Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Сабақтың тақырыбы: Зеректік



Сабақтың мақсаты:

1. Ш.Уалиханов,С.Бегалин ментаныстыра отырып оқу,түсінігін әңгімелеуге үйрету.

2. Өз ойын толық жеткізе алуга,сұраққа толық жауап беруге қалыптастыру.

3. Зерек болуга,терең ойлауға тәрбиелеу

Көрнекілік: кітап,сурет,дид.материалдар

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткенді сұрау

- Ж.Аймаутов кім?

- Еңбектерін ата?

- Ол қайда туған?

- Қартқожаға мінездеме бер?

ІІІ. Жаңа сабақ:

А) кіріспе:Балалар Ш.Уалиханов кім?1985 ж С.Бегалин туылған.Ол Шоқан туралы деректер жазған.Туған жері-Шығыс Қазақстан өңірі.Оның «Шоқан асулары;» «Сәтжан» деген шығармалыры бар.1983 ж қайтыс болған.Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқыту.Тізбектеп оқыту, талдау.

Пысықтау:

1.Шоқанның балалық шағы жайлы не жазған?

2.«Зерек» деп кімді айтып отыр?

- Әкесі не деді?

Сөздік жұмыс .Бажайлап – мән беріп қорыту.Шоқанды кім оқытты?Шоқан күнделігіне не жазды?

Бекіту

Үйге тапсырма: 1.Әжесінің сөзін табу,оқу, түсінігін айту2.Бағалау

Күні: 13.09.2013

Сабақтың тақырыбы: Ақылшым мұғалім

Мақсаты:

1.Ұстаз мұғалім ұғымын кеңейту,ақылшы екендігі жайлы түсіндіру

2.Сөздік қоры тіл байлығын дамыту

3.Ұстазды сыйлауға тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ . Мақсат қою кезеңі

ІҮ. Жаңа сабақ:

Балалық адам баласы білімді ұстаздан алады.Ұстаз мұғалім- бір ұғым.Дана да ақын да,ұшқыш пен жүргізуші,инженер деген мамандық иелері де алдымен мұғалім алдынан өткен.Мұғалім еңбегі зор.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.Оқушыларға тізбектеп оқыту.Мағынасын түсіндіту.

Дәптермен жұмыс.

Менің ұстазым тақырыбына тірек сызбаны өздеріне қорыту,талдау

ҮІІ. Қорыту:

- Бүгін не өттік?

- Білімді кімнен алады екенбіз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. 19 бет Өлеңді жаттау.2.Бағалау


Күні: 18.09.2013

Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Күз».Ұнатамын күзді мен

Мақсаты:Оқушыларға А.Құнанбаев өмірі жайлы түсінік бере отырып, Күз өлеңін оқып түсіндіру.Тілін , ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:«Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Өткенді қорыту:Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Жаңа сабаққа даярлық.

а/Абай Құнанбаев/ 1845-1904/қазақтың ұлы ақыны.Өмірімен таныстыру.

ә/ жыл мезгілдері туралы әңгімелету.

ерекшеліктері.

Ү. Жаңа сабақ:

а/ өлеңді мәнерлеп оқу

ә/ сөздік жұмыс жүргізу.

б/ сұрақтарға жауап алу

г/ Сергіту сәті

в/ Өлеңді оқу ,іштей оқу,тізбектей оқу,теріп оқу. /мал жайын жырлаған жерді/

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

- Күзгі ауа райы қандай?

- Бұлт қандай?

ҮІІ .Қорыту:Бүгін не өттік?А.Құнанбаев кім?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау. Бағалау.


Тақырыбы: Бидай мен қаңбақ /мысал / А.Тоқмағанбетов

Мақсаты: Бидай мен қаңбақ мысалын оқи отырып, Бидайдың қаңбаққа қойған өзіне өзінің берген бағасы туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи білуге баулу.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.1. «Байлық», «жұмыстың жылуы»тақырыптарын оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу.3.Мазмұнын сұрау.

ІІІ,Өткенді пысықтау.Денсаулықты не үшін байлық дейміз ?Жұмыс қалай жылу береді ?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Бидай мен қаңбақ

Ү. Жаңа сабақ.а/ Бидай мен қаңбақ мысалын оқып, мазмұнын ашу.ә/ мысалды оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу

ҮІ. Білімдерін тексеру.а/ сұрақтарға жауап алу.1.Қаңбақ Бидайға не деп тіл қатты?

2.Қаңбақ бидайдан қандай жауап алды?3.Уф десе ұшасың, суф десе қонасың дегенді қалай түсінесің?4.Дұрысын айтқан Бидай ма, Қаңбақ па? Оны өздерің салмақта...

ә/ тапсырмаларды орындау.1.мәтіннен Бидайдың Қаңбаққа айтқан сөзін тауып оқу.2.Бидайдың өзіне өзінің берген бағасы туралы көзқарасыңды білдір.

б/ Сергіту сәті.в/ жаңылтпаштарды оқып, жаңылмай айту .г/ Жұмбақты шешу.Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді. /қанбақ/

ҮІІ Қорыту.Бүгін не өттік?Мысалда не туралы айтқан.

ҮІІІ Үйден: 1.мысалды мәнерлеп оқу.2.бағалау.


Күні: 26.09.2013

Тақырыбы: Мазмұндама. Аралардың достығы

Мақсаты:Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру.

Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.«Аралардың достығы» оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Мазмұндаманы жазу.

Аралардың достығы.

Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тұрыпты. Содан балдай тәтті өмір сүріпті.

Сұрақтар:1.Орманда қанша ара тұрыпты?2.Бәрі қандай болыпты?3.Үнемі не теріпті?

4.Өздері қалай тұрыпты?5.Содан қалай өмір сүріпті?Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.

ІҮ. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу.Бағалау.

 

Күні: 30.09.2013



Просмотров 1059

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!