Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Инфекцияның тарау жолдары. Жұтқыншақ маңы артына, мой-ынның қан тамыр-жүйке шоғырының шандыр қынабына



Жұтқыншақ маңы артына, мой-ынның қан тамыр-жүйке шоғырының шандыр қынабына, шандыр табақ-шалары бойымен көкірек аралық кеңістігіне тарауы мүмкін.

Бір жағының өзімен аттас тө-менгі жақсүйекасты және тіласты шел кеңістіктерін қамтитын, ауыз қуысы түбінің флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу ретілігі (116,А сурет) жансыздандыру – наркоз (инга-ляциялық) немесе премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия: Берше-Дубов, В.М. Уваров, А.В. Вишневский бойынша;

• иектің орта тұсынан 1,5 - 2 см төмен, жақсүйектің бұрышына дейін жалғастырып, ұзындығы қабыну ин-фильтраты аумағына тең етіліп тері, тері астының шел тіндері тілінеді (116,Ә,Б суреттер);

• тілінген жараның үстіңгі жиегі (тері және тері астының майлы шел тіндері) мойынның теріасты бұлшық-еті (m. platysma) мен беткей шандырынан (fascia colli superficialis) төменгі жасүйектің астыңғы қыры ашылғанша қантоқтатқыш қысқышпен немесе Купер қайшысымен тұйық ажыратылады. Тері астының шел тіндерімен бірге бет жүйкесінің шеткері тармақтары жоғары көтері-леді;

• мойынныңтеріасты бұлшықеті (m. platysma) мен меншікті шандыр-дың беткей табақшасы іріңді инфиль-траттың үстінен 1 см ұзындықта тілінеді (116,В сурет);

• теріасты бұлшықеті астында жатқан тіндерден қантоқтатқыш қысқышпен босатылады;

• мойынның теріасты бұлшықеті және оның шандыр табақшасы қан-тоқтатқыш қысқыштың бойымен тері тілігінің ұзындығына сәйкес тілінеді. Гемостаз (116,Г сурет);

• мойынның меншікті шанды-рының беткей табақшасын (lamina superficialis fasciae colli propriae) тіліп, төменгі жақсүйекасты сілекей безінің қабы ашылады (116,Дсурет);

• бет артериясы (a. facialis) мен көктамырына (v. facialis) байлам салынып, кесіледі. Гемостаз (116,Е, Ж суреттер);

• сілекей безі төмен қарай ығыс-тырылып, төменгі жақсүйек астының кеңістігі тексеріледі. Сілекей безі мен мойынның меншікті шандырының терең табақшасы аралығында жатқан шел тіндері қантоқтатқыш қысқыш-пен ажыратылып, ірің шығарылады (116,З,И суреттер);

· жақсүйек-тіласты бұлшықетінің (m.mylohyoideus) талшықтары қантоқ-татқыш қысқышпен тұйық ажыраты-лып, ірің кедергісіз шығатындай етіліп, тіл астының және төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерінің аралығы кеңейтіледі, ірің шыға-рылады. Түбегейлі гемостаз;

• ашылған тіласты және төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктеріне резеңке жолақ енгізіледі (116,К сурет);

• тіласты аймағынан ірің шығару үшін альвеолалық өсінді бойымен ауыз қуысының шырышты қабығы инфильтраттың үстінен тілінеді (116,Л,М суреттер);

 

 

 

116 сурет.Өзімен аттас жақта-рының төменгі жақсүйекжәне тіл асты аймақтарынның флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу кезеңдері.

 

• тіндер қантоқтатқыш іріңді ошаққа қарай қысқышпен тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (116, Н, О суреттер);

• іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді ірің өткізгіш енгізіледі (116,П сурет);

• ауыз қуысы түбінің сыртынан ашылған жараға антисептикалық ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке таңғыш салынады.

 

7.1.3.3. Екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы.

Екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасының клиникалық белгілері.

Науқасмойнының үстіңгі бөлімінің ауырсыну сезіміне, сөйлегенде, ауыр-сыну сезімі үдей түсуіне, жұтынуы қиындауына шағымданады. Тыныс алуы бұзылуы мүмкін. Науқастың қалпы кейде мәжбүрлі - еңкейіп, басын төмен түсіріп отырады.

Оң және сол жақ тіласты аймақтарының тіндері едәуір ісінеді, ауыз қуысы түбінің терісі қызарып, керіліп тұрады. Иекасты және жақсүйекасты аймақтарын пальпа-циялағанда шекарасы айқын емес, басқанда ауырсыну сезімін тудыратын тығыз инфильтрат анықталады. Қабыну процесі ұзаққа созылатын болса флюктуация белгісі байқалуы мүмкін. Тілдің қозғалысы шектеулі, ауыз қуысына сыймай, аузы жартылай ашық. Тілдің жандарынан тіс сауыттарының іздерін көруге болады. Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарып, домбыққан, сипап тексергенде және басқанда ауырсыну сезімі пайда болады.



Просмотров 1170

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!