Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Самайасты шұңқыры абсцесінің хирургиялық емі



Іріңді ошақ ауыз қуысы кіребе-рісінің өтпелі қатпарынан, жоғарғы үлкен азу тістері деңгейінің бойымен шырышты-сүйекқабы бірге тілінеді. Іріңді ошақты толық ашу үшін, тілінген жерден тұйық аспап (қан-тоқтатқыш қысқыш) енгізіп, оны жоғарғы жақсүйек төмпешігінің бойымен артқа, жоғары және ішке қарай жылжыта отырып, жұмсақ тіндер ажыратылады, ірің шығарылады. Ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі. Іріңнің кедергісіз шығуын қамту үшін және іріңді жараны антисептикалық ерінтінділермен өңдеп тұруға бетсүйек доғасы тұсынан қосымша контрапертуралық тілік жасап, оны ауыз қуысынан ашылған жарамен байланыстырған соң ірің өткізгіш қалдырылады.

Самайасты шұңқырының абсцесін тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі (84 сурет):

• жансыздандыру премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық анестезия немесе жалпы наркоз;

• ауыз қуысы кіреберісінен жоғарғы үлкен азу тістері тұсының өтпелі қатпарынан 2 - 3 мм төмен шырышты қабығы мен сүйекқабы 1,5 - 2 см ұзындықта тілінеді (84,А,Ә суреттер);

 

 

84 сурет. Самай асты шұңқырының абсцесін ауыз қуысы ішінен тіліп ашу операциясының орындалу кезеңдері.

• қырғышпен (распатор) жараның жоғарғы жиегі сүйектен 1 - 1,5 см тереңдікке ажыратылады;

• қантоқтатқыш қысқышпен са-майасты кеңістігінің шел тіндері тереңдетіле тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (84,Б сурет);

• ауыз қуысындағы тілінген жарадан самай астының шел кеңістігіне резеңке жолақ енгізіледі (84,В сурет).

Самайасты шұңқырының флегмо-насы - көрші анатомиялық аймақтарда өтетін жайылмалы іріңді қабыну процесі. Сондықтан іріңнің кедергісіз шығуын қамту үшін, көрші ай-мақтарда жатқан шел кеңістіктерін ашуға мүмкіндік беретіндей операция әдісін жасау өте маңызды. Айталық, жұтқыншақ маңы кеңістігі мен самайасты шұңқырында бірлесіп өтетін флегмонаны (әдетте, осылайша бірлесіп өтетін флегмонада іріңді процесс қанат-жақсүйек аймағында бірге өтуі мүмкін) төменгі жақсүйек бұрышының қырынан тіліп ашқан тиімді. Мұндайда алдымен ішкі (медиальді) қанат тәрізді бұлшықеті (m. pterigoideus mеdialis) төменгі жақсүйекке бекитін жерінен босатылып, қантоқтатқыш қысқышпен жақсүйек бұтағының ішкі беті бойымен шел тіндері тұйық ажыратылып, қанат-жақсүйек кеңіс-тігі (spatum pterigomandibulare) және самайасты шұңқыры ашылады.

Іріңді процесс құлақ маңы-шайнау аймағы мен самайасты шұңқырында бірлесіп өтуінде, алдымен бетсүйек доғасының астынан, содан соң төменгі жақсүйекасты аймағынан тілік жаса-лады. Әрі қарай төменгі жақсүйек бұтағының жарты айшықты ойығы мен бетсүйек доғасы аралығынан қантоқтатқыш қысқышпен самайасты шұңқырының шел кеңістігі ашылады. Ашылған іріңді жарадан самайасты шел кеңістігіне түтікті ірің өткізгіш енгізіледі.

Іріңді инфекциялық процесс самай аймағы (әдетте мұндай жағдайда іріңді қабыну процесі бұлшықет астының шел кеңістігінде өтеді) мен самайасты шұнқырында бірлесіп өтетін болса, іріңді ошақ самай аймағынан тілініп ашылады. Содан кейін қантоқтатқыш қысқышпен са-май бұлшықетінің алдынғы жиегінен самайасты шұңқырының шел кеңіс-тігінен ірің шығарылады. Мұндайда қосымша ауыз қуысының кіребері-сінен тілік жасаған тиімді. Іріңді жараға полихлорвинильді ірің өткіз-гіш түтік енгізіледі.

 

6.7.2. Қанат-жақсүйек кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы

Топографиялық анатомиясы.

Қанат-жақсүйек кеңістігі төменгі жақсүйек бұтағының ішкі беті мен медиальді қанат тәрізді бұлшықет аралығын қамтиды (85 сурет).

