![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Жергілікті клиникалық белгілері
кесте 5
Флегмона, әдетте бет-жақсүйек ай-мақтарының екі, үш немесе одан да көп шел кеңістіктерінде және ауыз қуысы түбінде өтеді. Алғашқы даму кезеңдерінен-ақ флегмона тез тарауға, тіндерді жайылмалы түрде зақымдауға бейім болып келеді. Қабынудың даму қарқындылығы соншалықты, тіптен демаркациялану процесі кешеуілденіп, инфекциялық ошақтың шектелу мүмкіндігі болмайды. Флегмонаның ослайша өту сипатын кейбір авторлар
қағаз сорғышқа тамған майдың жан-жағына тез жайылуымен теңестіреді. Бет-жақсүйек аймақтары мен мойынның іріңді қабыну ауруларының топикалық диагностикасы косымша зерттеу әдістерін жүргізуді қажет етеді: термография, рентгенография, жылулық визиография, іріңді ошақты пункциялау (қабыну ошағында іріңнің бар-жоқтығын инемен сорып анықтау). Кейінгі зерттеу әдісін (пункциялау) кез келген, тіптен клиникалық тәжірибесі әлі де болса қалыптасын үлгермеген хирург-дәрігер жасай алады. Аталмыш әдіс тек іріңнің шоғырланған орнын ғана білдіртіп қоймай, сондай-ақ қабыну процесінің сипатын (сірлі, іріңді), түрін (аденофлегмона, остеофлегмона, одонтогенді флегмона) анықтауға және хирургиялық емнің қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді, нақтылап айтқанда іріңді хирургияның “Ubi pus, ibi evacua – ірің бар жерге тілік қажет” делінген басты қағиданы ұстануға нұсқау болады.
6.2.Жедел іріңді қабыну ауруларының ағымын болжамдау және емін жоспарлау Бет-жақсүйек аймақтарының және мойынның абсцестері мен флег-моналары негізінен жедел одонтогенді (тіспен байланыстылығы) қабыну аурулары болғандықтан, олардың кешенді емін ұйымдастыру барысында мына мәселелер шешуді қажет етеді: 1. Жүргізілетін ем қаншалықты қарқынды болуы тиіс? 2. Науқастың емі қай медициналық мекеме бөлімшесінде жүргізілгені тиімді? • амбулаториялық ем ретінде емха-нада ма немесе мамандан-дырылған хирургиялық ауруханада ма, әлде оның қарқынды ем жүргізілуге ар-налған бөлімшеде ме? 3. Іріңді қабыну ошағы қандай хирургиялық әдіспен және қай жерден тіліп-ашылуы қажет? 4. Хирургиялық емі қандай жан-сыздандыру әдісімен жүргізілгені тиімді? 5. Кешенді ем жүргізілу барысында мына мәселелер ескерілуі тиіс: • жедел іріңді қабыну процесі ағымының болжамы (қатерсіз, кү-мәнді, қатерлі); • науқастың жасы, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы, ілеспе аурулар-ының бар-жоғы; • орындалатын операцияның сипа-ты (жарақаттылығы, ұзақтығы және т.б.); • ауруханада емделгеннен кейін науқастың мекен-жайында емханалық көмегін кәсіптік деңгейі жалғастра алаты (реабилитациялық кезең) дәрі-герлердің бар-жоғы. Жедел одонтогенді қабыну аурула-рымен сырқаттанған науқастардың жалпы жағдайын бағалауға және инфекциялық процестің ағымын болжамдауға гематологиялық, биохи-миялық, иммунологиялық зерттеулері қажет (М. И. Азимов, Н. К. Артю-шенко, Н.Н. Бажанов, А.С. Галяпин, Ю.В. Казаков, В.А. Козлов, Е.В. Крещетов, Т.К. Супиев, Н.А. Чабанов және т.б.). Күнделікті клиникалық тәжірибеде мұндай науқастарды ауруханаға жатқыза салысымен бәріне бірдей дер кезінде тереңдетілген зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бола бермейтіні, өкінішті-ақ. Сол себептен, қысқа мерзім аралығында инфекциялық процестің ағымын болжамдауға мүмкіндік беретіндей қарапайым зерттеу әдістерін клиникалық тәжірибеге енгізу мәселелері әлі де болса толық шешімін таппай келуде. Осындай зерттеу әдістерінің бірін Т.М.Алехова, М.М.Соловьев, О.П.Большаков (2001) ұсынады. Мұнда іріңді қабыну процесінің аумағы және клиникалық белгілерінің айқындылығы (қан тамыр соғуының жиілігі, дене қызуы, лейкоциттердің саны мен сапалық құрамы, эритроциттердің тұну жылдамдығы - ЭТЖ) есепке алынып, инфекциялық процесі ағымының болжамы анықталады. Ағзаның іріңді қабыну процесіне қайырған жауабы ретіндегі реакцияларының белгілері балмен есептеу 6 кесте көрсетілген.
![]() |