Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Топографиялық анатомиясы. Самайасты шұңқырының шекара-лары (83,А сурет): жоғарғы - самайасты қыратының (crista infra-temporalis) астында



Самайасты шұңқырының шекара-лары (83,А сурет): жоғарғы - самайасты қыратының (crista infra-temporalis) астында жатқан сына сүйектің самайлық жағы бетінің төменгі бөлімі (facies temporalis ossis sphenoidalis); алдынғы - жоғарғы жақсүйектің төмпешігі (tuber maxlla) және бетсүйектің самайлық беті (facies temporalis ossis zygomaticum); ішкі - қанат тәрізді өсіндінің латеральды табақшасы (lamina lateralis ossis sphnoidalis); сыртқы - төменгі жақсүйек бұтағының (ramus man-dibulae) ішкі беті және самай бұл-шықетінің сіңірі; артқы- самай сүйектің біз тәрізді өсіндісі (processus styloideus) және соған бекитін бұлшықеттер (mm stylohyoideus, styloglossus, stylopharyngeus - Риолонов шоғыры); төменнен - самайасты шұнқыры ұрт-жұтқыншақ шанды-рының жұқа табақшасымен (fascia bucapharryngea) тұйықталады, арты-нан - қанат-жақсүйек кеңістігімен қатынасады. Сондай-ақ, fissura or-bitalis inferior арқылы самай астының көзұя шұңқырымен, ал fissura pterigomaxillaris - қанат-таңдай шұң-қырымен қатынасады.

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары

Жоғарғы 7,8 I 8,7 үлкен азу тіс-терінің одонтогенді инфекциялық ошақтары, жоғарғы жақсүйек төмпешігіне жасалатын өткізгіштік анестезия (туберальды анестезия) кезінде инфекцияның енуінен, қанат-жақсүйек кеңістігінен, самай, ұрт және құлақ маңы-шайнау аймақтарынан тарайтын екіншілік іріңді қабыну процесі.

Самайасты шұнқырының абсцесі мен флегмонасының клиникалық белгілері

Науқас басы ауруына, ауырсыну сезімі самай аймағына, көзге, жоғарғы жақсүйектің тістеріне тарауына ша-ғымданады. Дене қызуы 38°С дейін, одан да жоғары көтеріліп, денесінен бұршақтап тер шығуы мүмкін. Ірінді процесс жұтқыншақ маңында бірлесіп өтетін болса, науқастың жұтынуы және тыныс алуы қиындайды.

 

83 сурет. Самайасты шұңқырының шекаралары (А) және инфекциялық процестің тарау жолдары (Ә)

А: 1 – сына сүйектің үлкен қанаты, ala major ossis sphenoidalis; 2 – самай қыраты, crista intratemporalis; 3 – қанат тәрізді сүйектің латеральды өсіндісі, lamina lateralis procctsus pterygoidea; 4 – жоғарғы жақсүйек-тің төмпешігі, tuber maxillae; 5 – бет сүсйегі, os zygomaticum; Ә: 1 - самай аймағының шел кеңістіктері (regio temporalis); 2 - құлақ маңы шайнау кеңістігі (regio parotidomasseterica); 3 - қанат-жақсүйек кеңістігі (spatum pterigomandibulare); 4 - сына сүйегі (os sphenoidalis); 5 - бас миының қабықшалары (meningeus) және бас миы.

 

Іріңді процестің бастапқы кезең-дерінде науқастың бет пішіні өзгер-мейді, тек кейін құлақ маңы-шайнау, ұрт және самай аймақтарының жұмсақ тіндері ісінуінен беттің симметриясы бұзылады. Ірінді процестің алғашқы клиникалық белгілерін ауыз қуысынан көруге болады. Үлкен азу тістері денгейінің және жоғарғы жақсүйек төмпешігінің артқы бөлімінің өтпелі қатпары ісініп, шырышты қабығы қызарады. Пальпациялағанда жоғарғы жақсүйек төмпешігінің артқы тұсынан ауырсыну сезімін тудыратын инфильтрат анықталады. Ауыздың ашылуы шектеулі.

Инфекцияның тарау жолдары

Самай, құлақ маңы-шайнау ай-мақтарына, қанат-жақсүйек және жұт-қыншақ маңы кеңістіктеріне, көз-ұясына, бассүйектің түбіне, әрі қарай іріңді процесс ми қабықшаларына, бас миына өтуі мүмкін (83,Ә сурет).

 



Просмотров 1825

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!