![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
БЕТ-ЖАҚСҮЙЕК АЙМАҒЫ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗІ
Кұраш А.Ғ.
БАСТЫҢ ЖӘНЕ МОЙЫННЫҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ II Том Алматы 2011 Мазмұны
Қысқартулар.........................................................................................................6 Алғы сөз..................................................................................................................7 1 ТАРАУ Бет-жақсүйек аймағы қабыну аруларының этиологиясы және патогенезі..........................................................................................................8 2 ТАРАУ Бет-жақсүйек аймағы қабыну ауруларының жіктеліуі және жүйеленуі.........................................................................................................17 2.1 Бет-жақсүйек аймағы қабыну ауруларының жалпы жіктелуі...................17 2.2 Анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне, патоморфоло-гиялық өзгерістерістері мен ағымына байланысты бет-жақсүйек аймағының іріңді қабыну ауруларының жіктелуі .....................................................................18 2.3 Жедел одонтогенді қабыну ауруларын жүйелеу........................................22 3 ТАРАУ Қабыну процестің патологиялық морфологиясы мен фи-зиологиясы................................................................................................................24 3.1. Іріңді жараның регенерациялану ерекшеліктері........................................29 4 ТАРАУ Периодонтит, периосит, перикоронарит және жақсүйек-тердің остеомиелиті................................................................................................30 4.1 Периодонтит..................................................................................................30 4.2 Жақсүйектердің жедел одонтогенді периоститі........................................44 4.3 Ақыл тістің кедергіленіп жарып шығуы.....................................................50 4.4 Жақсүйектері остеомилиттерінің этиологиясы, патогенезі және жіктелуі.......................................................................................................................55 4.4.1 Одонтогенді қабыну процесінің даму механизмі....................................60 4.4.2 Жақсүйектері қабынуының патологиялық анатомиясы.........................66 4.4.3 Жедел одонтогенді остеомиелиттің патологиялық анатомиясы...........67 4.4.4 Жедел одонтогенді остеомиелиттің клиникасы, диагностикасы және емі................................................................................................................................69 4.4.5 Жақсүйектердің созылмалы одонтогенді остеомиелиттерінің клиникасы, диагностикасы және емі.......................................................................76 4.5 Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы...................................................85 5 ТАРАУ Бет-жақсүйек аймағы жедел іріңді қабыну ауруларының жалпы клиникасы...................................................................................................92 6 ТАРАУ Бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының (абсцестер мен флегмоналар) анатомиялық және топографиялық орналасуына байланысты жергілікті клиникасы және хирургиялық емі..............................................................................................................................105 6.1 Бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының жергілікті клиникалық белгілері..............................................................................................106 6.2.Жедел іріңді қабыну ауруларының ағымын болжамдау және емін жоспарлау.................................................................................................................111 6.3 Бастың ми бөлімінің төбесі........................................................................116 6.3.1 Бастың төбесінің бүйір бөлімінің (самай аймағының) абсцесі мен флегмонасы..............................................................................................................116 6.4 Беттің алдынғы (ортанғы) бөлімінің беткей аймақтары..........................124 6.4.1 Қабақтардың абсцесі мен флегмонасы...................................................124 6.4.2 Көзұяасты аймағының абсцесі мен флегмонасы .................................125 6.4.3 Ауыз аймағының (еріндердің) абсцесі мен флегмонасы ....................128 6.4.4 Мүрын аймағының абсцесі мен флегмонасы........................................129 6.4.5 Иек аймағының абсцесі мен флегмонасы..............................................131 6.5 Беттің алдынғы (ортанғы) бөлімінің терең аймақтары...........................132 6.5.1 Көзұясының абсцесі мен флегмонасы...................................................132 6.5.2 Мұрын қуысының абсцесі мен флегмонасы.........................................137 6.5.3 Ауыз қуысының (cavum oris) абсцесі мен флегмонасы (қатты және жұмсақ таңдай, тіл, жақсүйектері қабының)...................................................139 6.5.3.1 Қатты таңдайдың абсцесі......................................................................139 6.5.3.2 Жұмсақ таңдайдың абсцесі...................................................................141 6.5.3.3 Тіл абсцесі мен флегмонасы.................................................................142 6.5.3.4 Тіл түбірінің абсцесі мен флегмонасы.................................................143 6.5.3.5 Тіласты аймағының абсцесі..................................................................145 6.5.4 Жақсүйек-тіл науа абсцесі.......................................................................146 6.5.5 Жақсүйектерінің альвеолалық өсінділері қырларының сүйекқабы астының абсцестері (периоститтер) ..................................................................147 6.6. Беттің бүйір бөлімінің беткей аймақтары.................................................149 6.6.1 Бетсүйек аймағының абсцесі мен флегмонасы .....................................149 6.6.2 Ұрт аймағының абсцесі мен флегмонасы ..............................................151 6.6.3 Құлақмаңы-шайнау аймағының абсцесі мен флегмонасы....................157 6.6.3.1 Құлақмаңы-шайнау аймағының теріасты шел тіндерінің абсцестері мен флегмоналары ..................................................................................................159 6.6.3.2 Құлақмаңы аймағының абсцесі мен флегмонасы...............................161 6.6.3.3 Меншікті шайнау бұлшықетасты кеңістігінің абсцесі мен флег-монасы .....................................................................................................................162 6.6.3.4 Төменгі жақсүйекарты шұнқырының абсцесі мен флегмонасы.......165 6.6.3.5. Құлақ маңы-шайнау аймағының бірнеше шел кеңістіктерін қамтитын Флегмона..................................................................................................................168 6.7 Беттің бүйір блімінің терең аймақтары......................................................171 6.7.1 Самайасты аймағының (шұнқырының) абсцесі мен флегмонасы.......172 6.7.2 Қанат-жақсүйек кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы..........................175 6.7.3 Жұтқыншақ маңы кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы......................181 6.7.4 Жұтқыншақ қабырғасының абсцесі........................................................186 6.7.5 Жұтқыншақарты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы................187 7 ТАРАУ Мойынның абсцесстері мен флегмоналарының клиникасы және хирургиялы емі............................................................................................190 7.1 Мойынның тіласты сүйекүсті бөлігінің абсцестері мен флег-моналары..................................................................................................................190 7.1.1 Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасы.......................................190 7.1.2 Төменгі жақсүйекасты аймағының (region submandibularis) флегмонасы мен абсцесі..............................................................................................................193 7.1.3 Ауыз қуысы түбінің абсцессі мен флегмонасы......................................198 7.1.3.1.Екі жақ тіласты шел кеңістігін түгелдей қамтитын ауыз флегмо-насы...........................................................................................................................201 7.1.3.2Бір жағыныңөзімен аттас төменгі жақсүйекасты және тіласты шел кеңістіктерін қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы...................................202 7.1.3.3. Екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы.....................................................................................205 7.1.3.4. Екі төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарының шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы...................206 7.2.Мойынның тіласты бөлігінің тіл сүйекасты аймағының абсцестері мен флегмоналары..........................................................................................................209 7.2.1.Мойынның тіласты бөлігінің тіл сүйекасты аймағының алдыңғы бөлімініңабсцестері мен флегмоналары...............................................................209 7.2.2.Мойынның тіласты сүйекасты аймағының алдыңғы бөлімінің теріасты шел тіндерінің абсцесі мен флегмонасы...............................................................212 7.2.3.