![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Меншікті шайнау бұлшықетасты кеңістігінің абсцесі мен флегмона-сынның жергілікті клиникалық белгілері
Науқас құлақ маңы-шайнау аймағы-ның сыздап немесе солқылдап ауруыну, ауызының мүлдем ашыл-мауына, соған байланысты тағам шайнауы бұзылуына шағымданады. Меншікті шайнау бұлшықетінің және айналасының жұмсақ тіндері ісінуінен беттің симметриясы бұзылады. Әдетте. инфильтрат үстінің терісі өзгеріссіз. Меншікті шайнау бұлшықетін және ауыз қуысының кіреберісін пальпациялағанда ауыр-сыну сезімі үдей түседі. Меншікті шайнау бұлшықеттің контракту-расынан ауыздың ашылуы шектеледі. Инфекцияның тарау жолдары(76 сурет). Ұрт, құлақ маңы, самайасты аймақтарына, құлақ маңы-шайнау аймағының теріасты шел тіндеріне, төменгі жақсүйек бұтағына. Науқастың дәрігерлік көмекке кеш келіп қаралуында немесе флегмона-ның емі нәтиже бермесе инфекциялық процесс тәж тәрізді өсінді мен самай бұлшықеті сіңірінің сыртқы беті бойымен жоғары көтеріліп, самай шел кеңістігінің шандыры астынан өтетін саңылауға жетеді. Осы саңылаудан ірің жоғары, артқа немесе алға қарай (бассүйектің төбесіне немесе маңдай аймақтарына) тарауына самай шанды-рының жоғарғы самай сызығына бекитін жері тосқауыл болады. Самай аймағынан ірің ұрт май түйіршігінің өсінділері бойымен алдынғы жағына және төмен (бетсүйек доғасының астымен) қарай жол тауып, ұрт май түйіршігінің абсцесін тудыруы мүмкін. Сирек жағдайда, қабыну процесі шайнау-жақсүйек саңылау-ымен төменгі жақсүйек бұтағының артқы қыры және ішкі беті бойымен қанат-жақсүйек кеңістігіне немесе жақсүйекарты шұңқырына өтеді.
76 сурет. Меншікті шайнау бұлшықетасты шел кеңістігінен іріңді процесінің таралу жолдары: А – аймақтың жазықтық бағыттағы көрнісі; Ә - аймақтың алдынан қарағандағы (фронтальды) көрнісі.
Меншікті шайнау бұлшықетасты кеңістігінің (spatium submassetericum) абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі (77,А,Ә суреттер). • жансыздандыру – наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық) немесе жергілікті инфильтрациялық және өткізгіштік жансыздандыру Берше-Дубов, В.М. Уваров, А.В., Вишневский бойынша; • науқастың басын қарсы жағына қарай бұр- ып, төменгі жақсүйектің астынғы қыры мен бұрышы сипап анықталады; • бет жүйкесінің шеткері тармақтарын (r. marginalis mandibulae n. facialis) жара- қаттамау үшін, төменгі жақсүйек бұ- рышынан 1,5 - 2 см төмен және жақсүйек артынан іріңді ошақтың көлеміне сәйкес, орта шамамен 4 - 5 см ұзындықта тері, тері астының шел тіндері тілінеді (77,Б,В суреттер); • тері астының шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ажы-ратылып, жараның үстінгі жиегі тері астының бұлшықеті (m. platysma) мен оны жабатын мойынның беткей шандыры (fascia colli superficialis) бойымен жақсүйек бұрышы мен меншікті шайнау бұлшықетінің (m. massetter) төменгі бөлімі ашылғанша, жоғары көтеріледі (77,Г сурет). Ге-мостаз; • меншікті шайнау бұлшықетінің шандыры (fascia massetterica) сіңірімен бірге жақсүйектің бұрышына бекитін жерінде тілінеді (77, Д,Ж суреттер); • меншікті шайнау бұлшықетінің (m. massetter) сіңірі сүйек қырғы-шымен (распатор) жақсүйектің бұры-шынан ажыратылып, бұлшықеттің астынан ірің шығарылады (77,З,И суреттер). Гемостаз;
77 сурет. Меншікті шайнау бұл-шықеті асты кеңістігінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операция-сының орындалу кезеңдері • іріңді жара антисептикалық ерітінділермен жуып шайылады; • іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтіктер енгізіледі (77,К,Л суреттер); • гипертониялық немесе анти-септикалық ерітінділермен дымқыл-данған асептикті дәке танғыш салына-ды; 6.6.3.4. Төменгі жақсүйекарты шұңқырының абсцесі мен флегмонасы (fossa retromandibularis)
![]() |