Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырыбы: Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ.Мырза Әли



Мақсаты: 1. Байлық әңгімесін оқи отырып, бірінші байлық денсаулық екенін, жұмыстың жылуы өлеңін оқып, еңбек жайлы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Арнайы суреттер,

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ. Мырза Әли.

ІІІ. Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.а/ Байлық әңгімесін оқып, мазмұынын ашу. Бірінші байлық денсаулық екенін түсіндіру.ә/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып, жұмыспен айналысқан адамның денесі қызып, жылы жүретінін түсіндіру.б/ Сөздік жұмыс.

ІҮ. Білімдерін тексеру:іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.ә/ Сұрақтарға жауап алу.Жігіт ұстазын не деп мұңын шақты? Ұстазы жігітке қандай сауалдар қойды? Жігіт қалай жауап берді? б/ Тапсырмаларды орындау. в/ Жұмыстың жылуы өлеңін оқып оқу.1.хормен оқу 2.жеке-жеке оқу3.тізбектей оқу.

Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?Жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

ҮІ. Үйге:1.әңгіме мен өлеңді мәнерлеп.2.бағалау

 

Сабақтың тақырыбы.«Қыста қызық жұмыс бар » Бүркіт Ысқақов

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, сөйлеу әрекетін қалыптастыру.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыру.3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей ,өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап, ойын « Кім көп сөйлем құрайды »топқа бөлініп,тест

Көрнекілігі: Қысқы еңбек көрініс суреттері, тест жазылған қағаздар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі . 1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару 2.Сабақ мақсатымен таныстыру.  

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

- Үйге не берілді?

- Жатқа айту, әндету.

- Тәрбиелік жұмыс жүргізу, спорт түрлері жайлы әңгімелету.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

- « Қыс көрінісі» атты суреті бойынша сипаттап әңгімелеу

ІҮ. Жаңа сабақтың барысы.

 

1. Кіріспе 1. Бөлім қалай аталады?

2. Үш қатарды топқа бөліп , жүйелеп айтуға баулу мақсатында , « Кім

көп сөйлем құрайды» ойынын ойнау.

Мұғалімнің түсіндіруі.

Белгілі балалар ақыны Бүркіт Ысқақовтың өлеңін дұрыс, түсініп, шапшаң,

мәнерлеп түсініп оқып көрелік.

3. Оқулықпен жұмыс. (- Іштен , дауыстап, мәнерлеп шапшаң оқу)

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Бүркіт Ысқақовтың өлеңін осы бөлімдегі Бердібек Соқпақбаевтың

өлеңімен салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?

2. Өзің қай спорттың түрін ұнатасың? (айтып бер)

3. Әндету.

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

 

Мазмұндама

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау

ІІІ. Мазмұндама «Камалдың қатесі»1. Мәтінді оқып талдау, мазмұнын екі-үш оқушыға айтқызу.

Камалдың қатесі

Камал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Көше нөсер жауған. Содан арықтың шеті опырылып қалған еді. Камал аттап өте алмады. Камал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Камал суға күмп етіп түсіп кетті.

2. Тірек сөздерАрық нөсер жауған, шеті опырылып, шетіне қарай ырғалды, сырт етіп.3. Жоспар құру1. Жолдағы арық 2. Іске аспаған әрекет

ІІІ.. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау

 

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Бөлімді қайталауға арналған тест.

Сабақтың мақсаты:1. « Қыста талай қызық бар» бөлімі бойынша алған білімі мен біліктігін қорыту, тест арқылы білімін тиянақтау.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыр. 3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.

Сабақтың түрі:Қорытынды саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ- жауап, тест,баяндау, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Қысқы көрініс суреттері, тест материалдары..

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі . 1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару 2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қорытындылау сабақ.

1. Кіріспе. – Балалар, біз қандай бөлімді өтіп бітірдік?

- Кәне, кім айтады?

2. Пысықтау жұмысы.

- Балалар, бүгін біз осы бөлімді қайталау үшін саяхатқа шығайық.

Ол үшін қандай көлікпен шығатынымызды сайлап алайық. Алдымен мына шана, шаңғы, коньки, атшананың қайсысын таңдаймыз.

- Шанамен осы шығармаларды жазған ақын –жазушылардың аулына саяхат жасайық.

- Қандай ақын, жазушылармен таныстық? Ата.

(Міржақып Дулатов,Мағжан Жұмабаев, Зейнолла Шүкіров,Тұманбай Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Медіхат Төрежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Бердібек Соқпақбаев, Қадыр Мырза Әлі, Бүркіт Ысқақов)

Келесі аялдамамызға шаңғымен баралық, өйткені қар қалың ,әрі ну орман екен.

-Қандай өлеңдер жаттадық? Кім жатқа айтып береді?

( Ақша қар. Он алтыншы желтоқсан. Қазақстан. Шырша жыры.Шынықсын денеміз. Қыста қызық жұмыс бар.)

Келесі аялдамаға жеткенше теп- тегіс көк мұз айдыны екен, оған конькимен барайық.

-Қандай шығармаларды оқып,олардан не білдік? Саған ұнаған әңгімені айт.

-Қандай ертегі, аңыз оқыдық?

Сабақты қорыту.

1. - Соңғы шананың жүгі ауыр демекші, соңғы аялдамаға бару керек. Кішкене шаршапта қалдықпа дем алып атшанаменбарайық , деп ойланып отырсақ ,бізбен бірге ілесіп жүрген қысқы үскірік аяз хат әкепті.

Ашсақ , мынадай тапсырма күтіп тұр екен. Оны үш топқа бөлініп тез жауап берейік.

Әйтпесе, бізді қатырып қояр.

- Қысқы ойын түрлерін атаңдар.

- Қысқы мейрамдарды атаңдар.

- Қысқы еңбек түрлерін білесің бе?

2. Бүгінгі саяхатымыздың қорытындысы ретінде «Бөлімді қайталауға арналған тест» бар, соны дұрыс орындасақ, біз үйге тез оралатын шығармыз.



Просмотров 1605

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!