![]()
Главная Обратная связь Дисциплины:
Архитектура (936) ![]()
|
Инфекцияның тарау жолдары. Жұтқыншақ артының шел кеңістігін тұйықтайтын қабырғалар болмайтын-дықтан
Жұтқыншақ артының шел кеңістігін тұйықтайтын қабырғалар болмайтын-дықтан, мұндағы іріңді инфекция өңештің бойымен тарап, артқы медиастенит тудыруы мүмкін. Жұтқыншақ арты шел кеңістігі абсцесінің хирургиялық емі Жұтқыншақарты шел кеңістігі абсцесін ауыз қуысы ішінен тіліп ашуға болады (96 сурет). Ол үшін жергілікті жансыздандыру жасал-ғаннан кейін (апликациялық және инфильтрациялық) қандауірдің тек үшын ғана 1 см қалдырып, өткір қырын дәкемен немесе жабысқақ пластырмен орайды. Немесе өткір қырын иілген Бильрот қасқышымен қысуға болады. Операцияны науқасты отырған күйінде, маңдайшам сәулесі-нің жарығымен жасалады. Сол қолдың саусақтарымен немесе шпательмен тілді төмен басып, саусақтың немесе шпательдің бойымен іріңдіктің шығыңқы жерінен ұзындығы 2 см, тереңдігі 1 см-дей тілік жасалады. Қандауірді тез шығарып алып, науқас іріңмен түншығып қалмауы үшін, басын алға және төмен енкейтеді. Ірің шыққан соң, қантоқтатқышпен жара-ның жиектерін кеңейте ашып, іріңді қуыс антисептикалық ерітінділермен жуып шайылады. Науқасқа тамағын антисептикалық ерітінділермен шайып тұру қажеттілігі екерірледі.
Жұтқыншақарты шел кеңісті-гінің флегмонасын ауыз қуысы сыр-тынан тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі(97А сурет):
• жансыздандыру - эндотрахеальды наркоз; • жұтқыншақарты кеңістігінің флегмонасын тері бетінен тілік жасап, ірің шығарылады; • қалқанша шеміршектің үстінгі жиегі денгейінен, төс-бұғана-емізік бұлшықетінің алдынғы қыры бойы-мен 5 - 6 см ұзындықта тері тілінеді (97 Ә,Б сурет); • тері тілігі бойымен тері астының майлы шел тіндері, мойынның беткей шандыры (fascia colli superficialis) (97 В, Г суреттер), m. sternothyreoideus, m. thyrohyoideus, m. omohyoideus, m. sternolceidomastoideus қаптайтын мой-ынның екінші және үшінші шандыр табақшалары тілінеді (97, Д сурет); • шел тіндері қантоқтатқыш қыс-қышпен тұйық ажыратылып, ілмекпен жандарына қарай ығыстырылып, мойынның төртінші шандырының париетальды табақшасы ашылады; • париетальды шандыр табақшасын 4 - 5 мм ұзындықта тіліп, сол жерден қантоқтатқыш қысқыш енгі-зіледі, соның бойымен жараның те-рілік ұзындығына сәйкес, шандыр табақшасы тілінеді (97 Е,Ж сурет); • m. sternothyreoideus сыртқа қарай, ал мойынның қан тамыр-жүйке шо-ғыры (a. carotis communis, v. jugularis interna, n. vagus) артқа ығыстырылады. Кеңірдек пен қалқан-ша безі медиальды жағына қарай ығыстырған соң, жұтқыншақ маңы-ның және шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (97,З сурет); • қабыну ошағынан ірің кедергісіз шығуын қамту үшін m. ster-nothyreoideus ішкі аяқшасы сүйекке бекитін жерінен кесіледі (98 сурет, Н.А. Груздев бойынша); • ашылған іріңді жараға бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі; • гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке танғыш салынады.
97 сурет.Жұтқыншақарты шел кеңістігінің флегмонасын тіліп ашу операциясының орындалу кезеңдері.
98 сурет. Жұтқыншақ маңы кеңістігімен қоса мойынның қан тамыр-жүйке шоғыры бойында қалып-тасқан іріңді қалташықтарды және іріңді медиастенитті бірге тіліп ашу операциясы. Көкрек аралығына ірің өткізгіш түтік негізілген; төменгі жақсүйек астына қарай қайырылған тері қиығы тігіспен теріге бекітілген.
Беттің терең бөлімдерінің шел тіндеріндегі саңылаулардан қанат көктамыр өрімі, жақсүйек артериясы және олардың бұтақтары, үш тар-мақты жүйкенің үшінші тармағы, сондай-ақ төменгі альвеолалық ар-терия, көктамырлары және көптеген ірілі-кішілі жүйке тармақтары өтеді. Сол себептен, ашылған іріңді жараны саусақпен тексеру жүргізгенде және қабыну процесіне енген тіндер аспаппен тұйық кеңейтілгенде аса сақтық қажет, өйткені, мұндайда аталмыш құрылымдар, әсіресе көкта-мыр қабырғалары жеңіл жарақат-тануынан, оңайлықпен тоқтамайтын қан кетуі мүмкін. Медиальды қанат тәрізді бұлшықетінің алдыңғы тұсын тексергенде ерекше сақтық қажет. 7 ТАРАУ.
![]() |