Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Инфекцияның тарау жолдары. Инфекциялық қабыну процесі көр-шілес аймақтарға (иекастына, ұртқа



Инфекциялық қабыну процесі көр-шілес аймақтарға (иекастына, ұртқа, төменгі ерінге) тарауы ық-тимал.

Иек аймағының абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операция-сының орындалу реттілігі (39 а,ә суреттер):

• жансыздандыру – премедика-циямен қоса жергілікті инфильтра-циялық және иекасты тесігіне (foramen men-talis) жасалатын екі жақты өткізгіштік анестезия;

• іріңді қабыну ошағының орналасуына сәйкес және операциядан кейін қалыптасатын тыртық байқа-лмайтындай етіліп, иекастының терісі доға тәрізді немесе ортаңғы деңгейінен тік бағытта тілінеді;

• тері тілігінің бойымен теріас-тының шел тіндері және иектің бұлшықет талшықтары (m.mentalis) тілінеді. Гемостаз;

• қантоқтатқыш қысқышпен жараның жиектері астында жатқан тіндерден іріңді ошаққа қарай тереңдете тұйық ажыратылып, ірің шығарылады;

 

 

39 сурет. Иек аймағының абсцесі мен флегмонасында тері тілігінің орны және бағыты.

 

• ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі;

• іріңді жараға гипертониялық немесе антисептикті ерітінділермен ылғал-данған асептикті дәке таңғыш салынады.

 

6.5. БЕТТІҢ АЛДЫҢҒЫ БӨЛІМІНІҢ (ОРТАҢҒЫ) ТЕРЕҢ АЙМАҚТАРЫ

6.5.1. Көзұясының абсцесі мен флегмонасы (region orbitalis)

Аймақтың шекаралары: Аймақ көзұясын және оның ішіндегі анатомиялық құрылымдарды шектей-тін сүйектік қабырғаларына сәйкес. Көзұясының кіреберісі аралық көзұя қабырғасы (septum orbitale) деп аталатын тығыз шандырмен астар-лалған. Аталмыш шандыр табақша көзұясының кіреберісін шектейтін сүйекқабына және қабақтың шемір-шектеріне бекиді. Сөйтіп, аралық көзұя қабырғасы көзұясын екіге бөледі: беткей немесе қабақ аймағы (region palpebralis) және терең немесе көзұясының меншікті аймағы (region orbitalis). Мұнда көз алмасы, оны қозғалтатын бұлшықеттер, қан тамырлары мен жүйке тармақтары, майлы шел тіндері жатады (40 сурет).

Көзұяның үстіңгі қабырғасы (paries superior orbitalis) бассүйектің алдыңғы шұңқырымен (fossa cranii anterior) және маңдай қойнауымен (sinus frontalis), төменгі қабырғасы (paries inferior orbitalis) - жоғарғы жақсүйек (гаймор) қойнауымен шектеледі. Төменгі қабырғасынан көзұяасты өзегінің тесігі (canalis infraorbitalis), ал сыртқы қабырғасынан - бетсүйек-самай өзегінің тесіктері ашылады.

Ішкі қабырғасы (paries medialis orbitalis) сына сүйек қойнауымен (sinus sphenoidalis) және тор лабиринтінің ұяшықтарымен (cellulae ethmoidales) шектеледі.

Көзұясының артқы бөліміне үстіңгі және төменгі көзұя саңылаулары ашылады (fissure orbitalis superior et inferior). Біріншісі көзұясын бассүйек қаңқасының ортаңғы шұңқырымен (fossa cranii media) байланыстырып, көптеген қан тамырларын және жүйке тармақтарын өткізеді: vv. op-hthalmicae, n. oculomatoris, n. op-hthalmicus, n. trochlearis, n. abducens. Көру өзегінен көз жүйкесі мен көру артериясы (a. ophthalmica - ішкі ұйқы артерияның, a. corotis interna бұтағы) бірге көзұясына кіреді.

Көзұясының төменгі саңылауы көзұясын қанат-таңдай (fossa ptery-gopalatina) және самайасты (fossa infratemporalis) шұңқырларымен бай-ланыстырады. Аталмыш саңылау арқылы көзұясына r. maxillaries n. trigemini соңғы тармағы (n. infraorbitalis) барады.

Көзұясының алдыңғы бөлімінде көз алмасы орналасады. Оның артында қан тамырлары мен жүйкелерді қоршайтын мол майлы шел тіндері жатады. Көз алмасы шел тіндерінен тығыз дәнекер тінді қабымен (capsula bulbi) шектеледі. Көзұясында жеті бұлшықеті жатады, солардың бірі (m. levator palpebrae superior) жоғарғы қабаққа бекиді, қалғандары (4 тік және 2 қиғаш) көз алмасының ақ қабығына бекіп, оның қозғалысын қамтиды.



Просмотров 1616

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!