Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Тақырыбы: Табиғаттың өзі - конструктор



Мақсаты:

1. Оқушыларға табиғи ғажайып құпиясымен, табиғи материалдар қасиетімен таныстыру;

2. Танымдық қабілеттерін дамыту;

3. Еңбекке баулу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы, мақсаты.

Ү. Жаңа сабақ.Табиғат ғажайыптары көп. Құпиясы мен әсерлері жайлы әңгімелеу.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу.Суреттерге талдау

ҮІ .Түсінгендерін тексеру:Сұрақтарға жауап алу.

- Табиғи материалдарға нелер жатады?

- Оларды сындыруға болады ма?

- Олар қандай?

- Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек?

- Мүктен, бүршіктен не жасауға болады?

ҮІІ. Бекіту.Суретке қарап әңгімелеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Түсініп оқу. Бағалау.


Күні: 28.09.2013

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрету; ойлау қабілетін дамыту; ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Өткенді пысықтау. Табиғи материалдарға нелер жатады? Оларды сындыруға болады ма? Олар қандай? Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек? Мүктен, бүршіктен не жасауға болады?

ІІІ. Мақсатын қою.Табиғи материалдардың қасиеттері

ІҮ. Жаңа сабақ:Жұмысқа кіріспес бұрын есіңе түсір:

Материал – бұйым жасалатын заттар.

Құрал-сайман - жұмыс істеуге қажетті заттар.

Жабдық – Жұмыс кезінде қажет болатын әр түрлі құрылғылар.

Оқулықпен жұмыс ережелер: инемен жұмыс істеу, қайшымен жұмыс, үлгіні қатырма қағазға түсіру ретін есіңе сақта.

Мұғалімнің көмегі, оқушы еңбегі

1. Кальканы алып дәптерге үлгісін түсіру, қарындашпен сызу.

2. Түсті қатырма қағаз алып айналдыра сызу. Нәтижесін тексеру

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Материалмен, қағазбен, матамен жұмыс істегенде осы ережені есте сақтау.

ҮІ. Бекіту:Бүгін не үйрендік? Жұмыс аяқталғаннан соң инені жапсырғышқа, қайшыны арнайы қорапшаға салып, жұмыс орнын жинастыру.

ҮІІ. Үйге тапсырма:түсініп оқу,бағалау.


 

Тақырыбы: Құрал саймандар мен жабдықтар

Мақсаты:Өзін-өзі қызмет етуге қажет құрал-жабдықтар , оларды пайдалану жолдары туралы түсінік беру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Заттарды ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құрал-жабдықтар

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Өткенді қорыту: Материалмен, қағазбен, матамен жұмыс істегенде қандай ережені есте сақтау керек?

ІІІ. Сабақтың мақсатын қою. Құрал саймандар мен жабдықтар

ІҮ. Жаңа сабақ.Құрал-жабдықтар.Оқу, әңгімелеу. Еңбек сабағында ұстайтын құралдар, қауіпсіздік ережесі.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу.Тізбектей оқу

Ү. Түсінгендерін тексеру:Қандай қауіпсіздік ережесін білеміз? Қайшыны қалай ұстаймыз? Жұмыс соңында не істейміз? Ине мен түйреуішті не істейміз?

ҮІ Бекіту:Сұрақтарға жауап алу. Жұмбақтар шешу. Жауабы: қайшы, жіп.

ҮІІ Үйге тапсырма:Түсініп оқу,бағалау.

 

Тақырыбы: Орман патшалығы.

Мақсаты: Ормандағы табиғи материалдар туралы түсінік беру. Түсініп оқып, мазмұнын айтуға, әңгімелеуге үйрету; іздену қабілетін дамыту. Еңбекке баулу

Көрнекілігі: табиғи материалдар

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІІ . Өткенді қорыту: Қандай қауіпсіздік ережесін білеміз? Қайшыны қалай ұстаймыз? Жұмыс соңында не істейміз? Ине мен түйреуішті не істейміз?

ІҮ. Мақсат қою:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.Ағаш бүршіктерінен мүсіндер жасау.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу.

Жеке-жеке оқу. Суретке қарап зерттеу, ермексазбен құрамақтардың бөлшектерін біріктіру.

І Практикалық жұмыс

1) Құрамақтардың бөлшектерін біріктіру

2) Құрамақтардың бөлшектерін желімдеу, схемасын құру

3) Заттарды құрастырып, безендіру

ҮІІ. Бекіту..Табиғи материалдардың бөлшектерін жинастыру

ҮІІІ. Үйге тапсырма:9-11 бет оқу,бағалау

 


Күні: 21.09.2013

Тақырыбы: Орман патшалығы.

Мақсаты: Ормандағы табиғи материалдар туралы түсінік беру. Түсініп оқып, мазмұнын айтуға, әңгімелеуге үйрету; іздену қабілетін дамыту. Еңбекке баулу

Көрнекілігі: табиғи материалдар

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

ІІІ . Өткенді қорыту: Қандай қауіпсіздік ережесін білеміз? Қайшыны қалай ұстаймыз? Жұмыс соңында не істейміз? Ине мен түйреуішті не істейміз?

ІҮ. Мақсат қою:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ.Ағаш бүршіктерінен мүсіндер жасау.

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу. Тізбектей оқу.

Жеке-жеке оқу. Суретке қарап зерттеу, ермексазбен құрамақтардың бөлшектерін біріктіру. «Шыбынжұт» жасауға қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру; ермексаз, қайшы, ПВА желімі.

І Практикалық жұмыс

1. Күнбағыстан шыбынжұттың қалпағын ою;

2. Қатырма қағазы қолы мен аяғын ою

3. Мұрны мен көзіне лайықты материал таңдау.

4. Бөлшектердің барлығын бүрге желімдеу

5. Құрамақты безендіру.

ҮІІ. Бекіту..Табиғи материалдардың бөлшектерін жинастыру

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу,бағалау


 



Просмотров 880

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!