Төс үстінің апоневроз аралық шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы.............................................................................................................213 7.2.4. Кеңірдекалды шел кеңістігінің абсцессі мен флегмонасы..................215 7.2.5 Мойынның ұйқы үшбұрышының абсцессі мен флегмонасы..............216 7.2.6. Мойынның бүйір бөлімінің және төсбұғана-емізік бұлшықеті аймағының абсцесстері мен флегмоналары......................................................217 7.2.6.1 Төсбұғана-емізік бұлшықеті (m. sternoceidomastoideus) шандыр қынабының абсцессі мен флегмонасы. ...............................................................219 7.2.7. Мойынның қантамыр-нерв шоғыры бойы шел тіндерінің абсцесі мен флегмонасы..............................................................................................................220 7.2.8. Мойынның жоғарғы бөлігінің бүйір бөлімінің абсцесі мен флегмонасы..............................................................................................................221 7.2.9. Бұғана үсті кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы.................................222 7.3. Мойынның артқы бөлімінің цесі мен флегмонасы ...............................223 7.3.1. Мойынның артқы бөлімінің беткей (теріасты шел тіндерінде, мойынның бірінші және екінші шандырлары аралығының) абсцесі мен флегмонасы..............................................................................................................224 8 ТАРАУ Лимфаденит және аденофлегмона......................................225 8.1. Лимфадениттер............................................................................................225 8.2. Аденофлегмона............................................................................................232 9 ТАРАУ Бет-жақсүйек аймағының жедел іріңді қабыну ауру-ларын кешенді емдеу............................................................................................233 9.1. Бет-жақсүйек аймағының жедел іріңді қабыну ауруларының жергілікті емі...........................................................................................................234 9.2. Бет-жақсүйек аймағының жедел іріңді қабыну ауруларының хирургиялық емінде жансыздандыру әдістерін таңдау....................................240 9.3. Бет-жақсүйек аймағының жедел іріңді қабыну ауруларының жалпы емі..............................................................................................................................242 9.3.1. Антибиотикті ем........................................................................................244 9.3.2. Биологиялық белсенді дәрі-дәрмектермен емдеу..................................252 9.3.3. Ферменттік ем............................................................................................253 9.3.4. Иммундық ем.............................................................................................254 9.3.5. Инфузиялық ем..........................................................................................257 9.3.6. Бет-жақсүйек аймағы қабыну ауруларының физиотерапиялық емі...268 9.3.6.1.Ультражоғары жиіліктегі электр тоғы.................................................270 9.3.6.2.Ультракүлгін сәулесі(УКС)..................................................................272 9.3.6.3.Ультрадыбыс емі....................................................................................272 9.3.6.4.Электрофорез.........................................................................................273 9.3.6.5.Гипербариялық оттегімен емдеу...........................................................274 10 ТАРАУБет-жақсүйек аймағының жедел іріңді қабыну аруларының қарқынды емі............................................................................................................276 11 ТАРАУБет-жақсүйек аймағының спецификалық қабыну аурула-ры..............................................................................................................................283 11.1.Бет - жақсүйек аймағының актиномикозы..............................................283 11.2.Туберкулез..................................................................................................294 11.3.Мерез...........................................................................................................299 12 ТАРАУБет-жақсүйек аймағының одонтогенді емес қабыну ауру-лары..........................................................................................................................304 12.1. Сыздауық....................................................................................................309 12.2. Шиқан.........................................................................................................309 12.3. Күйдіргі......................................................................................................311 12.4. Тілме...........................................................................................................316 12.5. Су жегі (нома) ...........................................................................................319 13 ТАРАУЖоғарғы жақсүйек қойнауының қабынуы (гаймо-рит)....................... .....................................................................................................321 