің мазмұнын айтуға дағдыландыру.Тілін сөйлеу қабілетін дамыту.Тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Әйтеке бидің айтқаны. Жігіттің жақсысы.

ІІІ Білімдерін тексеру:

- Әйтеке би не деп айтты?

- Үш би туралы не білдік?

- Билерге келген жігіт не айтты?

- Жігіттің жампозы не қориды?

- Жігіттің жаманы не қориды?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ

- Ертегіден халқымыздың тұрмыс салтын, әдет ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял ғажайып оқиға аралас болып келеді.Ертегіні оқып түсіндіру.Сөздік жұмысын жүргізу.Әшекей-өрнек, сәнді ою.Мұрагер – орын басушы, дүниеге ие болушы.

Ертегіні оқы:іштей оқу,тізбектей оқу.Дәптермен жұмыс.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

- Әкесі ұлдарына не айтты?

- Үлкен ұлы не айтты?

- Кіші ұлы не айтты?

- Шалға қасы ұлының жауабы ұнады?

ҮІІ. Қорыту.Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.

ҮІІ Үйге тапсырма:1.ертегіні оқу, мазмұны. 2.бағалау.

 

Күні: 03.10.2013



Просмотров 899

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!