Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Шай өнімдеріне сипаттама



Кіріспе

 

Қазіргі кездегі республикамыздың өндірілетін және шетелдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттармен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасыда сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістік сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің /қызметтердің/ сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.

Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдер сапасын сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.

Стандарттау және сертификаттау қызмет етудің, жұмыстық өнім сапасын қамтамасыздандырудың құралы, көп қырлы номерациялық қызметтің маңызды аспектісі. Сапа проблемасы, барлық елдерге экономикалы жағдайына қарамастан актуалды болып есептеледі. Қазіргі уақытта дайындаушы, және осы сатушы делдалдарды тауар маркасының беделдік нөмірлеуде, дүние жүзілік рынокта бәсекелестігін арттыруда стандарттаудың міндетті талабын орындауға көп көңіл бөледі. Сол есебін дайындаушылар, тұтынушылар және сатушылар барлық басқару деңгейіндегі тиімді қарым-қатынасын, бәсекелестігі стандарттар арқылы, қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта прогресивті стандарттар талабын орындау қатар өндірушілерге шығарылған тауарлармен қызмет етушілерге сапа және қауіпсіздік сертификаттың қоса бекіткен жоқ, себебі арыз берушілер мен тұтынушылардың сенімін арттыруда сапа жүйесін сертификаттау маңызды орын алады .

Отанымыздың стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін халықаралық ережелерімен үйлестіру сұрағы алдыңғы қатарда тұр, себебі Қазақстан Республикасының дүние жүзілік сауда ұйымының кірудің маңызды сатысы болып табылады. Еліміздің нарық экономикасына енуіне байланысты тұтынушылардың сенімін алу өніммен бәсекелестік дәрежесін көтеруде мамандар стандарттау метрология және сертификаттау әдістері мен ережесін өз нәтижесінде қолданып өнім сапасын көтеруге бағыттау керек.

Бүгінгі таңда адамдар ішуге тұтынатын ауыз суынан кейінгі екінші орынды шай алып тұр сонымен қатар, барлық елдер де және біздің еліміздеде шайға деген сұраныс жоғарылаған сайын, Тараз қаласының нарығында шайды сапасы мен ассортиментін анықтау біліктілігін жұмысы туындайды.

Дүкеніндегі шайдың сапасын, оған деген сұранысты, ассортименттерді қалыптастыру жолдарын зерттеу.

Жұмысты орындамас бұрын, біздің алдымызда мынадай міндеттер қойылған:

- Әлемдегі және біздің елімізде шай нарығының қазіргі жай-күйін анықтау;

- Қазіргі заманғы шай ассортиментінің классификациясын анықтап мінездеме беру;

- Шай сапасын және оны сақтау үшін әсер ететін факторларды зерттеу;

- Азық-түлік өнімдердің сұранысын зерттеу әдістерін қарастыру;

- Дүкенінің ұйымдық сипаттамаларын зерттеу;

- Дүкенінің сатқан шай ассортиментінің ауқымын талдау;

 

Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау

Шай өнімдеріне сипаттама

 

Шайды - шай жапырақтарынан технологиялық өңдеу процесінде биохимиялық және физика - химиялық өзгерістерді бақылай отырып алады. Шайдың тағамдық құндылығы ыстық суда еритін оның құрамында болатын экстрактивті заттарға (таниндер, алкалоидтар, белоктар, т.б.) байланысты. Шайдағы таниндер қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, антиоксиданттар мен антимикробтарда витамин белсенділігі бар. Шайдағы алкалоидтар (теобромин, теофиллин, кофеин және басқалар) жүйке және жүрек-қантамырларын жайландырады, жұмыс істеу қабілетін жақсартып, психикалық қызметін жоғарлатады.

Шайды географиялық шығу тегіне байланысты үнді шай, цейлон, қытай, грузин және т.б. деп бөліп қарастырады. Шай өндіру шикізатқа байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) үгітілген ( байхы) - қара (ферменттелген), көк (ферменттелмеген), сары және қызыл (жартылай ферменттелген);

2) пресстелген - жасыл кірпіш тәрізді, қара және жасыл плитка түріндегі, қара және жасыл таблетка түрінде ;

3) экстрактіленген (тез еритін) – қара және көк шайдың сұйық, құрғақ сығындысы.

Сонымен қатар майда шайды (кебек) бір реттік қолдануға арнап, буылған түрінде орап шығарады.

Хош иісті шайды қара немесе көк байхылы шайға қосымша табиғи немесе жасанды қошиістендіргіштер қосу арқылы алады.

Шай сусындарын арнайы топтарға бөлуге болады. Шай сусындарын тағам ретінде қолдануға арнайы госсанэпидатор органдары рұқсат еткен гүлдерді, жеміс-жидектер, жапырақтар мен шөптерді қосып жасауға болады.

Қара және көк байхылы шайдың сапасына қарай мынадай тауарлы түрлерге бөледі: ең жоғары І, ІІ және ІІІ сортты.

Шай - әлемде қолданылатын ең танымал дәстүрлі сусындардың бірі болып табылады. Олар күнделікті өмірмен еріп келе жатыр. Дәстүрлі сусындарды тұтынудың мәдениеті тұтынушыларға кейде мүлдем белгісіз болып қалуда.

 



Просмотров 1623

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2024 год. Все права принадлежат их авторам!