13.1. Жедел одонтогенді гайморит.................................................................329 13.2 . Созылмалы одонтогенді гайморит........................................................355 14 ТАРАУБет-жақсүйек аймағы қабыну қабыну ауруларының асқынулары..............................................................................................................347 14.1. Бет көктамырларының тромбофлебиті....................................................349 14.2. Кеуекті қойнаудың (sinus cavernosus) тромбозы...................................354 14.3 Одонтогенді медиастенит........................................................................356 14.4. Сепсис.........................................................................................................366 14.5.Қолданылған әдебиеттер...........................................................................386
ЫСҚАРТУЛАР КМК - қанның минуттық көлемі ЖҚА - жүректің қан айналымы ҚАСК - қан айналымының соққылық көлемінің ҚТШҰС - қанның тамырішілік шашыраңқы (дессиминирленген) ұю синдромы УЛИ - уыттанудың лейкоциттік индексі ЭТЖ – эритроциттердің тұну жылдамғы ҚАСК - қан айналымының соққылық көлемі ОМСП - орта молекулалық салмақтағы полипептидтер ҚСБҚ - қансарысуының бактерицидтік қасиеті ЭТЖ – эритроциттердің тұну жылдамғы УКС - ультракүлгін сәулесі АҚК - айналымдағы қан көлемімен АМИКК - антибиотиктің микробтарды ингибирлеуші кіші концентрациясы ВГО - вакуумгидрооксигенациялық ӨЖВ - өкепенің жасанды вентиляциясы ОКТҚ - орталық көктамыр қысымымен ЖРА - жедел респираторлық аурулар
Оқулық Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің хирургиялық стоматология кафедрасының ірге тасын қалаған ұстаз ағамыз, ғалым Суманов Мақсат Бөкешұлының аруағына арналған Алғы сөз Кәзіргі таңда бет-жақсүйек аймақтарында өтетін хирургиялық инфекция ауруларының ғылыми-тәжрибелік маңыздылығы арта түспесе, азаймағандығы күман тудырмайды және әліде бет-жақсүйек хирургиясының басты мәселелерінің бірі болып қала бермек. Себебі, хирургиялық стоматология ауруларының жартысынан көбін осы аймақтардың іріңді қабыну аурулары құрайтындығы белгілі. Бұ күнде іріңді қабыну процестерінің ағымы ауыр да жайылмалы түрлерінің көбейуі, науқастардың өміріне аса қауіпті асқынулар (кеуекті қойнауының торомбозы, бас миының абсцесі, медиастенит және сепсис) тудыруы жиі кездесетін болды. Өкінішке орай, осы саладан ана тілімізде шыққан оқулықтардың тапшылығы болашақ дәрігерлерімізді қинайтыны жасырын емес. Мемлекеттік тілінде шығарылған саусақпен санарлықтай оқулықтардың мазмұны тапшы, сапасы сын көтермейтіндігі шындық. Құрыметті әріптестер! Қолдарыңыздағы оқулық, беттің және мойынныңқабыну аруларына арнайы арналған еңбек, бірнеше жылдардан бері «тазалығына жеткенше», сан рет тексеріліп, текшеленіп, «кебегінен» тазартылып жарық көруде. Бұл бет-жақсүйек аймақтарының қабыну ауруларына арналған алғашқы оқулық болғандақтан, оның кемшіліктері мен қателіктері жоқ, сапасы мүлтіксіз, мазмұны толық деп кесіп айтуға, әрине болмайды. Жіберілген кемшіліктерін жасырмай, сын айтушыларға шын ниетіпен алғыс білдіремін.
Автор
ТАРАУ БЕТ-ЖАҚСҮЙЕК АЙМАҒЫ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗІ
Бет-жақсүйек аймағының жедел іріңді қабыну аурулары (абсцестер мен флегмоналар) теріасты, бұлшықет аралық майлы шел тіндерінің шектелген немесе жайылмалы іріңді инфекциялық процестері болып табылады. Олардың дамуы, клини-калық сипаты мен ағымының ауырлық дәрежесі, негізінен сол аймақтардың анатомиялық, топографиялық ерек-шеліктеріне және ағзаның жалпы иммундық қорғаныс күшінің жағдайына байланысты. Бет-жақсүйек аймақтарында қан және лимфа тамырларының өте жақсы дамуы, сонымен қоса аталмыш аймақтарда ас қорыту, тыныс алу, көру жүйелері бас миына жақын орналасулары, іріңді қабыну процестерінің клиникалық сипатына, даму ерекшеліктеріне ықпалын тигізеді. Кей жағдайларда іріңді қабыну процестері өңеш немесе жұтқыншақ маңы тұстарында өтуі, мойынның қан тамыр-жүйке шоғыры бойымен көкірек аралығына тарауы, науқастың өміріне аса қауіпті асқынулар тудырады. Бет-жақсүйек аймақтарының жедел іріңді қабыну аурулары инфекцияның алғашқы даму көзіне байланысты одонтогенді және одонтогенді емес екі үлкен топқа бөлінеді. Одонтогенді емес қабыну аурулары өз алдына отогенді, риногенді, тонзиллогенді, жарақаттық, гемотогенді және лимфогенді түрлеріне ажыратылады. Одонтогенді емес қабыну аурулары спецификалық және бейспецификалықекі үлкен топқа ажыратылады. Спецификалық қабыну аурулары қатарына актиномикоз, туберкулез, мерез жатады. Одонтогенді қабыну ауруларының даму жиілігі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп, жаз және күз мезгілдерінде жиі дамиды (В.В. Емельяненко, М.М.Соловьев, И.Худояров, 1979). Бейспецификалық қабыну аурулары қатарына сыздауық, шиқан, тілме, күйдіргі, Венсан ойық жарасы, шірікті-өліеттенген стоматит, су жегі (нома) және т.б. қабыну аурулары жатады.
![]() |