Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Топографиялық анатомиясы



Аймақтың шекаралары: төменгі - бетсүйек доғасы (arcus zygomaticus) және самай сүйектің самайасты қыраты (crista infratemporalis); жо-ғарғы, алдыңғы және артқы – самай бұлшықеті бекитін самай сүйегінің үстіңгі сызығы (lin. temporalis superior); ішкі - самай және төбе сүйектерінен құралған сүйектік табақша.

Аймақтың анатомиялық құры-лымы (24 сурет). Терісі жұқа, қоз-ғалмалы, шаш өседі. Тері астының шел тіндері жақсы дамыған. Құлақ қалқаны алдынан 1 - 2 см алшақтағы шел тіндерінен а. temporalis super-ficialis және n. auriculotemporalis өтеді. Бетсүйек доғасының үстіңгі-алдыңғы үштен бір бөлімінде маңдай бұл-шықетіне бет жүйкесінің r. frontalis, ал көздің дөңгелек бұл-шықетіне - r. zygomaticus тармақтары барады.

Самай аймағының басым бөлігін самай бұлшықеті (m. temporalis) қамтыса да, ол самай шұнқырын толық жаппайды. Самай шұңқырының бос жатқан орнында самай астын және ұрт аймағын байланыстыратын шел тіндері жатады. Бұлшықет талшық-тары жоғарғы және төменгі самай сызықтарынан басталады, астыңғы жағында сіңірге ауысып, төменгі жақсүйектің тәж тәрізді өсіндісіне бекиді. Самай бұлшықеті аралығынан (кейде бұлшықет пен самай сүйекқабы аралығынан) терең самай артериясы өтеді (a. temporalis profunda).

Беттің меншікті шандыры самай аймағында берік және тығыз самай шандырына, fascіa temporalі, ауысады. Самай аймағында екі шел кеңістіктігі бар: тері мен самай апоневрозы аралығында беткей, ал оның астында - терең шел кеңістігі. Бетсүйек доғасының тұсында самай шандыры (fascia temporalis) екі шандыр табақшаға ажырайды. Біріншісі бетсүйегі доғасының ішкі, ал екіншісі - сыртқы бетіне бекіп, аралықтарында тұйық самай аймағының апоневроз аралық шел кеңістігі құрайды. Шандыр табақшалары аралығында борпылдақ шел тіндері жатады. Аталмыш шел тіндерінен ортаңғы самай артерия мен көк тамыр және бетсүйек жүйкесінің бет-самай тар-мағы өтеді.

Апоневрозалық шел кеңістігі бет-сүйегі мен самай шандырының беткей табақшасы аралығында жатқан бетсүйек аймағының шел кеңістігімен байланысып жатады. Әдетте, бетсүйек аймағы мен самай аймағының апоневрозалық шел кеңістіктерінің абсцестері мен флегмоналары ағымы ауыр дәрежелі іріңді процесс ретінде қарастырылады.

Самай апоневрозының терең табақшасы мен самай бұлшықетінің сыртқы беті аралығында апоневроз астының шел кеңістігі жатады. Аталмыш кеңістіктің үстіңгі, алдыңғы және артқы жақтары самай, шеке және самай сүйектеріне бекитін самай апоневрозымен шектелген. Шел кеңістігі самай бұлшықеті бойымен төменгі жақсүйектің тәж тәрізді өсіндісіне бекитін жеріне дейін жалғасады. Кеңістіктің төменгі бөлімі самай бұлшықеті мен бетсүйек доғасының астынғы аралығымен меншікті шайнау бұлшықеті асты кеңістігімен, одан әрі - ұрт май түйіршігімен (corpus adiposum Bicnat) байланысып жатады. Осындай байланыстың нәтижесінде іріңді процесс бойлай самай аймағының шел кеңістігін толық қамтуы мүмкін

Самайасты аймағының ана-томиялық және топографиялық ерекшеліктері: самай бұлшықетінің төменгі үштен бір бөлімінің сыртқы бетін меншікті шайнау бұлшықетінің (m. masеtter) ішкі беті жауып жатса, ішкі жағын медиальды қанат тәрізді бұлшықеті (m. ptherigoideus mеdialis) қамтиды. Осындай анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, бұл аймақтың инфекциясы ұрт бұлшықеті астына, жұтқыншақ маңы кеңістігіне немесе керісінше, самай аймағына кедергісіз өтеді.

 

24 сурет. Самай аймағы қабатта-рының құрылысы.

1 - самай сүйегі; 2 - самай бұлшықеті алдының және артының майшел тіндері; 3 - самай бұлшықеті; 4 - төменгі жақсүйектің тәж тәрізді өсіндісі; 5 - меншікті шайнау бұлшықеті; 6 - бетсүйек доғасы; 7 - шандыр аралық майшел тіні; 8 - меншікті шандыр; 9 - беткей шандыры; 10 - тері;

 

Самай бұлшықеті мен самай сүйекқабы аралығында самай айма-ғының терең шел кеңістігі жатады. Мұнда терең самай артериясы мен көктамыры өтеді. Аталмыш шел кеңістігі төменде самайасты шұң-қырына жалғасады.

Самай аймағының флегмоналары анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне байланысты мына түрлерге бөлінеді (А.И. Евдокимов, 1959):

• самай аймағының беткей флег-монасы - іріңді қабыну процесі тері және самай апоневрозы аралығында дамиды;

• самай аймағының ортаңғы деңгейінің флегмонасы - іріңді қабыну процесі самай апоневрозы мен самай бұлшықеті шандырының аралығында және бетсүйек доғасы үстінің тұйық шандырлы кеңістігінде дамиды;

• самай аймағының терең флег-монасы - іріңді қабыну процесі самай сүйегі мен самай бұлшықеті ара-лығында дамиды;

• самай аймағының жайылмалы флегмонасы - іріңді қабыну процесі самай аймағының барлық шел кеңістіктерін түгелдей қамтиды.

 

25 сурет. Самай аймағында абсцес-тердің (флегмоналардың) шоғырлану орындары: I - тері астының шел тіндерінде; II - апоневроз аралық (шандыр аралық) кеңістігінде; III - шандыр астының шел кеңістігінде; IV - бұлшықет асты шел кеңістігінде.

 

Сөйтіп, самай аймағында іріңді қабыну процестері мына шел кеңістіктерінде өтуі мүмкін: тері астының шел тіндерінде - тері астының флегмонасы, апоневроз аралығының шел кеңістігінде - апоневроз аралығының флегмонасы, апоневроз астының шел кеңістігінде - апоневроз астының флегмонасы және самай бұлшықеті астының шел кеңістігінде - самай бұлшықеті астының флегмонасы(25сурет).



Просмотров 3062

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!