 

 

85 сурет. Қанат тәрізді бұлшық-еттері (бетсүйек пен оның доғасы және тәж тәрізді өсінді алынып тасталған)

 

Қанат-жақсүйек кеңістігінің шека-ралары: үстінгі - латеральды қанат тәрізді бұлшықеті (m. pterigoideus mеdialis) мен қанат тәрізді бұл-шықеттері аралығының шандыры; төменгі - медиальды қанат тәрізді бұлшықеттің (m. pterigoideus mеdialis) сіңірі төменгі жақсүйектің бұрышы мен бұтағына бекитін деңгейінің үсті; сыртқы - төменгі жақсүйек бұтағы-ның (ramus mandibulae) ішкі беті; ішкі - медиальды қанат тәрізді бұлшық-еттің артқы және сыртқы беті; алдыңғы - ұрт бұлшықетінің қанат-жақсүйек жігіне бекитін жері және ұрт-жұтқыншақ жігі (raphe buccopharyngea).

Қанат-жақсүйек кеңістігінің шел тіндері төменде жақсүйек-тіл науамен және төменгі жақсүйекасты үшбұрыш-ымен, артында - жақсүйек артының шұңқыры арқылы құлақ маңы сілекей безімен қатынасып жатады, жұт-қыншақ маңы аймағымен, самайасты және қанат-таңдай шұңқырларымен байланысы бар. Кеңістіктің сыртқы қабырғасының орта шамасында (төменгі жақсүйектің ішкі беті) foramen mandibulare ашылады, одан төменгі альвеолалық жүйке, артерия мен көктамыр шығады.

Медиальды қанат тәріздібұлшық-еті, m. pterygoideus medialis, басқа бұлшықеттерден біршама қалың, қанат-таңдай шұңқырында жоғарғы жақсүйектің артқы бетінен басталып, төменгі жақсүйек бұрышының ішкі бетіне бекиді. Бұлшықеттің алдыңғы жиегі жұтқыншақтың жоғарғы қысқы-шының (сфинктрінің) алдыңғы қабыр-ғасына еніп, онымен артқа ашылатын өткір бұрыш құрайды; артқы қа-бырғысының ішкі бетіне құлақ маңы сілекей безінің жұтқыншақтық өсін-дісі тиіп жатады; бұлшықеттің төменгі бөліміне жақсүйек астының сілекей безі жақын орналасады. Қанат аралық шандыр жұтқыншақ маңы кеңістігін латеральды қанат тәрізді бұлшық-етінен шектеп, негізгі-жұтқыншақ шандырмен бірге бассүйек сауытының түбінде төмен қарай ашылатын өткір бұрыш құрады. Медиальды қанат тәрізді бұлшықетін қаптайтын шандыр үстіңгі жағында қанат аралықшандырмен, артында - қүлақ маңы сілекей безінің қабымен, төменде – жақсүйекасты сілекей безінің қабымен бірлесіп өтеді.

Ф.Войно-Ясенецкийдің (1947) мә-ліметі бойынша, қанат аралық шандыры, медиальді (ішкі) қанат тәрізді бұлшықеті төменгі жақсүйектің бұтағына бекитін жеріне жетіп, қанат-жақсүйек кеңістігін екі жартыға бөле-ді: үстінгі-сыртқы және төменгі-ішкі. Аталмыш кеңістіктің осындай анатомиялық және топографиялық ерекшеліктері, қанат-жақсүйек кеңісті-гінің флегмонасын тіліп ашқанда ескерілуі тиіс. Қанат-жақсүйек кеңіс-тігі үстінгі жағында қанат аралық кеңістігімен (ішкі және сыртқы қанат тәрізді бұлшықеттер аралығы), әрі қарай латеральді қанат тәрізді бұл-шықеті мен самай бұлшықеті сіңірге ауысатын бөлімі (төменгі жақсүйектің айдаршық өсіндісіне бекитін жері) аралығында самай-қанат кеңістігім, ал самай бұлшықеті бойымен - самайасты шұнқырымен байланысы бар.

Кеңістіктің жоғарғы бөліміне ұрт май түйіршігі (Биша май түйіршігі, corpus adiposum buccae) таяу жатуы, іріңді процестің ұрт және самай аймақтарына өтуіне себеп болуы мүмкін. Сөйтіп, қанат-жақсүйек кеңіс-тігінің артқы-жоғарғы және алдыңғы бөлімдерінде тұйық шекара болмайты-нын анғаруға болады.

Бассүйектің түбінен ашылатын сопақ және дөнгелек тесіктерінен шы-ғатын үш тармақты жүйкенің II - III тармақтары бойымен қанат-жақсүйек кеңістігі бассүйектің ішімен байла-нысып жатады.

Самай-қанат және қанат аралық кеңістіктерінен жоғарғы жақсүйек артериясы (a. maxillaris) мен оның көптеген бұтақтары (төменгі жақсүйек өзегінен - canalis mandibulae өтетін төменгі альвеолалық артерия - a. alveolaris inferior), төменгі жақсүйек жүйкесінің тармақтары (n. alveolaris inferior, n. lingualis) және қанат көктамыр өрімін (plexus pterygoideus) құрайтын көктамырлар өтеді.

