Главная Обратная связь

Дисциплины:

Архитектура (936)
Биология (6393)
География (744)
История (25)
Компьютеры (1497)
Кулинария (2184)
Культура (3938)
Литература (5778)
Математика (5918)
Медицина (9278)
Механика (2776)
Образование (13883)
Политика (26404)
Правоведение (321)
Психология (56518)
Религия (1833)
Социология (23400)
Спорт (2350)
Строительство (17942)
Технология (5741)
Транспорт (14634)
Физика (1043)
Философия (440)
Финансы (17336)
Химия (4931)
Экология (6055)
Экономика (9200)
Электроника (7621)


 

 

 

 



Инфекцияның тарау жолдары. Тіл астының, жұтқыншақ маңы аймақтарының шел кеңістіктеріне



Тіл астының, жұтқыншақ маңы аймақтарының шел кеңістіктеріне, тіл түбіріне, мойынның қан тамыр-жүйке шоғырының шандыр қынабы бойымен көкірек аралық кеңістігіне тарауы мүмкін.

Екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу ретілігі:

Ауыз қуысы түбінің екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын флегмонасында (117,А сурет) бірінен кейін бірі орындалатын екі операция жасалады. Оң және сол төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін тіліп ашқанда, иекасты шел кеңістіктері тексерілуі тиіс және тері тіліктері аралығында ені 2 - 2,5 см бүтін тері жолағы қалдырылады. Оперция келес3дей орындалады.

• жансыздандыру – наркоз (ингаляциялық) немесе премедика-циямен қоса жергілікті инфиль-трациялық және өткізгіштік анестезия: Берше-Дубов, В.М. Уваров, А.В. Вишневский бойынша;

• иектің астыңғы қырының орта тұсынан 1,5 - 2 см төмен, жақсүйектің бұрышы дейінгінен 1,5 см ал-шақтықта, ұзындығы қабыну инфиль-траттың өлшеміне сәйкес тері және тері астының шел тіндері тілінеді (117,Ә сурет);

• тілінген жараның үстіңгі жиегі (тері және тері астының шел тіндері) мойынның теріасты бұлшықетінен (m. platysma) және оны жабатыт беткей шандыр табақшасынан (fascia colli superficialis) қантоқтатқыш қысқыш-пен немесе Купер қайшысымен төменгі жақсүйектің астыңғы қыры ашылғанша тұйық ажыратылады. Тері астының шел тіндері ілмекпен бет жүйкесінің шеткері тармақтарымен бірге жоғары көтеріледі;

• тері астының бұлшықеті (m. platysma) мен мойынның беткей шан-дыр табақшасы іріңді инфильтраттың үстінен 1 см ұзындықта тілінеді;

• тері астының бұлшықеті қан-тоқтатқыш қысқышпен астында жатқан тіндерден босатылады;

• мойынның теріасты бұлшықеті және оның шандыр табақшасы қантоқтатқыш қысқыштың бойымен тері тілігінің ұзындығына сәйкес тілінеді. Гемостаз;

• мойынның меншікті шанды-рының беткей табақшасы (lamina superficialis fasciae colli propriae) тілініп, төменгі жақсүйек асты сілекей безінің қабы ашылады;

• қажет болса гемостаз ретінде бет артериясы (a. facialis) мен көктамырына (v. facialis) байлам салып, кесіледі;

• төменгі жақсүйекасты сілекей безін төмен қарай ығыстырып, жақ-сүйекасты кеңістігінің терең бөлімдері тексеріледі. Сілекей безі мен мой-ынның меншікті шандырының терең табақшасы аралығында жатқан шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен ажыратылып, ірің шығарылады (117,Б сурет);

• осындай хирургиялық іс-әрекет қарсы жағының төменгі жақсүйекасты шел кеңістігіне де жасалады (2-9 кезеңдер);

• жақсүйек астынан ашылғаніріңдіжараларының жиектерінде иек астының теріасты шел тіндері мойынның меншікті шандырының беткей табақшасынан (lamina superficialis fasciae colli propriae) түйық ажыратылады (117,В сурет);

• мойынның меншікті шандыры (fascia colli propria) мен жақсүйек-тіласты бұлшықеті

(m.mylohyoideus) ортаңғы денгейінен тілінеді;

• тіндерді қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ашып, иекасты аймағының шел кеңістігі тексеріледі. Түбегейлі гемостаз;

• иек астының және екі төменгі жақсүйек астының шел кеңістіктері өзара біріктіріп, резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген поли-хлорвиниль түтік енгізіледі (117,Г,Д суреттер);

• ауыз қуысы түбіндегі іріңді жараларға гипертониялық немесе антисептикалық ерітінділерімен ылғалданған асептикті дәке таңғыш салынады.

 

117 сурет. Екі төменгі жақсүй-екасты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасын тіліп ашу операция-сының кезеңдері.

 

7.1.3.4. Екі төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарының шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы.

Екі төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарының шел ке-ңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбі флегмонасының клиникалық белгілері.

Науқас дене қызуының көтерілуіне, әлсіздік пайда болып, мазасы кетуіне, тәбетінің төмендеуіне, ұйқысы бұзылуына, жұтынуы кедергіленіп, ауырсыну сезімін тудыруына, мойнының жоғарғы бөлімінің екі жағы бірдей ауыруына шағымданады. Тыныс алуы бұзылады.

Әдетте, науқастың қалпы мәжбүрлі – тыныс алуын жеңілдету үшін басын төмен түсіріп, еңкейіп отырады. Аузы жартылай ашық, үнемі сілекей ағады. Тынысы беткей, жиі және қырыл естілуі мүмкін.

 

118 сурет. Екі төменгі жақсүй-екасты және тілсты аймақтарының шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы

 

Оң және сол жақ тіласты аймағының тіндері ісінуінен бетінің симметриясы бұзылады (118 сурет). Терісі қызарып, керіліп тұрады, қатпарға жинақталмайды. Иек және екі жағының жақсүйекасты аймақ-тарын пальпациялағанда шекарасы айқын емес, ауырсыну сезімін тудыратын тығыз инфильтрат анықталады. Флюктуация белгісі байқалуы мүмкін. Ауыздың ашылуы шектеулі. Тіл астының тіндері ісінуінен, екінші тіл қалыптасқандай бейнеленеді. Ауыз қуысының шырышты қабығы домбығып, қызарады, беті фиброзды өңезбен жабылады. Тілдің өлшемі ұлғаюынан, ауыз қуысына сыймай, көтеріліп тұрады, қозғалысы шектеледі. Ауыздан жағымсыз иіс шығады. Ауыз қуысы ішінен пальпациялағанда тілдің оң және сол жақ астынан тығыз инфильтрат анықталады. Басқанда ауырсыну сезімі пайда болады.



Просмотров 1349

Эта страница нарушает авторские права




allrefrs.su - 2025 год. Все права принадлежат их авторам!