Іріңді процестің дамуына мандибу-лярлы немесе торусальді анестезия, сондай-ақ төменгі ақыл тістің кедер-гіленіп жарып шығуының асқынулары себеп болуы мүмкін.

Қанат-жақсүйек кеңістігі тар, кішкене көлемді саңылау болған-дықтан, мұнда шоғырланған ірінді жалқық кеңістіктің ішінде едәуір қысым жасауынан, солқылдаған ауырсыну сезімін тудырады және қабыну процесінен айналасындағы бұлшықеттер тітіркеніп, төменгі жақ-сүйегі қарысады және ауыздың ашылуы едәуір шектеледі (тризм).

Айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, қанат-жақсүйек кеңістігінде іріңді қабыну процесі өте ауыр дәрежелі ағымда өтінін, асқынуға бейімділігі жоғары, кейде науқастың өміріне қауіп төндіретін флегмона-лардың бірі екендігін үнемі естен шығарылмауы тиіс.

Латеральді және медиальді қанат тәрізді бұлшықеттері аралығында, қанат-жақсүйек кеңістігімен тығыз байланысы бар қанат аралық шел кеңістігі жататыны ескерілуі тиіс (Н.П.Пирогов бойынша - іnterstіtіum іnterpterydoіdeum). Кеңістіктің анато-миялық құрылымдарын тек бетсүйегі мен төменгі жақсүйек бұтағы алып тасталғанда ғана анық көрінеді (86 сурет).

Шекарасы: ішкі - қанат тәрізді өсінді және жұтқыншақтың сыртқы беті; үстіңгі – сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының сыртқы беті; төменгі – тіласты кеңістігіне ауысып, медиальді қанат тәрізді бұлшықетімен шектеледі; сыртқы - төменгі жақ-сүйектің бұтағы.

 

86 сурет. Қанат аралық шел кеңістігі. 1 – тәж тәрізді өсінді самай бұлшықетімен бірге жоғары қайырылған; 2 – самай бұлшықеті; 3 – жоғарғы жақсүйектің бетсүйектік өсіндісі; 4 – ұрт бұлшықеті; 5 – медиальды қанат тәрізді бұлшықеті; 6 – төменгі жақсүйектің бұтағы (кесілген); 7 – құлақ маңы сілекей безі.

 

Кеңістікте қанат тәрізді бұлшықеті жатады, қанат көктамыр өрімі, жоғарғы жақсүйек артериясы, төменгі және жоғарғы жақсүйек жүйкелері өтеді. Мұнда самайасты және қанат-таңдай шұңқырлары, қанат-жақсүйек және жұтқыншақ маңы кеңістіктері ашылады. Қанат аралық шандыры аталмыш кеңістіктің ішкі бетінен өтіп, бассүйек қаңқасының түбі және қанат тәрізді өсіндісі мен төменгі жақ-сүйектің ішкі беті аралықтарында керіліп тұрады.

 

87 сурет. Қанат көктамыр өрімінің анастомозалық (ұштастық) байланыс-тары. (С.С.Михайлов бойынша)

1 - менингиальды көктамырлармен бас миының қатты қабықшалық қойнауларының өзара байланысы; 2 - көзұясының көктамырлары және кеуекті қойнау; 3 - бет көктамыры; 4 - қанат көктамыр өрімімен ұштастық; 5 - сыртқы мойындырық көктамырына қанның өтуі бағыты; 6 - қанат көктамыр өрімінің кеуекті қойнаумен байланысы; 7 - ішкі мойындырық көктамыры; 8 – қанат көктамыр өрімі; 9 - жоғарғы сагитальді қойнау.

 

Жорғарыда көрсетілген шел кеңістіктерінің борпылдақ тіндерінен көптеген артериялар мен көктамыр бұтақтары өтеді. Олар бір-бірімен ұштастық құрып, айналасында жатқан анатомиялық құрылымдарды қанмен қамтиды.

Латеральды қанат тәрізді бұл-шықеттің сыртқы бетінен өтетін қанат көктамыр өрімі клиникалық тұрғыдан өте маңызды, себебі ол бастың барлық дерлік көктамыр арнасымен байланысы бар (87 сурет).

В.Ф.Войно-Ясенецкийдің мәліметі бойынша, самай-қанат шел кеңіс-тігінде өтетін іріңді процесс ортаңғы менингиальды артерия және үш тармақты жүйкенің бойымен, бас-сүйегі түбінің тесіктері арқылы (сопақ, қыл және дөңгелек) мидың қатты қабықшасына өтуі мүмкін.



Просмотров 1765

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!